Шымкент қаласының әкімі М.Д.Әйтеновтің 2022 жылы тұрғындармен өткен кездесулерінде берілген ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР жоспарының ЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ

Шымкент қаласының әкімі М.Д.Әйтеновтің 2022 жылы тұрғындармен өткен кездесулерінде  берілген ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі  ІС-ШАРАЛАР жоспарының ЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ

№

Аты-жөні

Ұсыныс, ескертудің мазмұны

Ағымдағы мәртебесі, жағдайы

Жауаптылар

АБАЙ АУДАНЫ

1

ПАШАЕВ            Абдрашид «Жаңаталап» тұрғын алабы

«Жаңаталап» тұрғын алабы  «Жаңа құрылыстағы» жер телімдері шаруа қожалығына рәсімделген. Тұрғындарға жер телімдерінің құжаттарын заңдастырып, рәсімдеп беруіңізді сұраймын.

Қазіргі таңда, Шымкент қаласы әкімдігімен 25.01.2013 жылғы №180 қаулысымен бекітілген Оңтүстік батыс бөлігінің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына түзетулер енгізілуде.  Жаңадан бекітілетін(түзетулер енгізілген) егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес Жаңаталап т.а. орналасқан тұрғындардың құжаттарын рәсімделуін заңға сәйкес жұмыс атқару 2023 жылға жоспарлануда.

М.Исахов,

А.Сәттібаев, Б.Парманов, Е.Нұразханов, А.Жанбатыров

2

ПАШАЕВ                 Абдрашид «Жаңаталап» тұрғын алабы

№25 бағыттағы қоғамдық көліктің жүру бағытын «Алаш», «Бекжан» базарларына дейін ұзарту мәселесін қарастыруыңызды сұраймын.

«Жаңаталап» тұрғын алабынан №146 автобус маршрутының қозғалысы «Алаш», «Бекжан» базарлары арқылы ұйымдастырылды.  Сол себепті, №25 қоғамдық көлігінің бағытын ұйымдастыру қажеттілік етпейді.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Қоқанбаев

3

ДҮЙСЕНОВ               Серік Әмзеұлы «Ынтымақ-2» шағын ауданы

«Ынтымақ-2» шағын ауданында салынып жатқан емхананың құрылысын мүмкіндігінше ерте аяқтап, пайдалануға беруіңізді сұраймын.

Жеке инвестицияларды тарту есебінен аудан халқы үшін ауысымына 350 келушіге арналған МСАК орталығының құрылысы жүргізілуде. Жер учаскесі 1,2 га, құрылыс жұмыстары «Шымкент» ӘКК-мен серіктестікпен бірлесіп жүргізілуде, жұмыстарды аяқтау және пайдалануға беру 2023 жылғы мамырға болжанады. Жоспарлы жұмыс жүргізілуде.

 Б.Парманов, Н.Асылбеков

4

ДҮЙСЕНОВ               Серік Әмзеұлы «Ынтымақ-2» шағын ауданы

«Ынтымақ-2» шағын ауданындағы тұрғын үйлердің орналасуын ескере отырып, ыңғайлы жерге мектеп салып берулеріңізді сұраймын.

«Ынтымақ-2» шағын ауданынан 1200 орындық мектептің құрылысын салу жоспарлануда. Бүгінгі күнде «Физико-математическая школа «Экспонента» ЖШС-гі 1200 орындық мектептің құрылысын салуға жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуде.

Б.Парманов, Ж.Тажиева

5

БАШЕНОВ Ұлықпан

9 мамыр - Жеңіс күні мерекесі қарсаңында қаладағы Жеңіс саябағына Кеңес Одағының Батыры С.Рахымовтың атын беруді сұраймын.

Шымкент қаласының Жеңіс саябағын - Сабыр Рахимов атындағы Жеңіс саябағы деп қайта атау бойынша Республикалық Ономастикалық комиссиясының қарауына 14.10.2022 жылы №25-07-13/11063 ұсыныс жолданып, қортынды алынды. Қазіргі таңда нормативтік құқықтық актінің жобасы «Ашық НҚА» порталына орналастырылып, қоғамдық талқылауға енгізілді.

Б.Парманов, Б.Орынтаев

6

ЮСУПОВА Гүлжахан «Ынтымақ» шағын ауданы

«Ынтымақ» шағын ауданы, Әуежай аумағындағы үйлердің жер телімдері құжаттарын заңдастырып беруіңізді сұраймын.

Абай ауданы бойынша 1160 азамат өтініш білдірген, оның ішінде: 943 құжат заңдастырылған, 10 азаматтың өтініштері алдағы комиссия отырысына дайындалуда(аудандық әкімшілік құжаттарын жинақтап өткізу қажет), қалған 207 тұрғын үйлердің жер учаскелерін  заңдастыру нормалармен заңға қайшы келеді (аэропорт қорғау аймағы, жасыл желек, ауданға қосылмаған қаланың бұрыңғы жерлері қызыл сызықта және кадастр ісі дұрыс жасалмаған). ҚР әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру қағидасын бекіту туралы     ҚР Үкіметінің 2011 жылғы    12 мамырдағы №504 қаулысымен бекітілген ережені сақтау мақсатында, қала әкімдігімен 14.04.2021 жылғы әуежайдың санитарлық-қорғаныш аймағын бекіту туралы №239 қаулысымен 100 метр қашықтық белгіленген, сол себепті  осы аумаққа түсетін барлық жер учаскелері қауіпті нысандар болып табылады. Мұндай жер учаскелеріне құқық берілмейді. Авиациия комитетінің мәліметіне сәйкес 207 тұрғын үй орналасқан жер учаскесін мемлекет мұқтажына қайтару жоспарлануда.

М.Исахов, Б.Парманов, Е.Нұразханов

7

ЮСУПОВА Гүлжахан «Ынтымақ» шағын ауданы

«Ынтымақ» шағын ауданындағы  қалып кеткен көшелерді (Темірші, Ақжұлдыз, Сызған, Бозжусан, Аққамшы, Жаңа тілек) асфальт төсеп беруіңізді сұраймын.

Жаңатілек көшесін афальттау 2021 жылы басталып, 2022 жылға өтпелі. Нысанның жол жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Ал қалған Темірші, Ақжұлдыз, Сызған, Бозжусан, Аққамшы көшелерін асфальттау іс-шара жоспарына сәйкес, 2024  жылы жүргізіледі.

М.Исахов, М.Қоқанбаев

8

ТӨЛЕНТАЕВ Бегімқұл

Қаланың кәрізбен қамтылу көрсеткіштерімен келіспеймін. Менің есебім бойынша 16 пайыз. 112 орамға кәріз жүйесін жүргізуші мердігер мекемелер құбырларды көшемен жүргізді. Үйге дейін кіргізіп, аяқтамады. Осы мәселені бақылауға алуыңызды сұраймын.

Қазіргі уақытта 81 шағын ауданның 19-ы (597,8 мың адам) кәріз жүйесімен қамтамасыз етілген, 62 шағын аудан қамтылмаған. 2022 жылы 16 объектіде (оның ішінде 2 магистральдық кәріз коллекторы, 1 кәріздік сорғы станциясы (КСС) және 13 орамішілік жүйе) құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 2 магистральдық кәріз коллекторының, 1 кәріз сорғы станциясының (КСС) және 9 объектінің құрылысы аяқталды, кәріз жүйесіне 65 мың адам қосылатын болады. Нәтижесінде қамтамасыз етілу көрсеткіші 54% - дан 60% - ға дейін өседі. ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы №163 бұйрығымен бекітілген «Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидалары» 37-тармағының талаптарына сәйкес тұтынушы «Су құбыры және кәріз басқармасы» МКК-нан техникалық шарт алып, өз тарапынан орталықтандырылған кәрізге қосылады.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Ердембеков

9

ТӨЛЕНТАЕВ Бегімқұл

Қаламызда газдың бағасы басқа өңірлермен салыстырғанда қымбат. «КазТрнасГаз» АҚ бізге қымбат бағамен беруде. Олардың функциясын мемлекетке беріп, газдың бағасын төмендетуді сұраймын.

2022 жылғы 1 ақпаннан бастап Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тұрғындары үшін тауарлық газға түпкілікті тарифтер 0,61%-ға төмендеді, оның ішінде халық үшін 1 м3 үшін ҚҚС-мен 31,55-тен 31,36 теңгеге дейін немесе 0,19 теңгеге төмендеді. Жалпы, 2018 жылдан бастап жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша тауарлық газдың бағасы 1м3 үшін 3,11 теңгеге немесе 9,02% - ға төмендеді (2018 жылы газдың бағасы 34,47 теңге/м3 құрады).

М.Исахов, Б.Парманов, М.Ердембеков

10

МҰСАЕВ Ертай, ТӨЛЕГЕНОВА Малика «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алабы

«Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алабында жүргізіліп жатқан табиғи газ құбырларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жер астымен емес, үстімен жүргізу қажет деп есептеймін. Бізге газды жеке инвестор арқылы емес мемлекет есебіне жүргізуді сұраймын.

«Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» елді мекенінде табиғи газ жүйесін қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы ЖСҚ әзірлеуге жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді.
Қазіргі уақытта ЖСҚ әзірлеуге жобалаушы мекемені анықтау үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.
Осыған сәйкес, жобалау барысында көшелердің еніне байланысты әуе желісі арқылы 2023 жылы газ құбырын жүргізу көзделетінін хабарлаймын.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Ердембеков

11

ӘЛСЕРКЕ Ибрахим Мырзаев көшесі

Қалада құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілген жолдардың сапасы нашар. Әсіресе Қонаев даңғылын айтар едім. Сапасын бақылауға алсаңыз.

Пайдалануға берілген жолдардың сапасын техникалық қадағалау ұйымдары тексеріліп, қабылданады.Сонымен қатар кепілдік мерзімі аралығында ақаулар пайда болған жағдайда мердігер ұйым қаражатынан қайта қалпына келтіреді. Қонаев даңғылының салу жобасы жалпы 7 кезеңнен тұрады. Бүгінгі күні 2,3,5 кезеңдерде жұмыстар жүргізілуде. 1 кезең бойынша 2021 жылы жұмыстар аяқталып пайдалануға берілген.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Қоқанбаев

12

ӘЛСЕРКЕ Ибрахим Мырзаев көшесі

Қаладағы 4 аудан аумақтарындағы мәселелерді өздері шешу үшін өзіндік бюджет беруді ұсынамын.

«ҚР-ның Бюджет кодексінде» республикалық маңызы бар қалалардағы аудандарда дербес бюджет қаралмаған. Дегенмен, қала аумағындағы аудандар бюджеттік бағдарлама әкімшісі ретінде жұмыс жасауда.2022 жылы бюджет есебінен аудандарға 23 990,4 млн. теңге жоспарланған. Оның ішінде: Абай ауданы 6 426,8 млн. теңге; Әл-Фараби ауданы 6562,3млн.теңге; Еңбекші ауданы 5 214,3 млн. теңге; Қаратау 5 787,0 млн.теңге

А.Сәттібаев, Б.Парманов, Р.Бақтыбаев

13

ӘЛСЕРКЕ Ибрахим Мырзаев көшесі

Көше жағалауындағы ағаш тәждерін санитарлық кесу (санитарная обрезка кроны деревьев) шараларын тоқтатуды сұраймын.

Бүгінгі таңда аудан аумағындағы орталық көшелердегі көп жылдық ағаштарды адам өміріне қауіпсіздігі инфрақұрылым көлік қозғалысына кедергі келтірмеу және бір текті формаға келтіру мақсатында санитарлық бұтау жұмыстары жүргізіледі. Аталған жұмыстар маусымдық кезеңдерде атқарылады.

Е.Білісбеков, Б.Парманов

14

ӘЛСЕРКЕ Ибрахим Мырзаев көшесі

Жеке қабылдауыңызды сұраймын.

2022 жылғы 6 сәуірде өткен жеке қабылдауға қатысты

Г.Мауленкулов, Б.Парманов, Г.Асылбекова

15

БАЛҒАБАЙ Әшірімбет «Ынтымақ» шағын ауданы

«Ынтымақ» шағын ауданына  аялдамалар орнатып берсеңіз.

«Ынтымақ-2» ш.а. Есенов көшесіне қажет ететін 2 дана (Қызыл ворота, Дача аялдамалары) және Имантау көшесіне 2 дана аялдама павильоны және жол белгісі орнатылды. Сонымен қатар, Темірлантас жолы бойына  1 аялдама орнатылды («Газ Энерджи» жанармай бекеті маңы).

М.Исахов, Б.Парманов, М.Қоқанбаев

16

БАЛҒАБАЙ Әшірімбет «Ынтымақ» шағын ауданы

Жеке қабылдауыңызды сұраймын.

4.04.2022 жылы жеке қабылдауға қатысты

Г.Мауленкулов, Б.Парманов, Г.Асылбекова

17

ИСАЕВ Абдувасил «Алтынтөбе» тұрғын алабы

«Алтынтөбе» тұрғын алабына табиғи газ құрылысын жүргізуде жобадан қалып кеткен үйлерді енгізу мәселесін қарастырып беруіңізді сұраймын.

Алтынтөбе т.а. табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін бюджеттік өтінім дайындалуда. 2022 жылы жобалау жұмыстарын аяқтап, сараптамалық қорытынды алу жоспарлануда. Құрылыс жұмыстары 2023 жылы жүргізілетін болады.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Ердембеков

18

ИСАЕВ Абдувасил «Алтынтөбе» тұрғын алабы

«Алтынтөбе» тұрғын алабына мал жайылымы жерлерінің мәселесін шешіп беруіңізді сұраймын.

«Алтынтөбе» тұрғын алабында жайылым жерлерінің басым бөлігі «Рауан» ЖШС-не тиесілі. Бүгінге кәсіпкермен келіссөздер жүргізіліп олардың тарапынан тұрғындарға мал жайюға кедергі жасамау туралы мәмілеге келді.

М.Исахов, А.Сәттібаев, Б.Парманов, Е.Нұразханов, А.Жанбатыров

19

ИСАЕВ Абдувасил «Алтынтөбе» тұрғын алабы

«Алтынтөбе» тұрғын алабында суармалы жерлерге су жеткізу мәселесін шешіп беруіңізді сұраймын.

«Қос-Диірмен» каналының 7 км, бұлақтан келетін 3,5 км каналға механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп, екі каналдан су берілуде.
Сонымен қатар Алтынтөбе» т.а. суармалы жерлерге су жеткізу бойынша бұлақ суынан басталатын 3,5 км каналдың жерге орналастыру жобасының жұмыстары атқарылды.
«Қос-Диірмен» каналын мемлекет меншігіне өткізуге қала әкімінің қаулысы әзірленіп, толығымен механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.

Е.Білісбеков, Б.Парманов, Е.Жолдасов

20

ИСАЕВ Абдувасил «Алтынтөбе» тұрғын алабы

«Алтынтөбе» тұрғын алабындағы электр бағаналарының тозығы жеткен, жарық жиі өшеді. Жаңарту мәселесін шешіп берсеңіз.

«Алтынтөбе» т.а. сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан инвестициялық бағдарлама аясында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда толық аяқталды.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Ердембеков

21

ТАШЕНОВА Ақмарал «Жаңаталап» тұрғын алабы

«Жаңаталап» тұрғын алабы Жаңа құрылыс аумағындағы жер телімдерінің құжаттарын заңдастырып берулеріңізді сұраймын.

«Жаңаталап» тұрғын алабының өтініш білдірген тұрғындарына сот арқылы тұрғын үйге меншікті тану шешімінің негізінде жерді заңдастыру жұмыстары жүргізілетіні түсіндірілді.

М.Исахов, Б.Парманов, Е.Нұразханов

22

САБИТОВА   Жанат  «Қызылжар» шағын ауданы

Қызылжар шағынауданындағы 2 көшеде электр жарығы, ауыз су, табиғи газ жүргізілмеген. Инфрақұрылым мәселесін шешу жолын қарастырсаңыздар.

Бүгінде ауыз су, табиғи газбен қамту бойынша 2022 жылы ЖСҚ әзірлеп, сараптамалық қорытынды алу жоспарлануда. Құрылыс жұмыстары 2023 жылы жүргізіледі.  Шағын аудандағы 2 көшені  «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан инвестициялық бағдарлама аясында ағымдағы жылдың маусым айында жаңа электр желілерінің құрылыс-монтаж жұмыстары басталады. Құрылыс-монтаж жұмыстарын 2022 жылдың қараша айында аяқталып, пайдалануға берілді.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Ердембеков

23

АҚБАЕВА   Гүлжан, СЕРІКБАЕВА Ботагөз  «Ынтымақ-2» шағын ауданы

«Ынтымақ-2» шағын ауданындағы Кәріз тазалау имаратын (КОС) басқа орынға ауыстыру мәселесін сұраймын.

Қала аумағындағы қолданыстағы кәріздік тазарту имараты (КТҚ) жалғыз болып табылатындығына байланысты, қазір орын ауыстыру мүмкін емес. КОС-1, КОС-2 қаланың 2030-2040 жж. Бас жоспарына сәйкес пайдалануға берілгеннен кейін эвакуациялау жоспарлануда.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Ердембеков

24

АҚБАЕВА   Гүлжан, СЕРІКБАЕВА Ботагөз  «Ынтымақ-2» шағын ауданы

КОС аумағына санитарлық нормаларға сәйкес көгалдандыру, ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізуді сұраймын.

«Су ресурстары Маркетинг» ЖШС қызмет көрсету мекемесі 2022 жылы 16 сәуірде 2000 дана ағаш отырғызды. Аумақты көгалдандыру, күтіп-баптау жұмыстары ЖШС тарапынан тұрақты жүргізілуде.

Е.Білісбеков, М.Исахов, Б.Парманов, М.Ердембеков

25

АҚБАЕВА   Гүлжан, СЕРІКБАЕВА Ботагөз  «Ынтымақ-2» шағын ауданы

Бұрынғы қоқыс полигонына (А2 бойы) саябақ салуға қаржы қаралған екен. Саябақ салынбады, қашан салынады?  Сонымен қатар, жолдың аумағын көгалдандыру жүргізуді сұраймын.

Бұрынғы қоқыс полигоны 2014 жылы жылы жабылып, құнарландыру жұмыстары атқарылған. 2015 жылы «Бұрынғы қоқыс полигонының аумағында саябақтың құрылысы» жобасы әзірленіп, мемсараптама қорытындысын алған. Жоба құны 579 921,3 мың теңгені құрайды. 2017 жылы құрылысы жүргізіліп 322340,8 мың теңге игерілген. Құнарландыру жобасы бойынша жұмыстар талапқа сай атқарылмау салдарынан, 2018 жылы саябақ құрылысы жобасына түзету енгізу қажеттілігі туындап, жұмыстар тоқтатылған. Бүгінгі таңда, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы тарапына аталған саябақтың құрылысын ары қарай жалғастыру жұмыстары жүргізілуде.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Ердембеков, Е.Жолдасов

26

АҚБАЕВА   Гүлжан, СЕРІКБАЕВА Ботагөз  «Ынтымақ-2» шағын ауданы

«Ынтымақ-2» шағын ауданына қатынайтын автобустардың қызметін (№19) қадағалауды, көшелерді асфальттау, аялдама, бағдаршам орнату, жаяу жүргіншілер арналған тротуар салып беруіңізді сұраймын.

«Ынтымақ-2» шағынауданына №19 автобустан бөлек №138, №55 маршруттар ұйымдастырылған. Қазіргі уақытта №19 автобус маршруты 5 автобуспен тұрақты қызмет көрсетуде. Сонымен қатар, Темірлантас жолы бойымен мектепке дейін және Есенов көшесі бойындағы жалпы ұзындығы 1,5 км аяқжол салу, Әл-Фараби көшесі бойымен айналма жолы тұсындағы жаяу жүргіншілер өткелі салынды.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Қоқанбаев

27

АҚБАЕВ Каналбай «Ынтымақ-2» шағын ауданы

Мобильді байланыс, интернет (Теле 2, Актив, Билайн) сапасын арттыруды сұраймын.

«Ынтымақ-2» шағын ауданына инвестор тарапынан антенна-мачталық құрылғы орнатылып, «Kcell», «Кар-Тел» компаниялары тарапынан базалық станциялар орнатылды. Бүгінде база аумағында сапалы байланыс қызметі қамтамасыз етілген.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Туганбай

28

БЕКМАНОВ  Әлібек «Нұршуақ» шағын ауданы, атауы жоқ көше, 878 үй  8 707 602 00 79

«Нұршуақ», «Ынтымақ-2» шағын аудандарына жапсарлас орналасқан (бұрынғы Солтүстік саяжай) көшеге атау беру мәселесін сұраймын.

Нұршуақ шағын ауданында жалпы 48 көше бар. Оның ішінде атауы 28, атауы жоқ 20 көше. Атауы жоқ көшелерге атау беру бойынша Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына ұсыныс беріліп, Республикалық ономастикалық комиссиясына жолданған. Аталған комиссиядан оң қорытындысын алған жағдайда көше атаулары берілетін болады.

Б.Парманов,  Б.Орынтаев

29

БЕКМАНОВ  Әлібек «Нұршуақ» шағын ауданы, атауы жоқ көше, 878 үй  8 707 602 00 80

Мені №9 емханадан №6 емханаға ауыстырып беруіңізді сұраймын.

Шымкент қаласының Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарына сәйкес, Нұршуақ мөлтек аудан тұрғындарын № 6 қалалық емханаға тіркеу мәселесі қарастырылмаған. «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығына сәйкес, Нұршуақ мөлтек ауданында №6 қалалық емханаға тіркелуге өтініш берген азаматтарды «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электронды түрде тіркеу қажет. Нұршуақ мөлтек ауданы тұрғындары арасында №6 қалалық емханасы тарапынан «медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» мемлекеттік қызметті сапалы көрсету бойынша   ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Н.Асылбеков

30

БЕКМАНОВ  Әлібек «Нұршуақ» шағын ауданы, атауы жоқ көше, 878 үй  8 707 602 00 81

Әл-Фараби даңғылының бойына (55 маршруттың соңының қарсы бетіне) аялдама орнатып беруіңізді сұраймын.

Әл-Фараби даңғылының бойына (55 маршруттың соңының қарсы бетіне) 2 аялдама орнатылды.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Қоқанбаев

31

БЕКМАНОВ  Әлібек «Нұршуақ» шағын ауданы,  878 үй  8 707 602 00 82

Әл-Фараби даңғылының бойымен газ құбыры жүрген. Көшенің арғы бетіндегі тұрғындар жолдан газ құбырларын жүргізе алмауда. Осы бөлікке арнай ШРП орнатып беруіңізді сұраймын.

«Нұршуақ» ш.а. табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2023 жылы аяқталады.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Ердембеков

32

АЛИМБАЕВ Жұмағали Садуақасұлы «Ынтымақ-2» шағын ауданы

«Ынтымақ-2» шағын ауданындағы негізгі Жидебай, Жуантөбе, Іле көшелерін асфальттап беруіңізді, ішкі көшелеріне шаған төсеп беруіңізді сұраймын.

Осы жылы «Ынтымақ-2» шағын ауданы бойынша 3 шақырым шағал тас төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.  Ал аталмыш Жидебай, Жуантөбе, Іле көшелерін асфальттау инженерлік-коммуналдық  жүйелер толық қамтылмағандықтан, 2024 жылы ұйымдастырылатын болады.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Қоқанбаев

33

АНАРБЕКОВА  Дамира Дуйсеновна

Жұмыссызбын, ауыр жұмысқа жарамаймын. Жолдасым қайтыс болған, кәмелетке толмаған балаларын бар. Ковидпен ауырып, «Каспий», «Альфа», «Хоум» банктерінен алған кредиттерімді төлей алмай жатырмын. Кредиттерімді жойып беруді сұраймын.

Азаматша Анарбекова Дамира Дуйсеновна  «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйе арқылы сұраныс жіберу нәтижесінде Жұмыспен қамту орталығына  16.02.2022 жылы жұмыссыз есебіне тіркелген. 16.02.2022 – 15.05.2022 жылдар аралығында жұмысынан айырылуына байланысты төлем ақы тағайындалған 07.06.2022 жылы төлем мерзімі аяқталғандықтан жұмыссыздық картасы жабылған. Орталық тарапынан толық түсіндірме жұмыстары жүргізу барысында көп балалы ана екендігі және қамқоршысынан айырғандығы анықталды. Бұдан бөлек, азаматша Д.Анарбековаға Ұлттық жоба аясында  1 225 200 теңге көлемінде қайтарымсыз грантқа құжаттар тапсыра алатындығы түсіндірілді, алайда қазіргі таңда жұмыстардан  бас тартатындығын айтып, жазбаша түсініктеме берді.

Е.Білісбеков, А.Сәттібаев, Б.Парманов, Ә.Мейірова, Б.Нарбекова

34

АХМЕДОВ Махамадкул Сабиржанович «Қос диірмен» ӨК төрағасы

«Қызылжар» шағын ауданы «Қос диірмен» өндірістік кооперативіне тиісті 42 га жер телімінің нысаналы мақсатын ауыстырып, кооператив мүшелеріне тұрғын үй учаскесі ретінде бөліп беруіңізді сұраймын.

