ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕРГЕ ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛДЫ

Тұрғындардың өтініштеріне сәйкес, Абай ауданының бірнеше шағынауданында жаяу жүргіншілерге арналған инфрақұрылым жаңартылды. Аудандағы 50 көшеге жалпы ұзындығы 44 шақырым жаяу жүргіншілер жолы салынды.
Атап айтқанда, Самал-2, Самал-3, Ынтымақ-2, Қызылжар, Нұршуақ, Қатын көпір, Солтүстік-Батыс, Асар-2 шағынаудандарында, Қайнарбұлақ саяжайы, Қайнарбұлақ, Көкбұлақ және Алтынтөбе тұрғын алабтарында жаяу жүргіншілер жолы толық жөнделді. Қауіпсіздік стандарттарына сәйкес жол белгілері мен жарықтандыру жүйелері жаңартылды, жолдардың бойы абаттандырылды.
Мұндағы мақсат – тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы жүріп-тұруына жағдай жасау, жол қозғалысын реттеу және ауданның инфрақұрылымын жақсарту.
Бүгінгі таңда құрылыс толық аяқталып, жаяу жүргіншілер инфрақұрылымы пайдалануға берілді.