Шымкент қаласы Тұран ауданы әкімінің аппараты кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің бас маманы
Шымкент қаласы әкімінің аппараты
Шымкент қаласы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Құқық
- Әлеуметтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Қаржы
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
-Жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыруға жәрдемдесу жұмыстарын жүргізу;
- Аудан аумағында белгіленбеген орындарда сауда жасаушы тұлғаларға және заңсыз орнатылған дүңгіршектердің иелеріне оларды алдырту бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- Тамақ өнімдерінің тұтыну бағасын тұрақтандыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- Кәсіпкерлік субъектілер базасын әзірлейді;
- Тоқтап тұрған кәсіпкерлік субъектілерін іске қосуға жәрдем береді;
- Аудандағы кәсіпкерлік саласын дамытуға ұсыныс әзірлейді;
- Ауданның туризм саласын үйлестіру;
- Аудан аумағында шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік кызметті дамытуға жәрдемдеседі;
- Қала және аудан әкімінің шешімдерін, өкімдерін және тапсырмаларын мерзімінде және сапалы орындау;
-Кәсіпкерлік мәселелері бойынша аналитикалық құжаттарды, мәліметтерді, анықтамаларды және қызметтік хаттарды дайындау;
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес, «Е-өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің біріңғай платформасы арқылы жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын қарауға, сотта қаралатын істерге өзі қараған әкімшілік іс (әкімшілік акт) бойынша жауапкер ретінде қатысуға;
-. «109 IKomek» байланыс орталығынан келіп түскен арыз, өтініштерге уақтылы, сапалы жауап беру және орындалуын бақылауға алу;
- «Е-қызмет» ақпараттық жүйесіне өздеріне тиісті жеке мәліметтерді (өкімге негіз болып табылатын өтініштердің барлық түрі, қызметтік жазбаларды, бағалау парақшаларын т.б.) тек автоматтық режимде енгізіп, жолдау;
- Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулердi сақтауға;
- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық әрекеттерді болдырмауға, өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізуге;
Функционалдық блок: А-4
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs-shymkent@inbox.ru
- 22.02.2023
- Шымкент қаласы, Нұрсат ш/а, Nursultan Nazarbaev даңғылы №10-үй
-
24-70-63, эл. почта konkurs-shymkent@inbox.ru