«Қос диірмен» ӨК-і Қызылжар тұрғын алабы алаңы 5,7580 га ауылшаруашылық өндірістерін өндіру үшін уақытша мерзімге берілген жер учаскесін бөлу бойынша мәселесі 14.04.2022 жылы №13 Жер комиссия отырысында қаралды.  Шымкент қаласы әкімдігінің 25.04.2018 жылғы №206 қаулысымен бекітілген «Құрсай-2» тұрғын алабының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша, жасыл желек аумағында орналасқан және мазараттың қорғау аумағына енуіне байланысты қанағаттандырудан бас тартылған.

Е.Білісбеков, Б.Парманов, Е.Нұразханов

35

ЖОРАЕВА Жәудір ПК «Ынтымақ»

«Көлкент» көшесіне асфальт төсеп беруіңізді сұраймын.

«Көлкент» көшесіне қаламыздың іс-шара жоспарына сәйкес 2024 жылы орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Қоқанбаев

36

АБДИКАРИМОВА Шахло                   «Ынтымақ-2» шағын ауданы

«Қарасу» көшесіне асфальт төсеп беруіңізді сұраймын.

«Қарасу» көшесіне қаламыздың іс-шара жоспарына сәйкес 2024 жылы орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Қоқанбаев

37

ЗҰЛПЫХАРҚЫЗЫ Гаухар

Биыл мемлекеттің қолдауымен би үйірмесін аштым. Бір-ақ балаларға қаржы бөлінбей жатыр. Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының жауабы мардымсыз. Қандай шешім болады. Балалар көп, аренда төлей алмай отырмын.

2021 жылы балаларды  жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасы бойынша 35 үйірме түрінен 5 332 бала (ваучер) қамтылды. Бұл салаға жергілікті бюджеттен 203,3 млн. теңге бөлініп, қаржы толығымен игерілді. Ал, 2022 жылы 46 500 балаға (ваучер) ұсынылып, оның ішінде 35 400 бала қабылданып, балаларды қабылдау тоқтатылды. Яғни, қазіргі таңда қаламыздың балалары мен жасөспірімдерінің 13% қамтылуда. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 122 бұйрығымен бекітілген Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларының 3-тармағында Мемлекеттік тапсырысты орналастыру оператордың тиісті жылға арналған бюджетінде көзделген қаражат көлемінде өнім берушілер арасында жүзеге асырылатындығы айқындалған.
 Бұған қоса, Осы қағиданың 12-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, оператордың бюджетінде тиісті жылға көзделген мемлекеттік тапсырыс үшін қаражат көлемі толық игерілген кезде Өнім берушілерден өтінімдерді қабылдау, орындарды бөлу және ваучерлерді беру уақытша тоқтатылады деп көрсетілген назарларыңызға саламыз.

Б.Парманов, Б.Орынтаев

38

МОЛДАШЕВА Клара                     8 775 219 32 31

Жеке қабылдауыңызды сұраймын.

4.04.2022 жылы жеке қабылдауға қатысты

Г.Мауленкулов, Б.Парманов, Г.Асылбекова

39

ТҰРЛЫБАЕВ Әйтен «Алтынтөбе» тұрғын алабы 8 707 186 92 00

Жеке қабылдауыңызды сұраймын.

Бекітілген кестеге сәйкес, қала әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша әр айдың бірінші сәрсенбісінде жеке қабылдау жүргізеді.
Шымкент қаласы әкімінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №818 қаулысының (Шымкент қаласы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы) регламентке сәйкес, Сіз қала әкімінің кезекті жеке қабылдау тізіміне енгізілдіңіз және жеке қабылдаудың өтетін күні мен уақыты өтініште көрсетілген байланыс нөмірі арқылы қосымша хабарланады.

Г.Мауленкулов, Г.Асылбекова

40

ИЗОТОВ Зулаш 8 701 505 15 52

Жеке қабылдауыңызды сұраймын.

Бекітілген кестеге сәйкес, қала әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша әр айдың бірінші сәрсенбісінде жеке қабылдау жүргізеді.
Шымкент қаласы әкімінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №818 қаулысының (Шымкент қаласы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы) регламентке сәйкес, Сіз қала әкімінің кезекті жеке қабылдау тізіміне енгізілдіңіз және жеке қабылдаудың өтетін күні мен уақыты өтініште көрсетілген байланыс нөмірі арқылы қосымша хабарланады.

Г.Мауленкулов, Г.Асылбекова

41

ТӨЛЕНТАЕВ Бегімқұл

Жеке қабылдауға шақыртылды.

Бекітілген кестеге сәйкес, қала әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша әр айдың бірінші сәрсенбісінде жеке қабылдау жүргізеді.
Шымкент қаласы әкімінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №818 қаулысының (Шымкент қаласы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы) регламентке сәйкес, Сіз қала әкімінің кезекті жеке қабылдау тізіміне енгізілдіңіз және жеке қабылдаудың өтетін күні мен уақыты өтініште көрсетілген байланыс нөмірі арқылы қосымша хабарланады.

Г.Мауленкулов, Г.Асылбекова

42

ӘДІЛБЕК Сатыбалды «Қазығұрт» шағын ауданы  

Қоғамдық көліктердің санитарлық-тазалығы нашар, қадағаланбайды. Бақылаушылардың (контролер) мәдениеті төмен. Тиісші шаралар қабылдауды сұраймын.

Қоғамдық көлік жұмысын бақылау мақсатында әкімшілік мамандар және тұрғындардың қатысуымен бақылау жұмыс тобы құрылды. Бұл топ тікелей кондукторлардың қызметін және автобус тазалығында тексерілді. Бірқатар кемшіліктер анықталып, ретке келтірілді. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауға алынды.

М.Исахов, Б.Парманов,  Е.Жолдасов

43

ӘДІЛБЕК Сатыбалды «Қазығұрт» шағын ауданы  

«Қазығұрт» ш.а. халық саны артып келеді. Сәйкесінше қоғамдық көліктердің бағыттарын, аялдамаларды көбейтуді сұраймын.

Осы мақсаттағы жолаушылар ағымына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде Қазығұрт ш/а №21,34,56,60,96 қоғамдық көліктердің бағыттары ұйымдастырылған. Сонымен қатар, №34 бағыттың автобустары жаңаланды.

М.Исахов, Б.Парманов,  М.Қоқанбаев

44

ӘДІЛБЕК Сатыбалды «Қазығұрт» шағын ауданы  

Ардагерлерді сауықтыруға жолдамалар 6 күнге берілуде. Күндерін көбейтіп берсеңіздер.

Шымкент қаласы маслихатының 2019 жылдың 29 наурыздағы №47/369-6с шешіміне сәйкес ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтарға, тыл ардагерлеріне және зейнет жасындағы «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне 12 күн тегін сауықтыруға жолдама беріледі. Ал зейнет жасындағы азаматтарға мемлекет тарапынан 12 күннің тек 50 пайызын төлеумен жолдама беріледі.

Е.Білісбеков Б.Нарбекова

45

ӘДІЛБЕК Сатыбалды «Қазығұрт» шағын ауданы  

«Қазығұрт» ш.а. асфальт төселген көшелердің сапасы нашар, жұмыстар қадағаланбайды. Ішкі көшелерге қашан асфальтталады?

Қаламыздың іс-шара жоспарына сәйкес, Қазығұрт ш/а ағымдағы жылы 4,12 шақырым жолды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Асфальт төсеу жұмыстары аяқталғаннан кейін бекітілген техникалық қадағалаушы сонымен қатар, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» жолдың сапасына тексеру жұмыстарын жүргізеді. Тексерістен толық өтіп, анықталған кемшіліктер жойылған соң, жол қабылданып пайдалануға берілетінін хабарлаймыз. Айта кетейік, қала әкімімен бекітілген 2021-2025 жылдардағы іс-шара жоспары бойынша ішкі орам көшелерге басымдылық берілген. 2025 жылға дейін аталған шағын ауданның ішкі орам көшелері толығымен орташа жөндеуден өтетінін хабарлаймыз. Жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілуде.

М.Исахов, Б.Парманов,  М.Қоқанбаев

46

ДОЛАНОВ Төлеген «Қазығұрт» шағын ауданы  

№34 бағыттағы қоғамдық көліктер ескі, қашан жаңартылады?

№34 маршруттағы ескі 12 қоғамдық көліктер толығымен жаңартылды.

М.Исахов, Б.Парманов,  М.Қоқанбаев

47

ДОЛАНОВ Төлеген «Қазығұрт» шағын ауданы  

«Комсомольское озеро» жақтағы аумаққа балалар алаңшасын орнатып беруді сұраймыз.

Ағымдағы жылы Қазығұрт шағын ауданы Талғар көшесінің соңына балалар және спорт алаңшасын салуға бюджеттен қаржы қарастырылып, қазіргі таңда «МТС Төлеген» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізулде. Құрылыс жұмыстары қыркүйек айының соңында аяқтау жоспарлануда..Соынмен қатар, тұрғын ұсынған  «Комсомольское озеро» аумағына балалар алаңшасын орнату үшін жер бос жер телімі анықталмауына байланысты балалар алаңшасын салу мүмкіндігі жоқ.

Б.Парманов

48

ДОЛАНОВ Төлеген «Қазығұрт» шағын ауданы  

«Қазығұрт» ш.а. курорттық демалу орталығын ашуға жер телімін, инвестор тауып отырмыз. Осы жер телімінің нысаналы мақсатын ауыстырып беруіңізді сұраймын.

Азамат Т.Долановтың сұратылып тұрған жер телдімдері мемлекеттің меншігіндегі жасыл белдеу жерлеріне жатады. Осыған орай, бұл жерлерді жеке меншікке беру көзделмеген.

М.Исахов, Е.Нұразханов

49

ҚАРМЕНОВ Төлебай «Қазығұрт» шағын ауданы  

Дүкендерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сапасы төмен, кейбірі мүлдем жоқ. Қадағалап, тексеріліп сапалы тауарларды ұсынуды сұраймын.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы №145 қаулысына сәйкес, 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бекітілген.Осыған орай, Абай ауданында орналасқан азық-түлік сауда нысандарындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мониторинг жұмыстары жүргізіліп, тауардың сапасына қатысты, бағаның негізсіз өсірмеу жөнінде және 15 пайыздық шекті сауда үстеме мөлшерінің сақталу талаптары ескертілді. Аталған мәселе тұрақты бақылауда.

А.Сәттібаев, Б.Парманов, Е.Нұразханов, А.Жанбатыров

50

ҚАРМЕНОВ Төлебай «Қазығұрт» шағын ауданы  

«Құрсай» ш.а. мазаратқа баратын жол қашан асфальтталады?

Басқарма тарапынан аталған жолға зерделеу жұмыстары жүргізілді. Мазаратқа барар жолдың шағал тас екендігі және ескі асфальтбетон қабаты жолдың негізгі бөлігіне төселгендігі анықталды.  Тұрғынмен мәселе бойынша жұмыс жүргізіліп, түсіндірілді.

М.Исахов, Б.Парманов,  М.Қоқанбаев

51

ҚОЖАҚҰЛОВ Абзал «Қазығұрт» шағын ауданы  

«Құрсай» ш.а. жеке меншік жүйемен кіргізілген тұрғын үйлерде газдың қысымы төмен. Қашан реттеледі?

2022 жылы «Құрсай» ш.а. табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша  ЖСҚ әзірлеуге жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта ЖСҚ әзірлеуге жобалық ұйымды анықтау үшін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өткізілуде. Құрылыс жұмыстары 2023 жылы жүргізіледі.

М.Исахов, Б.Парманов,  М.Ердембеков

52

ҚОЖАҚҰЛОВ Абзал «Қазығұрт» шағын ауданы  

«Құрсай» ш.а. интернеттің сапасы нашар. Осы мәселені шешіп берсеңіз.

Құрсай шағын ауданына инвестор есебінен антенна-мачталық құрылғы орнатылды. Құрылғыға «Кар-Тел» компаниясы тарапынан базалық станция орнатылып, толық іске қосылды. Одан бөлек «СпецавтоматикаСервис» ЖШС тарапынан талшықты оптика желісі 100%  жүргізілді. Тұрғындарға кабельді интернет желісіне қосылуға толық мүмкіндіктер жасалынды.

М.Исахов, Б.Парманов,  М.Туганбай

53

БИБОЛАТОВА Зауре  «Құрсай» шағын ауданы  

Сарыбел көшесіне асфальт төсеп берсеңіз.

Қаламыздың іс-шара жоспарына сәйкес, Сарыбел көшесіне асфальт төсеу 2024 жылы жүргізілетін болады.

М.Исахов, Б.Парманов,  М.Қоқанбаев

54

БИБОЛАТОВА Зауре  «Құрсай» шағын ауданы  

Тұрғын үй салуға арналған жер телімін беруді сұраймын.

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларын бекіту туралы» №255 бұйрығына сәйкес, қала аумағында бөліп беруге арналған алаңдардың болмауына байланысты жеке тұрғын үй құрылысы үшін өтініштер арнаулы есепке алынады.
Аталған заңнамада арнайы жеке бағдарламалар қарастырылмағандықтан, азаматтардың өтініштері тек ғана кезектілік ретімен, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін табыстау аймақтардың нақты жоспарлау жобалары дайындалып, бөлінетін жерлердің инженерлік инфрақұрылым жүйелері жүргізіліп, арнайы алаңшалардың дайындалуына қарай қанағаттандыруға жататындығын хабарлаймыз.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министр Б. Бекбауовтың 04.03.2022ж  №19-3-12/748-И хатына сәйкес жер учаскесін алуға кезекке қою электронды үкімет порталы арқылы жүргізіледі.

М.Исахов, Б.Парманов,  Е.Нұразханов

55

ҮСЕНОВ Жанқожа  ЖУБАЛИН Қошқар (1) «Құрсай» шағын ауданы  

«Ащысай», «Құлантөбе» көшелерін асфальттап, ирригация жүйелерін орнатып берсеңіздер.

Аталмыш аумақта жер асты коммуналдық жұмыстар толық аяқталмағандықтан жол салу мүмкіндігі жоқ екенін хабарлаймыз. Жол салу жұмыстары 2023 жылға жоспарланған.

М.Исахов, Б.Парманов,  М.Қоқанбаев

56

«Құлантөбе» көшесіне балалар алаңшасын орнатып беруіңізді сұраймын.

Құрсай шағын ауданы Құлантөбе көшесіне балалар алаңшасын орнату үшін бос жер телімі анықталып, қазіргі таңда жер пайдалану құқығын беретін мемлекеттік АКТ алу жұмыстары жүргізу үшін қала әкімінің жер телімін пайдалануға құқық бертін қаулсы әзірленді. Құжаттар толық заңдастырылған соң, балалар алаңшасын орнату үшін 2023 жылға  бюджеттік өтінім ұсынылды.

Б.Парманов

57

ИБРАГИМОВА Розагул  «Агрофирма-Қарасу» шағын ауданы

«Агрофирма-Қарасу» ш.а. мектеп салып беруді сұраймын.

«Агроферма-Қарасу» ш.а. жеке инвестор есебінен 600 орындық мектептің құрылысы 2024-2025 жылдарға жоспарланған. Бүгінгі таңда, жеке инвестор есебінен мектеп құрылысын салуға жер учаскесінің құжаттары рәсімделуде.

Ж.Тәжиева

58

ИБРАГИМОВА Розагул  «Агрофирма-Қарасу» шағын ауданы

«DALA-CONSTRUCTION» ЖШС-нің жүк көліктері қозғалысынан шағын ауданның асфальт жолдары жарамсыз болып қалуда. Осыны бақылауға алсаңыз.

Аталмыш аумаққа жүк көліктері қозғалысын шектейтін тиісті жол белгі орнатылып, тиым салынды. Асфальт жолда пайда болған ақауларға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ретке келтірілді.

М.Исахов, Б.Парманов,  М.Қоқанбаев

59

СЕРІКБАЕВ Мақсат «Қазығұрт» шағын ауданы

Жандарбеков көшесіндегі ауыз су жүйесінің магистралды құбырын ауыстырып берсеңіз.

«Су құбыры және кәріз басқармасы» МКК инвестициялық бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың маусым айында осы көшеде Д-315 мм су құбыры ауыстырылды.

М.Исахов, Б.Парманов,  М.Ердембеков

60

СЕРІКБАЕВ Мақсат «Қазығұрт» шағын ауданы

«Қазығұрт» ш.а. ескі трансформаторларды ауыстырып берсеңіз

«ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-і тарапынан инвестициялық бағдарламасы аясында, 2022 жылы Баянауыл көшесінде орнатылған 1 дана трансформатор, 2023 жылы шағын ауданда 2 дана трансформатор, 2024 жылы 2 дана трансформатор, 2025 жылы 2 дана трансформатор жаңартылады.

М.Исахов, Б.Парманов,  М.Ердембеков

61

СЕРІКБАЕВ Мақсат «Қазығұрт» шағын ауданы

Жандарбеков көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп беруді сұраймын.

Жандарбеков көшесінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толығымен ретке келтірілді.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Қоқанбаев

62

ОМАРОВ Нұрғали «Ақтас» т.а ҚАМБАРОВ Сүлеймен (2)

«Ақжар», «Ақтас» елді мекендерінде дәрігерлік амбулатория бар. Бөлек-бөлек емхана салып беруді сұраймын.

«Ақжар», «Ақтас» елді мекендерінің халқына №11 қалалық емханасы медициналық қызмет көрсетеді. Аталған елді мекендерде дәрігерлік амбулаториялар қызмет атқаратындықтан емхана салу экономикалық тұрғыда тиімсіз.

Н.Асылбеков

63

ОМАРОВ Нұрғали «Ақтас» т.а ҚАМБАРОВ Сүлеймен (2)

Шымкент-Ташкент бағытындағы магистралды тас жолдың ортасындағы жерді тұрғындарға берсеңіз, бау-бақша және егін егетін едік. Осы ұсынысты қолдасаңыз.

Шымкент-Ташкент бағытындағы магистралды тас жолдың ортасындағы жерлер жол қауіпсіздігіне қайшы болуына байланысты тұрғындарға берілмейді.  Ал, жолдың екі шетін  ҚР Жер кодексінің 48-бабы 1-тармағының талаптарына сай, мемлекет меншігіндегі бұрын берілмеген жер учаскелері аукцион немесе конкурс арқылы сатылымға жатады. Сонымен қатар, ҚР Ауыл шаруашылығы минимстрінің 2021 жылғы 15 қазандағы №297 бұйрығымен жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидалары бекітілген. Осыған орай, бүгінге Шымкент қаласы бойынша бір қатар жер учаскелері айқындалып, электронды түрде аукцион өткізу жоспарлануда.

М.Исахов, Б.Парманов, Е.Нұразханов

64

РУСТЕМБЕК Кеңес «Қазығұрт» шағын ауданы

№86 мектепке баратын Қызылқұм көшесін асфальттауда 70 метр қалып кетті. Осы жерге қашан асфальт төселеді?

№86 мектепке баратын Қызылқұм көшесінің жалғасына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 2023 жылға ұсыныс беріледі. Бюджеттен қаржы қаралған жағдайда асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі.

М.Исахов, Б.Парманов,  М.Қоқанбаев

65

РУСТЕМБЕК Кеңес «Қазығұрт» шағын ауданы

Жандарбеков көшесіне  «жылдамдық шектеу 40» жол белгісі мен сергек камерасын орнатып берсеңіздер

Жандарбеков көшесіндегі көлік қозғалысын бақылау мақсатында «Сергек» камералары орнатылды.

М.Исахов, Б.Парманов,  М.Қоқанбаев М.Туганбай

66

РУСТЕМБЕК Кеңес «Қазығұрт» шағын ауданы

Қызылқұм көшесін жарықтандырып беруді сұраймын.

Қызылқұм көшесі 2021-2023 ж.ж мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында жарықтандырылатын көшелердің тізіміне енбеуіне байланысты, 2024-2025 ж.ж ішкі орам көшелерді жарықтандыру жобасына енгізілетін болады.

М.Исахов, Б.Парманов,  М.Ердембеков

67

«БЕКЖАНОВ» Болат «Ақжар» тұрғын алабы

Колостағы «Көмешбұлақ базары» аумағындағы заңсыз тұрған таксилердің қызметін бақылауға алсаңыз. Тұрғындардың кіріп-шығуына, қауіпсіздігіне зиян келтіруде.

Колостағы «Көмешбұлақ базары» аумағындағы заңсыз тұрған таксилерді шектеу мақсатында тиісті шектеу жол белгілері орнатылды.

М.Исахов, Б.Парманов,  М.Қоқанбаев

68

ОРДАБАЕВ Сарсенбай ҚАМБАРОВ  Сүлеймен (2) «Қазығұрт» шағын ауданы

«Қазығұрт» ш.а. аумағындағы 3 емхана бір-біріне жақын орналасқан. Халық саны әділетсіз бөлінген. Тағы бір емхана салып беруді сұраймын.

Шымкент қаласында денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарына сәйкес, 2021 жылы  №11 қалалық емханасының халқы емханалардың қуаттылығын ескере отырып, «Қазығұрт» ЖШС медициналық орталығына және №14 емдеу орталығына  бөлініп берілді

Н.Асылбеков

69

Индира «Қазығұрт» шағын ауданы

№34 бағыттағы қоғамдық көлікте тазалық жоқ, антисанитария, демалыс күндері мүлдем аз жүреді, осыны бақылауға алсаңыздар

Жолаушылар ағымына және санитарлық-тазалық жұмыстарына зерделеу жүргізілді. Санитарлық тазалықты ретке келтіру бойынша ескертулер беріліп, бақылау күшейтілді. Сонымен қатар, №34 бағыттың автобустары толығымен жаңаланды және қосымша 2 автобуспен толықтырылды.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Қоқанбаев

70

Айжамал «Қазығұрт» шағын ауданы

№35 маршрутты № 86 мектепке дейін ұзартуды сұраймын. Бұл оқушылардың қауіпсіздігін сақтауға зор ықпал етер еді.

№86 мектепке №34 бағыттағы қоғамдық көлігі тұрақты қатынайды. Жергілікті тұрғындарға аталған №34-ші  қоғамдық көлікпен жүруі тиіс екені түсіндірілді.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Қоқанбаев

71

САҒЫНДЫҚОВ Ербол  «Құрсай» шағын ауданы

А-2 тас жолы мен Айшықты көшелерінің қиылысына тиісті жол белгілерін орнатып берулеріңізді сұраймын.

А-2 тас жолы мен Айшықты көшелерінің қиылысына жаяу жүргіншілер өткелі орнатылды

М.Исахов, Б.Парманов, М.Қоқанбаев

72

САҒЫНДЫҚОВ Ербол  «Құрсай» шағын ауданы

Құрсай шағын ауданында балалар алаңшасын орнатып берсеңіз

Құрсай шағын ауданында тұрғын ұсынған жер теліміне «Жолсерік ЖШС» мердігер мекемесі тарапынан спорт және балалар алаңшасының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Б.Парманов

73

ЖАҚАШОВ Балғабай «Қазығұрт» шағын ауданы

Қазығұрт шағын ауданына саябақ салып берсеңіз

Саябаққа арналған бос жерлердің болмауына байланысты орман қоры жерінен орман паркін жасау қарастыру бойынша зерделеу жүргізілуде.

М.Исахов, Б.Парманов,  Е.Жолдасов

74

ЖАҚАШОВ Балғабай «Қазығұрт» шағын ауданы

Қазығұрт шағын ауданына аурухана салып берсеңіздер

Шымкент қаласында 4 қалалық аурухана жұмыс істейді және медициналық көмек көрсетеді, оның ішінде 1 балалар ауруханасы, бұл денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативіне сәйкес келеді. Аурухана құрылысына қажеттілік жоқ.

Ш.Мұқан  Н.Асылбеков

75

ЖАҚАШОВ Балғабай «Қазығұрт» шағын ауданы

Шағын ауданда цех заңсыз жұмыс жасайды. Аумағында санитарлық талаптар сақталмайды. Бақылауға алуыңызды сұраймын.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының аумағында шағын кәсіпкерлік, сондай-ақ микрокәсіпкерлік субъектілеріне бару арқылы тексерулер мен профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізуге мараторий енгізілгенін хабарлаймын. Осыған байланысты тиісті құзырлы органдарға шағым білдіруіңізді сұраймын

Б.Парманов

76

Әбдімомынова Ұлбосын «Арғымақ» шағын ауданы

«Арғымақ» ш.а. Көктал көшесіне тақтайша орнатып берсеңіз

Ағымдағы жылы Абай ауданындағы 2012 көшеге 12012 тақтайша (аншлаг) ілу жұмыстары жоспарлануда.  Қазіргі таңда мердігер мекеме анықтау үшін конкурс өткізілген болатын. Алайда соттың шешіміне сәйкес, конкурстың нәтижесі жойылып, конкурс өткізу жұмыстары 2023 жылдың жоспарына енгізілді.

Б.Парманов

77

Әбдімомынова Ұлбосын «Арғымақ» шағын ауданы

Көктал көшесіне ауыз су кіргізіп беруді сұраймын.

«Арғымақ» ш.а. сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Риголит» ЖШС мердігерлік ұйымы тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілді. Бүгінде ауыз су пайдалануға берілді.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Ердембеков

78

«Қазығұрт» шағын ауданы

№34 бағыттағы автобусты алып тастады. Қазығұрттың ішімен бір-ақ маршрут жүреді. Қайтадан жүргізіп беруді сұраймыз.

№34 бағыттағы автобустар «Қазығұрт» ш/а ішімен жүреді. Бағыттағы автобустар толығымен жаңаланды және қосымша 2 автобуспен толықтырылды.

М.Исахов, Б.Парманов,  М.Қоқанбаев

79

«Қазығұрт» шағын ауданы

№56 қоғамдық көлікті бұрынғы бағыты бойынша қайтадан жүргізіп берсеңіз

Тұрғынның өтінішіне сәйкес,  №56 маршруттың жұмысы ұйымдастырылған. Бұрынғы бекітілген сызбасы бойынша қызмет көрсетуде.

М.Исахов, Б.Парманов,  М.Қоқанбаев

80

«Құрсай» шағын ауданы

Былтырғы жылы «Құрсай» ш.а Аққыстау көшесімен су құбырын жүргізіп, ашық аяқтаусыз қалдырып кетті. Күмістау, Киіктау және Қарашығанақ көшелеріне ауыз су жүйесі жүргізілмей қалып қойды. Осы көшелерге ауыз жүргізіп беруді сұраймын.

«Құрсай» ш.а. сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Риголит» ЖШС мердігерлік ұйымы тарапынан құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталған. Құрылыс жұмыстары 2022 жылға өтпелі, қарашада аяқталып пайдалануға берілді. Траншея қайта қалпына келтірілді. Нәтижесінде «Құрсай» ш.а. толық сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Оның ішінде,  Күмістау, Киіктау және Қарашығанақ көшелері қамтылған. Ауыз су жүйелерінің құрылысы аяқталып, пайдалуға берілді.

М.Исахов, Б.Парманов,  М.Ердембеков

81

БАЙЫСБАЕВА Жазира «Құрсай» шағын ауданы

«Жанал Роял» тойханасының артында жер телімі бар. Осы орынға балалар ойын алаңшасын салып беруді сұраймын.

«Жанал Роял» тойханасының артында орналасқан жер тиеліміне «Жолсерік ЖШС» мердігер мекемесі тарапынан спорт және балалар алаңшасын орнату жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Б.Парманов

82

БАЙЫСБАЕВА Жазира «Құрсай» шағын ауданы

Ақбата көшесінің тұрғындары өз қаржымызға жарықтандыру жүйелерін жүргіздік. Мемлекетке өткізу, жарықтандыру жұмыстарына қолдау көрсетулеріңізді сұраймын.

Тұрғындардың есебінен орнатылған шырақтар қолданыстағы ҚР ҚНжЕ  (СНиП) сәйкес келмеуіне байланысты коммуналдық меншікке қабылданбайды.

М.Исахов, Б.Парманов,  М.Ердембеков

83

БАЙЫСБАЕВА Жазира «Құрсай» шағын ауданы

Ақбата көшесіне қашан  асфальт төселеді.

Қаламыздың іс-шара жоспарына сәйкес Ақбата көшесіне асфальт төсеуге 2024 жылы қаржы сұралатын болады

М.Исахов, Б.Парманов,  М.Қоқанбаев

84

БАҚБАЕВА Г. «Қазығұрт» шағын ауданы

Зейнеткерлердің қоғамдық көлікте тегін жүруін қамтамасыз етуді сұраймын.

Шымкент қаласындағы тасымалдаушылар қауымдастығы 2015 жылғы 2 наурызда ҰОС ардагерлерін, ҰОС жылдарыда «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталғандарды, І топтағы зағип жандарды сүйемелдеуші бір адаммен және көп балалы «Батыр ана», «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлерін қаладағы автобус бағыттарында ақысыз тасымалдау меморандумы қабылданған. Бұл ретте зейнеткерлерді ақысыз тасымалдау мүмкіндігі жоқ екенін хабарлаймыз.

М.Исахов, Б.Парманов,  М.Қоқанбаев

85

БАЗАРБАЕВ Б.Р. «Арғымақ» шағын ауданы

1 жылдан бері айналма жолдың бойы қазылып, кабель тасталды. Шұңқырлар жабылмай жатыр. Сондай-ақ, ЖКХ тарапынан тартылып жатқан газ, су, кабель құрылыстары бақылауға алынбайды. Шашып тастап кетті.

Аталған учаскеде «Ақжар» ҚС 110 кВ кабель желілерін төсеу және сынау бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Траншеяның негізгі бөлігі көмілген, тек 110 кВ кабельдерді жалғау шұңқырлары ашық қалады. Қазіргі таңда, жобаға түзетулер енгізілуіне байланысты құрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылған. Жұмыстар толық 2023 жылы аяқталып,  барлық ашық траншеялар көміліп, КЖ 110 кВ айырым белгілері орнатылады.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Ердембеков

86

ЮСУПОВА Зайнап «Қазығұрт» шағын ауданы

«Қазығұрт» шағын ауданына интернет кабелін жүргізуде 1-3 көше ортада қалып кетті. Жобаға енгізіп беруді сұраймын.

«Ынтымақ-2» шағын ауданына инвестор тарапынан антенна-мачталық құрылғы орнатылып, «Kcell», «Кар-Тел» компаниялары тарапынан базалық станциялар орнатылды. Бүгінде база аумағында сапалы байланыс қызметі қамтамасыз етілген.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Туганбай

87

МУТАЛИЕВ Хансейіт

«Ақжар» шағын ауданынан балаларға арналған спорт алаңша салып беруіңізді сұраймын.

Ақжар шағын ауданына 2021 жылы 4 спорт алаңшасы салынған. Ағымдағы жылы 2 спорт алаңшасын орнату үшін қаржы қаралып, мердігер «Жолсерік ЖШС» мердігер мекемесі тарапынан  спорт және балалар алаңшасының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берді.

Б.Парманов

88

МУТАЛИЕВ Хансейіт

Мал базардың ішінде, аумағында санитарлық-тазалық сақтау мәселесін қолға алуларыңызды және кіру құнын төмендету бойынша шаралар қабылдауыңызды сұраймын.

Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 10.07.2002 жылғы №339 заңының 15 бабының 9) тармақшасына сәйкес, мал базарында (ішкі сауда объектілері) ветеринариялық бақылау және қадағалау жұмыстарын жүргізу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынща аумақтық инспекциясының құзыретіне жататындығын хабарлаймын

М.Исахов, Б.Парманов,  А.Жанбатыров

89

ҚАМБАРОВ Сүлеймен «Қазығұрт» шағын ауданы

«Қазығұрт» шағын ауданындағы поликлиника 3-ке бөлінді. Біреуінде бар медициналық аппарат екіншісінде жоқ. Олардың өзара байланысы болмағандықтан, тұрғындарға басқа емханаға жолдама  беруде. Тұрғындарды сандалтпай, жақын жерде ем алуына жағдай жасауыңызды сұраймын.

«Қазығұрт» шағын ауданындағы халыққа «Қазығұрт» ЖШС, «№14 емдеу орталығы» ЖШС және мемлекеттік 11 емхана медициналық қызмет көрсетеді.  2 медициналық орталықта заманауи медициналық құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген. 3 емхана аумақтары бойынша жақын орналасқан, науқастарға қадамдық қол жетімді. Медициналық ұйымда қарастырылмаған қызметтер бойынша бірлесіп орындаушы ретінде басқа медициналық ұйымдарға жолдама мен жолдау арқылы қызмет көрсетіледі.

Ш.Мұқан           Н.Асылбеков

90

ҚАМБАРОВ Сүлеймен «Қазығұрт» шағын ауданы

Шымкент қаласының Ташкент бағытынан кіретін аумақты (кілттен бастап А2  Алматы бағыты бойынша айналма жолды қоса) жолдың сапасы сын көтермейді. Тозығы жеткен, ретке келтіруді сұраймын.

Шымкент қаласының Ташкент бағытынан кіретін аумақты (кілттен бастап А2  Алматы бағыты бойынша айналма жолды қоса) жолды мамыр айының басында толығымен ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 2024 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

М.Исахов, Б.Парманов,  М.Қоқанбаев

91

ҚАМБАРОВ Сүлеймен «Қазығұрт» шағын ауданы

Шымкент қаласының Ташкент бағытынан кіретін аумақты (кілттен бастап А2  Алматы бағыты бойынша айналма жолды қоса) көгалдандыруды сұраймын.

Ташкент бағытындағы қалаға кіре беріс 1,1 га аумаққа гүлзар құрылысына бос жер анықталды, есептік құжаттамалар жасауға келесі бюджетті нақтылауға ұсынылатын болады.

Е.Білісбеков, Б.Парманов, М.Қоқанбаев

92

ҚАМБАРОВ Сүлеймен «Қазығұрт» шағын ауданы

Бұрынғы «Қорғасын» зауытының қалдықтары «Бадам өзенінің» арғы бетіне көшірілуде. Тасымалдау қаншалықты қауіпсіз, халыққа зияны жоқ па?

2021 жылдың 30 маусымындағы «Standard Steel KZ» ЖШС өндірістік және табиғатты қорғау қызметінің экологиялық аудиті Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 9-тарауына сәйкес жүргізілген, №V001/30.06.2021ж экологиялық аудит нәтижелері бойынша есеп қорытындысында, экологиялық тәуекел матрицасының  6.4.13-кестеге сәйкес  Қорғасын зауытының қалдықтары Бадам өзенінің арғы бетіне тасымалдану кезінде, қарастырылған төтенше жағдайлардың экологиялық қаупі табиғи ортаның кез-келген компоненті үшін жоғары деңгейге жетпейді. Тасымалдау қауіпсіз болып табылады.

Б.Парманов

93

АХМЕДОВ Махамадкул Сабиржанович «Қызылжар» шағын ауданы,

«Қос диірмен» ӨК жері мәселесі бойынша ұжымдық қабылдауыңызды сұраймын.

Бекітілген кестеге сәйкес, қала әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша әр айдың бірінші сәрсенбісінде жеке қабылдау жүргізеді.
Шымкент қаласы әкімінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы  №818 қаулысының (Шымкент қаласы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы) регламентке сәйкес, Сіз қала әкімінің кезекті жеке қабылдау тізіміне енгізілдіңіз және жеке қабылдаудың өтетін күні мен уақыты өтініште көрсетілген байланыс нөмірі арқылы қосымша хабарланады.

Г.Мауленкулов, Е.Білісбеков, Е.Жолдасов, Г.Асылбекова

94

ПРДАЛИЕВА Айжан Калдыхозовна «Құрсай» шағын ауданы, Қожатоғай №17, 8 705 322 57 64

Жеке қабылдауыңызды сұраймын!

3.08.2022 жылы жеке қабылдауға қатысты

Г.Мауленкулов, Г.Асылбекова

95

КАЛДЫКОЗОВА Гүлжан         «Құрсай» шағын ауданы, Қостерек көшесі, №18 8 771 317 20 54

Жеке қабылдауыңызды сұраймын!

Бекітілген кестеге сәйкес, қала әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша әр айдың бірінші сәрсенбісінде жеке қабылдау жүргізеді.
Шымкент қаласы әкімінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы  №818 қаулысының (Шымкент қаласы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы) регламентке сәйкес, Сіз қала әкімінің кезекті жеке қабылдау тізіміне енгізілдіңіз және жеке қабылдаудың өтетін күні мен уақыты өтініште көрсетілген байланыс нөмірі арқылы қосымша хабарланады.

Г.Мауленкулов, Г.Асылбекова

96

КӨПБАЕВ Бақытжан блогер «Нұршуақ»  шағын ауданы

«Қатынкөпір» ш.а. егістік жерлер тұрғын үй құрылысына беріліп, ирригациялық жүйелер жабылып қалды. Егінге қолданылатын «Қошқар ата» өзенінің сағасы өзгеріп, суы тұрмыстық қалдықтармен ластауда. Тұрғындарға сапалы тұщы су жеткізіп беруіңізді сұраймын.

Қошқар ата өзені тұрақты тазалануда, тұрғындармен өзенді ластамау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мердігер мекеме «Улмад» ЖШС-і тарапынан Қошқар ата өзенінің су қорғау белдеуін анықтау жұмыстары аяқталуда.  Қала әкімінің қаулысымен бекітілді. Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген мәселе бойынша, қала белсенділерімен бірлесіп,  өзен арнасын ластап жатқан нысандарды анықтап, шара қолданылды.

Е.Білісбеков, Б.Парманов, Е.Жолдасов

97

КӨПБАЕВ Бақытжан блогер «Нұршуақ»  шағын ауданы

Бүгінде ең төменгі жалақы 60 мың теңге көлемінде. Оның 43 пайызы 7 түрлі салық төлеуге ұсталады. Шағын ауданда 2000 астам жұмыссыздар бар. Баяндамада жұмыспен қамту мәселелері қамтылмады. Жұмыспен қамту бағытында қандай нақты шаралар атқарылуда?

2022 жылдың 1 қазандағы жағдайымен Шымкент қаласы бойынша жұмыссыздар саны 22 546 адам, жұмыссыздық деңгейі 5% құрайды.
Жұмыссыздық деңгейін төмендетуде «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы іске асырылуда.
2022 жылға 33 500  адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, нақты  29 277  адам қатысты немесе жоспар 87,4% орындалды. 
Сонымен қатар, ұлттық жобалар және жеке бастамамен 24 196  жаңа жұмыс орындары құрылатыны жоспарланған, нақты 20 277 жұмыс орыны ашылған. Олар:
- 7062 орын ұлттық жобалар шеңберінде;
- 13 215 орын жеке бастамамен жұмыс орындары құрылған.
Азаматтарға жұмыспен қамту шараларын көрсету Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан қалыптасқан «Еңбек нарығы» және «Enbek kz» арнайы автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы жүргізіледі.

Е.Білісбеков,Б.Парманов, Б.Нарбекова

98

ТӘЖІБАЕВА Сырға  «Шұғыла» шағын ауданы, Қазына көшесі

Менің үйім толық қоршау ішінде қалып қойды. Үйге кіріп-шығу мүмкіндігі жоқ. Шатқалды толтырып, жол ашып берулеріңізді сұраймын.

Азаматша С.Тәжібаеваның үйі аумақтын ЕТЖ сәйкес, оңтүстік бөлігінде автокөлік жолы қарастырылған. Алайда, бұл азаматша жолға шығатын бағытта тұрғын үйдің ірпге тасын салуына байланысты, өзі көшеге шығатын жолды жауып қойған. Аталған мәселе бірнеше бақылаушы органдар тарапынан тексерілген және сотта қаралған. Нәтижесінде азаматшаның сұранысындағы жер телімді мемлекет мұқтажына қайтарып оған бөлек шығу жолын шығаруға қанағаттандырусыз қалдырылған.

М.Исахов, Б.Парманов, Е.Нұразханов

99

ТАШТАЕВ Абубакир (Қарасу көшесі орталық)

Қаланың орталығындағы 1973 жылы салынған Гагарин, Конституция және Новои көшелерінде 500-ге жуық үй бар. Әлі күнге дейін кәріз жүйесі жоқ. Осы мәселені шешіп берсеңіз.

Аталған көшелерді кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында тиісті коммуналдық мекемеден кәріз жүейсіне қосылуға  «Су ресурстары-Маркетиг» ЖШС-і мамандары зеределеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде, көшелердегі орналасқан қолданыстағы  кәріз коллекторының өндірістік шегінен жоғары жүктемеде жұмыс істеуіне байланысты аталған көшені қосуға мүмкіндік жоқ екендігі анықталды. Осыған сәйкес, «Су ресурстары-Маркетиг» ЖШС-нің мамандарымен бірлесіп, өндірістік шегінен жоғары жүктемеде жұмыс істеп жатқан кәріз коллекторларына жоспарға сәйкес, қосымша кәріз коллекторын жобалау үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жоғарыдағыны қорытындылай келе, жобада кәріз коллекторының құрылысы жүргізілгеннен соң, аталған көшелерді кәріз коллекторына қосылуға мүмкіндіктер қарастыралады

М.Исахов, Б.Парманов,  М.Ердембеков

100

ТАШТАЕВ Абубакир (Қарасу көшесі орталық)

Гагарин, Конституция және Новои көшелерін жарықтандырып беруіңізді сұраймын.

Гагарин, Конституция және Новои көшесі 2021-2023 ж.ж мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында жарықтандырылатын көшелердің тізіміне енбеуіне байланысты, 2024-2025 ж.ж ішкі орам көшелерді жарықтандыру жобасына енгізілетін болады.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Ердембеков

101

ТАШТАЕВ Абубакир (Қарасу көшесі орталық)

Қарасу тұйығына көше атауы жазылған тақтайша орнатып берсеңіздер

Ағымдағы жылы Абай ауданындағы 2012 көшеге 12012 тақтайша (аншлаг) ілу жұмыстары жоспарлануда.  Қазіргі таңда мердігер мекеме анықтау үшін конкурс өткізілген болатын. Алайда соттың шешіміне сәйкес, конкурстың нәтижесі жойылып, конкурс өткізу жұмыстары 2023 жылдың жоспарына енгізілді.

Б.Парманов

102

КҮНХОДЖАЕВ Ералы  «Самал-1» шағын ауданы

Жандосов көшесіндегі спорт алаңшасы жолды толық асфальттауға кедергі келтіруде. Қашан мемлекет мұқтажына алып, жөндеу жұмыстары аяқталады?

Самал-1 ш.а., магистральды және қалаішілік көшелерінің құрылысы үшін қала әкімідігінің 13.10.2021 жылғы №1213 жер учаскелерін мәжбүрлер иекліктен шығару туралы қаулысы қабылданған. Қабылданған қаулыға сәйкес ҚР Мемлекеттік мүлік туралы заңына сай спорттық алаңшаға және және жер учаскесіне бағалау жұмыстары жүргізіліп, өтемақысы ұсынылды. Қазіргі таңда, меншік иесі өтемақыға келісуіне байланысты жер учаскесі мен жылжымайтын мүлкі мәжбүрлеп иеліктен шығарылды. Жандосов көшесіне құрылыс жұмыстары екі бағытта да жүргізілуде. Бірінші бағыт бойынша асфальт жабындысы 2022 жылы көктем-жаз мезгілінде төселген. Екінші бағыт бойынша спорт алаңшасы бойынша мәселе шешіліп, қазіргі таңда тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Асфальт төсеу жұмыстары 2023 жылдың көктем мезгілінде атқарылады. Тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Қоқанбаев, Е.Нұразханов

103

КҮНХОДЖАЕВ Ералы  «Самал-1» шағын ауданы

Жандосов көшесіндегі спорт алаңшасының жол құрылысынан қалған бөлігін көгалдандырып, аллея, сквер салып берсеңіздер.

Жандосов көшесінің бойына сквер және аллея салу мақсатында аудан әкімі аппараты тарапынан далалық зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Зерделеу нәтижесі бойынша мемлекеттік акті алынып, сметалық есептер әзірленіп, бюджеттік нақытлауға ұсынылатын болады.

 Б.Парманов,

104

КҮНХОДЖАЕВ Ералы  «Самал-1» шағын ауданы

Өтегенов және Жандосов көшелерін жарықтандыру жұмыстары аяқталды. Қашан іске қосылады?

Нысанның құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталып, 2022 жылға өтпелі. Бүгінгі күні аталған Жандосов, Өтегенов көшелерінде көше жарықшамдарының жанып тұрғанын мәлімдейміз.

М.Исахов, Б.Парманов, Е.Жолдасбеков

105

АҚЖІГІТОВА Күләш

«Самал-3» шағын ауданы электр жарығымен қамтылды. Алайда электр бағаналарының сымдары салбырап тұр, трансформаторларды ауыстырып берулеріңізді сұраймын.

ОңтүстікЖарықТранзит ЖШС-і тарапынан инвестициялық бағдарламасы аясында шағын ауданға 2023 жылы - 13 дана, 2024 жылы - 13 дана, 2025 жылы - 13 дана, 2026 жылы - 10 дана, 2027 жылы - 10 дана трансформатор жаңартылады.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Ердембеков

106

ЖҰМАБЕКОВА Ажаркүл Ержігітқызы  «Жаңа Тұрлан» шағын ауданы, №636 үй

Тұрғын үй басқармасының теңгеріміндегі, жаңадан пайдалануға берілген жалдамалы 636 (1,2,3) үйлердің сапасы төмен. Үйдің сырты түсіп қалуда. Газ, электр, су есептегіштерін қайта-қайта ауыстырамыз, істен шығуда.

Мердігер мекеме «Отау строй» ЖШС тарапынан аталған кемшіліктер ағымдағы жылдың тамыз айында қалпына келтірілді.

Е.Білісбеков, Б.Парманов, Ә.Рабаев, Ж.Өтебаева, М.Ердембеков

107

ЖҰМАБЕКОВА Ажаркүл Ержігітқызы  «Жаңа Тұрлан» шағын ауданы, №636 үй

№5,6,7,8,9 этажда су жоқ.

Мердігер мекеме «Отау строй» ЖШС тарапынан аталған тұрғын үйдің су шығаратын насосына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, кемшіліктер ағымдағы жылдың тамыз айында қалпына келтірілді.

Е.Білісбеков, Б.Парманов, Ә.Рабаев, Ж.Өтебаева, М.Ердембеков

108

ЖҰМАБЕКОВА Ажаркүл Ержігітқызы  «Жаңа Тұрлан» шағын ауданы, №636 үй

Жылу үйдің жертөлесіндегі элеваторға дейін келеді. Жоғарыға пәтерлерге жетпейді.

Мердігер мекеме «Отау строй» ЖШС тарапынан аталған кемшіліктер ағымдағы жылдың тамыз айында қалпына келтірілді.

Е.Білісбеков, Б.Парманов, Ә.Рабаев, Ж.Өтебаева, М.Ердембеков

109

ЖҰМАБЕКОВА Ажаркүл Ержігітқызы  «Жаңа Тұрлан» шағын ауданы, №636 үй

Үйдің шатырынан су өтеді. Шатырдағы су құбырлары  үйдің ішімен өтуіне байланысты, ішке төгілуде.

Мердігер мекеме «Отау строй» ЖШС тарапынан аталған кемшіліктер ағымдағы жылдың тамыз айында қалпына келтірілді.

Е.Білісбеков, Б.Парманов, Ә.Рабаев, Ж.Өтебаева, М.Ердембеков

110

ЖҰМАБЕКОВА Ажаркүл Ержігітқызы  «Жаңа Тұрлан» шағын ауданы, №636 үй

Үйдің ауласы мен кіре берістері мен ауласын жарықтандырып берулеріңізді сұраймын.

Үйдің ауласын жарықтандыру жобалау-сметалық құжаттамада қарастырылмаған. Алайда үйдің құрылысын жүргізген мердігер мекеме «Отау строй» ЖШС демеушілік есебінде үйдің ауласы мен кіре берістерін ағымдағы жылдың тамыз айында жарықтандырып берді.

Е.Білісбеков, Б.Парманов, Ә.Рабаев, Ж.Өтебаева, М.Ердембеков

111

ЖҮСІПБЕКОВ Шарапат

16 жыл алдын жер кезегіне тұрдым. Мемлекет тарапынан жер берулеріңізді сұраймын.

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларын бекіту туралы» №255 бұйрығына сәйкес, қала аумағында бөліп беруге арналған алаңдардың болмауына байланысты жеке тұрғын үй құрылысы үшін өтініштер арнаулы есепке алынады. Аталған заңнамада арнайы жеке бағдарламалар қарастырылмағандықтан, азаматтардың өтініштері тек қана кезектілік ретімен, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін табыстау аймақтардың нақты жоспарлау жобалары дайындалып, бөлінетін жерлердің инженерлік инфрақұрылым жүйелері жүргізіліп, арнайы алаңшалардың дайындалуына қарай қанағаттандыруға жататындығын хабарлаймыз. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министр Б. Бекбауовтың 04.03.2022ж  №19-3-12/748-И хатына сәйкес жер учаскесін алуға кезекке қою электронды үкімет порталы арқылы жүргізіледі.

М.Исахов, Е.Нұразханов

112

ИСМАИЛОВ Бекайдар «Самал-3» шағын ауданы

Алпамыс батыр мен Б.Момышұлы арасында Мешітке баратын жол жоқ. Жол салып берулеріңізді сұраймын.

Аталмыш аумақта жер асты коммуналдық жұмыстар толық аяқталмағандықтан жол салу мүмкіндігі жоқ екенін хабарлаймыз. Жол салу жұмыстары 2023 жылға жоспарланған.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Қоқанбаев

113

ИСМАИЛОВ Бекайдар «Самал-3» шағын ауданы

Ұ.Арғынбеков көшесінің  атауын ауыстыру мәселесі көтерілуде. Өзгеріссіз қалдыруды ұсынамын.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 Қаулысының нормаларына сәйкес, көшеге атау беру және қайта атау үшін аудан әкімдігінің ұсынысы және аумақ халқының пікірін ескере отырып жүргізіледі.
Осыған орай, Ұ.Арғынбеков көшесі атын ауыстыруға көше тұрғындарының басым көпшілігінің қарсы болуына байланысты өзгеріссіз қалғанын хабарлаймын.

Б.Орынтаев

114

АБДРАШОВА Жанар «Солтүстік Саяжай» тұрғын алабы

Мен 2015 жылы Құрбанова Махаббаттан жер телімін сатып алдым, мемлекеттік актісі жоқ. Бүгінде Бас жоспарға өзгеріс енгізілуде, қалай құжаттарымды заңдастырамын?

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» № 301 бұйрығының 10-қосымшасына сәйкес «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» мемлекеттік қызметін алуды ұсынамыз. ҚР Жер кодексінің 12 бабы 24 тармағында жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат – осылардың негізінде жер учаскесіне құқықтар туындайтын, өзгерілетін немесе тоқтатылатын заңдық фактілердің (заңдық құрамдарының) басталғанын растайтын құжат, оның ішінде шарттар, соттардың шешімдері, атқарушы органдардың құқықтық актілері, мұрагерлікке құқық туралы куәлік, меншік құқығымен жер учаскесіне иеленген немесе уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын сатып алған мемлекеттік емес заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру кезіндегі табыстау актісі немесе бөлу балансы. Бұл жағдайда, аталған Кодекстің 52 бабы 1 тармағында осы кодексте көзделген жағдайлардан басқа, үйге (құрылысқа, ғимаратқа) меншік құқығы көрсетілген үйлер (құрылыстар, ғимараттар) орналасқан жер учаскесіне заңнамада белгіленген тәртіппен меншік құқығын білдіреді. Көрсетілген құқықтар бір-бірінен ажыратылмайтындығы көрсетілген.

М.Исахов, Е.Нұразханов

115

ҚАРАБАЕВ Асқар «Самал-3» шағын ауданы

«Самал-3» шағын ауданынан спорт алаңшасы мен балалар ойын алаңшасын салып берулеріңізді сұраймын.

Мәңгілік ел көшесі бойынан бос жер телімі анықталып, қазіргі таңда жер пайдалану құқығын беретін мемлекеттік АКТ алу жұмыстары жүргізілуде. Құжаттар заңдастырылғансоң спорт алаңшасын орнату үшін бюджеттік өтінім ұсынылатын болады.

Б.Парманов

116

ҚАРАБАЕВ Асқар «Самал-3» шағын ауданы

«Самал-3» ш.а учаскелік полиция пункт салып берсеңіздер.

Самал-3 және Солтүстік-батыс шағын аудандарының аумағында 2 учаскелік полиция пункті орналасқан. Аталған пункттерде 10 учаскелік полиция қызметкерлері тұрақты түрде қызмет атқаруда. Сонымен қатар, 4 патрульдік көлік қарастырылған. Аталған учаскелік инспекторлар тарапынан рейдтік іс шаралар тұрақты түрде жүргізіліп жатқандығы түсіндірілді. .

Б.Парманов, Қ.Дәлбеков (келісім бойынша)

117

ҚАРАБАЕВ Асқар «Самал-3» шағын ауданы

Б.Момышұлы көшесімен кәріз жүйесі құрылысы жүріп, қазылды. Қашан ретке келтіріледі.

Мердігер мекемелер тарапынан кәріз жүйесі жүрген жерлерде орын алған кемшіліктерді қайта қалпына келтіру жұмыстары атқарылды.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Ердембеков

118

ҚАРАБАЕВ Асқар «Самал-3» шағын ауданы

Б.Момышұлы көшесі мен Сыпырған ата көшелері қашан қиылысып, жол жүру қозғалысы оңтайландырылады?

Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған жол жөндеу жұмыстарының іс-шаралар жоспарына» сәйкес, Б.Момышұлы көшесі мен Сыпырған ата көшелері қиылыстары бойынша 2025 жылға жоба жасалатын болады.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Қоқанбаев

119

МАМЫТ Амангелді «Самал-3» шағын ауданы

«Әлімтау» көшесіне (131 үй) асфальт салып берулеріңізді сұраймын.

Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған жол жөндеу жұмыстарының іс-шаралар жоспарына» сәйкес, 2023 жылы Әлімтау көшесіне асфальт төсеуге қаржы сұралатын болады

М.Исахов, Б.Парманов, М.Қоқанбаев

120

МАМЫТ Амангелді «Самал-3» шағын ауданы

«Самал-3» шағын ауданына  канализация жүйесі жүргізілді. Әлімтау көшесі (131 үй) қалып кетті. Биыл құрылыс қашан басталады?

2016 – 2017 жылдары «Шымкент қаласы Солтүстік - Батыс шағын ауданының кәріз жүйесінің құрылысы (абоненттеу)» нысаны бойынша жобалаушы мекеме «Сымтас» ЖШС-гі тарапынан жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, 2017 жылы ГЭ №ЮКПЭ-0135/17 сараптаманың оң қорытындысы алынған.
Сонымен қатар, 2018 жылы 26 маусымында мердігер мекеме «Шебер-2» ЖШС-мен жалпы құны 209,3 млн.теңгеге №109 келісім-шарт түзілді. 
2018 – 2019 жылдары құрылыс жұмыстарына 20,5 млн.тг. қаржы қаралып, жұмыстар атқарылған.
2020 – 2021 жылдары бюджеттен қаржы қаралмауына байланысты, ешқандайда құрылыс жұмыстары атқарылмады.
Қазіргі таңда, аталған нысан бойынша құрал-жабдықтардың күрт қымбаттауына байланысты, жобалаушы мекеме тарапынан жобаға түзету енгізілуде.
Жоғарыдағыны хабарлай келе, жобалау – сметалық құжаттамасы бойынша түзету жұмыстарын аяқтап, 2023 жылға бюджеттік нақтылауға ұсынылады.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Ердембеков

121

РАХМАНКУЛОВА Сонабар «Қатынкөпір» шағын ауданы

Балуан Шолақ көшесіне аяқ жол салып берулеріңізді сұраймын

Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған жол жөндеу жұмыстарының іс-шаралар жоспарына» сәйкес, 2023 жылы Балуан Шолақ көшесіне аяқ жол салуға қаржы сұралатын болады

М.Исахов, Б.Парманов, М.Қоқанбаев

122

РАХМАНКУЛОВА Сонабар «Қатынкөпір» шағын ауданы

Мектепке баратын Ирисмет ата көшесін жарықтандырып берулеріңізді сұраймын.

Ирисмат ата көшесі 2022 жылдың қараша айында  мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында жарықтандырылғанын хабарлаймын.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Ердембеков

123

РАХМАНКУЛОВА Сонабар «Қатынкөпір» шағын ауданы

Мектепке баратын Ирисмет ата көшесіне аялдама, жол белгілерін орналастырып берулеріңізді сұраймын.

Қатынкөпір шағын ауданы Ирисмат ата көшесіне тұрғынның өтініші бойынша жол белгілері орнатылды. Қазіргі таңда аялдама жол белгісі орнатылды. Аялдама павильонын орнату 2023 жылдың жұмыс жоспарына енгізілді.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Қоқанбаев

124

РАХМАНКУЛОВА Сонабар «Қатынкөпір» шағын ауданы

«Қатынкөпір» шағын ауданында әрбір үй егіс егеді. Сол үй іргелік жерлерге су жеткізіп үшін «Қошқар ата» өзенінен келетін арықтарға лоток қойып берулеріңізді сұраймын.

Қатынкөпір шағын ауданында жалпы 60 көше орналасқан. Оның ішінде 20 көшесінде ирригациялық жүйе орнатылған. Ағымдағы жылы аудан аумағындағы 21 көшеге ирригация орнату мақстанда бюджеттен қаржы бөлінген. Аталған көшелердің ішінде Қатынкөпір шағын ауданындағы 3 көшеге (Қазақбаев, Дулатов және Өмішұлы жартылай) ирригациялық жүйе орнату үшін мердігер «Профилент» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізіліп, лоток қойылды.

Б.Парманов

125

АМАНБАЕВА Гулнара

Жұмыссызбын, биология, физика бакалавры, заңгер мамандықтары бойынша дипломым бар.  Ешкім тегін жұмысқа алмай жатыр. Жұмысқа орналастырып беруіңізді сұраймын.

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №482-V Заңының 13 бабы 1-тармағында:
1. Жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген адам жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш жасаған кезде тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында тікелей не «электрондық үкімет» веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы немесе «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі.
2. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамға өтеусіз негізде жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен әлеуметтік кәсіптік бағдарлау және кәсіптік оқыту бойынша қызметтер көрсетеді.
3. Жұмыс іздеп жүрген және халықты жұмыспен қамту орталығынан (кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен) немесе «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы лайықты жұмыс туралы ұсыныс алған адам – халықты жұмыспен қамту орталығын, ал ауылдық елді мекенде тұратын адам – кент, ауыл, ауылдық округ әкімін ұсынылған лайықты жұмысқа келісетіні немесе одан бас тартатыны туралы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен хабардар етуге тиіс.
Жұмыссыз ретінде тіркелген азаматқа «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде жұмыспен қамту шаралары көрсетіледі.
Осы ретте, жұмыс іздеп жүрген азаматтар төмендегі халықты жұмыспен қамту орталықтарына жұмыс сұрап тіркелу мүмкіндіктері бар. Олар: Шымкент қаласы Қаратау ауданы С.Бәйтерекова көшесі №89үй, Шымкент қаласы Абай ауданы Ұ.Арғынбеков көшесі 243/3 үй, Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Әль-Фараби алаңы 3/2, Шымкент қаласы Әль-Фараби ауданы А.Байтұрсынов көшесі № 201 үй.

Е.Білісбеков, Б.Парманов, Б.Нарбекова

126

АМАНБАЕВА Гулнара

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауыңызды сұраймын.

2022 жылдың 1 қазандағы жағдайымен Шымкент қаласы бойынша жұмыссыздар саны 22 546 адам, жұмыссыздық деңгейі 5% құрайды.
Жұмыссыздық деңгейін төмендетуде «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы іске асырылуда.
2022 жылға 33 500  адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, нақты  29 277  адам қатысты немесе жоспар 87,4% орындалды. 
Сонымен қатар, ұлттық жобалар және жеке бастамамен 24 196  жаңа жұмыс орындары құрылатыны жоспарланған, нақты 20 277 жұмыс орыны ашылған. Олар:
- 7062 орын ұлттық жобалар шеңберінде;
- 13 215 орын жеке бастамамен жұмыс орындары құрылған.
Азаматтарға жұмыспен қамту шараларын көрсету Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан қалыптасқан «Еңбек нарығы» және «Enbek kz» арнайы автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы жүргізіледі.

Е.Білісбеков, Б.Парманов, Б.Нарбекова

127

Жандос «Самал-3» шағын ауданы

«Самал-3» шағын ауданына кәріз құрылысын жүргізу барысында мердігер компания тарапынан кемшіліктер орын алды. Тіпті бұрынғы қалпына келтіру жұмыстары да жүргізілмеді. Кім қадағалайды, қашан ретке келтіріледі?

«Самал-3» шағын ауданын кәріз жүйесі құрылысымен қамту бойынша «Бұрған 2005» ЖШС мердігерлік ұйымы құрылыс жұмыстарын жүргізген. Мердігер ұйым тарапынан аталған кемшіліктер жойылды.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Ердембеков

128

БИЖАНОВА  Клара

Алмалы бақ көшесіне инфрақұрылым жүйелері жүргізіліп бітті. Қашан асфальт төселеді?

Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған жол жөндеу жұмыстарының іс-шаралар жоспарына» сәйкес, 2023 жылы Алмалы бақ көшесіне асфальт төсеуге қаржы сұралатын болады

М.Исахов, Б.Парманов, М.Қоқанбаев

129

БИЖАНОВА  Клара

Естемісов көшесіне жөндеу жұмыстары сапасыз жүргізілді. Мердігер мекеме тағы да 1 қабат асфальт жамылғысы төселетінін айтып, кемшіліктерді ретке келтірмеді. Неге жұмыстар сапалы атқарылмайды?

Тиісті мамандар тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізілді. Мердігер мекеме тарапынан жол берілген кемшіліктер қайта қалпына келтірілді.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Қоқанбаев

130

Құралбек

Қоғамдық көліктерге бейнебақылау камераларын орнатуды сұраймын.

Қала аумағында 78 бағытта 1000-ға жуық автобустар бар. Оның ішінде 900-ге жуығында бейнебақылау камералары толығымен орнатылғанын хабарлаймыз.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Қоқанбаев

131

Құралбек

Қаладағы бала бақшалар жан басына қаржыландыру жүйесі бойынша қаржыландырылады. Балалар бала бақшаға бармайды бір-ақ, құжаты тіркеліп тұрады.Бала-бақшаға баратын балалардың бірыңғай базасы жоқ, тізім қолжетімді  емес?

Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі мекемелерге кезекке қою және  жолдама беру электронды портал indigo24.kz арқылы жүргізілуде. Осы аталған электронды порталда мектепке дейінгі ұйымдардағы балалар контингенті толық ендірілген, топтар бойынша топтастырылған. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы      27 желтоқсандағы «Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандарын бекіту туралы» №570 бұйрығына сәйкес Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Шағын орталықтардан басқа мектепке дейінгі ұйымдар желісі және ондағы балалардың контингенті туралы мәліметтер Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанның көрсеткіштерін енгізу nobd.iac.kz сайтында орналастырылған «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады.

Б.Парманов, Ж.Тажиева

132

Құралбек

Диханкөл көшесіне кәріз жүйесін жүргізіп беруіңізді сұраймын.

Бүгінгі таңда, кәріз тазарту имаратының техника-экономикалық негіздемесі, сонымен қатар қаланың оңтүстік және солтүстік бөлігін кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында, диаметрі  800-1200 мм құрайтын коллекторлардың жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.
Осыған байланысты кәріз тазарту имаратының және магистралды кәріз коллекторының жобалау, құрылыс жұмыстарын 2024-2025 жылдары жүргізу жоспарға қойылған. Осыған байланысты 2024 жылы «Тельман» аумағының ішкі орамдық кәріз жүйелерінің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленетінін хабарланады.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Ердембеков

133

Құралбек

Қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтарды хабарлаушы тұлғаға, салынған айыппұлдың 50 пайызын беруді ұсынамын. Бұл қоғамдық тәртіпті сақтауға зор үлес қосады деп сенемін.

Қарастырылған мәселе бойынша нормативтік құқықтық актіні әзірлеу орталық атқарушы органдардың құзырына жататындықтан ұсыныс берілді.

Б.Парманов, Қ.Дәлбеков (Келісімі бойынша)

134

Құралбек

«I komek - 109» атқарған жұмысы мардымсыз. WhatsApp желісі арқылы шағым қабылдау мәселелерін қарастыруды ұсынамын.

«I komek - 109» whatsApp желісі арқылы 8 777 710 91 09 телефон номері бойынша шағым қабылдайды. Желі тұрақы жұмыс істейді, кез-келген уақытта ұсыныс, өтініш, шағым білдіруге болатындығын хабарлаймын.

М.Исахов, М.Туганбай

135

«Самал-3», «Солтүстік - батыс» шағын ауданының тұрғындары

Атасу көшесіне тірек (опорный) пунктін салып беруіңізді сұраймын.

Самал-3 және Солтүстік-батыс шағын аудандарының аумағында 2 учаскелік полиция пункті орналасқан. Аталған пункттерде 10 учаскелік полиция қызметкерлері тұрақты түрде қызмет атқаруда. Сонымен қатар, 4 патрульдік көлік қарастырылған. Аталған учаскелік инспекторлар тарапынан рейдтік іс шаралар ұйымдастырылуда.

Ш.Мұқан, Қ.Дәлбеков (Келісімі бойынша)

136

«Самал-3», «Солтүстік - батыс» шағын ауданының тұрғындары

Учаскелік полиция инспекторларына қызметтік жаңа патрульдік көлік  беруіңізді сұраймын.

Самал-3 және Солтүстік-батыс шағын аудандарының аумағында 2 учаскелік полиция пункті орналасқан. Аталған пункттерде 10 учаскелік полиция қызметкерлері тұрақты түрде қызмет атқаруда. Сонымен қатар, 4 патрульдік көлік қарастырылған. Аталған учаскелік инспекторлар тарапынан рейдтік іс шаралар ұйымдастырылуда.

Б.Парманов, Қ.Дәлбеков (Келісімі бойынша)

137

ТАНЕЕВ Бегман

Алпамыс батыр көшесіне ирригациялық жүйелер салып беруіңізді сұраймын.

Алпамыс батыр көшесіне «Бұрған-2005 ЖШС» мердігер мекемесі тарапынан кәріз жүйелерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Кәріз жұмыстарының құрылыс аяқталған соң, иригациялық арықтар орналастыру үшін жобалық сметалық құжаттар жасалатын болады.

Б.Парманов

138

ТАНЕЕВ Бегман

Алпамыс батыр көшесіне тротуар салып беруіңізді сұраймын.

Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған жол жөндеу жұмыстарының іс-шаралар жоспарына» сәйкес, 2023 жылы Алпамыс батыр көшесіне аяқ жол салуға қаржы сұралатын болады

М.Исахов, Б.Парманов, М.Қоқанбаев

139

ТАНЕЕВ Бегман

«Самал-3» шағын ауданына талшықты оптикалық интернет желісін жүргізіп беруіңізді сұраймын.

Ағымдағы жылы «Самал-3» шағын ауданына «I-Linк.net» ЖШС-і тарапынан 100% оптика желісі жүргізілді. Тұрғындарға кабельді интернет желісіне қосылуға толық мүмкіндіктер жасалынды.

М.Исахов, М.Туганбай

140

Сағындықов Ербол

«Құрсай» ш.а. ауыз су жүйесінің құрылысын сапалы жүргізіп, мерзімінде аяқтауды сұраймын. Сонымен қатар, құрылыс барысында көшенің асфальт қабаты зақымданды, қайта қалпына келтіруді сұраймын.

Мердігер «Риголит» ЖШС-нің магистралды суаққы мен ішкі орамдық ауыз су жүйелерінің құрылысын                 (1,2 кезек) жүргізуде бүлінген жолдың асфальт қабатын 2023 жылдың сәуір, мамыр айларында қайта қалпына келтіреді

М.Исахов, Б.Парманов, М.Ердембеков, М.Қоқанбаев

141

Сағындықов Ербол

«Құрсай» ш.а. мемлекеттік электр желілерінің құрылысы жүргізілді. Алайда, ескі бағаналар мен сымдар алынбады. Қашан алынады?

«ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС инвестициялық бағдарламасы аясында ескі электр бағаналарын демонтаждау жұмыстары 2022 жылдың қараша айында аяқталғанын хабарлаймын.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Ердембеков

142

Байжанов Бастархан

«Қызылжар» ш.а. жаңадан салынып жатқан емхананың құрылыс жұмыстары қашан аяқталады, қашан пайдалануға беріледі?

2020 жылы «Shymkent» ӘКК «АҚ» мен «Medical Center Shubarsu» ЖШС арасында № 9 емхананы жобалау және салу шартын жасасты.
2021 жылы 2 га жер учаскесі (Шымкент қаласы әкімінің 11.06.2002 ж. № 759 қаулысы) «Medical Center Shubarsu»ЖШС-не беріліп, қыркүйекте құрылыс және дайындық жұмыстары басталды.
       Алайда, жер учаскесін  нысаналы мақсатта заңсыз беруіне шағымына байланысты тексеру жүргізілді, бұзушылықтар анықталды.
       2021 жылдың қазан айында сот процесі басталды. Сот талап арызды қараусыз қалдырды.
       2022 жылдың 29 наурызында ДСМ Қкдб Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына әкімдікке, «Shymkent «ӘКК» АҚ, ЖШС-ге даулы жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттардың күшін жою туралы талап арызбен жүгінді.
      2022 жылдың 6 мамырында Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық сотымен ДСМ Қпдб талаптарын қанағаттандыру туралы шешім шығарылды.
       Әкімдік, «Shymkent» ӘКК «АҚ,» Medical Center Shubarsu « ЖШС 2022 жылғы маусымда сот шешіміне апелляция берді. 2022 жылдың 9 тамызында өткен келесі сот отырысы Соттың алдыңғы шешімін қолдады. Қазіргі уақытта Апелляциялық сотқа шағым түсірілді.
       «Шымкент» ӘКК-нің «Шұбарсу Медикал» ЖШС жеке меншігіне бұрын стадионға арналған емхана салу үшін берілген жер учаскесі бойынша сот талқылауына байланысты емхана құрылысы тоқтатылды.
      Қазіргі уақытта «Шұбарсу Медикал» ЖШС даулы учаскенің жанында орналасқан Токбайге көшесі, 33-Б.жалға алынған үй-жайда толыққанды медициналық қызмет көрсетеді.

Б.Парманов, Н.Асылбеков

143

Шынболатов Құттыбек

№54 мектепке баратын Сүйінбай көшесіндегі көпір жанына жарық шам орнатып беруіңізді сұраймын.

№54 мектепке баратын Сүйінбай көшесіндегі көпір жанына жарық шам орнатылды.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Ердембеков

144

Шынболатов Құттыбек

Аудан әкімінің шағын ауданға келіп, халықпен кездесуін сұраймын.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес, әкімдердің жылдық қорытынды есептері алдағы уақытта жыл бойы тұрақты кездесулер форматында  өтетін болады.  Осыған орай, аудан әкімінің тұрғындармен 4 тоқсандағы  кездесуі  ағымдағы жылдың қазан айына жоспарланған.

Б.Парманов

145

Газиев Ергеш 8 701 565 68 72

«Қатынкөпір» ш.а. Сыпырған ата мен С.Рахимов,  Юсупов пен Қазына көшелерінің қиылысына бағдаршам орнатып берулеріңізді сұраймын.

Юсупов көшесі бойынша күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірленуде. Жобада бағдаршам қаралған. 2024 жылы жөндеу жұмыстары басталатын болады.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Қоқанбаев

146

Газиев Ергеш 8 701 565 68 73

«Қатынкөпір» ш.а. Е.Тойғанбаев көшесіне және мектепке баратын көшелерді жарықтандырып беруіңізді сұраймын.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында 2021-2023 жылдары жарықтандыру жоспарына сәйкес, Тойғанбаев көшесі және мектепке баратын өзге де көшелерді 2023 жылы жарықтандыру жоспарланып отыр.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Ердембеков

147

Мырзақасым

«Жаңаталап», «Көкбұлақ» тұрғын алабында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін «Бадам» өзенінен канал салып, су беруіңізді сұраймын.

Қазіргі таңда, Абай аудан әкімдігі тарапынан «Бадам» өзенінен су алатын каналға мемлекеттік құқығын беретін актісі әзірленді. Осыған орай, тиісті құжаттарды басқарманың теңгеріміне өткізілгеннен кейін, жобалық сметалық құжаттарды әзірлеуге ұсыныс берілетін болады.

Е.Білісбеков, Б.Парманов, М.Абдукадиров

148

Исмаилов Бегайдар

Алпамыс көшесінде 1,2 гектар бос жер бар. Осы орынға бастауыш мектеп салып беруіңізді сұраймын.

Самал-3 шағын ауданындағы Алпамыс көшесіндегі 1,2 гектар бос жер учаскесінің зерделеу жүргізілді, зерделеу барысында жер учаскесі Шымкент қаласы, Абай ауданы, Самал-3 ш/а 200 орындық №8 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына тиісілі екендігі анықталды.

 Б.Парманов, Ж.Тажиева

149

Исмаилов Бегайдар

№87 мектеп жанында 1,2 гектар жер бар екен. Осы жерге  ардагерлер демалатын орын жасап берсеңіздер?

«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған «Аманат» партиясының сайлауалды бағдарламасының Шымкент қаласы бойынша бекітілген жол картасына сәйкес Шымкент қаласында әр ауданда, яғни 4 «Белсенді ұзақ өмір сүру орталық» ашу жоспарланған. Қазіргі таңда 3 орталық жұмыс жасауда. 2023 жылы Абай ауданында «Белсенді ұзақ өмір сүру орталық» ашу жоспарлануда. Аталған орталық ардагерлер мен зейнет жасындағы азаматтарға бос уақыттарын тиімді өткізу үшін (еңбек терапия, музыка терапия, арт терапия, компьютерлік сауаттылық, йога, массаж және т.б. қызметтер алуға арналған) қызмет атқарады.

Е.Білісбеков, Б.Парманов, Б.Нарбекова

150

Тасболатова Лаззат

1 мамыр көшесіндегі №29 (барлығы: 8 пәтер) ескі екі қабатты тұрғын үйді ренавация бағдарламасы бойынша жаңартып берулеріңізді сұраймын.

Шымкент қаласы әкімдігінің 07.06.2021 жылғы «Шымкент қаласының тұрғын үй қорын реновациялау ағдарламасын бекіту туралы» №460 қаулысы бекітілген. Бағдарламаның 17-тармағында: жергілікті атқарушы органның жеке инвесторлармен өзара іс-қимыл жасаудағы уәкілетті өкілі тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын іске асыру үшін уәкілетті ұйым – «Shymkent «ӘКК» АҚ болады делінген. Осыған сәйкес тұрғын үйлерді жеке инвесторлар есебінен бұзып қайта жаңартуға инвесторлар тарту бойынша «Shymkent «ӘКК» АҚ   жұмыстар жүргізлуде. Қазіргі таңда, аталған үйді реновациялауға әлеуетті инвестор болмауда.

