ШЫМКЕНТ: ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫН ТАРАТУ ЖҰМЫСТАРЫ РЕТКЕ КЕЛТІРІЛДІ

ШЫМКЕНТ: ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫН ТАРАТУ ЖҰМЫСТАРЫ РЕТКЕ КЕЛТІРІЛДІ
Ағымдағы жылдың 3 қаңтары күні сағат 13:00 - ден бастап, ауа райының қолайсыздығы салдарынан қала аумағында барлығы 44 апатты жағдай орын алды. Нәтижесінде, 22 елді мекенде электр қуаты сөнді.
 
"Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС апатты жою бригадасымен ретке келтіру жұмыстары жүргізіліп 18 елді мекенге электр қуаты қайта берілді.
 
Аталған жұмыстарға "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС-нің жалпы 100 адамнан құралған 20 апатты жою бригадасы, 3 арнайы техника, 1 лабаратория жұмылдырылды. Апатты жою уақыты 30 мин - 15 сағ аралығында.
Орын алған жағдайға түсіністікпен қарауға шақырамыз!
 
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі