eGov.kz порталы арқылы зейнетақы аударымдары туралы анықтаманы алу өте оңай. Қызметті алу үшін қарапайым нұсқаулықты орындау жеткілікті:
- eGov.kz порталында авторизациядан өтіңіз;
- басты бетте «Азаматтарға» - «Әлеуметтік қамтамасыз ету» - «Зейнетақымен қамтамасыз ету» бөлімін таңдаңыз;
- «БЖЗҚ аударымдары туралы ақпарат» қызметін таңдап, «Онлайн сұрау» батырмасын басыңыз;
- зейнетақы кезеңін көрсетіңіз;
- содан кейін тексеруге сұрау салуға қол қою қажет.