Шымкент қаласы әкімінің аппараты хатшылық бөлімінің бас инспекторы (негізгі қызметкердің оқу демалысына байланысты кезеңіне 30.06.2023 ж. дейін)
Шымкент қаласының әкімдігі
Шымкент қаласы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Өнер
- Құқық
- Қызмет көрсету (білім беру саласы)
- Білім (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
Қосымша талаптар
Білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, өнер, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауылшаруашылық ғылымдары, қызмет көрсету, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина).
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасының Президенті мен Премьер-Министрі, Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министрі Кеңсесінің өкілдері Шымкент қаласына іс-сапарға келген кезінде берген тапсырмалары бойынша іс-шараларды дайындау; ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы, ҚР Президенті, ҚР Премьер-Министрі, т.б. қорғалатын және лауазымды тұлғалардың қалаға жасайтын жұмыс іс-сапарларының тиісті құжаттарын (аралау сызбасы, нысандардың төлқұжаттары, анықтамалары, күтіп алушы тұлғалардың тізімдері және т.б.) әзірлеп, басшылықтың келісімімен ҚР ПӘ, ҚР ПМК ұсынады; қала нысандарын аралауға дайындық. Баратын нысандардың тізімін жасау және анықтау, олардың іргелес аумағының тазалығын қадағалау, қаладағы күнделікті қозғалысты ескере отырып, қозғалыс сызбасын құру және үйлестіру. Баратын нысандарды кезекші қызметкерлермен қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметкерлері, жүргізушілер мен кезекші қызметкерлердің қатысуымен алдын ала айналып өту, нысандар арасында және баратын нысандарда хронометраж, айналып өту және нысан төлқұжатын әзірлеу, қала әкімін белгілі бір нысанда күтіп алушы тұлғалардың тізімін жасау, нысандарда лифттер жұмысын тексеру, айналымға тартылған көлік құралдарын дайындау; Өз құзыреті шегінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізу; Бас инспектордың міндеттеріне Қазақстан Республикасының Заңнамасымен айқындалған өзге де міндеттер мен функциялар кіреді. Бас инспектор өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру үшін, келесідей өкілеттікке ие: бөлім басшысының келісімімен мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты және өзге де материалдарды сұрауға; тиісті мемлекеттік органдардың қала әкімінің тапсырмаларын орындаудағы қызметін үйлестіруге және бақылауға, қажет болған жағдайда, тексерулер ұйымдастыруға; жергілікті мемлекеттік органның заңдар мен актілерді орындаудағы жұмысында кемшіліктер анықталған жағдайда, олардың жойылуын талап етуге, анықталған заң бұзушылықтарды жою бойынша ұсыным әзірлеуге және тапсырмалардың орындалмау себептері бойынша ауызша және жазбаша түсініктемелерді талап етуге; жетекшілік ететін мемлекеттік мекемелер бойынша электронды түрдегі жинақ папкілерін жүргізуге; жетекшілік ететін сала бойынша қалада жүзеге асырылатын бағдарламалардың құжаттарын жинақтау.
Функционалдық блок: В-5
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 27.12.2021
- Шымкент қаласы, Нұрсат ш/а, Nursultan Nazarbaev даңғылы №10-үй
-
24-70-63, эл. почта konkurs-shymkent@inbox.ru