Баспасөз релизі Облыс әкімдігінің қаулысы жобасына«Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу өнімдерін өндіру үшін сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімінің бірлігіне субсидия нормативін бекіту туралы» 2024 жылғы 19 маусымдағы № 173 Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеу арқылы өнім өндіру үшін сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімі бірлігіне арналған субсидия нормативін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 19 маусымдағы № 173 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 86051 болып тіркелген) ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеу арқылы өнім өндіру үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларының 10 және 11-тармақтарына сәйкес әзірленді.
Аталған жоба арқылы бидайдан құрғақ клейковина (бидай глютені) өндіру үшін бидай сатып алуға өңдеуші кәсіпорындарға берілетін субсидия нормативтерін толықтыру бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Сатып алынатын ауыл шаруашылығы өніміне берілетін субсидияның бірлік нормативтері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісіліп, белгіленді.
Қаулыға өзгерістер енгізу өңдеуші кәсіпорындардың шығындарын азайтуға және олардың экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
Жоба "Ашық НҚА" порталында орналастырылған