«ОҢТҮСТІК» ЖАҢАҚҰРЫЛЫС АУМАҒЫ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТЫЛМАҚ

Еңбекші ауданына қарасты “Оңтүстік” елді мекенін сапалы электр қуатымен қамту құрылыс жұмыстары аяқталды.
Жобаға сәйкес сапалы электр қуатымен қамтылатын барлығы 933 үй болса, жобадан тыс жаңадан бой көтерген 20 үй бар.
Қазіргі уақытта электр тарату бекеттері мен трансформаторларға электр қуаты берілді. Құрылыс жұмысы барысында 18 электр трансформаторы, қуаттылығы 10 кВ құрайтын 1 электр тарату бекеті орнатылды. Сонымен қатар 28,5 шқ 10 кВ-тық және 52,2 шқ 0,4 кВ-тық электр желісі тартылды.
Ендігі кезекте «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС тарапынан абоненттеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі