Кеңес

Кәсiпкерлiк субъектiлерi арасында ҚР еңбек заңнамасының нормаларын түсiндiру жөнiндегi жұмыс жоспарын орындау мақсатында 2021 жылғы 25 қаңтарда Мемлекеттiк еңбек инспекциясы басқармасының еңбек қатынастарын бақылау бөлiмiнiң басшысы Т.В. Кудрявцева «Zoom» қосымшасы арқылы бейнеконференцбайланыс режимiнде кеңес өткiздi. Аталған iс-шараға Айыртау ауданы кәсiпорындарының кадр қызметiнiң басшылары мен қызметкерлерi (34 адам) қатысты. Кеңесте ҚР Еңбек кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, сондай-ақ тәртiптiк жаза қолдану және еңбек шартын тоқтату тәртiбi мәселелерi талқыланды.