МӘСЕЛЕЛЕР ПЫСЫҚТАЛДЫ

МӘСЕЛЕЛЕР ПЫСЫҚТАЛДЫ
Қала әкімі М.Әйтенов өткен аптада Тұран шағын ауданы тұрғындарымен кездесіп өзекті мәселелер мен арыз-шағымдар бойынша арнайы топ құрып, зерделеу жұмыстарын жүргізуді тапсырған болатын.
 
Анықталған кемшіліктер хаттамаға түсіріліп, бекітілді. Енді жұмысын сапасыз орындаған және кемшіліктерді қалпына келтірмеген мердігерлерге айыппұл салынатын болады. Хаттамалық тапсырмалар қала әкімінің тікелей бақылауында болмақ.