Петропавл қаласы № 2 сотының судьясы және мемлекеттiк еңбек инспекторы ҚР Еңбек кодексiне енгiзiлген түзетулердi талқылау бойынша ONLINE вебинар өткiздi

Азаматтарды және жұмыс берушiлердi ақпараттандыру мақсатында мемлекеттiк еңбек инспекторлары ҚР Еңбек кодексiне енгiзiлген өзгертулерге қатысты жалпыға ортақ құқықтық оқытулар мен семинарлар өткiзудi жалғастыруда.
Ақпараттық науқан шеңберiнде 2020 жылғы 17.06. Петропавл қаласы № 2 сотының бастамасы бойынша СҚО әкiмдiгiнiң мемлекеттiк еңбек инспекциясы басқармасының мемлекеттiк еңбек инспекторы Гүлнар Мырзақанова ONLINE вебинарға қатысты, онда еңбек қатынастарына, сондай-ақ еңбектi қорғауға бағытталған нормаларға қатысты жаңалықтар туралы әңгiме қозғалды.
Семинарда судья Ирина Есиркепова еңбек саласын цифрландыру, еңбек даулары бойынша татуластыру тәртiбi және т. б. мәселелер бойынша енгiзiлген жаңалықтарды егжей-тегжейлi түсiндiрiп кеттi.
Мемлекеттiк еңбек инспекторы Гүлнар Мырзақанова жұмыскерлердiң жекелеген санаттары үшiн еңбек заңнамасында көзделген кепiлдiктер, еңбекақы төлеу, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптары жайлы айтып бердi.
Ағымдағы жылдың 4 мамырында Мемлекет басшысы 16 мамырдан бастап қолданысқа енгiзiлген «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне еңбек мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңға қол қойғанын еске саламыз.