«Жер учаскесіне шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) құқығын беру туралы» Облыс әкімдігінің қаулысының жобасына Баспасөз-релизі

Қаулы жобасы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 67-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, жер комиссиясының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 4 хаттамасы және «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» КММ 2023 жылғы 27 сәуірдегі № KZ54VBG01226311 бұйрығымен бекітілген жерге орналастыру жобасы негізіндеәзірленген.

Жоғарыда көрсетілген қаулы жобасымен Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Кладбин ауылдық округінің аумағында Преснов топтық су құбырының магистральдық құбыр жолының желілік бөлігін орналастыру және пайдалану үшін жалпы ауданы 141,4861 гектар жер учаскесіне орман қорының жерлерін қоспағанда, «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне 10 жыл мерзімге шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (жария сервитут) белгіленуде.

Қаулы жобасы 2023 жылғы 03 шілдедегі НҚА порталында орналастырылды және жария талқылаулардан өтті. https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14624050

Басшы
М. Меңдібаев