SHYMKENT MARATHON РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСЫ ӨТЕДІ

2020 жылғы 17 желтоқсанда Шымкент қаласында "Shymkent Marathon" республикалық жүгіру жарысы өтеді.
Қатысушылар 3 қашықтық - 5, 10 және 21 шақырым бойынша бақ сынайды. Биылғы сайыс өзгеше форматта ұйымдастырылмақ. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, біржолғы қатысушылардың саны 100 адамнан аспауы тиіс.
Бастапқы және мәре аумағында бетперде режимі мен күшейтілген санитарлық нормаларды сақтау талап етіледі.
Жеңімпаздар онлайн форматта анықталады.
Жарыстың ресми ашылу рәсімі таңғы сағат 9:00-ге жоспарланған.
Қатысушылар ұлттық нақышта және "Салауатты Қазақстан" ұранымен жасалған естелік медальдарға ие болады.
Жарыс "Бәйдібек би" монументінен бастау алып, "Shymkent City" аумағында жалғасады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі