Шымкент қаласы Тұран ауданы әкімінің аппараты қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің бас маманы
Шымкент қаласы әкімінің аппараты
Шымкент қаласы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Құқықтану
- Әлеуметтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Автоматтандыру және басқару
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Қаржы
Қосымша талаптар
қоршаған ортаны қорғау жəне өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, инженер механик
Функционалды міндеттер
- Аудан аумағында өзіне бекітілген аумақта абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі (қала көшелерін механикалық, қолмен тазалау және көгалдандыру жұмыстары; су басудың алдын алу мақсатында ирригациялық жүйелер салу, тұйықталған жүйелерді жою; бей-берекет жиналған қоқыс орындарын жою жұмыстарын ұйымдастырады;
- Тұрғын үй қоры объектілерін және коммуналдық меншіктерді түгендеуге қатысады;
- Тұрғын үй қорының өз қалпында сақталуына және тұрғын үй қорын жылыту мерзіміне дайындау жұмысын түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады және бақылау жасайды;
-Кондоминиум нысандарын құру жұмыстарын ұйымдастыру;
-Тұрғын үй қорын жылыту маусымына дайындау бойынша коммуналдық шаруашылық ұйымдармен және мекемелермен жұмыс жасайды;
-Тұрғын үй – коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру мақсатында көпқабатты үйлердің тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін жиналыстар ұйымдастыру;
- Туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
- Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар мәселелері бойынша жұмыстарды жүргізеді;
- Кондоминиум нысандары, үй, көше, орам, басқарушыларының жұмыстарын барлық коммуналдық-тұрмыстық бағыттар бойынша үйлестіру және тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тұрғындармен жиналыстар ұйымдастырады;
-Қала, аудан әкімі және аудан әкімі орынбасары тапсырмаларының уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;
-Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қатысты құжаттардын «Е-қызмет» ақпараттық жүйесіне мерзімінде, сапалы енгізілуін қамтамасыз ету және аталған жүйеде мемлекеттік қызметшілердің жүйелі түрде жұмыс жүргізеді;
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес, «Е-өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің біріңғай платформасы арқылы жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын қарауға, сотта қаралатын істерге өзі қараған әкімшілік іс (әкімшілік акт) бойынша жауапкер ретінде қатысуға;
- «109 IKomek» байланыс орталығынан келіп түскен арыз, өтініштерге уақтылы, сапалы жауап беру және орындалуын қамтамасыз ету;
- Ай сайын үй, көше, орам басқарушыларымен жиналыстар ұйымдастырады. Аудан тұрғындарының ұйымдастырған жиналыстарына және кездесулерге қатысып, тұрғындардың көтерген мәселелері бойынша іс-шара түзіп, олардың орындалуы бойынша жұмыстар жүргізеді.
- Коммуналдық-тұрмыстық мәселелер бойынша қызметтік хаттар, анықтамалар, ақпараттар және талдау (аналитикалық) мәліметтер дайындайды;
- Коммуналдық-тұрмыстық мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды;
- Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулердi сақтауға;
- Сыбайлас жемқорлық әрекеттерін болдырмауға, өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізуге;
Функционалдық блок: А-4
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs-shymkent@inbox.ru
- 22.02.2023
- Шымкент қаласы, Нұрсат ш/а, Nursultan Nazarbaev даңғылы №10-үй
-
24-70-63, эл. почта konkurs-shymkent@inbox.ru