ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ІШКІ ОРАМ ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ КӨШЕЛЕРДІ ҚАРДАН ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ІШКІ ОРАМ ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ КӨШЕЛЕРДІ ҚАРДАН ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Әл-Фараби ауданы аумағында ішкі орам және орталық көшелерді қардазалау жұмыстары жүргізілуде.
 
Тазалық жұмыстарына "Build Stroi" ЖШС 33 арнайы техникасы, оның ішінде жолдардағы қарды тазалауға 20 техника, аяқ жолдарды тазалауға арналған 7 техникасы жұмылдырылған. Атап айтқанда, Камаз ПР – 11 дана, Трактор 82,1 – 7 дана, Трактор 320 – 2 дана, Газ 53 – 12 дана, Камаз ассенизатор – 2 дана, Погрузчик – 1 дана, жалпы саны 185-ке жуық адам жұмылдырылды.
 
Аталған техникалар 9 бағыт бойынша жұмыстар атқаратын болады. Қазіргі таңда аудан көлемінде 375 м3 инертті зат себілді.
 
Жағдай толық аудан әкімі аппараты мамандары мен мердігер мекеме қызметкерлерінің толық бақылауында
 
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі