Шымкент қаласы Тұран ауданы әкімінің аппараты инфрақұрылым бөлімінің бас маманы
Шымкент қаласы әкімінің аппараты
Шымкент қаласы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Жерге орналастыру
- Су ресурстары және суды пайдалану
- Әлеуметтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Кадастр
- Қаржы
Қосымша талаптар
қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
Функционалды міндеттер
-Аудан аумағындағы жолдарын, жаяу жүргіншілерге арналған жолдарын жөндеуді және жаңадан орнатуды қажет ететін көшелер мен аулаларды анықтау және ұсыныс әзірлеу жұмыстарына бақылау жасау;
- Аудан аумағындағы шағынаудандар мен көшелерде ауыз су, табиғи газ, электр қуаты, кәріз жүйелерінің жүргізілуіне талдау жасау және құрылысты (қайта құрылыс) қажет ететін көшелерді анықтау және жүргізілмеген жерлеріне ұсыныс әзірлеу жұмыстарына бақылау жасау;
- Аудан аумағындағы спорт алаңшаларының құрылысын қажет ететін шағынаудандар мен аулаларды анықтау және қаржы бөлдіру мақсатында ұсыныс әзірлеу;
- Аудан аумағындағы абаттандыруды және балалар ойын, спорт алаңшаларын орнатуды қажет ететін көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларын анықтап, абаттандыру және орнату жұмыстарын толығымен қамтамасыз ету жұмыстарына бақылау жасау;
- Аудан аумағындағы жарықтандыруды және бейне камераларын орнатуды қажет ететін көшелер мен аулаларды анықтау және орнату бойынша құзырлы мекемелерге ұсыныс әзірлеу.
-Қала көшелеріне урналар орнату және күтіп ұстау жұмыстарын ұйымдастыру;
-Жер асты және үсті жаяу жүргіншілер өткелдерін күтіп ұстау жұмыстарын ұйымдастыру;
-Қала көшелеріндегі аяқ жолдар мен қоршауларды күтіп ұстау жұмыстарын ұйымдастыру;
- Қала және аудан әкімінің тапсырмаларының уақытында және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
- Мемлекеттік сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы, Тұрғын үй басқармасы, Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесе жұмыс жүргізу;
- «Е-қызмет» ақпараттық жүйесіне өздеріне тиісті жеке мәліметтерді (өкімге негіз болып табылатын өтініштердің барлық түрі, қызметтік жазбаларды, бағалау парақшаларын т.б.) тек автоматтық режимде енгізіп, жолдау;
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес, «Е-өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің біріңғай платформасы арқылы жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын қарауға, сотта қаралатын істерге өзі қараған әкімшілік іс (әкімшілік акт) бойынша жауапкер ретінде қатысуға;
Функционалдық блок: А-4
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs-shymkent@inbox.ru
- 22.02.2023
- Шымкент қаласы, Нұрсат ш/а, Nursultan Nazarbaev даңғылы №10-үй
-
24-70-63, эл. почта konkurs-shymkent@inbox.ru