Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы креативті индустрия және маркетинг бөлімінің басшысы (негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңіне 30.06.2025 ж. дейін)

Мемлекеттік орган

Шымкент қаласы әкімінің аппараты

Аймақ

Шымкент қаласы

Санат

D-O-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Қызмет көрсету саласы
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Халықаралық қатынастар
  • Аударма ісі
  • Құқықтану
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Туризм
  • Мәдени-тынығу жұмысы
  • Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

Функционалды міндеттер

  • Басқарманың уақытылы және сапалы орындалуына бағытталған құжаттарын және басшылықтың тапсырмаларын орындауды жүзеге асыруға оперативтік шараларды қабылдайды;
  • Басқарма басшысына қол ұсынылатын құжаттардың дайындаудың сапасын, дұрыс құрылуын, келiсiлуiн, бекiтiлуiн сақтайды;
  • қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзiнiң кұзыреттілігі аясындағы мәселелер бойынша шешім қабылдайды және дайындауды ұйымдастырады;
  • Бөлім қызметкерлерiнiң еңбек тәрiтiбiн сақтауына бақылау жасайды;
  • Бөлiмге келіп түскен хаттар, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiне уақытылы сапалы жауап берудi қадағалайды, ұйымдастырады;
  • Бөлiмнiң әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметкерлерінің жұмыс сапасын бағалауды келіседі;
  • Бөлiмнiң құзыретiндегi мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына және бағдарлама аясында бөлiнген қаражаттың толық, тиiмдi игерiлуiне жауапты болады;
  • Бөлiмнiң жылдық, тоқсандық жұмыс жоспарларын дайындап, бөлiмге басқарма басшысымен бекітуге ұсынады және орындалуын ұйымдастырады;
  • өз саласы бойынша барлық деңгейдегі құқық қорғау органдарында басқарма мүддесін қорғайды;
  • туризмді дамыту мәселелері бойынша бақылауда тұрған жоғары органдардан келген нормативтік-құқықтық актілердің, бұйрықтар мен тапсырмалардың уақтылы, сапалы орындалуын ұйымдастырады;
  • мемлекеттiк саясатты және сәйкесінше әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің аймағында туристік қызметті үйлестіруді іске асырады;
  • туризмдi және туристік индустрияны дамыту мемлекеттік, салалық бағдарламалары, стратегиялары шегiнде туризмді дамыту аймақтық бағдарламалары мен жоспарларын құрастырады;
  • туризмді дамытуға бағытталған аймақтық бағдарламалардың, іс-шаралардың орындалуын жүзеге асырады;
  • балалар мен жасөспiрiмдер лагерлерiнiң қызметiне жәрдем береді;
  • Бөлім құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Басқарма басшысымен келісе отырып қоғам және бұқаралық ақпараттық құралдарымен байланысты қолдайды;
  • туристік обьектілер базаларының материалдық-техникалық даму перспективалары мен бағытын анықтайтын қала әкiмiнiң тапсырмалары мен нормативтік құжаттарының орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз етедi;
  • туризм саласында басқарма тарапынан көрсетілетін мемлекеттiк қызмет түрлері бойынша бекітілген стандарт, регламенттерге сәйкес орындалуын қадағалайды және ұйымдастырады;
  • Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмаларымен Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларын, қала әкімдігінің қаулыларын, қала әкімі әкімдері мен шешiмдерi, басқарма басшысының бұйрықтары мен тапсырмаларының мерзiмiнде және тиянақты орындалуын қамтамасыз етедi;
  • Басқарма басшысының тапсырмаларының бұйрықтарының уактылы және сапалы орындалуын бақылау жасайды, басқарма қызметкерлерiнiң жұмыс орындарында қажеттi жағдай жасау үшін шаралар қабылдайды;
  • бағынысындағы бөлiмнiң қызметкерлерін лауазымға бекіту немесе босату, оларға тәртіптік шара қолдану немесе сыйақы белгілеу туралы ұсыныс енгiзедi;
  • қызметкерлерден туризмді дамыту мәселелерi бойынша бақылаудағы жоғары тұрған органдардан келген нормативтік-құқықтық актiлердiң, бұйрықтар мен тапсырмалардың уақтылы, сапалы орындалуын талап етедi;
  • қызметкерлердi бөлiм құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша сараптауларға қатыстырады;
  • Бөлiм жұмыстарын атқаруды үйлестіру, ұйымдастыруды жүзеге асырады;
  • туристік өнімді халықаралық және республикалық туристік нарықта ілгерілетуді үйлестіру;
  • жарнамалық және ақпараттық өнiмдердi жасау, таратуды ұйымдастыру;
  • креативті индустрия саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
  • креативті индустриялар өкілдерін оқшаулау үшін кеңістіктерді дамыту;
  • креативті индустрия саласында консультациялық және практикалық қызметтер көрсету;
  • мақсатты аудиторияға бағытталған және идеологиялық құрамдас бөлігі бар, сондай-ақ жастарды шығармашылық және мәдени қызметке белсенді тартатын креативті бағыттары бойынша теңдестірілген іс-шаралар қатарын әзірлеу;
  • шағын және орта кәсіпкерліктің имиджін жақсарту жөніндегі жобалар мен бастамаларды іске асыруға жәрдемдесу;
  • қоғамдық ұйымдармен, даму институттарымен және сараптамалық қоғамдастықпен өзара іс-қимыл жасау;
  • креативті кәсіпкерлерді зерттеу, талдау және ақпараттық қолдау көрсету;
  • бекітілген қызмет түрлері шеңберінде креативті индустрия салаларындағы функцияларды жүзеге асыру;
  • Басқарма басшысы бекіткен лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес жұмыс атқарады;
  • Бөлiмнiң iшкi құжат айналымына және жұмысына толығымен жауапты болып табылады.
  • нормативтік құқықтық актілердің және құқықтық актілердің жобаларын сапалы әзірлеу және басқа да құқықтық сипаттағы өзге құжаттарды дайындайды;
  • нормативтік құқықтық актілердің және құқықтық актілердің жобаларын тиісті мемлекеттік, басқа да органдар және ұйымдармен келісу (жариялау, қажетті қорытындылар алу), әділет органына заңнамада көрсетілген мерзімде мемлекеттік тіркеуге ұсынылуын қамтамасыз етеді;
  • Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайтын тәртiппен өздері әзірлеген нормативтiк құқықтық актілерге мониторингті тұрақты негiзде жүргiзеді.

Функционалдық блок: А

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 10.01.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

13.01.2025 – 15.01.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 мб

Сұхбаттасу күні

17.01.2025

Сұхбаттасу орны

Шымкент қаласы, Нұрсат ш/а, Nursultan Nazarbaev даңғылы №10-үй

Анықтама алу үшін байланыс

24-70-63, эл. почта  konkurs-shymkent@inbox.ru