М.Исахов, Б.Парманов, Ж.Утебаева

151

«Ынтымақ» №585 үйдің тұрғындары, Ізтілеуова Алия,  Джусупова Гүлжахан

«Ынтымақ» ш.а. 585 тұрғын үйлердің құжаттарын заңдастырып берулеріңізді сұраймын.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 01.10.2020 жылғы №301 бұйрығымен бекітілген «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» мемлекеттік қызметі болып табылады.
          Жоғарыдағылардың негізінде, Сізге көрсетіліп отырған жер учаскесіне тиісті құқықтарды алу үшін, arm.elicense.kz веб-порталы арқылы  «Жер учаскесіне құқықтар алу 1-кезең» өтінішпен жүгіну ұсынылады.
          Сондай-ақ, ҚР Азаматтық кодексінің 244-бабының 3-тармағына сәйкес өзіне тиесілі емес жер учаскесінде құрылысты жүзеге асырған тұлға үшін, егер осы учаске салынған құрылысты орналастыру үшін осы тұлғаға белгіленген тәртіппен берілген.

М.Исахов, Б.Парманов, Е.Нұразханов

152

Асылбеков Жандарбек  «Самал-3» ш.а. тұрғыны

«Самал-3» ш.а. аялдамалардың сапасы сын көтерімейді,  алдыңғы кездесуде жаңасы орнатылатынын және автожолдарға орташа жөндеу жүргізілетінін айттыңыздар. Бір-ақ осы уақытқа дейін аялдама қою да, жол жөндеу жұмыстары да жүргізілмеді. Мәселе қашан шешіледі?

Тұрғынның өтініші ескеріліп, жалпы «Самал-3» шағын ауданына қажеттілігі бар аймақтарға ағымдағы жылы 12 жаңа шыны аялдама орнатылды.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Қоқанбаев

153

Ізтілеуова Әлия  Керімбекқызы, «Ынтымақ» ш.а. н/з үй. 8702-419-7168

«Ынтымақ» ш.а. көшеге ауыз су жүйелерінің құрылысын жүргізуде 8 үй қалып кетті. Жобаға енгізіп, ауыз су жүйелерін жүргізіп беруіңізді сұраймын.

Аталғал 8 үй ауыз сумен толық қамтылды.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Ердембеков

154

Нұрымбет Бақытгүл

Жеке қабылдауыңызды сұраймын.

3.08.2022 жылы жеке қабылдауға қатысты

А.Сарсеева, Г.Жұматаева

155

Борымбекова Раушан

«Солтүстік батыс» ш.а. «Бестерек» және «Алтын арық» тупигіне шағал тас төсеп берсеңіздер

«Солтүстік батыс» ш.а. «Бестерек» және «Алтын арық» тупигіне шағал тас төсеу жұмыстары 2023 жылдың іс-шара жоспарына ендірілетін болады.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Қоқанбаев

156

Сарбайұлы Мейржан

112 орамның бір бөлігіне (4 шағын аудан аумағы)  кәріз жүйесі жүргізілмей, жобадан қалып кетті. Осы бөлікті кәріз жүйесіне қосу мүмкіндігін қарастыруыңызды сұраймын.

Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес, қала аумағында қолданыстағы кәріз жүйелерінің қуаттылығы жетіспеуіне байланысты, басқарма тапсырысымен, «Қуаттылығы 60 және 150 мың м3/тәулігіне кәріз тазалау имаратының құрылысы» нысанының технико-экономикалық негіздемесі әзірленуде. Сонымен қатар, қаланың солтүстік бөлігіндегі ұзындығы 16 шақырым, диаметрі – 600-1000 мм болатын коллектордың жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Жобалаушы мекеме - «Қазақсантехпроект» ЖШС. Жобалау-сметалық құжаттамасының әзірленуін аяқтап, 2022 жылдың соңына дейін сараптаманың қорытындысын алу жоспарлануда. Жоғарыдағыны қорытындылай келе, кәріз тазалау имаратының құрылысын және магистралды кәріз коллекторының құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2023-2025 жылдары жүргізу жоспарға қойылғанын ескере келе, 2023 жылы 4 шағын ауданы ішкіорамдық кәріз жүйелерінің құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге қаржы сұратылып, қаржы бөлінген жағдайда, жобалау жұмыстары басталатынын мәлімдейміз.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Ердембеков

157

Байысбаева Жазира

Құрсай ш.а. Ақбата көшесіне асфальт төсеп берулеріңізді сұраймын.

Ақбата көшесіне орташа жөндеу жұмыстары қаламыздың іс-шара жоспарына сәйкес 2024 жылы атқарылатын болады.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Қоқанбаев

158

Нуртаев Жанболат

«Көмешбұлақ» базарындағы автотұрақтың жұмысы қадағаланбайды. Көліктер  бей-берекет қозғалып, қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Тұрақ аумағындағы көпқабатты үйлердің аумағын қоршауды немесе автотұрақты қала сыртына көшіруді сұраймын.

Колостағы «Көмешбұлақ базары» аумағындағы заңсыз тұрған таксилерді шектеу мақсатында тиісті шектеу жол белгілері орнатылды.

М.Исахов, Б.Парманов, Е.Жолдасов

159

Нуртаев Жанболат

«Көмешбұлақ» базары мен  базар аумағындағы көпқабатты үйлер электр жарығын бір ғана трансформатордан алады. Сапасы өте төмен. Тұрғын үйлерге арнайы трансформатор орнатып беруіңізді сұраймын.

«ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-і мекемесі тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізіліп, ақау табылған электр трансформаторын басқа электр трансформаторына ауыстырылды.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Ердембеков

160

Әлманова Қарлығаш

«Ақтас-2» ш.а. интернетпен қамтамасыз етулеріңізді сұраймын.

«Ақтас -2» шағын ауданына инвестор тарапынан антенна-мачталық құрылғы орнату үшін жер телімдерін рәсімдеу жұмыстары атқарылуда. Жер телімін рәсімдеу  жұмыстары жыл соңына дейін атқарылатын болады. Ұсынылған жер телімдеріне инвестор тарапынан антенна-мачталық құрылғы орнатылады. Мобильді операторлар тарапынан базалық станция орнатылату жұмыстары 2023 жылдың бірінші тоқсанына дейін толық аяқталатын болады

М.Исахов, Б.Парманов, М.Туганбай

161

Әлманова Қарлығаш

«Ақтас-2» ш.а. бала-бақша ашып беруді сұраймын.

Балабақшалардың құрылыстары мемлекеттік тапсырыс аясында жеке инвесторлар есебі арқылы жүзеге асырылуда.

Ш.Мұқан, Б.Парманов, Ж.Тажиева

162

Әлманова Қарлығаш

№147 бағыттағы жиі бұзылып, автобустың қозғалысының интервалы 1 сағаттан ұзап кетеді. Автобустардың кесте бойынша бекітілген графикпен жүруін қадағалауларыңызды сұраймын.

№147 автобус маршрутының қозғалыс сызбасына және жолаушылар ағымына сәйкес 8 автобуспен ұйымдастырылған. «Диспетчерлік орталық» тарапынан автобус қызметі қатаң бақылауға алынып, тұрақтылық жағдайы қадағалауға алынды.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Қоқанбаев

163

Жанбуршин Жолдасбек, Жұматаева Гүлжанар  

Өткен кездесуде «Нұршуақ» ш.а. мектеп салу мәселесін көтерген едік. Сол мектептің құрылыс  қашан басталады екен?

«Первый образовательный» ЖШС-гі «Нұршуақ» шағын ауданынан 1200 орындық мектептің құрылысын 2024-2025 жылдары аралығында салуды жоспарлап отыр. Бүгінгі күні инвестор осы жер учаскесін ҚР СІМ Инвестициялар комитетімен инвестициялық келісімшарт жасасу арқылы жер учаскесін «Заттай грант» ретінде алу  туралы хат жолдаған.

Б.Парманов, Ж.Тажиева

164

Джумашев Сұлтанбек 560913300257 87018314291

«Достық» ш.а. 300 орындық  жекеменшік «Жаннұр» мектебін салдым. Мектепті су, электр, газбен қамтамасыз етуді және мектепке жол салып беруіңізді  сұраймын. Осы мәселе бойынша ЖТ-2022-02073935 хат жаздым. Жауап берілмеді.

Достық ш.а. газ және құрылыс жұмыстары 2021 жылы аяқталып іске қосылды жұмыс жобасында тек қана жеке тұрғын үйлерге газ қонжырысын орнату және көше бойымен газ құбырын тарту қаралған осыған орай сіз жеке меншік мектеп ретінде Казтрансгазаймақ фелиалына хабарласып газ құбырын өз есебіне жүргізуге болатын хабарлаймын. «Достық» ш.а. казіргі таңда «АБМ Билдинг-2007» ЖШС-і тарапынан құрылыс жүргізіліп, сапалы электр қуатына қосылды.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Ердембеков, Ж.Тажиева

165

Жазира

Есенов көшесіне орнатылып жатқан аяқ жол бөлініп,  жолдың қарсы бетіне орнатылуда.   Тротуар бөлмей, бір бағытта үзіліссіз жүргізуді сұраймын.

Есенов көшесіндегі 0,8 шқ аяқжол салу жұмыстары толығымен орындалды.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Қоқанбаев

166

Жазира

№138 қоғамдық көліктің жүру сызбасын бұрынғы қалпына келтіріп берулеріңізді сұраймын.

«Ынтымақ-2» шағын ауданының тұрғындарымен бірлесе отыра №138 автобус маршрутының қозғалыс сызбасы толық реттелді. Маршруттағы көліктер  сиымдылығы үлкен автобустарға алмастырылды. Кестеге қосымша 1 автобус қосылды. Бүгінде жұмыс күндері 11, сенбі-жексенбі, мейрам күндері 7 автобус қызмет көрсетуде.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Қоқанбаев

167

Жұматаева Гүлжанар  87022534900

Балалардың мектепке қатынауы үшін №150 автобустың жүру қозғалысын  «Нұршуақ» ш.а. дейін ұзартуды сұраймыз.

Қазіргі уақытта №150 автобус маршрутының бағыты бойынша Нұршуақ ш/а баратын жол техникалық және қауіпсіздік талаптарына сәйкес емес. Жолды асфальттау жұмыстары жер асты коммуналдық жүйелерді жүргізу жұмыстары толық аяқталмау себепті 2024 жылы атқарылады.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Қоқанбаев

168

Жұматаева Гүлжанар  87022534900

Бүгінде «Нұршуақ» ш.а. кіріп шығатын жол жоқ. «BI» компаниясы құрылыс жүргізіп жатқан аумақтан тікелей кіру-шығу орнын ашып беруіңізді сұраймын.  Төлеметов көшесінің жалғасы «Нұршуақ» ш.а. арқылы өтеді деген еді. Осы жол қашан салынады?

Төлеметов көшесінің жалғасы «Нұршуақ» ш.а. арқылы өтетін жол 2022-2025 жылдың жұмыс жоспарына ұсыныс ретінде енгізілді. Алайда қазіргі таңда тиісті жұмыстарды жүргізу қаржының мүмкіндігіне қарай іске асырылу мүмкіндігі жоқтығы тұрғынға жеке түсіндірілді.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Қоқанбаев

169

Жұматаева Гүлжанар  87022534900

«Нұршуақ» шағын ауданында жүргізілген ауыз су жүйелерінің құрылысы сапасыз жүргізілді. Құдықтарға су жинақталуда, оған балалар шомылуда. Жұмыстарды бақылауға алуыңызды сұраймын.

Мердігер «Бес Қара» ЖШС, су беруші мекеме «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК-ы бірлесіп ақауларды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Ердембеков

170

Дәулет

Республикамызда аналогы жоқ «Іскер қала» пилоттық жобасы әзірленуде. Жобаны екінші дәрежелі банктер арқылы қаржыландыру бойынша көмек көрсетуге қолдау көрсетулеріңізді сұраймын.

«Shymkent» ӘКК» АҚ-ы Шымкент қаласы әкімдігінің
2019 жылғы 20 қыркүйектегі №706 Қаулысы негізінде инвестициялар тарту бойынша өңірлік ұйымы болып бекітілген. Фронт-офис «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторлар мен кәсіпкерлік субъектілерін кешенді және білікті сүйемелдейді - ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсету, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді, сондай-ақ өзге де ұйымдар көрсететін басқа да қызметтерді алу кезінде ілеспе сипаттағы қызметтер көрсету арқылы сүйемелдеу жасалады. Мысалы, Фронт-офис мына қызметтерді көрсетеді: 1) өңірдің инвестициялық тартымдылығын жақсарту бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу; 2) инвестордың сұратуы бойынша маркетингтік қызметтер көрсету (инвестор мен кәсіпкердің сұратуы бойынша талдамалық және маркетингтік  букті әзерттеу,  фототүсірілім және өнімнің промо ролигін жасау); 3) Әйелдер мен жастар бизнесін дамытудың «Мен кәсіпкер боламын!» арнайы іс-шаралар жоспары бойынша консультациялар мен сүйемелдеу; 4) «Іскер қала» жобасы бойынша кеңес беру, өтінімдерді қабылдау және сүйемелдеу; 5) мемлекеттік қызметтерді, сондай-ақ өзге де ұйымдар көрсететін басқа да қызметтерді алу кезінде инвесторлар мен кәсіпкерлерге консультация беру және сүйемелдеу.

А.Сәттібаев, Б.Парманов, Б.Дүйсебеков

171

Татьяна Викторовна, 8 701 390 14 30

Б.Момышұлы көшесіндегі №18 көпқабатты тұрғын үйге Сізді шақырамын. Келіп мәселелермен танысуыңызды сұраймын. Жеке қабылдауыңызды сұраймын.

3.08.2022 жылы жеке қабылдауға қатысты

А.Сарсеева, А.Нұрмаханов, Г.Жұматаева

172

Жұмабекова Ажар

«Жаңа Тұрлан» шағын ауданындағы  №636 көпқабатты тұрғын үйде лифт істемейді. Тұтынбаған қызмет үшін ай сайын төлемақы төлеудеміз. Лифт қызметін бақылауға алуыңызды сұраймын.

Аталған кемшіліктер мердігер мекеме «Отау строй» ЖШС тарапынан ағымдағы жылдың қазан айында   қалпына келтіріліп, 01.11.2022 жылы  өтініш иесінің қатысуымен кемшіліктердің жойылғаны жөнінде акт толтырылды.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Байымбетов

173

Жұмабекова Ажар

№636 көпқабатты тұрғын үйдің кәріз жүйесі жарылды. Жертөлеге залалсыздандыру жұмыстарын жүргізулеріңізді сұраймын.

Аталған кемшіліктер мердігер мекеме «Отау строй» ЖШС тарапынан ағымдағы жылдың қазан айында   қалпына келтіріліп, 01.11.2022 жылы  өтініш иесінің қатысуымен кемшіліктердің жойылғаны жөнінде акт толтырылды.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Байымбетов

174

Жұмабекова Ажар

Ұлым оқушы, №55 мектепке ауыстырып беруіңізді сұраймын.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №564 бұйрығының 10-тармағына сәйкес «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына  сәйкес каникул кезеңінде (сот шешімін, басқа елді мекенге көшуді, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұруға кетуді қоспағанда) портал арқылы жүзеге асырылады.
Сондықтан, А.Жұмабекованың ұлын тек каникул кезеңінде ғана  мектептен мектепке ауыстыра алатындығын хабарлайды.

Б.Парманов, Ж.Тажиева

175

Жұмабекова Ажар

Ұлымды «Жаңа Тұрлан» шағын ауданындағы емхана есепке қабылдамауда. Бұрынғы емханам қызмет көрсетпейді.  Ауыстырып беруіңізді сұраймын.

«Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығына сәйкес алғашқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі – МСАК) көрсететін ұйымдардың қызметі медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы ескеріле отырып, азаматтарға медициналық көмектің тіркелген жері бойынша қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аумақтық қағидат бойынша құрылады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Сіздер қалаған медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға Электрондық үкіметтің веб-порталы «egov» арқылы тіркелуге құқылысыз.

Б.Парманов, Н.Асылбеков

176

Серимбетов Мұхамедқали

Жамалов Нұрлыбай көшесіне салынған асфальт жолдың сапасы нашар. Жол сапасын қадағалауыңызды сұраймын.

Жамалов, Нұрлыбай көшелерін жөндеу барысында жол берілген кемшіліктер ретке келтірілді. Көшедегі асфальт үстіне 6 см қосымша тағы бір қабат асфальт төселді.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Қоқанбаев

177

Қорғанбаев Тоқтамұрат, «Қатынкөпір» ш.а., Әл-Фараби көшесі, №61 үй 8 701 408 72 37

«Қатынкөпір» ш.а. ардагерлерге арнап «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығын» ашып беруіңізді сұраймын.

«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған «Аманат» партиясының сайлауалды бағдарламасының Шымкент қаласы бойынша бекітілген жол картасына сәйкес Шымкент қаласында әр ауданда, яғни 4 «Белсенді ұзақ өмір сүру орталық» ашу жоспарланған. Қазіргі таңда 3 орталық жұмыс жасауда. 2023 жылы Абай ауданында «Белсенді ұзақ өмір сүру орталық» ашу жоспарлануда.

Е.Білісбеков, Б.Парманов, Б.Нарбекова

178

Ербол 8 701 947 21 80, «Қазығұрт» ш.а.

«Қазығұрт» ш.а. Түркістан көшесін (Оңдасынов-Бөгенбай батыр көшелерінің аралығы, ұзындығы 2 мың метр) жарықтандыруды сұраймын.

Қала көшелерін жарықтандыруда бірінші кезекте шағынаудандар мен тұрғын алабтардың әлеуметтік нысандар (мектеп, балабақша, емхана және т.б) орналасқан орталық маңызға ие (қоғамдық көлік қатынайтын) көшелерін қамту жоспарланған. Осыған орай, мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында 2021-2023 жылдары жарықтандырылатын көшелердің тізімі аудан әкімдіктерінің ұсынысымен бекітілген. Түркістан көшесі жоғарыда аталған талаптарға сай болмауына байланысты тізімге енбегенін хабарлаймыз. Сәйкесінше, аталған көше 2024-2025 ж.ж ішкі орам көшелерді жарықтандыру жобасына енетіндігін мәлімдейміз.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Ердембеков

179

Жумакулова Жумакул, Гагарин көшесі 96-102 үйлердің төрайымы

Гагарин көшесі №96 үйдің алдына жарық шамдар орнатылған. Бүгінде жарық шамдар жанбайды. Бақылауға алуыңызды сұраймын.

Гагарин көшесі №96 үйдің алдындағы күйген жарық шамдарды ауыстырылды.

М.Исахов, Б.Парманов, М.Ердембеков

180

Таджибаева Орынша Кенжебековна 8 701 658 44 25

Жеке қабылдауыңызды сұраймын.

Бекітілген кестеге сәйкес, қала әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша әр айдың бірінші сәрсенбісінде жеке қабылдау жүргізеді.
Шымкент қаласы әкімінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы  №818 қаулысының (Шымкент қаласы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы) регламентке сәйкес, Сіз қала әкімінің кезекті жеке қабылдау тізіміне енгізілдіңіз және жеке қабылдаудың өтетін күні мен уақыты өтініште көрсетілген байланыс нөмірі арқылы қосымша хабарланады.

А.Сарсеева, Г.Жұматаева

181

Жалтенова Рабиға  8 778 334 19 55

Жеке қабылдауыңызды сұраймын.

Бекітілген кестеге сәйкес, қала әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша әр айдың бірінші сәрсенбісінде жеке қабылдау жүргізеді.
Шымкент қаласы әкімінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы  №818 қаулысының (Шымкент қаласы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы) регламентке сәйкес, Сіз қала әкімінің кезекті жеке қабылдау тізіміне енгізілдіңіз және жеке қабылдаудың өтетін күні мен уақыты өтініште көрсетілген байланыс нөмірі арқылы қосымша хабарланады.

А.Сарсеева, Г.Жұматаева

182

ҚАРАМЕНОВ Төлебай

Биыл асфальтталған мазаратқа баратын көшенің 150 метрі қалып кеткенін  өткен кездесуде айтқан болатынмын. Осы мәселе бүгінде шешілмеуде. Қашан асфальтталады?

Басқарма тарапынан аталған жолға зерделеу жұмыстары жүргізілді. Мазаратқа барар жолдың шағал тас екендігі және ескі асфальтбетон қабаты жолдың негізгі бөлігіне төселгендігі анықталды.  Тұрғынмен мәселе бойынша жұмыс жүргізіліп, түсіндірілді.

М.Исахов М.Қоқанбаев

183

ҚАРАМЕНОВ Төлебай

Қаладағы әлеуметтік азық-түлік сататын дүкендердің сөрелерінде тауарлар жоқ, ал болған жағдайда сапасыз. Қазығұрт шағынауданында тағы екі әлеуметтік дүкен ашылады деген еді. Дүкендер қашан ашылады, қашан сапалы тауарлармен қамтисыздар?


Тұрақтандыру қорының айналым бағыты аясында Қазығұрт шағын ауданында Жанар -1  және Жанар-2 сауда желісі ашылып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бекітілген бағада сатылуда.

А.Сәттібаев А.Жанбатыров

184

ҚАРАМЕНОВ Төлебай

Әлеуметтік дүкендердегі тауарлардың тізбесі, тауарлардың атауы мен жарнамалар орыс тілінде жазылған. Мемлекеттік тілде қызмет көрсетуді сұраймын.

Тұрақтандыру қорының айналым бағыты бойынша қарыз алушы  сауда желілеріндегі  тақтайшаларындағы азық-түлік тауарларының атауына  өзгерістер енгізу бойынша «Shymkent» ӘКК АҚ-ы тарапынан тиісті жұмыстар атқарылды. Сауда желілеріндегі тақтайшаларындағы азық-түлік тауарларының атауы мемлекеттік тілде жазылды.

А.Сәттібаев А.Жанбатыров Б.Орынтаев

185

БАЛҒАНБАЙ Әшірбек

«Ынтымақ-2» батыс бөлігінде мазарат бар. Әкімдік мазараттың маңындағы жерлерді қосып аумағын кеңейтуді, қоршауды жоспарлауда. Біз аумақты кеңейтуге қарсымыз. Осы бос жерлерді көріктендіріп, абаттандыруды сұраймыз.

Ынытмақ-2 шағын ауданында жер қарастырылып, бюджет есебінен қоршалған. Жанындағы игерілмей жатқан жер телімін мазарат үшін игеру аудан әкімдігінің жұмыс жоспарында қарастрылмаған.

Б.Парманов

186

БАЛҒАНБАЙ Әшірбек

Қалада, оның ішінде «Ынтымақ» ш.а. жол құрылысын жүргізуде сапаға мән берілмейді. Былтыр ғана пайдалануға берілген көшелердің жағдайы сын көтермейді. Кім қадағалайды, неге мердігер мекемеге ретке келтіру бойынша шара қолданбайсыздар?

Энергетика басқармасы тарапынан инфрақұрылымдық жүйелер жүргізуінің салдарынан жол сапасы нашарлағаны анықталды. Сол себепті жер асты коммуналдық жүйелерін жүргізу жұмыстары атқарылғаннан кейін, бүлінген жол қайта қалпына келтірілді.

М.Исахов, М.Ердембеков, М.Қоқанбаев

187

ҚОЖАҚҰЛОВ Абзал

Құрсай шағынауданында су құбырлары қазылып, бүгінде Бекболат, Бабақорған көшелері топырақ болып жатыр, көше шаң жуылмайды. Қашан қалпына келтіріледі?

«Шымкент қаласы Құрсай шағын ауданынына жеткізуші магистралды суаққының және ішкі орамдық ауыз су жүйелерінің құрылысы (1,2 кезек)» нысаны бойынша мердігер мекеме «Риголит» ЖШС-гі тарапынан тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Бұзылған асфальт қабаттарын 2023 жылдың сәуір, мамыр айларында қайта қалпына келтірілетін болады.

М.Исахов М.Қоқанбаев

188

АҒАБЕК Қазанбай

Жеке қабылдауыңызды сұраймын.

Жеке қабылдауға шақыртылды.

Г.Мауленкулов

189

ЖИЕНБЕКОВ Мырзақасым

«Көкбұлақ» т.а. газ құрылысы 26 тамызда аяқталып, газ берілуі керек еді. Қашан беріледі?

Шымкент қаласы, Көкбұақ ш.а. табиғи газ жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталып, табиғи газ қосылды.  Сол себептен,  ішкі үйлік жүйесін кіргізу жұмыстарын аталған шағын ауданының тұрғындары «КазТрансГазАймақ» ШӨФ АҚ-нан техникалық шарттар алып, өз есебінен табиғи газ жүргізетін лицензиясы бар тұлғамен келісім-шарт жасап, жүргізу қажет .

М.Исахов М.Ердембеков

190

РАХМАНКУЛОВА Санавар

Ирисмат ата көшесіне көше жаықтандырып беруді сұраймын.

Ирисмат ата көшесіне көше жарығын құрылыс аяқталып, көше толығымен жарықтандырылды.

М.Исахов М.Қоқанбаев М.Ердембеков

191

РАХМАНКУЛОВА Санавар

Балуан шолақ көшесіне аяқ жол орнатып беруді сұраймын.

Балуан шолақ көшесіне аяқ жол салу бойынша 2023 жылға сметалық құжаттама жасалып, жұмыс жоспарға ұсынылатын болады.

М.Исахов М.Қоқанбаев

192

РАХМАНКУЛОВА Санавар

Сыпырған ата көшесіне аялдамалар орнатып беруді сұраймын.

Басқарма мамандары тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде Сыпырған ата көшесінің бойымен талапқа сәйкес аялдама орындары 2020 жылы бектіліп орнатылғаны анықталды. Қазіргі таңда қосымша аялдама орнын қажет етпейтінін мәлімдейміз.

М.Исахов М.Қоқанбаев

193

АСАНОВ Құдайберген

Қоқыс полигоны жиі өртенеді. Өрт кезінде Ақтас 1-2, Ақжар, Қазығұрт ш.а. түтінге орануда. Қоқыс полигонының қызметін бақылауға алуыңызды сұраймын.

Шымкент қаласы бойынша экология департаменті тарапынан, Абай ауданы прокуратурасының және Абай ауданы әкімі аппаратының хаттары негізінде 16.08.2022-22.08.2022ж.ж. аралығында «МПЗ Green Line» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде  ҚР Экология Кодексінің талаптарын сақталмағаны үшін ҚР «ӘҚБтК»-нің 327-1-бабының 2-тармағына сәйкес 612 600 теңге,                         332-бабының 2-тармағына сәйкес 153 150 теңге және 336-бабына сәйкес 612 600 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ Департаментпен, «МПЗ Green Line» ЖШС-не ҚР Экология Кодексінің талаптарын орындау қажеттігі жөнінде бұзушылықтарды жою туралы нұсқама ұсынылған.
Алайда нұсқама талаптарының орындалуына жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде нұсқама талаптары орындалмағаны анықталып,  Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен ҚР «ӘҚБтК»-нің 462-бабының 3-тармағына сәйкес 306300 теңге айыппұл салынды.

Е.Білісбеков Е.Жолдасов

194

ШОРАБЕКОВА Балқия

«Көкбұлақ» елді мекенінде 6 үйге газ кірмей қалып кетті. Не себептен жобаға енгізілмеді, қашан газ беріледі?

Көкбұлақ т/а жалпы табиғи газбен қамтылмаған 140 жер учаскесі бар. Жаңақұрылыс аумағын газбен қамту бойынша 2023 жылы ЖСҚ әзірленеді.

М.Исахов М.Ердембеков

195

ТҰРСЫНБЕКОВА Толғанай

«Ынтымақ-2» шағын ауданындағы көшелердің атауы жоқ. Қашан атау беріліп, табличка орнатылады?

Ынтымақ-2 шағын ауданында жалпы 62 көше бар. Оның ішінде атауы 50, атауы жоқ 12 көше. Атауы жоқ көшелерге атау беру бойынша Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына ұсыныс беріліп, Республикалық ономастикалық комиссиясына жолданған. Аталған комиссиядан оң қорытындысын алған жағдайда көше атаулары берілетін болады.

Б.Парманов

196

ТҰРСЫНБЕКОВА Толғанай

Шағала көшесін асфальттап беруіңізді сұраймын.

Шымкент қаласының 2020-2025 жылдарға арналған даму жорспарына сәйкес, Ақниет шағын ауданындағы Шағала көшесі 2024 жылдың жұмыс жоспарына енгізілген.

Б.Парманов

197

БАҚЫТ Нұржан

№16 ЖОМ-те (600 орындық) 1200 бала оқиды. Мектепке қосымша құрылыс салып, 10 кабинет пен спорт кешенін ашып беруіңізді сұраймын.

№16 жалпы орта мектебінің мәселесі жекеменшік мектептер есебінен шешіледі деп күтілуде. Бүгінгі күні «Жайлау» шағын ауданынан 250 орындық «Кемеңгер» бастауыш мектебі пайдалануға берілді. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың желтоқсан айында 200 орындық 1-9 сынып оқушыларына арналған мектептің құрылысы пайдалануға берілде деп жоспарлануда.

Ж.Тажиева

198

БАҚЫТ Нұржан

Айнабеков көшесін жарықтандырып беруіңізді сұраймын.

Қала көшелерін жарықтандыруда бірінші кезекте шағынаудандар мен тұрғын алабтардың әлеуметтік нысандар (мектеп, балабақша, емхана және т.б) орналасқан орталық маңызға ие (қоғамдық көлік қатынайтын) көшелерін қамту жоспарланған. Осыған орай, мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында 2021-2023 жылдары жарықтандырылатын көшелердің тізімі аудан әкімдіктерінің ұсынысымен бекітілген. Айнабеков көшесі жоғарыда аталған талаптарға сай болмауына байланысты тізімге енбегенін хабарлаймыз. Сәйкесінше, аталған көше 2024-2025 ж.ж ішкі орам көшелерді жарықтандыру жобасына енетіндігін мәлімдейміз.

М.Исахов М.Ердембеков

199

ҰЛАСБЕК Кеңесбек

Самал-3 шағын ауданына кәріз жүргізілді. Көшені қайта қалпына келтіруді, асфальт төсеуді сұраймын.

«Самал-3» шағын ауданын кәріз жүйесімен қамтамасыз ету бойынша мердігер мекеме «Бұрған-2005» ЖШС  құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Құрылыс жұмыстары 2022 жылы аяқталып толығымен қолданысқа берілді. Аталған маселе бойынша мердігер мекемеге тапсырма беріліп, қалпына келтірілді.

М.Исахов М.Қоқанбаев

200

ҰЛАСБЕК Кеңесбек

Самал-3 шағын ауданындағы көшелерге атау беруді сұраймын.

Самал-3 шағын ауданында жалпы 63 көше бар. Оның барлығына көше атауы берілген. 2021 жылдан бастап жаңа үлгідегі QR код бар тақтайша орнату жұмыстары жүргізілді. 2022 жылға 2012 көшеге 12012 тақтайша (аншлаг) ілу жұмыстары жоспарлануда.  Қазіргі таңда мердігер мекеме анықтау үшін конкурс өткізілген болатын. Алайда соттың шешіміне сәйкес, конкурстың нәтижесі жойылып, конкурс өткізу жұмыстары 2023 жылдың жоспарына енгізілді.

Б.Парманов

201

ТУЛЕГЕНОВА Малика

«Тәуелсіздікке 20 жыл» т/а қашан  мектеп салынады

«Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алабынан 600 орындық мектептің құрылысын жеке инвесторлар есебінен шешу қарастырылуда. Қазіргі таңда, жеке инвестор жер учаскесін заңдастыруда (Нысаналы мақсатын өзгертуде).

Ш.Мұқан Ж.Тажиева

202

ТУЛЕГЕНОВА Малика

«Тәуелсіздікке 20 жыл» т/а қаңғыбас иттер көбеюде. Ит аулау жұмыстарын жүргізулеріңізді сұраймын.

Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына қарасты «Ветеринариялық қызмет» МКК-ның ит аулау бригадасы аталған мекен жай бойынша 8 бас қаңғыбас ит-мысықтарды аулап уақытша оқшаулау орталығына жеткізді. Алдағы уақытта қаңғыбас ит-мысықтарды аулау мәселесі бойынша 8(7252)-45-05-05, 45-05-22 немесе 45-05-18 байланыс нөмірлеріне  хабарласып, өтініш қалдыруыңызға болады.

А.Сәттібаев А.Жанбатыров

203

ТУЛЕГЕНОВА Малика

«Тәуелсіздікке 20 жыл» т/а қашан газ беріледі?

Шымкент қаласының Тәуелсіздікке 20 жыл елді мекенін табиғи газ жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында, 2022 жылғы жобалау-сметалық құжаттамасы әзірлеуге бюджеттік өтінім беріліп, жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, жобалаушы мекеме «БІРЛЕСТІК» ЖШС-і тарапынан жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. 2022 жылы жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеп, 2023 жылы құрылыс жұмыстары басталатынын хабарлаймын.

М.Исахов М.Ердембеков

204

Ынтымақ тұрғыны

«Ынтымақ» шағын ауданындағы Сызған көшесіне Темірлан тас жолы арқылы қоғамдық көлік жүргізіп беруді сұраймын

Қаламыздың кешенді схемасына сәйкес автобус маршруттары шағын ауданның орталық көшелерінен және қаламыздың магистральді көшелерінен жүргізуге басымдылық берілген. Ынтымақ шағын ауданындағы А-2 тас жолы жалғасы және Қорғангүл көшелері аралығын қосып тұрған Сызған көшесі. Бұл бетте Қорғанкөл №55 автобус маршрутының жұмысы ұйымдастырылса, ал Барыс базары алдындағы А-2 тас жолынан №2, №61, №72 автобус маршруттары ұйымдастырылған. Аталған мәселе бойынша тұрғынға жеке түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сызған көшесінін қоғамдық көлік жүргізу тиімсіз екені түсіндірілді.

М.Исахов М.Қоқанбаев

205

Нұршуақ ш/а тұрғыны

Мектепке, №6 емханаға баратын қоғамдық көлік жоқ, аялдама қойылмаған. Қоғамдық көлік жүргізіп беруді сұраймын. Мүмкіндік болмаған жағдайда нарықтан автобус қарастырып, мәселені шешуге қолдау көрсетуді сұраймын.

№6 емхана арқылы №9, №18, №19, №69, №72, №52, №54, №133, №146 автобус маршруттары қала бойынша жолаушыларды тасымалдайды. Аталған бағыттағы қоғамдық көліктер күнделікті бекітілген кестемен қызмет көрсетуде.

М.Исахов М.Қоқанбаев

206

Нұршуақ тұрғыны

«Нұршуақ-2» ш.а. қашан газ келеді? Биылғы жылы шағын ауданның жарты бөлігіне газ жоспарланып жатыр екен, біз қыстық отын аламыз ба, жоқ әлде газ беріледі ма?

Солтүстік Саяжай ш.а табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысанның құрылыс жұмыстары  2023 жылға өтпелі.

М.Исахов М.Ердембеков

207

Нұржан

Қызылжар шағын ауданы, Ордакент көшесіне қашан асфальт төселеді?

Қызылжар шағын ауданы, Ордакент көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 2023 жылға жұмыс жоспарын қалыптастыру барысында ұсыныс беріледі.

М.Исахов М.Қоқанбаев

208

Нұржан

Түркістан көшесін асфальттау барысында 50 метр қалып кетті, қашан асфальт төселеді?

Түркістан көшесінде орын алған кемлішіктерді қалпына келтіру мақсатында ауа райының қолайлы болуына байланысты 2023 жылдың көктем мезгілінде мердігер мекеме тарапынан тиісті жол құрылыс жұмыстары атқарылады.

М.Исахов М.Қоқанбаев

209

Нұржан

Қызылжар шағын ауданынде интернет мәселесін шешіп беруді сұраймын

«Қызылжар» шағын ауданын оптика желісімен  қамтамасыз ету ағымдағы жылдың жоспарына енгізілді.
Бүгінгі таңда, инвестор тарапынан интернет желісін жүргізуге қажетті құрал-жабдықтар алынуда.
Жыл соңына дейін шағын ауданды 100% талшықты опика желісімен қамту жоспарланған.

М.Исахов М.Туганбай

210

Ақтас-2 т/а

Былтырғы жылы пайдалануға берілген ауыз су құбырлары жиі жарылады. Су жиі өшіп қалады. Судың тұрақты берілуін сұраймыз.

Мәселені шешу мақсатында, «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК-ны мамандары тарапынан тиісті жұмыстар атқарылып, су қысымы ретке келтірілді.

М.Исахов М.Ердембеков

211

Ақтас-2 т/а

«Ақтас-2» тұрғын алабына қатынайтын №147 қоғамдық көліктердің жүру жиілігін көбейтуді сұраймын. Халық көп, автобус жоқ.

№147 автобус маршруты Ақтас шағынауданына 3 кестемен жолаушылар ағымына сәйкес жұмысы ұйымдастырылған. Қосымша кесте қосу жоспарда жоқ екенін мәлімдейміз.

М.Исахов М.Қоқанбаев

212

Ақтас-2 т/а

«Ақтас-2» тұрғын алабында табиғи газ жүргізу үшін қазылған жолдарды қалпына келтіруді сұраймын.

«Ақтас-2» тұрғын алабында табиғи газ жүргізілген орындарды қайта қалпына келтіру үшін, мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС-не тапсырма берілді. Ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, 2023 жылдың сәуір-мамыр аралығында  қайта қалпына келтіріледі.

М.Исахов М.Ердембеков

213

Ақтас-2 т/а

«Ақтас-2» тұрғын алабында ұрлық жиі орын алады, учаскелік полиция инспекторын білмейміз, аумаққа келмейді. Полиция қызметін бақылауға алуды сұраймын.

«Ақтас-1, 2» және Ақжар  тұрғын алабтарына бір учаскелік инспектор бекітілген. Аталған инспектор тарапынан тұрғын алап тұрғындарымен кездесу өткізілді. Қыс мезгілінде мал ұрлығының алдын алу бойынша апта сайын рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Б.Парманов

214

Айнагул

«Нұршуақ» шағын ауданын интернетпен қамтамасыз етуді сұраймын.

Қазіргі таңда, Нұршуақ шағын ауданын сапалы байланысымен қамтамасыз ету үшін  инвестормен келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде жыл соңында қажетті құрал жабдықтар алынып, 2023 жылдың 1 -ші жарты жылдығына дейін сапалы интернетпен қамтылады.

М.Исахов М.Туганбай

215

Айнагул

«Нұршуақ» шағын ауданынан балаларға арналған ойын алаңшасы мен спорт алаңшасын салып берулеріңізді сұраймын.

Нұршуақ шағын ауданына балалар алаңшасын орнату бойынша халық қатысатын бюджет жобасы аясында 2023 жылға бюджеттік ұсыныс берілді.

Б.Парманов

216

Қызылжар шағынауданы тұрғыны Асель

Қызылжар ш/а емхана құрылысы тоқтап, қазылған бойы тұр, кім қалпына келтіреді?

2020 жылы «Shymkent» ӘКК «АҚ» мен «Medical Center Shubarsu» ЖШС арасында № 9 емхананы жобалау және салу шартын жасасты.
2021 жылы 2 га жер учаскесі (Шымкент қаласы әкімінің 11.06.2002 ж. № 759 қаулысы) «Medical Center Shubarsu»ЖШС-не беріліп, қыркүйекте құрылыс және дайындық жұмыстары басталды.
       Алайда, жер учаскесін  нысаналы мақсатта заңсыз беруіне шағымына байланысты тексеру жүргізілді, бұзушылықтар анықталды.
       2021 жылдың қазан айында сот процесі басталды. Сот талап арызды қараусыз қалдырды.
       2022 жылдың 29 наурызында ДСМ Қкдб Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына әкімдікке, «Shymkent «ӘКК» АҚ, ЖШС-ге даулы жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттардың күшін жою туралы талап арызбен жүгінді.
      2022 жылдың 6 мамырында Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық сотымен ДСМ Қпдб талаптарын қанағаттандыру туралы шешім шығарылды.
       Әкімдік, «Shymkent» ӘКК «АҚ,» Medical Center Shubarsu « ЖШС 2022 жылғы маусымда сот шешіміне апелляция берді. 2022 жылдың 9 тамызында өткен келесі сот отырысы Соттың алдыңғы шешімін қолдады. Қазіргі уақытта Апелляциялық сотқа шағым түсірілді.
       «Шымкент» ӘКК-нің «Шұбарсу Медикал» ЖШС жеке меншігіне бұрын стадионға арналған емхана салу үшін берілген жер учаскесі бойынша сот талқылауына байланысты емхана құрылысы тоқтатылды.
      Қазіргі уақытта «Шұбарсу Медикал» ЖШС даулы учаскенің жанында орналасқан Токбайге көшесі, 33-Б.жалға алынған үй-жайда толыққанды медициналық қызмет көрсетеді.

Ш.Мұқан А.Асылбеков

217

Ақтас-2 ш/а

Ақтас-2 ш/а шағал тас төсеу беруді сұраймын.

Ақтас-2 шағын ауданындағы ұзындығы 1 шақырым болатын 4 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары 2023 жылдың жұмыс жоспарна енгізілген.

Б.Парманов

218

Ынтымақ-2 ш/а тұрғыны

Шұғыла көшесіне асфальт төсеу жұмыстары қашан жүргізіледі;

Ынтымақ-2 шағын ауданы аумағындағы Шұғыла көшесіне орташа жөндеу жұмыстары бекітілген іс-шараға сәйкес, 2025 жылдың жұмыс жоспарына енгізілген.

М.Исахов М.Қоқанбаев

219

Ынтымақ-2 ш/а тұрғыны

Шұғыла көшесіне жарықтандырып берулеріңізді сұраймын

Қала көшелерін жарықтандыруда бірінші кезекте шағынаудандар мен тұрғын алабтардың әлеуметтік нысандар (мектеп, балабқша, емхана және т.б) орналасқан орталық маңызға ие (қоғамдық көлік қатынайтын) көшелерін қамту жоспарланған. Осыған орай, мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында 2021-2023 жылдары жарықтандырылатын көшелердің тізімі аудан әкімдіктерінің ұсынысымен бекітілген. Шұғыла көшесі жоғарыда аталған талаптарға сай болмауына байланысты тізімге енбегенін хабарлаймыз. Сәйкесінше, аталған көше 2024-2025 ж.ж ішкі орам көшелерді жарықтандыру жобасына енетіндігін мәлімдейміз.

М.Исахов М.Ердембеков

220

ҚАМБАРОВ Сүлеймен

Қазығұрт ш.а. «Отырар» көшесін кеңейтуді сұраймын. Себебі көше тарлығына байланысты бүгінде қоғамдық көлік жүрмеуде. Бұл мәселе бойынша 3 рет өтініш берілді, жауап берілмеуде?

Қазіргі таңда ,Отырар көшесін кеңейту басқарманың жоспарында жоқ. Алайда Отырар көшесінде шұңқырларды жамау жұмыстары атқарылып, қанағатты жағдайға жеткізілгендігін хабарлаймыз.

М.Исахов М.Қоқанбаев

221

Жасұлан, Құрсай ш/а

Құрсай шағын ауданын ауыз сумен қамту барысында Жылысай көшесінде 8 үй қалып кетті. 8 үйді жобаға қосып, ауызсумен қамтуды сұраймын.

Жобадан қалып кеткен 8 үйге мердігер мекеме тарапынан  ауыз су құбырларын тарту жұмыстары жүргізілді. Құрылыс жұмыстары аяқталып,  пайдалануға берілді.

М.Исахов М.Ердембеков

222

АСАН Есіркеп

Рабатқа бағытталған трассадан оңға бұрылып, Ақтас-2 шағын ауданындағы №73 мектепке баратын көшеге (атауы жоқ) 1 км асфальт салып беруіңізді сұраймын.

Ақтас-2 шағын ауданындағы №73 мектепке баратын көшеге (атауы жоқ) ұзындығы 1 шақырым, орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге сметалық құжат әзірленуге ұсыныс беріледі. Бюджеттен қаржы қаралған жағдайда 2024 жылы жол құрылыс жұмыстары жүргізіледі.

М.Исахов М.Қоқанбаев

223

ЖУМАШЕВ Сұлтанбек «Нұршуақ» шағын ауданы

«Нұршуақ» шағын ауданына жүргізілген ауыз су құрылысы сын көтермейді. Күнде 2-3 жерден жарылуда. Қыс мезгілінде сусыз қалу қаупі бар, нақты шара қабылдауларыңызды сұраймын.

Жоба бойынша Нұршуақ мөлтек ауданына 6500 жуық абонентке ауыс су жүргізілді. Бүгінгі таңда, ауыз суды 2000 жуық абонент пайдалануда. Абоненттердің аз болу салдарынан су қысымы көтеріліп кетуде. Су қысымын реттеу мақсатында қызмет көрсетуші, «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК-ны мамандары тарапынан тиісті жұмыстар атқарылды.

М.Исахов М.Ердембеков

224

ЖУМАШЕВ Сұлтанбек «Нұршуақ» шағын ауданы

«Нұршуақ» шағын ауданына мобильді байланыс, интернет сапасы төмен. Телефон желісі болмағандықтан жедел жәрдем шақырта алмаймыз. Мәселені шешіп беруді сұраймын.

Қазіргі таңда, Нұршуақ шағын ауданын сапалы байланысымен қамтамасыз ету үшін  инвестормен келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде жыл соңында қажетті құрал жабдықтар алынып, 2023 жылдың 1 -ші жарты жылдығына дейін сапалы интернетпен қамтылады.

М.Исахов М.Туганбай

225

ЖУМАШЕВ Сұлтанбек «Нұршуақ» шағын ауданы

«Нұршуақ» шағын ауданында үй саны көбеюде, жол мәселесі шешілмеуде. Балалар жазда топырақ, қыста батпақпен мектепке баруда. Жол мәселесін шешіп беруді сұраймын.

«Нұршуақ» шағын ауданында қазіргі таңда жер асты коммуникация жүйелері жүргізілуде. Аталған жұмыстар толық аяқталғаннан кейін асфальт төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.

М.Исахов М.Қоқанбаев

226

ЖУМАШЕВ Сұлтанбек «Нұршуақ» шағын ауданы

«Нұршуақ» шағын ауданына өткен кездесуде атау беру мәселесін көтерген едім. Жауапсыз қалды, көшеге атау беріп, табличка орнатуды сұраймын.

Нұршуақ шағын ауданында жалпы 48 көше бар. Оның ішінде атауы 28, атауы жоқ 20 көше. Атауы жоқ көшелерге атау беру бойынша Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына ұсыныс беріліп, Республикалық ономастикалық комиссиясына жолданған. аталған комиссиядан оң қорытындысын алған жағдайда көше атаулары берілетін болады.

Б.Парманов

227

ЖУМАШЕВ Сұлтанбек «Нұршуақ» шағын ауданы

«Нұршуақ» шағын ауданына спорт алаңшасын салып беруді сұраймын

Нұршуақ шағын ауданына балалар алаңшасын орнату бойынша халық қатысатын бюджет жобасы аясында 2023 жылға бюджеттік ұсыныс берілді.

Б.Парманов

228

ЖУМАШЕВ Сұлтанбек «Нұршуақ» шағын ауданы

«Нұршуақ» шағын ауданына ұрлық көбеюде, учаскелік полиция пунктін салып беруді сұраймын.

Шағынауданға 5 учаскелік полиция қызметкері бекітілді.
Қылмыстың алдын алу мақсатында қазан-желтоқсан айларында рейдтік шаралар ұйымдастырылды. Нәтижесінде күдікті ретінде тұрмыстық қылмыстар жасаған 2 азамат ұсталып,тергеу амалдары жүргізілді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

Б.Парманов

229

ЖУМАШЕВ Сұлтанбек «Нұршуақ» шағын ауданы

«Нұршуақ» шағын ауданындағы көшелерге бейнебақылау камераларын орнатып беруіңізді сұраймын.

Қылмыстың алдын алу мақсатында қазан-қараш айындағы күнделікті рейдтік шаралар нәтижесінде күдікті ретінде тұрмыстық қылмыстар жасаған 2 азамат ұсталып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

М.Исахов М.Туганбай

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ

1

НАРЫМБЕТОВА Анар Изатуллаевна «Төменгі Отырар» шағын ауданы, 15/1 үй, 48 пәтер

Д.Қонаев-Т.Рысқұлов  жолайрығында көлік кептелісі жиі орын алуда. Бағдаршам орнатуды сұраймын.

Д.Қонаев - Т.Рысқұлов жолайрығында көлік қозғалысын ұйымдастыру бойынша  бекітілген жоспарда бағдаршам орнату қаралмаған. Бағдаршам орнатуды қажет етпейтінін хабалаймыз. Жалпы жолайрық құрылысын жүргізудің мақсаты көлік кептелісін азайту мақсатында жол қозғалысын ұйымдастыру.

М.Исахов, Р.Мыңбаев, Е.Жолдасов

2

НАРЫМБЕТОВА Анар Изатуллаевна «Төменгі Отырар» шағын ауданы, 15/1 үй, 48 пәтер

«Төменгі Отырар» шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлерде жылу маусымы аяқталғаннан кейін ыстық су өшіп қалады. Ыстық суды тұрақты беру мәселесін ұйымдастырып беруіңізді сұраймын.

«Отырар» шағын ауданын жылумен және ыстық сумен қамтамасыз ететін №3 қазандығындағы бірқалыпты жұмыс атқаруда. Қазіргі кезде, көп қабатты тұрғын үйлер тұрақты жылу және ыстық сумен қамтамасыз етілуде.

М.Исахов, Р.Мыңбаев, М.Ердембеков

3

ТҰРМАНБЕК Ғалым «Самал-2» шағын ауданы

Жаркент көшесіне кәріз жүйесі жүргізгеннен кейін асфальт қабаты толық қайта қалпына келтірілмеді. Мердігердің жұмысы мардымсыз. Осы жұмыстарды аяқтауды сұраймын.

Жаркент көшесімен кәріз жүйесінің құрылысы жүргізілуіне байланысты, жолдың асфальт қабаты  жүргізгеннен кейінгі ретке келтіру жұмыстары «Г/З Шымкентгаз» ЖШС тарапынан жолға асфальт қабаты төселіп, қайта қалпына келтірілді.

М.Исахов, Р.Мыңбаев, М.Ердембеков

4

ТҰРМАНБЕК Ғалым «Самал-2» шағын ауданы

Жабай ата көшесіндегі (Байтұрсынов-Қазиев көшелері аралығы) жарық шамдар жиі өшеді немесе жартысы жанбайды. Қалпына келтіруді сұраймын.

