XII «СЕНІМ» байқауына қатысыңыздар!

XII «СЕНІМ» байқауына қатысыңыздар!

Республиканың жұмыс берушілері арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі «СЕНІМ» байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды

«ХҚЭДО–Қазақстан» ЖШС Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының қолдауымен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетімен, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК-мен бірлесіп, республикамыздағы жұмыс берушілер арасында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша байқау жариялайды

Байқау үш номинация бойынша өткізіледі:

  1. «Еңбекті қорғаудың үздік қызметі» (I, II, III орындар);
  2. «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік инженер» (I, II, III орындар);
  3. «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» (I, II, III орындар).

Толық ақпаратты 8 (7152) 46-37-73, 46-86-06, 46-01-94 телефондары арқылы  алуға болады.

Басталу уақыты

18 наурыз 2024

Соңғы күні

30 сәуір 2024

Өткізу орны

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Абай көшесі, 64 үй.

Оқиға түрі

Конкурс