«Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 4 қазандағы № 37/2 «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты шешімінің жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗ

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2022 жылғы 14 шiлдедегi № 141-VII ҚР Заңымен «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне 2) тармақша мынадай редакцияда жазылды:

2) Азаматтық хал актілерін тіркеу органы (бұдан әрі – тіркеуші орган) - азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуге байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің басқа да түрлерін жүзеге асыратын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы». Көрсетілген өзгерістер 2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 4 қазандағы № 37/2 шешіміне мынадай өзгеріс енгізілді:

 Жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларында:

 2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

1) Азаматтық хал актілерін тіркеу органы (бұдан әрі – тіркеуші орган) - азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуге байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің басқа да түрлерін жүзеге асыратын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы».

Шешім жобасы ашық НҚА 2024 жылдың қаңтарында жарияланған.
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14897013

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 4 қазандағы № 37/2 «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Салыстырмалы кесте

Басшының м.а. В.Лукин