Жабай ата көшесіндегі жарық шамдары ауыстырылып, қайта қалпына келтірілді. Бүгінде электр шамдары толық жанып тұр.

М.Исахов, Р.Мыңбаев, М.Ердембеков

5

ТҰРМАНБЕК Ғалым «Самал-2» шағын ауданы

Қазиев көшесіне демеушілер тарапынан жаңадан бағаналар орнатылуда. Сметалық құны қанша? Бұрынғы ескі бағаналардағы «Сергек камераларын» кім ауыстырады?

Қазиев көшесіндегі жарықтандыру жүйелерін қайта құру (ескі темір бағаналарды ауыстыру, әуе электр желісін жер асты кабельге ауыстыру және т.б.) жұмыстары жоспарланып, жоба әзірленген. Алайда, қазіргі таңда жобаға түзетулер енгізіліп, ескі бағаналарды қалдыру туралы шешім қабылданды. Жаңа бағаналар мен жарық шамдар қаланың басқа көшелеріне орнатылды. 

М.Исахов, Р.Мыңбаев, М.Ердембеков М.Туганбай

6

ТҰРМАНБЕК Ғалым «Самал-2» шағын ауданы

Жол кептелісі жиі орын алмас үшін Қазиев көшесінен Арғынбеков көшесіне бұрылысқа «қосалқы жол» (кармашка) жүргізуді сұраймын.

Қазиев көшесінен Арғынбеков көшесіне оң жақ өткел жұмыстарын ұйымдастыруға ағымдағы жылы қаржы қаралмаған. 2023 жылдың жұмыс жоспарына ұсыныс енгізіледі.

М.Исахов, Р.Мыңбаев, Е.Жолдасов

7

ТҰРМАНБЕК Ғалым «Самал-2» шағын ауданы

№77 мектептің спорт залында 10 жылдай уақыт күрес секциясы жұмыс істеп келеді. Бүгінде секцияны  Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес келмейді деп, бізді шығарып жатыр. Осы күрес секциясын қалдыруларыңызды немесе №77 мектеп ауласынан арнайы спорт зал салып берулеріңізді сұраймын.

№77 мектеп ғимаратының ішінде 2003 типтік үлгідегі 2 спорт зал, мектеп ауласында замануи үлгідегі ашық спорт алаңшасы 2011 салынып, пайдалануға берілген. Аталған мектеп оқушыларының спортпен айналысуына спорт залдары мен спорт алаңшаларымен толық қамтылған. Сонымен қатар, бүгінгі таңда №77 мектеп жанынан 22 спортық секциясы ашылып, 670 бала спорттың: футбол, тоғызқұмалақ, бесасық, шахмат, волейбол, күрес, баскетбол түрлерімен айналысады.

Ш.Мұқан,  Р.Мыңбаев, Ж.Тажиева

8

ТҰРМАНБЕК Ғалым «Самал-2» шағын ауданы

«Кәмшат» мейрамханасы (Д.Қонаев-Ғ.Ильяев көшелерінің қиылысы) жол жағалауындағы авто тұрақты қоршап алған. Заңдылығын тексеруді сұраймын.

Жол қиылысындағы автотұрақтың жер учаскесіне  зерделеу жұмыстары жүргізілді. Анықталғандай жаңадан салынған «Албан» қонақ үйі кіреберісі уақытша қоршалған болатын. Қазіргі таңда қонақ үй құрылысы пайдалануға қабылданған және жаяу жүргіншілер(тротуарлар) ашылған.

Е.Білісбеков, Р.Мыңбаев, Е.Нұразханов,

9

ТҰРМАНБЕК Ғалым «Самал-2» шағын ауданы

«Самал-2» ш.а., Сейітов көшесі, 23/70 үйдің қоршауына сурет салып кетеді. Осы мәселе бойынша полиция департаментіне, аудандық басқармасына хабарладым, нәтиже жоқ. Бақылауға алуыңызды сұраймын.

Аумақта қоғамдық тәртіпті сақтау шараларын күшейтіп, ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру, көпқабатты үйлер және жеке үйлердің қабырғалары мен қорғандарына  есірткі заттар мен басқа да сол мағыналас заттарды жарнамалайтын жазбаларды жою бойынша тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Сейітов көшесінің тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылып, сурет салу, жарнама жазбаларын орналастыру жауапкершілікке әкеп соқтыратыны туралы ескертілді.

Ш.Мұқан,  Р.Мыңбаев, Қ.Дәлбеков (келісімі бойынша)

10

АУЕЛБЕКОВА Кенжегүл «Айқап» шағын ауданы

№21 қоғамдық көліктің қозғалыс схемасын №3 қалалық емханаға дейін ұзартуды сұраймын.

2022 жылдың 14 сәуірінен бастап №21 қоғамдық көліктің қозғалыс схемасы №3 қалалық емханаға жүргізілді.

М.Исахов, Р.Мыңбаев, Е.Жолдасов

11

АУЕЛБЕКОВА Кенжегүл «Айқап» шағын ауданы

«Айқап» ш.а. қоқыс шығаратын мердігер мекеме 2 аптада 1 рет тазалайды. Қоқысты уақытылы алуын қадағалауыңызды сұраймын.

«Айқап» ш/а. бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды шығарумен мердігер мекеме «ШымкентСпецКомплекс» ЖШС айналысуда. Аталған мекеме тарапынан көпқабатты тұрғын үйлерде тәулігіне 1 рет және жеке сектордағы үйлерде аптасына 1 реттен қоқыстар шығарылуда. Алдағы уақытта қоқыстарды уақытылы шығару жұмыстары аудан әкімі аппаратының тұрақты бақылауында болады.

Р.Мыңбаев

12

БАЙЖАНОВ Лесбек

Қалада жеңіл өнеркәсіпті дамытуға бағытталған нақты шаралар қабылдасаңыздар. Бұл әйелдер арасындағы жұмыссыздықты азайтуға оң ықпал етер еді.

2022-2025 жылдар аралығында қала аумағында жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту мақсатында келесі жобалардың іске асырылуы жоспарлануда. Атап айтқанда: 1) «Azala Cotton» ЖШС II кезең – аралас иірілген жіп өндірісін кеңейту, 200 жаңа жұмыс орындары; 2) «ARNATEX» ЖШС - тоқыма емес материалдар мен көрпелер өндіру, 5 жаңа жұмыс орындары; 3) «EKOL Textile» ЖШС - шұлық бұйымдарын өндіру, 35 жаңа жұмыс орындары; 4) «Ardis Co» ЖШС - қағаз және картон өндірісі, 66 жаңа жұмыс орындары; 5) «Ultra Technology» ЖШС - жартылай маскаларды (сүзгіш) өндіру, 80 жаңа жұмыс орындары; 6) «Назар Текстиль» ЖШС II жоба - полипропилен жіп өндірісі, 50 жаңа жұмыс орындары; 7) «Synergy Group Kazakhstan» ЖШС – тоқыма емес бұйымдар өндірісі, 40 жаңа жұмыс орындары; 8) «Janna Eltanova» ЖШС - Киім, аяқ киім және шұлық бұйымдарын өндіру, 200 жаңа жұмыс орындары; 8) «Шабтекс» ЖШС – мата өндірісі, 100 жаңа жұмыс орындары. Осы жобалар іске асырылған жағдайда қаламыздың 700-ден астам әйелі жұмыспен қамтамасыз етілетін болады.

А.Сәттібаев, Р.Мыңбаев, Б.Әзімбердиев

13

БАЙЖАНОВ Лесбек

Қаладан тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу зауытын ашып, өндірісін дамыту шараларын қабылдасаңыздар.

Шымкент қаласының әкімдігімен қатты тұрмыстық қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісінің құрылысына Ақтас шағын ауданы, нөмірсіз мекенжайы бойынша орналасқан ауданы 22 га жер учаскесі Шымкент қаласы әкімдігінің 25.10.2021 жылғы №1308 қаулысымен «Waste2Energy» ЖШС-не қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісін жобалау және салу үшін 5 жылға уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығымен берілді.
Аталған зауытты инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін оларды жобалауға бастапқы деректер қажет. Алайда, инвестор осы уақытқа дейін өзінің жобасы (технологиялық шешімдер, қаржыландыру, қоршаған ортаға күтілетін әсер және т.б.) бойынша қандай да бір ақпарат ұсынбаған. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметіне сәйкес қазіргі уақытта бұл жобаның іске асырылуы тоқтатылды.

Е.Білісбеков, Р.Мыңбаев, Е.Жолдасов

14

БАЙЖАНОВ Лесбек

Жастардың тәрбиесін бұзатын қаладағы қызмет көрсету уақытын шектеу, жабу жұмыстарын жүргізулеріңізді сұраймын.

Жастар ресурстық орталығының мамандары мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жастар ұйымдары және жастар құқығын қорғау саласындағы мүдделі мекелерімен бірлесе отырып, қала аумағында орналасқан білім беру мекемелерінде 15 кездесулер өткізілді. Сондай-ақ, «Түнгі қаладағы жастар», «Жасөспірім», «Көше» атты тақырыптарда кең ауқымды кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер мен жастар арасында заңды өкілдерінсіз түңгі уақытта компьютерлік клуб, ойын-сауық орталықтары және түнгі клубтарда жүруі бойынша Қаратау ауданында -9, Еңбекші ауданында – 10, Абай ауданында – 13, Әл-Фараби ауданында – 10 рейдттік іс-шаралар ұйымдастырылды. Жалпы саны - 27. Рейдтік іс-шаралар барысында жастарға құқықтары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 151 әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, әлеуметтік желілердегі @shymqalazhastary парақшаларында жастар арасында қылмыстың алдын алуға және спортпен мәдени шараларға тату бағытында ақпаратта тұрақты жарияланып отырады. 

Ш.Мұқан, Қ.Дәлбеков (келісім бойынша), Р.Мыңбаев, М.Шотанов, Б.Әзімбердиев

15

БАЙЖАНОВ Лесбек

Қалада жол қозғалысын бұзу, жол апаты, құқық бұзушылық артуда. Әл-Фараби аудандық полиция қызметін бақылауға алуыңызды сұраймын.

Әл-Фараби ауданы бойынша 2022 жылы жалпы 1288  құқық бұзушылық тіркелген. Аудан аумағындағы орталық көшелерге бейне бақылау камераларын орнатылғандықтан, 2021 жылмен салыстырғанда -7,0 пайызға құқық бұзушылық төмендеген. Әл-Фараби аудандық полиция қызметі тұрақты түрде жұмыс атқаруда.

Ш.Мұқан, Р.Мыңбаев, Қ.Дәлбеков (келісімі бойынша)

16

ТАЙЖАНОВА Мадина Алиханқызы Рысқұлбеков көшесі №2, 49 пәтер

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының жұмысына көңілім толмайды. Балам жеке күтімді қажет ететіндіктен «Асар» ш.а. «Қалалық балалар ауруханасында» ем алдым. Ауруханадағы ас-ауқаттың сапасы, төсек-орын жағдайы, емдік шараларын жүргізуі өте нашар деңгейде. Қадағалауыңызды сұраймын.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік-процессуалдық кодексіне сәйкес 2022 жылғы 6 сәуірдегі № ЖТ-2022-01521080 өтінішті қарау рәсімін тоқтату туралы өтініш негізінде 2022 жылғы 5 сәуірдегі № ЖТ-2022-01516814 өтініш қараусыз қалдырылды

Ш.Мұқан, Р.Мыңбаев, Н.Асылбеков

17

ТАЙЖАНОВА Мадина Алиханқызы Рысқұлбеков көшесі №2, 49 пәтер

Мүгедек балаларға берілетін гигиеналық, ортопедиялық заттар мен арбалардың сапасы төмен. Қызмет көрсетушілер бір-біріне сілтеп, мерзімінде қамтамасыз ете алмайды. Тапсырыс осы уақытқа дейін берілмеді. Бақылауға алуыңызды сұраймын.

Қыздары Сералы Айша Қайратқызы, Сералы Даяна Қайратқызы және ұлы Тайжан Бақдаулет Бақтиярұлына  міндетті гигиеналық құралдар жөргектер алуғаөтініш білдіріпӨзінің электрондық қолтаңбасын (бұдан әрі – ЭЦҚ ) пайдалану арқылы  өз бетіншеәлеуметтік интернет желісіндегі http://aleumet.egov.kz сілтемесі арқылы тапсырыс беріп жөргектерді толығымен   алған.  
Қыздары Сералы Айша Қайратқызы, Сералы Даяна Қайратқызына  протез-ортопедиялық құралдарға (ортопедиялық аяқ киімге (қыстық, жаздық), тутор, корсет, өтініш білдіріп Өзінің электрондық қолтаңбасын (бұдан әрі – ЭЦҚ) пайдалану арқылы  өз бетіншеәлеуметтік интернет желісіндегі http://aleumet.egov.kz сілтемесі арқылы тапсырыс берді.

Е.Білісбеков, Р.Мыңбаев, Б.Нарбекова

18

ТАЙЖАНОВА Мадина Алиханқызы Рысқұлбеков көшесі №2, 49 пәтер

Мүгедектігі бар азаматтардың статусын «Жеке күтімді қажет ететін азаматтар» деп өзгертуді сұраймын.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Мүгедектігі бар азаматтардың статусын «Жеке күтімді қажет ететін азаматтар»  деп өзгертуге ықпал жасауға 13.04.2022 жылы №15-12-05/4084  ұсыныс хат жолданды. Бұдан бөлек,  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылдың 27 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «мүгедек баланы» деген сөздер «мүгедектігі бар баланы» деген сөздермен ауыстырылды. 

Е.Білісбеков, Р.Мыңбаев, Б.Нарбекова

19

ЖАРҚЫНБЕК Сейтінбек        «Айқап» шағын ауданы

Кітап оқуға баулуды мектептерде қолға алу қажет. Мектептерде 100 жаңа оқулық бойынша әдебиеттер саны өте аз, кейбіреулерінде мүлдем жоқ. Кітап қорын толтыруды сұраймын.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2020 жылғы 22 қазанда Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспа-рының 12 тармағында «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары кітапха-наларының материалдық-техникалық базасын нығайту, сондай ақ олардың кітапхана қорын жаңартып, көркем және қосымша оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттермен толықтыру» бойынша  тапсырма берілген.
Тапсырманың негізінде Білім және ғылым министрлігінің «Оқуға құштар мектеп» жобасы бекітілген.  Іс-шара жоспарында 2025 жылға дейін  білім беру мекемелерінің кітапхана қорын отандық, әлемдік көркем, ғылыми,  ғылыми-публицистикалық, фантастикалық, деректі, тарихи әдебиеттер соның ішінде қазақ тіліндегі әдебиет-термен 100% қамту жоспар-ланған.
Шымкент қаласы білім басқармасы тарапынан 2021 жылы жергілікті бюджеттен қаржы қаралып көркем әдебиеттер сатып алынып білім беру мекемелеріне толығымен таратылды. Ал, 2022 оқу жылына жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді, бүгінгі таңда баспалардан ұсыныстар (көркем әдебиеттер туралы мәлімет)  келіп түсіп, білім беру мекемелерінің бағдарламасына сай көркем әдебиеттерді  сатып алу бойынша Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

Ш.Мұқан, Р.Мыңбаев, Ж.Тажиева, Б.Орынтаев

20

МУСАЛИЕВА  Мөлдір Құрбанәліқызы Байтұрсынов көшесі, 58в үй

«Қуатжылуорталығы 3» мекемесі жылу құбырын жаңарту жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде асфальт жол ойылып, тұрғындардың жүріп тұруына кедергі келтіруде. Ретке келтірілсе.

«Қуатжылуорталығы 3» мекемесі жылу құбырын жаңарту жұмыстарын жүргізген Байтұрсынов көшесі, 58в үй аумағындағы асфальт жабыны толық ретке келтірілді.

М.Исахов, Р.Мыңбаев, М.Ердембеков

21

МУСАЛИЕВА  Мөлдір Құрбанәліқызы Байтұрсынов көшесі, 58в үй

Спорт алаңшасы мен балалар ойын алаңшасын сапасы сын көтермейді. Жарамсыз күйге енуде. Мердігердің кепілдік мерзімі өтпей тұрып ретке келтіруді сұраймын.

«Жұмыспен қамту 2020-2021 жол картасы» жобасы аясында 2020 жылы Шымкент қаласы Байтұрсынов көшесі №58в көп қабатты тұрғын үйдің ауласында абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізілді. Абаттандыру жұмыстарын мердігер ӨК «Агроспецмонтаж» іске асырған. Зерделеу жұмыстары нәтижесінде, көпқабатты тұрғын үй ауласында орнатылған күркенің орындық ағашы сынған, спорттық элементте қол қауіпсіздігі үшін резиналық жабдық алынған, ойын алаңшасында резеңке төсеніші шамамен 1м2 ауыстыру қажеттілігі анықталды. Бүгінгі күні, жауапты мердігер мекемеге кемшіліктерді ретке келтіру бойынша 2022 жылғы 8 сәуірде №28-03-04/772  хат жолданған. «АгроСпецМонтаж» ЖШС кемшіліктерді ретке келтірмегені үшін, сотқа талап арыз ұсынылды. Сот шешіміне сәйкес, тиісті жұмыстар атқарылатын болады.

Р.Мыңбаев

22

ШОЛАНОВА Раушан Жұмабекқызы Терешкова көшесі 10а/4а үй

АҚШ долларының курсы түскенімен, азық-түлік бағалары әлі күнге дейін арзандамады. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасына тексеру жүргізіп, нақты шаралар қабылдауды  сұраймын.

Азық-түлік тауарларының қымбатауына қаламызға өзге өңірлерден тасымалданып, өндіруші өңірлердегі нарыққа тікелей тәуелділігі және өндіруші бағасының өсуі себеп болуда.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру шаралары аясында, өңірлік тұрақтандыру қоры жұмыс жасайды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары айналым қаражаты есебінен жалпы 60-қа жуық ірі сауда желілерінде және әлеуметтік дүкендерінде белгіленген бағада сатылуда.
Ал, азық-түлік тауарларын сатумен айналысатын 10 ірі базарларында (Акбар, Айна, Орталық қырғы базары, Дархан, Алаш, Жібек жолы, Барыс, Қапланбек, Көктем, Самал) құзырлы мекемелермен бірлесе, базардағы азық-түлік бағаларына, сондай-ақ жалпы базардың қызметіне қатысты тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі таңда, жалпы базардың қызметіне қатысты орын алған кемшіліктерге сәйкес, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 9 хаттама толтырылды.

А.Сәттібаев, Р.Мыңбаев, А.Жанбатыров

23

АХМЕТБЕКОВ Мұстафа

«Гипер Хаус» сауда орталығынан «Төменгі Отырар» шағын ауданына дейін (ұзындығы 600 метр) тротуар, ирригациялық салып беруіңізді сұраймын.

Жәнібеков және Рысқұлов көшесі аралығында атауы жоқ көшеге аяқжол салу (0,6 шқ) жұмыстары толығымен аяқталды.

М.Исахов, Р.Мыңбаев, Е.Жолдасов

24

АХМЕТБЕКОВ Мұстафа

Ө.Жәнібеков көшесінің бойындағы жасыл желектерді кесіп, орнына автожуу бекеті салынуда. Олардың қызметі заңды ма, ағаштарды кесуге рұқсат берілген бе?

«Айқап-Түркістан» ш.а.,№355 учаскедегі өзіне-өзі қызмет көрсететін автожуу бекеті жердің нысаналы мақсатына (кад.нөмірі:   19-309-003-1256, алаңы: 0,0280 га, нысаналы мақсаты: бұрын бөлінген өз жер учаскесінде автокөлік жөндеу орыны, автожуу, сауда-саттық, дәмхана, шаштараз, әсемдік салоны, дәріхана және бильярд орынын жобалау және құрылысын салу үшін) сәйкес қызмет көрсетуде. Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тарапынан  қаралып, нәтижесінде жоғарыда аталған нысанының меншік иесі азаматша А.Е.Жанысқа ҚР «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының талаптарын бұзғандығы анықталып, аталған нысанды жобалау (жұмыс жобасы) құжаттамасыз, жұмыс жобасына оң сараптамалық қорытындысыз жүргізгені үшін ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 316 бабының 1-ші бөлігіне және құрылысты техникалық және авторлық қадағалауларсыз жүргізгендігі үшін Кодекстің 321 бабына сәйкес а.ж. 2 маусымда әкімшілік жауапкершіліктерге тартылды. Сонымен қатар, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама ұсынбағаны үшін Кодекстің 463 бабының 1 бөлігіне сәйкес а.ж. 2 маусымда хаттама толтырылып, Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына а.ж.  2 маусымда жолданғанын хабарлаймын.Қазіргі таңда, сот қаулысы қабылданып, айыппұл төленген.

Е.Білісбеков, Р.Мыңбаев, Н.Құрбанбекұлы

25

АХМЕТБЕКОВ Мұстафа

Ө.Жәнібеков көшесінің бойына 2 аялдама павильонын орнатуды сұраймын.

Ө.Жәнібеков көшесіне басқарма тарапынан 2 дана аялдама павильоны орнатылды. Тұрғынның өтініші орындалды.

М.Исахов, Р.Мыңбаев, Е.Жолдасов

26

ИСЛАМОВ Тойчибай «Забадам»  шағын ауданы

«Забадам» шағын ауданындағы «Замира» тойханасы сатылуда. Тойхананы спорт комплекс ретінде ашу үшін қалалық бюджет есебінен сатып алу мүмкіндігі бар ма?

Ұсыныста баяндалған «Забадам» шағын ауданындағы «Замира» тойханасына барып, қазіргі жағдайымен таныстық. Қазіргі уақытта, тойханада кондитерлік өнім шығарушы жеке кәсіпкерлер жалға алып, тұтынатыны белгілі болды. Алайда тойхананы спорт нысанға айналдыру мүмкін емес. Себебі, нысан шайхана үлгісінде соғылған және бағаналары жиі (аралары 3 метрден тұрады) орналасқан. Қосымша суреттері тіркеледі. Сонымен қатар, нысан шағын ауданын маңында (тұрғын үй жайлардан алыс орналасқан және жанында жоғары кернеулі электр бағанасы бар) орналасқан. (Нысан 900 000 $ бағалануда)

А.Сәттібаев, М.Исахов, Р.Мыңбаев, Р.Бақтыбаев, Б.Тұманбаев

27

ЕСЖАНОВ Ертай САЙРАНБАЕВ С.М. Республика даңғылы

Коммуналдық қызметтерге (газ, су, электр қуаты) төлемдер біздің қаламызда қымбат. Мекемелерді жеке меншіктен мемлекет теңгеріміне өткізуді ұсынамын.

Шымкент қаласының әкімдігі 2022 жылғы 05 қаңтардағы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Коммуналдық тарифтердің өсуіне 180 күнге маратория орнатудың қажеттілігін қарастыру» тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелер басшыларының қатысумен шұғыл жиналыс өткізіліп, жеке тұлғаға коммуналдық қызметтерге қойылған қолданыстағы тарифтер құнын өсірмеу келісілді.
Ауыз су және кәріз жүйесінің 2021-2026жж. арналған тарифтері бойынша «Су ресурстары Маркетинг» ЖШС-і 2021 жылдың 25 маусымындағы №40-од бұйрығымен бекітілген.
Қазіргі таңда, қаламызда тариф құнының өсуі тұрақты бақылауға алынған, жеке тұлға үшін тариф құны келесідей:
1. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і тарапынан орта есеппен
Ауыз суға қойылатын тариф құны 1 м3 үшін – 95,22 тг;
Шымкент қаласын басқа қалалармен салыстырғанда (01.07.2022ж):
Жеке тұлға- 96,7 тенге/м3 (3 орын)
Заңды тұлға-456,9 тенге/м3 (1-орын)
Әлеуметтік нысандар- 609,6 тенге/м3 (4-орын)
Су бұру бойынша 1 м3 үшін – 37,95 тг;
Шымкент қаласын басқа қалалармен салыстырғанда(01.07.2022ж):
Жеке тұлға- 38,8 тенге/м3 (12 орын)
Заңды тұлға- 318,2 тенге/м3 (4-орын)
Әлеуметтік нысандар- 234,3 тенге/м3 (8-орын)
2. «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-і тарапынан электр қуатына қойылатын тариф құны 1 кВт/сағ үшін -16,9 тг;
Шымкент қаласын басқа қалалармен салыстырғанда:
Жеке тұлға- 16,94 квт/час (7 орын)
Заңды тұлға- 33,17 квт/час (2-орын)
Әлеуметтік нысандар- 35,29 квт/час (11-орын)
3. «ҚуатЖылуОрталық» МКК-ы тарапынан жылу энергиясына қойылатын тариф құны 1 Гкал үшін - 2 913,03 тг;
Шымкент қаласын басқа қалалармен салыстырғанда:
Жеке тұлға- 2913,03 Гкалл/час (12-орын)
Заңды тұлға- 11 314,1 Гкалл/час (5-орын)
Әлеуметтік нысандар- 39 210,45 Гкалл/час (2-орын)
4. «КазТрансГаз Аймак» АҚ ШӨФ тарапынан табиғи газға қойылатын тариф құны 1 м3 үшін - 31,64 тг;
Шымкент қаласын басқа қалалармен салыстырғанда:
Жеке тұлға- 32,64 тенге/м3 (4 орын)
Заңды тұлға- 36,97 тенге/м3 (4-орын)
Әлеуметтік нысандар- 37,30 тенге/м3 (5-орын) . Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № 32-1-32/4065 хатымен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның газбен жабдықтау қызметі бойынша жаңадан     IX тобы яғни, мемлекеттік атаулы әлеуметтік және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыстық тұтынушылар (тұрғындар) үшін төмендетілген баға бекітілген.
Атап айтқанда, Шымкент қаласы бойынша халыққа 1 текше метріне газдың бағасы 32,64 теңгені құраса, атаулы әлеуметтік немесе тұрғын үй көмегін алатын тұтынушылар үшін баға 26,11 теңгені құрайды немесе -20% төмен. Осыған орай, тұрғындарда жоғарыдағы құжаттар болған жағдайда «КазТрансГаз Аймак» АҚ ШӨФ -на өтініш білдіру қажет.


