Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімі аппараты инфрақұрылым және абаттандыру бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты еңбек демалысы кезеңіне 14.02.2027 ж. дейін)
Шымкент қаласы әкімінің аппараты
Шымкент қаласы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
Е-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, осы Үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
- Жерге орналастыру
- Су ресурстары және суды пайдалану
- Информатика
- Құқық және экономика негіздері
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Кадастр
- Қаржы
Қосымша талаптар
байланыс, телекоммуникация жәнеақпараттық технологиялар
Функционалды міндеттер
- Нормативтік құқықтық актілердің және құқықтық актілердің жобаларын сапалы әзірлеу және басқа да құқықтық сипаттағы өзге құжаттарды дайындауға;
- Нормативтік құқықтық актілердің және құқықтық актілердің жобаларын тиісті мемлекеттік, басқа да органдар және ұйымдармен келісу (жариялау, қажетті қорытындылар алу), әділет органына заңнамада көрсетілген мерзімде мемлекеттік тіркеуге ұсынылуын қамтамасыз етуге;
- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайтын тәртiппен өздері әзірлеген нормативтiк құқықтық актілерге мониторингті тұрақты негiзде жүргiзуге.
- Аудан аумағында көп қабатты үйлердің қас бетін жарықтандыруды ұйымдастыру;
- Аудан аумағында су басудың алдын алу мақсатында ирригациялық жүйелер салуға ұсыныс жолдау;
- Аудан аумағында жаңадан салуды қажет ететін инфрақұрылым жүйелерін (жарықтандыру, ауыз су, табиғи газ, электр энергиясы, кәріз, жол салу және жөндеу жұмыстарын) жүргізу үшін, жобалық сметалық құжаттар (ЖСҚ) мен жобалық сметалық есептер (ЖСЕ) әзірлеуге ұсыныстар енгізілуін қамтамсыз ету;
- Аудан аумағында азаматтардың тұрғылықты жерінде және бұқаралық демалу орындарында дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша тиісті жұмыстарды жасау;
- Аудан аумағын көгалдандыру (көпжылдық және бір жылдық гүлдер, газон алаңдарын, жай және қылқан жапырақты ағаштарды отырғызу, оларды күтіп ұстау, көп ору, ағаш қырқу, әктеу) тазарту жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз ету;
- Аудан аумағындағы көшелерге урналар орнату және күтіп ұстау жұмыстарының жүзеге асырылуын қамтамсыз ету;
- Аудан аумағындағы көшелердегі аяқ жолдар мен қоршауларды күтіп ұстау жұмыстарының жүзеге асыру;
- Аудан аумағындағы кіші сәулеттік пішіндерді күтіп ұстау жұмыстарын жасау;
- Аудан аумағын мерекелік безендіруін қамтамасыз ету;
- Аудан аумағындағы қолданыстағы инфрақұрылымның (ауыз су, табиғи газ, кәріз жүйелері, электр жарығы, жарықшамдар, бейнекамералар, жолдар, қоғамдық көлік) қалыпты жұмыс жасауына және жаңадан салуды қажет ететін жерлерді анықтап ұсыныс енгізу;
- Аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарының тарапынан берілген тапсырмалардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету.
- Қала әкімдігінің басқармаларымен, мемлекеттік мекемелер, құқық қорғау органдары, коммуналдық мекемелер және қоғамдық ұйымдармен біресіп жұмыс жүргізу;
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне
сәйкес бөлімдері тарапынан «Е-Өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін
қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы жеке және заңды тұлғалардың арыз шағымдарын қарап, оларды уақытылы әрі сапалы орындау;
- Осы Ережеден туындайтын жұмыстарды мемлекеттік сатып алулар кезінде, заң талаптарына сәйкес, мемлекеттік сатып алулардың конкурстық
құжаттамасын әзірлеу, мемлекеттік сатып алу шарттарының орындалуын бақылау, мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша орындалған жұмыстармен қызметтердің орындалу актілерін қабылдау;
- «109 IKomek» байланыс орталығынан келіп түскен арыз, шағым, өтініштерге уақытылы, сапалы жауап беру;
- Бөлімнің жұмысын салаға жауапты аудан әкімінің орынбасарымен келісе отырып жоспарлау;
- Азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, олардың өтiнiштерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарауға және олар бойынша қажеттi шаралар қабылдап, сапалы жауап жолдауға;
- Жеке және заңды тұлғаларды жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізу;
- Аудан әкімі аппаратымен өткізілетін барлық іс-шараларға қатысу;
- Мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;
- Ақпараттық қауыпсіздікті қамтамасыз ету талаптарын сақтауға;
- Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтау;
- Әдеп кодексінің талаптарын сақтау.
- «Е-қызмет» ақпараттық жүйесіне өздеріне тиісті жеке мәліметтерді (өкімге негіз болып табылатын өтініштердің барлық түрі, қызметтік жазбаларды,бағалау парақшаларын т.б.) тек автоматтық режимде енгізіп, жолдау.
Функционалдық блок: А
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs-shymkent@inbox.ru
- 27.08.2024
- Шымкент қаласы, Нұрсат ш/а, Nursultan Nazarbaev даңғылы №10-үй
-
24-70-63, эл. почта konkurs-shymkent@inbox.ru