Меню

Страницы

Статья

2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж.Тоқаевтың «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру

Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары 2026 жылдың басынан бастап облыс бойынша 48 кәсіпорын тексерді. Бұл ретте, еңбек заңнамасы бойынша 71 бұзышылық анықталды, соның 48-і еңбек қатынастары бойынша, 23 қауіпсіздік және еңбек қауіпсіздігі бойынша. 

26 лауазымды және заңды тұлға жалпы сомасы 3,7 млн. теңгеге айыппұл салу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізген кәсіпорындарды тексерулер негізінде анықталған берешекті өтеу бойынша апта сайынғы мониторинг жүргізіледі.

2026 жылдың 2 айы ішінде өндірісте 4 жазатайым оқиға орын алып, 4 адам зардап шекті. Жазатайым оқиға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тергелді.

Есепті кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек заңнамасын, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды түсіндіру мәселесі бойынша 9 сөз сөйлеу ұйымдастырылды. Облыс кәсіпорындарында еңбек және еңбекті қорғау туралы заңнамалық және нормативтік актілерді қолдану мәселелері бойынша 20 дәріс-семинар өткізілді. 

Мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметкерлердің еңбек құқықтарына нұқсан келтіру туралы 262 жазбаша өтініші мен арызын қарады, оның ішінде: еңбек бұзушылықтар бойынша - 238, еңбекті қорғау мәселесі бойынша – 24. 425 ауызша кеңес пен түсініктеме берілді.

Дата публикации
02 марта 2026
Дата обновления
02 марта 2026
Тип
Информация

Сейчас читают

16 октября 2026
Выплаты пенсионных накоплений из ЕНПФ по графику: как рассчитываются и куда обращаться
09 октября 2026
Диалог полезный каждому!
05 октября 2026
Информационное сообщение

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы