ТҰРАН ТҰРҒЫНДАРЫНА БАРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ҚОЛЖЕТІМДІ

ТҰРАН ТҰРҒЫНДАРЫНА БАРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ҚОЛЖЕТІМДІ

Халыққа қызмет көрсету орталығында көрсетілетін барлық қызметтерді енді жаңадан құрылған Тұран ауданы тұрғындары да пайдалана алады. Сондай-ақ ҚР Қаржы министрлігінің, Мемлекеттік кірістер комитеті, Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, Тұран ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы өз жұмысын бастады.

Басқармаға салық органының коды берілді.

Енді жергілікті тұрғындар кез-келген ХҚО-на барып, мемлекеттік қызметтерді кедергісіз ала алады.