«Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 57 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі қаулысының жобасына баспасөз-релизі
«Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 57 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» облыс әкімдігінің қаулысы жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі Заңының 7-бабы 2-тармағы 12-7) тармақшасына, «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 14 қаңтарда № 10087 болып тіркелді) бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларының 11-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес және «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 229 бұйрығы негізінде әзірленген.
«Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 57 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы жобасын қабылдау мемлекеттік қызметті толыққанды көрсетуге жол береді.
«Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 57 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы жобасы http://egov.kz (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14664106) 2023 жылғы 10.08. бастап 2023 жылғы 24.08. дейін талқылау үшін ашық НҚА порталында орналастырылды.
«Ауыл шаруашылығы және
жер қатынастары басқармасы» КММ
басшысының м.а.
Қ. Сансызбаев