БАСПАСӨЗ АНОНСЫ

БАСПАСӨЗ АНОНСЫ

«Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» медиа өкілдері үшін V дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын ұлттық құраманың арнайы оқу-жаттығу жиынына шақырады.

4 қыркүйек күні «Арғымақ» ат-спорты кешенінде, (Қарқаралы 1):
сағат 10:00-де ҚҰСБЕГІЛІК;
сағат 10:30-дa ДӘСТҮРЛІ САДАҚ АТУ,
сағат 11:00-де ЖАМБЫ АТУ;
сағат 11:30-да POWERFUL NOMAD.ТОЛАҒАЙ АЛЫПТАРЫ бойынша ашық жаттығу өтеді.  

5 қыркүйек күні Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында, (Қабанбай батыр даңғылы, 43)
Сағат 10:30-да ҚАЗАҚ КҮРЕСІ, АЛЫШ, КУРАШ, АШЫРТМАЛЫ АБА ГЮРЕШИ, КӨРӘШ түрлері бойынша БАҚ өкілдері үшін ашық жаттығу өтеді.
Тарлан арена, бокс орталығында (Тәуелсіздік даңғылы 1/2)
Сағат 12:00-де МАС-РЕСТЛИНГ бойынша БАҚ өкілдері үшін арнайы ашық жаттығу өтеді.
 
ЖУРНАЛИСТЕР ҮШІН : 5 ҚЫРКҮЙЕК ЖЕКПЕ-ЖЕК ОРТАЛЫҒЫНАН, ТАРЛАН АРЕНА БОКС САРАЙЫНА БАҚ ӨКІЛДЕРІН АРНАЙЫ АВТОБУС ЖЕТКІЗІП БЕРЕДІ .
 
Алдын ала арнайы тіркелу қажет.
 
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы ұлттық құрамаға қатысты барлық ақпаратты алу үшін
 «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» баспасөз қызметі 
8701 707 0717 Райымбек / 8702 888 3138 Ақсұлу хабарласуға болады.
Анықтамалық ақпарат:
 
«Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне»  қарасты жұмыс істейді. «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» басты қызметі – ұлттық спорт түрлерінен құрама команданы дайындау, қажеттіліктермен толық қамтамасыз ету. 
5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бас демеушісі - «Alageum Electric» компаниясы