БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

28 сәуірде бүкіл әлемде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні атап өтіледі, оның негізгі мақсаты жұмыс берушілердің, қызметкерлердің, жұртшылықтың назарын өндірістік жарақаттанудың алдын алу, жұмысшылардың денсаулығына зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың теріс әсерін азайту және еңбек жағдайларын жақсарту қажеттілігіне аудару болып табылады.
Жыл сайын бұл күн өндірістегі қауіпсіздік саласының өзекті мәселелерін көрсететін және осы саладағы мамандардың ғана емес, еңбек қатынастарының басқа да қатысушыларының еңбекті қорғау мәселелеріне назарын аударуға арналған белгілі бір тақырыпты қамтиды. 2024 жылы Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні «Климаттың өзгеруінің еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына әсері» ұранымен өтпекші.
Еңбекті қорғау күнін мерекелеу шеңберінде инженерлер, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі мамандар, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтері, ұйымның техникалық инспекторлары марапатталатын болады.