«Солтүстік Қазақстан облысында жылыту маусымына дайындық және өткізу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 24 қарашадағы N 7/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының шешімі жобасына Баспасөз-релизі

«Солтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысында жылыту маусымына дайындық және өткізу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 24 қарашадағы N 7/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының шешімінің жобасын қарауға ұсынады.

 «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарындағы, «Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығындағы, «Жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығындағы, «Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығындағы өзгерістерге сәйкес Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен қолданыстағы заңнамаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілді.