Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мүгедектігі бар азаматтармен және ардагерлермен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне 03.10.2024ж. дейін)

Мемлекеттік орган

Шымкент қаласы әкімінің аппараты

Аймақ

Шымкент қаласы

Санат

D-О-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
  • Құқықтану
  • Әлеуметтану
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлеуметтік жұмыс
  • Қаржы
  • Медицина

Функционалды міндеттер

3.1. Мүгедектігі бар азаматтардан протездік-ортопедиялық құралдардарына түскен өтініштерді қабылдау және рәсімдеу;

3.2. Қызмет алушыларға ақпараттық анықтама кеңес беру, түсіндірме жұмыстарын жүргізу;

3.3. Бөлімінің құзыретіне жататын Электрондық Үкімет Порталы, «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша филиалының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» (ХҚКО) және «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйе бағдарламасымен жұмысты жүзеге асыру және мониторинг жүргізу;

3.4. Электрондық Үкімет Порталы, «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша филиалының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» (ХҚКО) арқылы түскен өтініштерді стандартқа сәйкес құжаттарды қабылдап, мерзімі бойынша хабарлама беру;

3.5. Мүгедектігі бар азаматтардан түскен өтініштерді «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйе бағдарламасына сапалы енгізу және әлеуметтік қызметтер порталына жіберу, өнім берушіні порталда таңдау барысында үйлестіру жұмыстарын жүргізу, өнім беруші порталға түспеген жағдайда техникалық ерекшеліктерді әзірлеу;

3.6. Медициналық әлеуметтік сараптама бөлімінің мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша әзірленген әлеуметтік бөлігінің уақытылы орындалуын жүзеге асыру;

3.7. Әлеуметтік қызметтер порталына түскен электрондық төлем шоттарын дурыстығын және сапасын тексеріп, шоғырландырылған қаржылық есепті талдау және қалыптастыру бөліміне жіберу;

3.8. Бюджеттік өтінімдерді жасақтау және ай сайынғы қаржыны игеруын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүргізу;

3.9. Бюджеттен қажеттілік қаржыға сапалы сұраныс жасау;

3.10. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандартына сәйкес азаматтарға қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;

3.11. Нормативтік құқықтық актілердің және құқықтық актілердің жобаларын сапалы әзірлеу және басқа да құқықтық сипаттағы өзге құжаттарды дайындау;

3.12. Нормативтік құқықтық актілердің және құқықтық актілердің жобаларын тиісті мемлекеттік, басқа да органдар және ұйымдармен келісу (жариялау, қажетті қорытындылар алу), әділет органына заңнамада көрсетілген мерзімде мемлекеттік тіркеуге ұсынылуын қамтамасыз ету;

3.13. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайтын тәртiппен өздері әзірлеген нормативтiк құқықтық актілерге мониторингті тұрақты негiзде жүргiзу;

3.14. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарын сақтау;

3.15. Басқармаға жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыз-шағымдарды, өтініштерді және үндеулердің уақытылы орындау;

3.16. Мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді бұзбау;

3.17. Басқарманың еңбек тәртібі регламентіне сәйкес жұмыс режимін сақтау;

3.18. Өзінің функционалдық міндеттерін атқару кезінде мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы мен сыбайлас  жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты сақтау;

3.19. Бөлімге жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік мекемелер бөлімдерімен, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау;

3.20. «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі бойынша жұмыс жүргізу, оның ішінде кадр қызметіне қатысты бұйрықтарға (өкімдерге) негіз болып табылатын өтініштерді, қызметтік хаттарды тек «Е-қызмет» жүйесі арқылы жолдау;

3.21. Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мәселеріне қатысты өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыру.

Функционалдық блок: А-5

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 24.01.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

25.01.2024 – 02.02.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20мб

Сұхбаттасу күні

07.02.2024

Сұхбаттасу орны

Шымкент қаласы, Нұрсат ш/а, Nursultan Nazarbaev даңғылы №10-үй

Анықтама алу үшін байланыс

24-70-63, эл. почта konkurs-shymkent@inbox.ru