Шымкент қаласы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығын ұйымдастыру бөлімінің бас инспекторы

Мемлекеттік орган

Шымкент қаласы әкімінің аппараты

Аймақ

Шымкент қаласы

Санат

D-3

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Қызмет көрсету (білім беру саласы)
  • Білім (білім саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
  • Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
  • Әскери іс және қауіпсіздік (білім саласы)

Қосымша талаптар

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, гуманитарлық ғылымдар, білім, техникалық ғылымдар жəне технологиялар, жаратылыстану ғылымдары, қызмет көрсету, ауылшаруашылық ғылымдары, әскери іс және қауіпсіздік мамандықтары.

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттік органдарының, Шымкент қаласы халқының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін Шымкент қаласының экономикасын соғыс жағдайы режиміне ұйымдасқан түрде көшіруді жүзеге асыруға ұсыныс енгізеді;

жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында экономиканың тиісті салалары мен Шымкент қаласының орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз етуіне ұсыныс енгізеді;

қала әкімі аппаратының қызметінде туындаған бөлім міндетіне кіретін жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша кеңес, қорытынды анықтамалар жасалуына ұсыныстар енгізеді;

бөлімнің құзырына жататын мәселелер бойынша әкімдікте қаралатын құжаттардың дайындалуын қамтамасыз етеді;

бөлімнің құзырына жататын мәселелер бойынша қала әкімдігінің қаулылары және қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындайды және олардың орындалуына бақылау жасайды;

қаладағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы iс-шараларға қатысты Қазақстан Республикасының заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының орындалуына талдаулар жасайды. Талдаудың нәтижесі бойынша анықталған кемшіліктер мен заң бұзушылықтарды жою жөнінде бөлім басшысына ұсыныстар енгізеді;

қорғаныс саласындағы iс-шараларға қатысады;

Шымкент қаласында жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;

жергілікті әскери басқару органдарына олардың бейбіт уақыттағы және жұмылдыру жарияланған кездегі жұмысына жәрдем көрсетеді, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізуге қатысады;

жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс істеуге Шымкент қаласының шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарды көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз етуге қатысады;

Шымкент қаласының шегінде әскерге шақырылуға жататын азаматтарды уақтылы құлақтандыру мен жеткізуді, жиналу пункттеріне немесе әскери бөлімдерге және арнаулы мемлекеттік органдарға техника жеткізуді ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге қатысады, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Шымкент қаласының әкіміндігінің басқаруындағы қалалық коммуналдық меншікті қорғаныс мұқтаждықтары үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүргізілетін комиссиясына қатысады;

         мемлекеттік органдармен бірлесіп, жұмылдыру жоспарларын орындауға экономиканы дайындау жөніндегі іс-шараларды өткізуге қатысады;

жұмылдыру дайындығы жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемдері бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысады;

жұмылдыру жарияланған кездегі іс-қимылдар тәртібі туралы халық арасында түсіндіру жұмысын жүргізуге қатысады;

жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;

жұмылдыру жарияланған кезде Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға, арнаулы мемлекеттік органдарға, сондай-ақ жұмылдыру тапсырыстарын орындайтын ұйымдарға жеткізуге арналған арнайы құралымдар мен техниканы даярлауға қатысады;

өткізілетін жұмылдыру дайындығын ғылыми және әдістемелік қамтамасыз ету іс-шараларына қатысады;

жыл сайын белгіленген тәртіппен Шымкент қаласында жұмылдыру дайындығы жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы және жұмылдыру тапсырмаларының орындалу барысы туралы есептер, сондай-ақ жергілікті жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдардың жұмылдыру әзірлігін бағалау туралы және Шымкент қаласы әкімдігінің ресурстарының жұмылдыру әзірлігінің жай-күйі туралы ақпарат дайындайды;

жергілікті атқарушы органдардың негізгі және қосалқы басқару пункттерін, байланыс тораптарын дайындауға қатысады;

    жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласында білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастыру бойынша ұсыныс енгізеді;

қаланың жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жағдайына талдауды жүзеге асыруына қатысады және белгіленген тәртіпте оны дамыту мен жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;

әскери міндеттілерді броньдау жөніндегі жүргізілген жұмыстар бойынша ақпараттар жинақтайды;

жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Функционалдық блок: B-5

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 31.08.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

01.09.2022 – 05.09.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

07.09.2022

Сұхбаттасу орны

Шымкент қаласы, Нұрсат ш/а, Nursultan Nazarbaev даңғылы №10-үй

Анықтама алу үшін байланыс

24-70-63, эл. почта konkurs-shymkent@inbox.ru