«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» КММ-нің қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы - заңгері

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық

Қосымша талаптар

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білу, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу; осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер («Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы», облысты дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған жоспарын, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын).

Функционалды міндеттер

Бөлім қызметін құқықтық қамтамасыз ету. Бөлімнің мемлекеттік қызметшілеріне олардың құқықтық жағдайы мәселелері бойынша кеңес беру. Бөлімге қатысты бұйрықтарды дайындау және жасау. Бөліммен әзірленетін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ басқа да заңды сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысады, оның ішінде оларды бөлімнің басқа секторлары әзірлеген жағдайда келісу жолымен. Бөлімге келіп түсетін нормативтік құқықтық актілерді жүйелендірілген есепке алуды және сақтауды ұйымдастыру. Шарттардың уақытылы жасалуын, олардың заңнама біліктілік талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде экономикалық ықпал ету шараларын қолдануды үйлестіруді қамтамасыз етеді. Тиісті сот талқылауына әкеп соққан негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында бөлімнің қатысуымен даулар бойынша талап-арыз жұмысының, сот тәжірибесінің жай-күйін талдайды және оларды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді. Заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда, бөлімнің пайдасына қабылданбаған сот актісіне барлық сот сатыларында шағымдану бойынша уақытылы шаралар қабылдайды, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық келтіру туралы өтініш береді. Заңды күшіне енген сот актілерін орындау бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді. Бөлімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмыс жүргізуді ұйымдастыру.

«АӨК субъектісі инвестициялық салымдар кезінде шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу» бағдарламасын іске асырады.

Бөлімнің кіріс құжаттарын тіркеу есебін жүргізеді. Құжаттардың орындалу мерзімдерінің сақталуын бақылайды.

 А блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 12.08.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.08.2022 – 23.08.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

25.08.2022

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58 122 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

8(715-2)50-44-97