Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округі әкімінің аппаратында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілер арасында аппараттық кеңес өткізілді.
Кеңес барысында қызметтік әдепті сақтау, қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсаттарда пайдалануға жол бермеу, қоғамдық орындарда мас күйінде болу, мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін мінез-құлық және басқа да мәселелер қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша қатысушыларға заңнама талаптары мен қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша тиісті түсініктемелер мен ұсынымдар, сондай-ақ имиджге нұқсан келтіретін және Мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттер мен мінез-құлық үшін жауапкершілік туралы ескертулер берілді.
Қазақстанда ауылдық елді мекендерде жалға берілетін тұрғын үйді ұсыну тәртібі өзгереді. 31 тамыздан бастап тұрғын үйге мұқтаж ретінде тұрған азаматтар өз ауданының аумағынан қолайлы жалдамалы тұрғын үйді өздері таңдап, оны алу үшін өтініш бере алады.
Бұл жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен салған немесе сатып алған тұрғын үйлерге қатысты.
Жаңа тетік бойынша өтініштерді алғашқы қабылдау 2026 жылғы 1–7 қыркүйек аралығында baspana.otbasybank.kz порталында өтеді. Өтінішті тиісті ауданда тұрғын үйге мұқтаж ретінде тұрған азаматтар бере алады. Өтініш беру үшін қолданыстағы электрондық цифрлық қолтаңба қажет.
Өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін Отбасы банк тұрғын үй алушылардың тізімін қалыптастырады. Тұрғын үйді бөлу кезінде есепке қойылған күні, отбасының соңғы алты айдағы табыс деңгейі, отбасы құрамы және өтініш берушінің әлеуметтік мәртебесі ескеріледі.
Сонымен қатар, қағидаларда азаматтардың жекелеген санаттарына басымдық беру көзделген. Мемлекеттік тұрғын үйдің кемінде 20%-ы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға бөлінеді. Тағы кемінде 50%-ы әлеуметтік осал санаттарға жататын азаматтардың жекелеген топтарына қарастырылған.
Тағы бір өзгеріс кезекте тұрған азаматтарға берілетін тұрғын үйді айқындау шарттарына қатысты. Бұл норма 2026 жылғы 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі. Тұрғын үйдегі бөлмелер санын айқындау кезінде отбасы құрамы ескеріледі. Атап айтқанда, ерлі-зайыптылар мен ата-аналарға, сондай-ақ әртүрлі жыныстағы балаларға жеке бөлме беру талаптары қарастырылған.
Алдағы уақытта бұл тәртіп тұрақты негізде қолданылады. Яғни тиісті ауданның ауылдық елді мекендерінде қолжетімді жалдамалы тұрғын үй пайда болған сайын, тұрғын үйге мұқтаж ретінде тұрған азаматтар оны өздері таңдап, алуға өтініш бере алады.
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 55-бабы 6-тармағына сәйкес, стратегиялық экологиялық бағалауды (бұдан әрі – СЭБ) жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі – ҚР ЭТРМ) төмендегі құжаттар (бұдан әрі – СЭБ материалдары) келіп түсті:
– «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Аралагаш, Астраханка, Власовка, Ивановка, Киялы, Полтавка, Рублевка, Токуши, Трудовое, Черкасское, Шағалалы елді мекендерінің “Даму және құрылыс салу схемасы (шағын елді мекеннің бас жоспарының оңайлатылған нұсқасы)”» құжатының жобасы (оның негізгі бағыттары және іске асыру мерзімдері туралы ақпаратты қамтитын);
– «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Аралагаш, Астраханка, Власовка, Ивановка, Киялы, Полтавка, Рублевка, Токуши, Трудовое, Черкасское, Шағалалы елді мекендерінің “Даму және құрылыс салу схемасы (шағын елді мекеннің бас жоспарының оңайлатылған нұсқасы)”» құжатын іске асыру жоспарланып отырған аумақтың сипаттамасы;
– «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Аралагаш, Астраханка, Власовка, Ивановка, Киялы, Полтавка, Рублевка, Токуши, Трудовое, Черкасское, Шағалалы елді мекендерінің “Даму және құрылыс салу схемасы (шағын елді мекеннің бас жоспарының оңайлатылған нұсқасы)”» құжатын іске асыру кезінде қоршаған ортаға, адамның өміріне және (немесе) денсаулығына ықтимал әсерлердің жалпы сипаттамасы.
СЭБ материалдарының әзірлеушісі: «KazGeoSaulet» ЖШС.
СЭБ материалдарының тапсырыс берушісі: «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ.
СЭБ-ті әзірлеуге жауапты: «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі».
СЭБ материалдары бойынша қорытынды беретін уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Қоғамдықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) төмендегі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:
Стратегиялық құжаттың қолданылу кезеңі: 2024–2040 жж.
Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімінің мерзімі: 2026 жылғы 25 қаңтарға дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылғы 25 қаңтар).
Байланыс деректері:
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Астана қ., Мәңгілік Ел даңғ., 8
Экологиялық саясат департаменті
Тел.: 8 (7172) 74-02-83
e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz, balzhan.sea@yandex.kz, n.kunanbayeva@ecogeo.gov.kz
Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде электрондық форматта Министрліктің Кеңсесінің электрондық поштасына жолдауға болады: k.kense@ecogeo.gov.kz
Міндетті түрде сіздің құжаттарыңыздың Кеңседе қабылданғанын +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы нақтылау қажет.
СЭБ материалдары Министрліктің сайтында орналастырылған: «Қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі.
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
«Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданы әкімінің аппараты» КММ Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы бойынша мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 10 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізеді.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жергілікті атқарушы органмен Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43 бабының 2 тармағына, 43-1 бабына, «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға хабарламада конкурс өткізу туралы белгіленген мерзімінен кешіктірмей өтінімдерін берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалар және жеке тұлғаларға рұқсат беріледі.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 10 қазаннан бастап 23 қазанды қоса алғандағы кезеңде конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң жүзеге асырылады. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні шығарылады.
Конкурстың өткізілетін күні, уақыты және орны: конкурстың қорытындысы 2025 жылғы 24 қазанда сағат 10-00-де Аққайың ауданы әкімдігінің ғимаратында, СҚО, Аққайың ауданы, Смирново селосы, Народная көшесі, 50, 1-қабат, шағын залда жарияланады.
Конкурсқа катысу шарттары:
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға арналған өтінім қағаз тасығышта арқылы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тапсырылады, өтініш берушіге тіркеу номірі міндетті тағайындалады және оған хабарлама беріледі.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.
Конкурстық ұсыныста:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
Конкурстық ұсынысты, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
Жабық конвертте «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурс» және «2025 жылғы 24 қазанға дейін ашылмасын» деген жазулар көрсетіледі.
Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.
Қатысушы өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өзінің өтінімін өзгерте немесе кері қайтара алады. Өзгеріс өтінім сияқты дайындалады, мөрленеді және ұсынылады. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтару туралы хабарлама, егер оны аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады. Өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні оған өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Талаптарына сәйкес келмейтін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға арналған өтінімнен бас тартылады.
Конкурс өткізу тәртібі туралы мәліметтер мен қосымша ақпаратты Аққайың ауданы әкімі аппаратының https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-akkayin?lang=ru сайтында және «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ https://www.gov.kz/memleket/entities/akkain-ozo?lang=ru сайтында, немесе 8 (715-32), 2-14-86, 2-17-31 телефон арқылы алуға болады.
