Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары
Шымкент қаласы әкімінің аппараты
Шымкент қаласы
441254
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-2, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы
- ғылыми дәрежесі;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Қызмет көрсету саласы
- Бастапқы әскери дайындық
- Дене шынықтыру және спорт
- Құқық және экономика негіздері
- Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Қаржы
- Білім: информатика
Қосымша талаптар
- Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика), құқық (құқықтану), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс), білім (құқық жəне экономика негіздері, әлеуметтік педагогика жəне өзін-өзі тану, информатика, бастапқы əскери дайындық, дене шынықтыру жəне спорт).
Функционалды міндеттер
- Шымкент қаласын 2021-2025 жылдарға дамыту бағдарламасының орындалуына арналған іс-шараларды үйлестіреді;
- Белгіленген стандарттарға сәйкес мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған құралдар мен қызметтерді (техникалық құралдар (кресло-арба), тифло және сурдотехникалық құралдар, протездік-ортопедиялық бұйымдардар, міндетті гигиеналық құралдар, жеке көмекшінің қызметтері, ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтері, шипажайлық-курорттық емделу қызметтері, «Инватакси», «Әлеуметтік такси» қызметтері) қамтамасыз етуді қадағалайды;
- ҰОС ардагеріне, ҰОС мүгедектеріне, оларға теңестірілгендерге, батыр аналарға, жасына байланысты зейнеткерлерге және мүгедектерге шипажайларға және санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыруын бақылайды;
- Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруын қадағалайды;
- Жалғызілікті қарттар мен мүгедектерді, 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар мүгедектерді, психоневрологиялық ауытқуы бар балалар мен тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларды стационарлық жағдайындағы, жартылай стационарлық жағдайында және үйде күтім көрсетуге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде орналастыру бойынша жұмыстарды қадағалайды;
- Басқарманың қызметі туралы толық және дұрыс бухгалтерлік ақпаратты қалыптастыруды және уақытылы ұсынуды, қаржылық тәртіпті нығайтуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруды бақылайды. Функционалдық блок: А-8
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 17.06.2022
- Шымкент қаласы, Нұрсат ш/а, Nursultan Nazarbaev даңғылы №10-үй
-
24-70-63, эл. почта konkurs-shymkent@inbox.ru