«ҚР ҰЙЫМЫНЫҢ ҮЗДІК БАСШЫСЫ – 2021» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТЕДІ

Талантты және тиімділігі жоғары көшбасшыларды анықтау мақсатында Қор мемлекеттік және жеке меншік нысандары арасында «ҚР ұйымының үздік басшысы – 2021» республикалық конкурсын өткізеді.
Конкурсты өткізу мақсаты - басшылардың қоғам мен мемлекеттегі рөлін арттыру және олардың ел қызметінің барлық саласын дамытуға қосатын үлесін арттыру, ұжымдардың экономикалық және әлеуметтік қызметінің табысқа жетелейтін факторларын талдау.
Жоба 2 кезеңде өтеді, облыстық және республикалық:
- облыстық кезең 2021 жылғы 01-30 қараша аралығында;
- республикалық кезең 2021 жылдың 01 желтоқсанынан 10 желтоқсанына дейін.
Үміткерлерді келесі бағыттар бойынша ұсынуға болады:
- Мемлекеттік ұйымның немесе мекеменің басшысы;
- Коммерциялық ұйымның басшысы;
- Қоғамдық ұйымның басшысы;
- Білім беру ұйымының басшысы;
Басшылық лауазымның тәжірибесі 1 жылдан кем емес болуы қажет
Конкурс кезеңдері:
1-кезең облыстық (сырттай) - 2021 жылғы 01 қарашадан 01 желтоқсанға дейін Қатысушылар "1-Қосымша" қатысушы өтінімін толтыруы, сондай – ақ "Тиімді басшы-ұйым жетістігінің кепілі" тақырыбына Эссе немесе презентация дайындауы қажет. Конкурстық материалды FOND.BIRLIK@GMAIL.COM поштасына «Ұйымның үздік басшысы – 2021» - хаттың тақырыбымен, қатысушының аты-жөні көрсетіліп жіберу қажет. Құжаттарды қабылдау 2021 жылғы 01 желтоқсанға дейін жалғасады. WhatsApp нөмірі: + 7 775 888 99 50, байланыс нөмірі +7 701 758 78 77 талаптар: Эссе кемінде 2 бет., Microsoft Word, қаріп, Times New Roman 14, презентация кемінде 5 бет, Microsoft PowerPoint.
2-кезең Республикалық (әңгімелесу) - 2021 жылғы 05-10 желтоқсан аралығында. Бұл кезеңде қатысушылар ZOOM байланыс арқылы конкурстық комиссия мүшелерімен әңгімелесуден өтеді. Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша карантиндік шаралар мен қолайлы эпид. орта сақтала отырып. Нұр-сұлтан қаласында конкурс жеңімпаздарын ресми марапаттау рәсімі өтеді. Марапаттаудың ресми бөлігіне, жеңімпаздар өз есебінен қатысады.