Жер учаскелерінің Тізбесі
|
Лот № |
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі, Өріс № |
Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (алқаптардың құрамы мен түрлері, бонитет балы) |
Ауданы, га |
Бонитеттің орташа балы |
Жалдау мерзімі, жыл |
|
Григорьевка ауылдық округі |
|||||
|
1 |
Г 5,6/31 га- табиғи жайылым |
Жалпы ауданы Табиғи жайылымдар Бөтен жер пайдаланушылар Аққайың орман шаруашылығы КММ УПР АТБ және СҚО ТП |
31 31 4 4 |
12 |
10 лет |
|
2 |
19кос/83 га - табиғи жайылым |
Жалпы ауданы Табиғи жайылымдар Су астында Оның ішінде көлдер Жолдар |
90,5 83,5 6 6 1 |
5 |
10 лет |
|
3 |
Г1,2/84 га - табиғи жайылым |
Жалпы ауданы Табиғи жайылымдар Жақсартылған жайылымдар |
96,9 84 12,4 0,5 |
5 |
10 лет |
|
4 |
6-2/40 – табиғи жайылым жақсартылған жайылым |
Жалпы ауданы Табиғи жайылымдар Жақсартылған жайылымдар |
44 4 40 |
22 |
10 лет |
|
5 |
Г1-2/39,5- табиғи жайылым |
Жалпы ауданы Табиғи жайылымдар Жолдар Бөтен жер пайдаланушылар Аққайың орман шаруашылығы КММ АҚБ АҚБ және СҚО ТП |
40 39,5 0,5 3,6 3,6 |
14 |
10 лет |
|
6 |
2-2/8 га- жақсартылған жайылым |
Жалпы ауданы Табиғи жайылымдар Жақсартылған жайылымдар Жолдар Бөтен жер пайдаланушылар |
286 55 229 2 10 |
12 |
10 лет |
|
|
|
Аққайың орман шаруашылығы КММ УПР АТБ және СҚО ТП |
10 |
|
|
|
Полтавка ауылдық округі |
|||||
|
7 |
5-3/11- егістік (5)- жақсартылған жайылым |
Жалпы ауданы егістік жақсартылған жайылым (ормандарды қорғау аймағы) Жолдар Бөтен жер пайдаланушылар Аққайың орман шаруашылығы КММ УПР АТБ және СҚО ТП |
187 181 5
1 5 5 |
49 |
10 лет |
|
|
|
|
|
|
|
|
Токуши ауылдық округі |
|||||
|
8 |
1-3/46- табиғи жайылым |
Жалпы ауданы Табиғи жайылымдар Бұталар Жолдар Басқалар Бөтен жер пайдаланушылар Аққайың орман шаруашылығы КММ УПР АТБ және СҚО ТП |
424 419 1 3 1 92,5 92,5 |
13 |
10 лет |
|
|
|||||
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін бағалаушыларды іріктеу туралы жариялайды.
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін келесі бағыттар бойынша бағалаушыларды іріктеу өткізіледі:
- агроөнеркәсіптік кешен және ветеринария;
- ішкі саясат,
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы;
- денсаулық сақтау;
- ақпарат, азаматтық қоғам, жастар және отбасы;
- мәдениет, өнер, тілдерді дамыту;
- қорғаныс;
- білім және ғылым;
- кәсіпкерлік;
- еңбек қатынастары мен әлеуметтік қамтамасыз ету.
Бағалаушы ретінде конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер eqyzmet.gov.kz. интернет-порталында тіркелуі тиіс.
Бағалаушы – бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар конкурстық комиссияның мүшесі, сондай-ақ персоналды басқару жөніндегі мамандар мен басқа да мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері.
Іріктеуге қатысуға өтінім беру мерзімі: 2025 жылғы 27 ақпанынан 2025 жылғы 5 наурызына дейін
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін бағалаушыларды іріктеу туралы жариялайды.
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін келесі бағыттар бойынша бағалаушыларды іріктеу өткізіледі:
- агроөнеркәсіптік кешен және ветеринария;
- ішкі саясат,
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы;
- денсаулық сақтау;
- ақпарат, азаматтық қоғам, жастар және отбасы;
- мәдениет, өнер, тілдерді дамыту;
- қорғаныс;
- білім және ғылым;
- кәсіпкерлік;
- еңбек қатынастары мен әлеуметтік қамтамасыз ету.
Бағалаушы ретінде конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер eqyzmet.gov.kz. интернет-порталында тіркелуі тиіс.
Бағалаушы – бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар конкурстық комиссияның мүшесі, сондай-ақ персоналды басқару жөніндегі мамандар мен басқа да мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері.
Іріктеуге қатысуға өтінім беру мерзімі: 2025 жылғы 23 қаңтарынан 2025 жылғы 29 қаңтарына дейін