Есеп
Көру саны:4
"Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданыныңҮлкен Қараой ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
2022 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша есебі
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" ҚР Заңына сәйкесмемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы.
Үлкен Қараой ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес (01.01.2022 ж. өзгерістер мен толықтырулармен) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 6 түрін көрсетті:
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
- Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
- Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру;
- Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату;
- Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
- Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту.
2022 жылы 2 (екі) мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде: "Азаматтарға арналған үкімет" арқылы – 0, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қағаз форматта-0, электрондық форматта (ЭҮП) 2 қызмет.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартулар тіркелген жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру және қолжетімділік мақсатында мемлекеттік мекеме ғимаратында көрнекі ақпараты бар стенд орналастырылған (заң, көрсетілетін қызметтердің қағидалары, өтініштердің үлгілері, шағымдар журналы).Сондай-ақ, бұл ақпарат мемлекеттік органның ресми сайтында орналастырылған. Әкімдік ғимаратында электрондық мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу бұрышы бар.
Қызметтер ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген" жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларға сәйкес көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлер "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы"РМҚК оқу курсынан өтеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсетуді ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес, 2022 жыл ішінде қызмет көрсету мерзімдерін бұзу тіркелген жоқ.
2022 жылы Әкімдік мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты 10-нан астам ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді, оның ішінде дөңгелек үстелдер, тікелей эфирлер, мақалалар, брошюралар тарату бойынша акциялар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат
2022 жыл ішінде "СҚО Ақжар ауданыныңҮлкен Қараой ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ-де шағымдар түскен жоқ.
Ауылдық округ әкімі Н.Қантаев