СҚО әкімінің бірінші орынбасары астық қабылдау пункттерінің жұмысын тексерді

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Петропавлдағы астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін тексерді. Марат Тасмағанбетов жаңа егінді қабылдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты, сондай-ақ оған қабылданатын астықтың сапасы туралы баяндалды. Тексеру барысында ол егіннің сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты бақылауда ұстауды тапсырды. СҚО-да жалпы көлемі 3,2 млн. тонна болатын 46 элеватор және сыйымдылығы 3,7 млн.тонна болатын 332 астық қабылдау пункті бар. Облыс бойынша сыйымдылықтардың жалпы қуаты 6,9 млн. тоннаны құрайды. Астықты кептіруге 20 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны және шамамен 1880 мың тонна сұйытылған газ бөлінді. Жағдайды бақылау үшін КДЖ өткізу бойынша жедел штаб құрылды. Туындаған проблемалар жедел түрде қарастырылады.