5.         Сұйытылған мұнай газы - 55-60 тг/литр.

М.Исахов, Р.Мыңбаев, М.Ердембеков

28

КЕМЕЛБЕКОВА  Дина «Достық» шағын ауданы

2014 жылы жер кезегіне тұрдым. Қашан жер беріледі? 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.03.2015 жылғы «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларын бекіту туралы» №255 бұйрығына сәйкес, бөліп беруге арналған алаңдардың болмауына байланысты 30.05.2001ж. К-2702 санды өтініші негізінде арнаулы есепке алынып, жалпы тізімдегі №1 санымен кезекте тіркелген.Аталған заңнамада арнайы жеке бағдарламалар қарастырылмағандықтан, азаматтардың өтініштері тек ғана кезектілік ретімен, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін табыстау аймақтардың нақты жоспарлау жобалары дайындалып, бөлінетін жерлердің инженерлік инфрақұрылым жүйелері жүргізіліп, арнайы алаңшалардың дайындалуына қарай қанағаттандырылады.

М.Исахов, Р.Мыңбаев, Ж.Өтебаева

29

КЕМЕЛБЕКОВА  Дина «Достық» шағын ауданы

Тұрғындар өздері үй салып алған жер телімдерінің құжаттарын заңдастырып беруіңізді сұраймын.

Қазіргі таңда басқарма мамандарымен және азаматша Д.Кемелбекова қатысуымен аталған аумақта зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Достық шағын ауданында орналасқан 50-ден аса салынған құрылыстары аяқталмаған үйлер анықталған. Аталған құрылысы аяқталмаған үйлердің жер учаскелері мемлекет меншігінде болып табылады. Соған қарамастан қала тұрғындары Достық шағын ауданындағы заңсыз салынған үйлерді заңдастырып беруді сұрап жүрген 52 азаматтар арызданған.
Заңда азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңмен қорғалатын мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiруге әкеп соққан, күш қолданып не оны қолдану қатерін төндіріп жасалған немесе адамдар тобы жасаған немесе заңсыз тiнтумен ұласқан бөтен жер учаскесiне заңсыз кіріп кету, сол сияқты бөтен жер учаскесiн заңсыз басып алу екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Достық шағын ауданы қала аумағына жаңадан қосылған аумақ болып табылмайды. Сондықтан, жоғарыда аталған іс-шара жоспарының тізбесіне енбейді. Мемлекет меншігіндегі жерлерге өз бетінше басып алу фактілері соңғы 1-2 жыл көлемінде байқалып, аталған факті бойынша ҚР қолданыстағы Заңнамасына сәйкес құқық қорғау органдары тарапынан тиісті процессуалдық шешімдер қабылдау үшін ұсынылды.

М.Исахов, Р.Мыңбаев, Е.Нұразханов

30

КЕМЕЛБЕКОВА  Дина «Достық» шағын ауданы

Д.Қонаев даңғылы жалғасының құрылысын жүргізуге 21,78 сотық жері мен тұрғын үйін мемлекет мұқтажына алуға жүргізілген бағалау құнымен келіспеймін, Қайта қарауды сұраймын.

ҚР Жер кодексінің 84 бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңынынң 6-тарауына, Шымкент қаласы Бас жоспары негізінде және мемлекеттік маңызы бар нысан құрылысын салу бойынша мемлекеттік қажеттерге байланысты Кемелбекова Дина Колбаевнаның Шымкент қаласы, Әйтеке би көшесі, №7/1 алаңы 0,2078 га, кадастрлық №22-328-018-082 санды жер учаскесінің мемлекеттік мұқтажы үшін алып қою туралы Шымкент қаласы әкімдігінің 19.02.2020 жылғы №369 санды қаулысы қабылданған.
ҚР Мемлекеттік мүлік туралы Заңының 67-бабының 2 тармағына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің, сондай-ақ жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүліктің құны жер учаскесіне құқықтардың туындау негіздеріне қарамастан, олардың нарықтық құны мөлшерінде айқындалады.
Осыған байланысты, «Бағалау және сараптамасы» ЖШС-нің бағалау есебіне сәйкес жауапкердің  Шымкент қаласы, Әйтеке би көшесі, №7/1 алаңы 0,0,2078 га, кадастрлық №22-328-018-082 санды жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүліктің (тұрғын үй) құны 39 848 760 теңге болып бағаланған.
Меншік иесі ұсынылған бағалауға келіспеуіне байланысты Әл-Фараби аудандық сотына талап-арыз берілген. Сот ұйғарымымен сот құрылыс-тауартану сараптамасы тағайындалып, 2021 жылғы 8 желтоқсан №4030 санды қорытындысымен нарықтық құны 46 473 976 теңге деп анықталған. Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының 2022 жылғы 28 қаңтардағы №5211-21-00-2/2368 шешімімен Жауапкер Дина Колбаевна Кемелбековаға Шымкент қаласы, Милицей көшесі, №7/1 мекен-жайында орналасқан алаңы 0,2078 га, кадастрлық №22-328-018-082 санды жер учаскесі жылжымайтын мүлкімен (тұрғын үй) бірге мемлекет мұқтажы үшін жалпы құны 46 473 976 (қырық алты миллион төрт жүз жетпіс үш мың тоғыз жүз жетпіс алты) теңге төленіп, мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылған. Алайда сот шешімімен келіспей апельяциялық сотқа талап арыз беріп Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы 30.06.2022 жылғы №2а-592/2022 санды шешімімен 46 619 576 теңге өтемақы төленім мемлекет мұқтаждығына мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы сот шешімі шыққан.

М.Исахов, Р.Мыңбаев, Е.Нұразханов

31

Аты жөні белгісіз Д.Қонаев даңғылы №63 үйдің тұрғыны

Д.Қонаев даңғылы №63 көпқабатты тұрғын үйге былтырғы жылы жаңа лифт орнатуға өтінім бердік. Ешқандай шара қабылданбады. 

2022 жылы лифтісі ауыстырылатын көпқабатты үйлердің тізіміне енгізілген. Техникалық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Тұрғындардан жеделсатыны ауыстыруға келісім хаттамасы алынды. 2023 жылы бюджеттен қаржы қаралған жағдайда жедел саты ауыстырылатын болады.

М.Исахов, Р.Мыңбаев, Ж.Өтебаева

32

Айдар Тәуке хан даңғылы №32 үй басқарушысы

А.Байтұрсынов және Тәуке хан даңғылындағы аяқжол плиткалары тайғанақ. Қазыбек би көшесіне дейін ауыстыруды сұраймын.

А.Байтұрсынов және Тәуке хан даңғылындағы аяқжол плиткаларының бетіне толығымен жоңу жұмыстары жүргізілді

М.Исахов, М.Қоқанбаев

33

Айдар Тәуке хан даңғылы №32 үй басқарушысы

Нұрлы жер бағдарламасы аясында тұрғын үйді жаңғырту бойынша сұраныс жолдаған. Әлі жауап келмеді. Шара қолдануларыңызды сұраймын. 

ҚР Тұрғын үй қатынастары туралы заңының 10-3 бабының 2-тармағы, 8 тармақшасына сәйкес, 8) жергілікті атқарушы орган жергілікті бюджет қаражаты болған кезде елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы делінген.
Осы ретте,  Әл-Фараби ауданының ұсынысына сәйкес, Тәукехан даңғылы, №32 көппәтерлі  тұрғын үйлер бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған қасбеттерін, шатырларын жөндеуді қажет ететін үйлердің тізбесіне енгізілген.
Жоғарыда аталған негізінде, бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған жөндеу жұмыстары үшін жергілікті бюджеттен қаржы қарастыру тетігі қалыптасқан жағдайда, бюджеттік өтінім ұсынылатынын хабарлаймын.

М.Исахов, Р.Мыңбаев, Ж.Өтебаева

34

СИҚЫМБАЕВА  Жанат Шымкент қаласының тұрғыны

2016 жылдан бері үй кезегінде тұрамын. Маған әлі үй берілмеді. Көптеген тұрғындар үй алып, жалдамалы пәтерге беріп қояды. Неге тексермейсіздер (балалары тіпті қалада оқымайды)?

Ж.Сихимбаева қалалық тұрғын үйге мұқтаж халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы тізімінде  толық емес отбасы ретінде 04.04.2016 жылдан бастап, тіркелген. Бүгінгі таңда кезек №3430.       ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы»  Заңының       67,74 - баптарына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй кезек арқылы беріледі.

М.Исахов, Р.Мыңбаев, Ж.Өтебаева

35

СИҚЫМБАЕВА  Жанат Шымкент қаласының тұрғыны

Автобустарда кондукторлар неге қолма-қол ақша алады? Оларды бақылайтын  контроллер шығармайсыздар, сағат 20:00 кейін қоғамдық көлік жүрмейді.

Қоғамдық көлік жұмысын бақылау мақсатында әкімшілік мамандар және тұрғындардың қатысуымен бақылау жұмыс тобы құрылды. Бұл топ тікелей кондукторлардың қызметін және автобус тазалығында тексеретін болады. Сонымен қатар, қоғамдық көліктердің 21:00-ге дейін қызмет көрсетуі тікелей GPS-трекерлер арқылы «Диспетчерлік орталық» КММ тарапынан бақылауға алынған. Егер қоғамдық көлік жұмысын ерте аяқтаған жағдайда тасымалдаушы компанияға тиісті шаралар қолданылатын болады.

М.Исахов, М.Қоқанбаев

36

АРЫСТАНОВ Шерхан Жолбарысович ТӨРЕБЕК Күндебек  (1) Шымкент қаласының тұрғыны

Орталық саябақтағы шахмат клубы жабылған соң ардагерлер далада қалды. Ардагерлерге шахмат клубын ашып, әжетхана  және турникет орнатып беруді сұраймын. 

«Оқушылар сарайынан» ардагерлердің бос уақытында шахмат ойнауына 2 бөлме ұйымдастырылды. 

Е.Білісбеков, Р.Мыңбаев, Б.Нарбекова, Б.Тұманбаев

37

Қажылыққа баруға қаржылай көмек беруді сұраймын.

Қазақстан Республикасындағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес жеке тұлғаларға қаржылай, әлеуметтік көмек көрсету туралы жергілікті бюджет есебінен, яғни Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты тарапынан қарастырылмағандығын назарыңызға жеткіземіз. Сондай-ақ, алдағы уақытта қажылыққа жіберуге демеушілер табылған жағдайда қосымша хабарлаймыз.

Р.Мынбаев

38

ОСПАНОВ Мамыр                   1 Көксай көшесінің төрғыны

«Көксай» көшесін жарықтандырып беруді сұраймын.

«Көксай» көшесін жарықтандыру 2023жылдың жоспарына енгізілген.

М.Исахов,  М.Ердембеков

 

ОСПАНОВ Мамыр                   1 Көксай көшесінің төрғыны

«Көксай» көшесіне   аяқжол салып беруді сұраймын.

Көксай көшесіне аяқжол салу 2023 жылдың жол жөндеу жоспарына енгізілді.

М.Исахов, М.Қоқанбаев

39

Жители ул.Жангелдины, №32

Наш двор состоит из семи домов, но имеет только один вьезд. Просим провести еще один сквозной вьезд, а также благоустроить двор.

В целях проведения работ по благоустройству двора и установки детских игровых элементов в текущем году выделены средства из бюджета. А также по результатам конкурса государственных закупок заключен договор с потенциальным поставщиком ТОО «NEW LEVEL». В настоящее время работы по благоустройству двора проведены и установленная детская игровая площадка сдана в эксплуатацию жителям. В целях проведения  дополнительного сквозного въезда в указанный двор, аппаратом акима Аль-Фарабийского района направен запрос №28-03-06/1274 от 3 июня 2022 года  в Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог г.Шымкент о рассмотрении возможности решения данного вопроса. Специалистами Аль-Фарабийского района совместно со специалистами Управления пассажирского транспорта и автомобильных дорог было проведено обследование на возможность проведения  дополнительного сквозного въезда в указанный двор, по результатам которого выяснилось,  что проведение  вышеуказанного въезда не является возможным.

Р.Мынбаев

40

НЫСАНБЕК Нарбек

Почему у нас нет саморазвивающие клубы для молодежи? Какую работу в этом направлении проводит акимат.

Коммунальное государственное учреждение «Молодежный ресурсный центр» управления внутренней политики и поделам молодежи города Шымкент (далее – Ресурсный центр) является учреждением, осуществляющим информационно-методическое, консультационное сопровождение и поддержку молодежных инициатив, мониторинг и анализ ситуации в молодежной среде. Ресурсный центр проводит работу с молодежью через реализацию молодежных проектов и программ, неформальное образование, поддержку инициатив и консультационную поддержку молодежи, и созданиеоткрытогопространствадлясаморазвитиямолодежи. Планирование и осуществление деятельност иресурсного центра основывается напотребностях и интересах молодежи и молодежных организаций. Деятельность ресурсного центра осуществляется в зданиях Ресурсного центра и в местах массового скопления молодежи.
На страницах @shymqalazhastary в социальных сетях регулярно публикуется информация о программах для молодежи и проводимой работе.
С 2021 года в четырех районах города Шымкент открыты отделения «Молодежного ресурсного центра».

Центр работает по 5 основным направлениям:
I-оказание услуг молодежам;
ІІ-поддержка талантливой молодежи;
ІІІ-коворкинг центр;
IV-мини-библиотека;
V-психологическое консультирование;
Адреса центров:
Абайский район: ул. Кремлевская №38/2;
Аль-Фарабийский район: п. Туркестан №1;
Енбекшинский район: Терискей №36;
Каратауский район: мкр. Нурсат №200/18.
А так же, в молодежных ресурсных центрах с начала года действуют следующие кружки по различным направлениям:
- Танцевальный кружок;
- Кружки домбры, гитары;
-Гончарно-гончарный кружок;
- Дебатный клуб;
- Кружок по настольному теннису;
- Курс мобилографии;
- Кружок языков;
- Книжный кружок «Book club» ;
- Танцевальный кружок «театр модельной моды».

Ш.Мұқан, Р.Мыңбаев, М.Шотанов

41

ХАЛКОЗОВ Ардақ Әлімқұлов көшесі, №2 үй

Аулаға бейнебақылау камерасын орнатуды сұраймын.

Үйлердің ауласына бейнебақылау камерасын орнату бойынша бюджеттен қаржы қарастырылмағандықтан, «Қазақтелеком» АҚ-на немесе басқа да жекеменшік қызмет көрсетіп жүрген мекемелерге өтініш беру арқылы және өзіңіздің тарапыңыздан бейнебақылау камерасын орнатуға болатынын хабарлаймыз.

Р.Мынбаев

42

ХАЛКОЗОВ Ардақ Әлімқұлов көшесі, №2 үй

Әлімқұлов көшесі №7-12 үйдің аумағына  сапасыз спорт алаңшасы орнатылды. Элементтер мен  орындықтардың барлығы сынып қалды. Сапалы орнатуды сұраймын.

Аудан аумағында орналасқан Төле би көшесі №12, 12б, Әлімқұлов көшесі №2 көп қабатты тұрғын үйлердің ауласында 2020 жылы ашық спорт алаңшасын жөндеу жұмыстары жүргізілді. Анықталған кемшіліктерді ретке келтіру бойынша мердігер мекемеге 2022 жылдың 11 сәуірдегі №28-03-01/800 хатпен тапсырма берілді. Жауапты мердігер тарапынан сынған орындықтар ретке келтірілді. Сонымен қатар, Әлімқұлов көшесі №7а көп қабатты тұрғын үй аумағында тозығы жеткен элементтерді жаңарту мақсатында Халық қатысатын бюджет жобасы аясында 2023 жылға ұсынылған.

Р.Мынбаев

43

ХАЛКОЗОВ Ардақ Әлімқұлов көшесі, №2 үй

Аулада шөп орылмаған, ағаштар әктелмеген.

Аудан аумағында шөп ору жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Бүгінгі күнге Әлімқұлов көшесі №2 көп қабатты тұрғын үйдің ауласындағы ағаштарға санитарлық қырқу жұмыстары жүргізіліп, ағаштардың түбі әктелді.  Аулада шөп ору жұмыстары толығымен атқарылды.

Р.Мынбаев

44

ХАЛКОЗОВ Ардақ Әлімқұлов көшесі, №2 үй

«Қырғы базар» аялдамасы үнемі суға толып тұрады. Ретке келтіруді сұраймын.

«Қырғы базар» аялдамасын талапқа сәйкестендіру және орын алған кемшіліктерді қалпына келтіру мақсатында 2023 жылдың жұмыс жоспарына енгізілді.

М.Исахов, М.Қоқанбаев

45

ХАЛКОЗОВ Ардақ Әлімқұлов көшесі, №2 үй

Ауладағы бір жарықтандыру бағанасы жанбайды.

Әлімқұлов көшесі, №2 үйдің ауласындағы істен шыққан жарық шамдары ауыстырылды. Бүгінде аула тұрақты жарықтандырылып, жұмыстар бақылауға алынды.

М.Исахов, М.Ердембеков

46

ХАЛКОЗОВ Ардақ Әлімқұлов көшесі, №2 үй

Аулада жабайы иттер көбейіп кетті. Балалардың қауіпсіздігін сақтау үшін жабайы иттерді жоюды сұраймын.

Ауыл шаруашлығы және ветеринария басқармасына қарасты «Ветеринариялық қызмет» МКК-ның ит аулау бригадасына аталған мекен-жай бойынша тапсырама берілді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесін ағымдағы жылдың 31 ші мамырына дейін  аталған мекен-жай бойынша 13 қаңғыбас ит-мысық ауланып, уақытша оқшаулау орталығына жеткізілді.
Алдағы уақытта қаңғыбас ит-мысықтарды аулау мәселесі бойынша 8(7252)-45-05-05, 45-05-22 немесе 45-05-18 байланыс нөмірлеріне  хабарласып, өтініш қалдыруыңызға болады.

А.Сәттібаев, Р.Мыңбаев, А.Жанбатыров

47

ХАЛКОЗОВ Ардақ Әлімқұлов көшесі, №2 үй

Аула сыпырушылардың жалақысы аз. Бүгінде мердігер мекеме анықталмауына орай, қаламыз ластанып қоқысқа толып кетті. Шара қабылдауыңызды сұраймын.

Қазіргі таңда, аудан аумағындағы басты көшелердің санитарлық тазалық жұмыстары «Build stroi» ЖШС тарапынан, аулалар мен көшелерді тазалау жұмыстары «Жасыл ел» ЖШС тұрақты түрде жүргізілуде. Аталған жұмыстар аудан әкімі аппаратының тұрақты бақылауында болады.

Р.Мынбаев

48

ШОЛАНОВА Раушан ЖұмабекқызыТерешкова көшесі 10а/4а үй

114 қоғамдық көлігінің санын көбейтуді немесе бұрынғы кестесін қалпына келтіруді сұраймын. А.Байтұрсынов көшесіндегі емханаға бара алмай қиналудамыз.

Қаламыздың кешенді схемасына сәйкес Терешкова көшесі аумағы арқылы №114, №52, №57, №72 автобус маршруттарының жұмысы ұйымдастырылған. Ал Байтұрсынов көшесіне ауысып отыру мүмкіндіктері қаралған. Тұрғынға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

М.Исахов, М.Қоқанбаев

49

ШОЛАНОВА Раушан ЖұмабекқызыТерешкова көшесі 10а/4а үй

Қоғамдық көліктер бір-бірімен жарысып жүреді. Қатаң бақылауға алуды сұраймын.

Қоғамдық көліктердің жұмысы GPS-трекерлері арқылы «Диспетчерлік қызмет орталығы» МКМ-сі тарапынан тұрақты бақылануда. Айта кетейік, қала көшелеріндегі қауіпті орындарға «Сергек» бейнебақылау камералары орнатылып, көліктердің жылдамдығы бақылауға алынған.

М.Исахов, М.Қоқанбаев

50

ТОЛЫБАЕВА Қыздаркүл БеркінбайқызыРеспублика даңғылы

Тұрғындардың жағдайын жақсартуға бағытталған әлеуметтік жоба дайындадым. Жобаны материалдық, практикалық тұрғыда көрсетемін. Қолдау көрсетуіңізді сұраймын.

Өтініш иесімен байланысып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар мен жобаларды жүзеге асырудың заңдылықтары түсіндірілді.
Әлеуметтік жобаларды қаржыландыру Қазақстан Республикасының                 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы аясында ұйымдастырылады.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы №18 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингі және бағалау қағидаларына сәйкес ұсынылатын жобалар көпшілік талқылауға түседі.
Талқылаудың нәтижесінде оң қорытынды алған әлеуметтік жобалар Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты салалық басқармалар тарапынан ҮЕҰ-ды қолдау мақсатында өткізілетін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы конкурстар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік сатып алу порталы арқылы ашық жарияланады.
Қазіргі таңда, өтініш иесі әлеуметтік жоба бойынша тиісті құжаттарды өткізген жоқ.

Ш.Мұқан, Р.Мыңбаев, М.Шотанов

51

ТАЙЖАНОВА Мадина Алиханқызы Рысқұлбеков көшесі №2, 49 пәтер

№2 көпқабатты үйде 217 бала бар, аулада балалар ойын алаңшасы жоқ. Ильяев көшесі №14, 17 үйдің тұрғындары өз ауласына балаларымызды жолатпайды. Құқық бұзушылыққа дейін барып жатырмыз. Орындықты жылжытып, ойын алаңшасын жасап беруіңізді сұраймын.

Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты тарапынан ағымдағы жылы Қ.Рысқұлбеков көшесі №2 көп қабатты тұрғын үйдің ауласында абаттандыру және балалар ойын элементтерін орнату жұмыстарын «STRONG SERVICE» ЖШС тарапынан жүргізіліп, ойын алаңшасы тұрғындар пайдалануына берілді.

Р.Мынбаев

52

ТАЙЖАНОВА Мадина Алиханқызы Рысқұлбеков көшесі №2, 49 пәтер

«Мадлен» кондитері мен Ильяев көшесі №14, 17 үйдің ауласында қоқыс алаңшасы жоқ. Барлық қоқысты біздің ауламызға тастап кетеді. Оларға бөлек қоқыс алаңшасын орнатып беруді сұраймын.

Қ.Рысқұлбеков көшесі 2 үйдің ауласында 6 қоқыс жәшігі және Ғ.Ильяев көшесі 25а үйдің ауласында 2 қоқыс жәшігі орналасқан. Аталған аумақтағы халық санына сәйкес тұрғын үйлердің ауласына қоқыс жәшіктері орнатылған. Басқа орынға қоқыс жәшігін орнатуға мүмкіншілік жоқ екенін мәлімдеймін.

Р.Мынбаев

53

Айжан                     Жангелдин көшесі, №16

4 подъезді үйдің 3 подъезді барлығы тәуліктік пәтерге жалға беріледі. Үйдің сыртына «Hotel» деп жазып қойған. Тұрғындардың мазасын алуда. Олардың қызметіне рұқсат берілгенін бе, заңдылығын тексеруді сұраймын.

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI «ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ» Кодексінің 10-бабына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тиісінше сақтауға қатысты дәрілік заттар, медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органның құзіретіне кіретіндіктен, Сіз Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 82 мекенжайы бойынша, Шымкент қаласы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментіне жүгінуге құқылысыз.

Ш.Мұқан, Р.Мыңбаев, Қ.Дәлбеков (келісімі бойынша)

54

Айжан                   Жангелдин көшесі, №17

Үйдің жертөлесінде «Рецепт» дәріханасы медициналық құралдарын қойылған. Тұрғындарға қауіп төндіруде, қызметін қадағалауыңызды сұраймын.

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI «ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ» Кодексінің 10-бабына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тиісінше сақтауға қатысты дәрілік заттар, медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органның құзіретіне кіретіндіктен, Сіз Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 82 мекенжайы бойынша, Шымкент қаласы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментіне жүгінуге құқылысыз.

Ш.Мұқан, Р.Мыңбаев, Қ.Дәлбеков (келісімі бойынша), Н.Асылбеков

55

САЙРАНБАЕВ С.М.             Сапақ датқа көшесі 2, 11 пәтер                 Тел:8 701 711 57 52

Тәуелсіздік саябағы  тазаланбайды субұрқақ істемейді. «Шаңырақ» монументі қирап тұр. Қашан реттеледі?

Оқиға күні

12 қаңтар 2023

Оқиға түрі

Кездесу