«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» КММ-нің жинақтау және жоспарлау бөлімінің бас маманы (2024 жылғы 06.06. дейін негізгі қызметшінің бала күту демалысы кезеңіне, уақытша)
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Тиісті санат үшін бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн; осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді білу («Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы», облысты дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған жоспарын, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын).
Функционалды міндеттер
АӨК дамыту жөніндегі бағдарламалардың іске асырылуына мониторинг жасайды. Заңды тұлғалардың, шаруа қожалықтарының бар-жоқтығына мониторинг жасайды. Басқарманың бөлімдерімен өзара әрекет жасай отырып, басқарма қызметінің мәселелері жөнінде ақпарат жинайды, өңдейді және талдайды, талдамалы жазбахаттар, жиынтық есептер құрады. Солтүстік Қазақстан облысының ауыл аумақтарын дамыту бағдарламасына өзгерістерді уақытылы енгізуді, Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісуді және Бағдарламаны іске асыруда мониторинг жасауды қамтамасыз етеді. Тұрақты макроэкономикалық жағдайларды және экономиканың өсуін сақтауды қамтамасыз ету үшін Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың кешенді жоспарының, қадамдық дағдарысқа қарсы жоспардың орындалуына мониторинг жасайды. Облыстың АӨК орташа айлық жалақыға және жұмыс орындарын құруға мониторинг жасайды. Басқарманың бөлімдерімен өзара әрекет жасай отырып, басқарма қызметінің мәселелері жөнінде ақпарат жинайды, өңдейді және талдайды, талдамалы жазбахаттар, жиынтық есептер құрады. Облыстың, аудандардың, агроқұрылымдардың экономикалық паспорттарын жасайды. Экономикалық мәселелер жөнінде әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді. Облыстық семинарларға, облыстық әкімдік отырыстарына, алқа отырыстарына, кеңестеріне материалдар, жоғары тұрған органдарға ақпарат дайындауға қатысады. Істер номенклатурасы бойынша мұрағатқа тапсыру үшін құжаттарды дайындайды.
В блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 25.08.2022
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58 122 каб.
-
8(715-2)50-44-97