«2024 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі қаулысының жобасына баспасөз-релизі

«2024 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы» облыс әкімдігінің жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі Заңының 11-бабы 2-тармағы 3) тармақшасына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелді) бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 39-тармағына сәйкес әзірленген.

«2024 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы жобасын қабылдау мемлекеттік қызметті көрсетуге жол береді.

«2024 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы жобасы https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14905817 ашық НҚА порталында жария талқылау үшін орналастырылған.

 

 Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары
басқармасының басшысы
М. Меңдібаев