Шымкент қаласы әкімінің аппараты заң бөлімінің бас инспекторы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне 26.10.2027 ж. дейін)
Шымкент қаласы әкімінің аппараты
Шымкент қаласы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
3.1. Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;
3.2. Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң антын қабылдауға;
3.3. Қала әкімінің, әкімдіктің және мемлекеттік органның негізгі қызметінің мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға;
3.4. Функцияларын өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес жүзеге асыруға;
3.5. Лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болуға;
3.6. Қызметтік тәртiпті сақтауға;
3.7. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулердi сақтауға;
3.8. Қызметтік әдепті сақтауға;
3.9. Басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерi, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен нұсқаулары олардың лауазымдық өкілеттіктері шегiнде шығарылған болса, оларды орындауға;
3.10. Мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн заңмен белгiленген уақыт iшiнде сақтауға, ол жөнiнде қолхат беруге;
3.11. Лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезiнде алатын, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат берудi талап етпеуге;
3.12. Мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттiк меншiктi қызметтiк мақсаттарда ғана пайдалануға;
3.13. Өздеріне мәлім болған, дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы жоғары тұрған басшының және (немесе) өздері жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдардың назарына дереу жеткізуге;
3.14. Лауазымдық міндеттерін тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен біліктiлiгiн арттыруға;
3.15. Мемлекеттік органның жолдамасы бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуды аяқтауға, оның ішінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің тиісті бағдарламасы бойынша дәреже алуға, өздерін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға жіберген мемлекеттік органда тікелей оқу аяқталғаннан кейін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік қызметте жұмыспен өтеуге мiндеттi. Осы міндеттемелерді орындамау мемлекеттік қызметшінің мемлекетке өзін оқытуға бөлінген бюджет қаражатын және оқумен байланысты шығындарды өтеуіне алып келеді;
3.16. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның ақпараттық ресурстарымен жұмыс процесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге;
3.17. Мемлекеттiк оpганның заңнаманы қолдану практикасын қорытуға;
3.18. Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттiк орган қызметiнiң құқықтық мәселелерiн қарау кезiнде белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органның мүдделерiн бiлдiруге, заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда мемлекеттік органның пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақытылы қабылдауға, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтініштермен жүгінуге (әкімдікке қатысты заңға қайшы шыққан сот актілерін заңға сәйкестендіру бойынша Қазақстан Республикасының Жоғары Сотына дейін шағымдануға жеке жауапты болады);
3.19. Тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының қатысуымен даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот тәжірибесінің жай-күйін талдауға және оларды жою мен кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізуге;
3.20. Заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз етуге;
3.21. Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiне мониторинг жүргiзудi тұрақты негiзде үйлестiруге;
3.22. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысуға және мемлекеттік органның бірінші басшысының тапсырмасы бойынша құқықтық сипаттағы өзге құжаттарды дайындауға;
3.23. Мемлекеттік органның норма шығармашылық қызметін, нормативтік құқықтық актілер жобаларының, сондай-ақ «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 6), 7), 8), 9) тармақшаларында көзделген, әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге тиіс нормативтік құқықтық актілердің заң сараптамасының нәтижелері бойынша Әділет министрлігінің ескертулерін тұрақты негізде талдауға және талдау нәтижелері бойынша қала әкіміне, аппарат басшысына оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізуге және жылына екі рет жартыжылдықтан кейінгі айдың 10-на дейін аумақтық Әділет органдарына жүргізілген талдау және қабылданған шаралар туралы ақпарат жіберуге;
3.24. Мемлекеттік орган әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды мемлекеттік органның басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен әзірлеуге қатысуға (қала әкімдігінің құрылымдық басқармаларымен жасалатын қала әкімдігінің қаулыларына, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларына, қала әкімі аппаратымен жасалатын қала әкімі аппарат басшысының бұйрықтарына дайындаған жобаларының заң техникасымен келісу арқылы);
3.25. Шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде жауапты тұлғалардың хаттары негізінде сотқа беру шараларының қолдануға;
3.26. Заңнамалық актілерде көзделген жағдайда мемлекеттік органның құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік органның атынан түсініктеме дайындауға;
3.27. Қала әкімі аппаратының, қала әкімдігінің құрылымдық басқармалары мен аудан әкімдері аппараттарының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттауға, жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға;
3.28. Қала әкімдігінің құрылымдық басқармалары мен аудан әкімдері аппараттарымен тығыз байланыста болуға, қала әкімі аппаратының, қала әкімдігінің қызметінде туындаған құқықтық мәселелер бойынша заңды кеңес, түсіндірме беруге;
3.29. Өзіне жүктелген құзіретінің шегінде әзірлеуші қала әкімі аппаратының заң бөлімі болып табылатын қала әкімдігінің қаулыларын, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерін дайындауға, олардың орындалуын бақылауға;
3.30. Прокуратура органдарының наразылықтары мен ұсыныстарын және басқа да прокурорлық қадағалау актiлерiнің қала әкімдігінің басшылығымен қаралуын ұйымдастыруға;
3.31. «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуге;
3.32. Бөлім басшысының басқа да тапсырмалары мен функцияларды орындауға міндетті.
3.33. Мемлекеттік қызметшілердің өзге де міндеттері Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленуі мүмкін.
Функционалдық блок: B
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs-shymkent@inbox.ru
- 21.05.2025
- Шымкент қаласы, Нұрсат ш/а, Nursultan Nazarbaev даңғылы №10-үй
-
24-70-63, эл. почта konkurs-shymkent@inbox.ru