Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде сағат 15:00 (қатысушыларды тіркеу сағат 14:30 басталады) Солтүстік Қазақстан облысының бақылау және қадағалау органдарының Бірыңғай есеп беру күні өтеді. Қатысуға облыс кәсіпкерлері шақырылады.
Бірыңғай есеп беру күні кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылын жақсарту, бизнес пен мемлекет қатынастарын реттеу мәселелері бойынша конструктивті шешімдер әзірлеу, қауіпсіз қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттің бақылау-қадағалау қызметін реформалауды іске асыру шеңберінде мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша заңнаманың міндетті талаптарын бұзудың жүйелі профилактикасын дамыту мақсатында кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру нәтижелерін және Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзудың алдын алуды талқылау бойынша кездесу нысанында өткізіледі.
Бірыңғай есеп беру күні Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, 1-қабат (үлкен зал) мекенжайы бойынша өткізіледі. Облыс аудандарының кәсіпкерлері аудандық әкімдіктерде Бейнеконференцбайланыс (БКБ) арқылы қатыса алады.
Іс-шараға қатысу бойынша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7152) 36-13-62 («Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ).
Аққайың ауданы Григорьевка ауылдық округі әкімінің аппаратында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілер арасында түсіндіру кеңесі өткізілді.
Кеңес барысында қызметтік этиканы сақтау, қызметтік автокөлікті қызметтен тыс мақсаттарда пайдалануға жол бермеу, қоғамдық орындарда мас күйінде болу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін мінез-құлық мәселелері қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша қатысушыларға заңнама талаптарын және қызметтік әдеп нормаларын сақтау қажеттілігі туралы тиісті түсініктемелер берілді.
«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Григорьевка ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Григорьевка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғанын хабарлайды. Ішкі талдау 2025 жылғы 1 шілдеден 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі кезеңдегі мекеме қызметін қамтиды. Талдау жүргізу кезеңі: 2026 жылғы 7 қыркүйектен 2026 жылғы 11 қыркүйекке дейін.
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 55-бабы 6-тармағына сәйкес, стратегиялық экологиялық бағалауды (бұдан әрі – СЭБ) жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі – ҚР ЭТРМ) төмендегі құжаттар (бұдан әрі – СЭБ материалдары) келіп түсті:
– «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Аралагаш, Астраханка, Власовка, Ивановка, Киялы, Полтавка, Рублевка, Токуши, Трудовое, Черкасское, Шағалалы елді мекендерінің “Даму және құрылыс салу схемасы (шағын елді мекеннің бас жоспарының оңайлатылған нұсқасы)”» құжатының жобасы (оның негізгі бағыттары және іске асыру мерзімдері туралы ақпаратты қамтитын);
– «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Аралагаш, Астраханка, Власовка, Ивановка, Киялы, Полтавка, Рублевка, Токуши, Трудовое, Черкасское, Шағалалы елді мекендерінің “Даму және құрылыс салу схемасы (шағын елді мекеннің бас жоспарының оңайлатылған нұсқасы)”» құжатын іске асыру жоспарланып отырған аумақтың сипаттамасы;
– «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Аралагаш, Астраханка, Власовка, Ивановка, Киялы, Полтавка, Рублевка, Токуши, Трудовое, Черкасское, Шағалалы елді мекендерінің “Даму және құрылыс салу схемасы (шағын елді мекеннің бас жоспарының оңайлатылған нұсқасы)”» құжатын іске асыру кезінде қоршаған ортаға, адамның өміріне және (немесе) денсаулығына ықтимал әсерлердің жалпы сипаттамасы.
СЭБ материалдарының әзірлеушісі: «KazGeoSaulet» ЖШС.
СЭБ материалдарының тапсырыс берушісі: «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ.
СЭБ-ті әзірлеуге жауапты: «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі».
СЭБ материалдары бойынша қорытынды беретін уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Қоғамдықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) төмендегі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:
Стратегиялық құжаттың қолданылу кезеңі: 2024–2040 жж.
Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімінің мерзімі: 2026 жылғы 25 қаңтарға дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылғы 25 қаңтар).
Байланыс деректері:
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Астана қ., Мәңгілік Ел даңғ., 8
Экологиялық саясат департаменті
Тел.: 8 (7172) 74-02-83
e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz, balzhan.sea@yandex.kz, n.kunanbayeva@ecogeo.gov.kz
Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде электрондық форматта Министрліктің Кеңсесінің электрондық поштасына жолдауға болады: k.kense@ecogeo.gov.kz
Міндетті түрде сіздің құжаттарыңыздың Кеңседе қабылданғанын +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы нақтылау қажет.
СЭБ материалдары Министрліктің сайтында орналастырылған: «Қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі.
Бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептер
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы
"Аққайың ауданы Григорьевка ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы" пресс-релизі
Бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептері аудандық маңызы бар қала,ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің жергілікті атқарушы органның қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.
2024 жылға арналған Григорьевка ауылдық округінің бюджеттік бағдарламаларын іске асыру туралы есепке сілтемелер.
124.001- https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3860744&budgetId=2914803
124.006-https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3860744&budgetId=2914845
124.008 –
https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3860744&budgetId=2914873
124.009-
https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3860744&budgetId=2914910
124.011-
https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3860744&budgetId=2914922
124.013-
https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3860744&budgetId=2914983
124.057-
124.048-
124.022-
Григорьевка ауылдық округінің әкімі М. Жәкімсалова
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсан № 13-4 «2024-2026 жылдарға арналған Аққайың ауданының Григорьевка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихаты шешімінің жобасына пресс-релиз
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 109-1 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Аққайың ауданының мәслихаты шешіміне жоба.
Мәслихат шешімінің жобасы жергілікті атқарушы органның қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.
Өзгерістер енгізу көздері: облыстық бюджеттен 53600 теңге сомасында трансферттер алу болып табылады.
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15291973
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 109-1 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Аққайың ауданының мәслихаты шешіміне жоба.
Мәслихат шешімінің жобасы жергілікті атқарушы органның қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.
Шешім жобасын құру мақсаты – Кенжегалы ауылының су тарату желісіне қызмет көрсету үшін жерге орналастыру жобасын әзірлеу жөніндегі қызметтер үшін (ауданы 0,5 га), жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрға енгізу, жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беру, сәйкестендіру құжаттарын дайындау үшін 597,5 мың теңге мөлшерінде қосымша ақшалай қаражат бөлу қажет жер учаскесіне; қысқы кезеңде Трудовое ауылындағы кентішілік жолдарды күтіп ұстау үшін 300,0 мың теңге.