«2023 жылға арналған тыңайтқыштардың субсидияланатын түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды, сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаржы көлемдерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі қаулысының жобасын жария талқылау туралы баспасөз-релизі
Осы арқылы азаматтардың назарына «Электрондық үкімет порталында» «Ашық үкімет» - «Ашық НҚА» бөлімінде жария талқылау үшін «2023 жылға арналған тыңайтқыштардың субсидияланатын түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды, сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаржы көлемдерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі қаулысының жобасы орналастырылғанын жеткіземіз.
Қоғамдық талқылау 2023 жылдың 31 қаңтарынан 14 ақпанына дейін өтеді (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14396813).
Барлық мүдделі азаматтар Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің нормативтік құқықтық актісінің жобасын талқылауға қатыса алады.