ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ 16 КҮН АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

2023 жылдың 25 карашасы мен 10 желтоқсаны аралығында Қазақстан Республикасы аумағында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» акциясы басталды.
Аталған акцияның аясында Шымкент қаласынын аумағында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту бағытында ауқымды жұмыстар атқару жоспарлануда.
Бүгінгі танда, яғни 24 караша күні Шымкент каласы полиция департаментінде дөнгелек үстел ұйымдастырылып, оған жергілікті аткарушы және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері катысты.
Атап айтқанда, Шымкент каласы әкім аппараты басшысы орынбасарынын міндетін аткарушы, Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және демографиялык саясат комиссияның хатшысы, қалалық прокуратура өкілдері, «Аманат» партиясы Шымкент калалык филиалының Атқарушы хатшысы, қалалык маслихат депутаттары, партия филиалы жанындағы «Әйелдер қанатының» төрайымы, Президент жанындағы әйелдер істер және отбасы, демографиялық саясат бойынша комиссия мүшесі, Шымкент әйелдер кеңесінін төрайымы, Шымкент каласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы, Шымкент каласының Білім басқармасы, Шымкент қаласының жұмыспен камту және әлеуметтік қорғау басқармасы, Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері қатысты. Жиын барысында әр мекемеге өздеріне қатысты міндеттер жүктеліп, акция барысында бірлесіп жұмыс аткару максатында ұсыныс пікірлер айтылып, жоспар түзілді.