"Ауыл - ел бесігі" бағдарламасының арқасында

Майское ауылында ішкі жолдарды орташа жөндеуі басталды.


Майское ауылында ішкі жолдардың орташа жөндеу шаралары басталды. Жалпы округ орталығының 15 көшесі жөндеумен қамтылады.
Өткізілген тендер қорытындысының жеңімпазы атанған Шымкент қаласының "Нұрлы Жол - 7" ЖШС 8,2 шақырым көше жолдарын асфальтпен жабатын болды.
Жұмыс жақында ғана жүргізіле бастады, енді мердігерлік ұйымның директоры Олжас Жұманұлы Әбілдаев қолайлы күндерді барынша пайдаланып, белгіленген мерзім ішінде жұмысты аяқтауға бел буды.
Айта кету керек, бұл жоба Ел Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген 2020-2025 жылдарға арналған Өңірлерді дамытудың "Ауыл - ел бесігі" мемлекеттік бағдарламасы арқылы қаржыландырылуда.
Бұл бағдарлама ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсартуға, ауылдық аумақтардың әлеуметтік ортасын жаңғыртуға, оларды өңірлік стандарттарға жеткізуге бағытталған.