ШЫМКЕНТТЕ ҰЖЫМДЫҚ РЕТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ КЕҢІНЕН НАСИХАТТАЛУДА

ШЫМКЕНТТЕ ҰЖЫМДЫҚ РЕТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ КЕҢІНЕН НАСИХАТТАЛУДА

Шымкент қаласында белсенді жұмыс атқарып отырған 16 204 заңды тұлғалардың 1273-і ұжымдық шарттар түзген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда едәуір ұлғайған.

Қала әкімінің арнайы тапсырмасына сәйкес, еңбек қатынастарын ұжымдық реттеу кеңінен насихатталып, бұл бағыттағы жұмыстар белсенді жүріп жатыр. Нәтижесінде биыл 210 заңды тұлға ұжымдық шарт жасасты.

Жыл қорытындысына сәйкес Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов ұжымдық шарт пен кәсіподақ құру мәселесі бойынша отырыс өткізді. Онда белсенді жұмыс жасап жүрген ұжым қызметкерлерін марапаттады.

«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы:

- «Шымкентдорстрой ӨК» ЖШС-ның қызметкері ЗУБАЙРАЕВ Кудретулла Абибулаевич;

«Парыз» конкурсы бойынша:
- «ПетроКазахстанОйл Продактс» ЖШС-ның өкілі ДОСЫМБЕКОВ Нұрлан Қанатбекұлы,
- «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ның өкілі СЫДЫҚОВ Мұхтар Тұрысбекұлы,
- «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Шымкент қаласы мұнай құбыры басқармасының өкілі ҚЫРЫҚБАЙ Рамазан Рүстемұлы.

Фото: Береке Сейітжаппар

Қосымша сұрақтар бойынша тегін 109 бірыңғай байланыс нөміріне хабарласуға болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі