Егін жинау жұмыстарын жүргізуге дизель отынының көлемін қалыптастыруға арналған өтінімдерді қабылдау басталады

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» КММ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 137 бұйрығына сәйкес 2024 жылғы 1-20 мамыр аралығында ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерден (АШТӨ) егін жинау жұмыстарын жүргізуге дизель отынының көлемін қалыптастыруға Gosagro.kz ақпараттық жүйесінде өтінімдер қабылдау жүзеге асырылатынын хабарлайды.