Пресс-релиз

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 27-бабының 1-тармағының 34) тармақшасына сәйкес облыс әкімдігінің құзыретіне есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту кіреді.

Өз кезегінде, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 31 қазандағы №431 қаулысымен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің 2-бабының 2.3 тармағына сәйкес Басқарма функцияларына есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін  қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту (бұдан әрі - Нормалар)  жатады.

Бұрында Басқармамен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 186 қаулысымен 13 кәсіпорын үшін Нормалар бекітілді (Айыртау ауданы «Саумалкөл су» ЖШС; Аққайың және Жамбыл аудандары «Сапро-Нат» ЖШС; Есіл ауданы «Қамқор-Есіл» ЖШС; Жамбыл ауданы «Дания 2014» ЖШС; М.Жұмабаев ауданы «Булаев су» ЖШС; Қызылжар ауданы «Қызылжар ТҮКШ» ЖШС; Ғ.Мүсірепов атындағы ауданы «Нежинка-Ерке» ЖШС, «Теплосервис-2030» ЖШС және «Ертай-К» ЖК; Тайынша ауданы «Тайынша Жылу Сервис» ЖШС және «Тайынша Коммун Сервис» ЖШС; Уәлиханов ауданының «Қызылту Су Арнасы» ЖШС).

Басқармаға Ақжар ауданының «Сапро Нат»  ЖШС және Мамлют ауданының «Алтын Солтүстік» ЖШС есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту жөнінді өтінішпен жүгінді.

ҚР Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы №15 бұйрығымен Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің Үлгі қағидалары бекітілді. Жылумен жабдықтау ұйымдары аталған Қағидаларға сәйкес есептеу құралдары жоқ көп пәтерлі тұрғын үйлерде тұратын жеке тұлғалар үшін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларына есептеу жүргізеді.

Өз кезегінде, Басқармамен «Солтүстік Қазақстан облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 186 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулы жобасы әзірленді. Бұл жобада Ақжар ауданындағы «Сапро Нат» ЖШС және Мамлют ауданындағы «Алтын Солтүстік» ЖШС нормалары бұрын бекітілмеген.         

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
энергетика және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық басқармасы» КММ
басшысының м.у.а. 
В. Лукин

https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-energy/press/press-releases/details/2882?lang=ru