Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы білім және мәдениет салаларын жоспарлау бөлімнің бас маманы
Шымкент қаласының әкімдігі
Шымкент қаласы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Білім: математика
Қосымша талаптар
Әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг,статистика, әлемдік экономика), жаратылыстану ғылымдары (математика), білім (математика), техника және технология (көлік, көліктік техника және технологиялар).
Функционалды міндеттер
Бас маман өз құзырына жүктелген міндеттер мен қызметтердің мерзімінде және сапалы орындалуын қамтамасыз етуі тиіс; Мәдениет саласы бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлер болжамы негізінде бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне жоспарлы кезеңге шығыстар көлемін (лимитін) есептейді; Жоспарлы кезеңге арналған қалалық (республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен) бюджетті нақтылау немесе түзету енгізу барысында тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің ұсынылған бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламаларын заңнамаларға сәйкестігін қарайды, талдау жүргізеді нәтижесі бойынша: қалалық бюджеттік комиссиясының қарауына қорытынды және тиісті ұсыныстар мен мәліметтерді дайындайды; мақұлданған ұсыныстар бойынша қалалық мәслихатқа тиісті материалдарды (қала әкімдігінің қаулы жобасы және т.б.) әзірлейді; қалалық мәслихатпен бекітілген шешімді іске асыру бойынша қала әкімдігінің қаулысын әзірлеу шараларына қатысады; Мәдениет саласы бойынша тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің жоспарлы кезеңге жалпы сипаттағы трансферттер (субвенция) көлемін қалыптастыру барысында, оған қатысты есептерін дайындайды; Мәдениет саласы бойынша қажеттілігіне қарай қала әкімдігіне, жоғары тұрған органдарға, БАҚ және т.б. мекемелер мен ұйымдарға ақпараттарды дайындайды; Басқарманың басқа бөлімдерімен бірлесе отырып: Мәдениет саласы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және Үкіметтік бағдарламалардың орындалуына мониторинг жүргізеді, нәтижесі бойынша тиісті мәліметтер әзірлейді, белгіленген көрсеткіштерді жақсарту, қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін ұсыныс енгізеді; Мәдениет саласы бойынша қаланың 5 жылға арналған даму бағдарламасындағы, қала әкімі мен ҚР Премьер-Министрі арасында түзілген түйінді индикаторларға талдау жасайды және ай сайынғы орындалуына мониторинг жүргізеді, нәтижесімен белгіленген көрсеткіштерді жақсарту, қол жетімділігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізеді, жетекшілік ететін салалары бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілері жұмыстарын атқарады; Жетекшілік ететін саласына қатысты келіп-түскен тапсырмаларды, сондай-ақ, басқарма басшысы, оның орынбасарларының және бөлім басшысының басқа да тапсырмаларының мерзімінде және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді; Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Функционалдық блок: А-5.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 18.02.2022
- Шымкент қаласы, Нұрсат ш/а, Nursultan Nazarbaev даңғылы №10-үй
-
24-70-63, эл. почта konkurs-shymkent@inbox.ru