Шымкент қаласының әкімі М.Д.Әйтеновтің 2022 жылдың ІІI тоқсандағы есеп беру кездесулерінде берілген ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ


|
№ |
Аты жөні, мекен жайы |
№ |
Ұсыныс, ескертудің МАЗМҰНЫ |
Шешу жолдары |
Жауаптылар |
|
АБАЙ АУДАНЫ |
|||||
|
1. |
Сағындықов Ербол |
1. |
«Құрсай» ш.а. ауыз су жүйесінің құрылысын сапалы жүргізіп, мерзімінде аяқтауды сұраймын. Сонымен қатар, құрылыс барысында көшенің асфальт қабаты зақымданды, қайта қалпына келтіруді сұраймын. |
Мердігер «Риголит» ЖШС-нің магистралды суаққы мен ішкі орамдық ауыз су жүйелерінің құрылысын (1,2 кезек) жүргізуде бүлінген жолдың асфальт қабатын 2022 жылдың қазанына дейін қайта қалпына келтіру |
М.Исахов, Б.Парманов, Б.Булатбеков, Е.Жолдасов |
|
2. |
«Құрсай» ш.а. мемлекеттік электр желілерінің құрылысы жүргізілді. Алайда, ескі бағаналар мен сымдар алынбады. Қашан алынады? |
«ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС инвестициялық бағдарламасы аясында ескі электр бағаналарын 2022 жылдың қарашасына дейін демонтаждау жүргізу
|
М.Исахов, Б.Парманов, Б.Булатбеков |
||
|
2. |
Байжанов Бастархан |
3. |
«Қызылжар» ш.а. жаңадан салынып жатқан емхананың құрылыс жұмыстары қашан аяқталады, қашан пайдалануға беріледі? |
Емхананың сот процестеріне қатысты мәселелері бойынша шешімдер қабылдау. Мәселе түпкілікті шешілгенге дейін «Шұбарсу Медикал» ЖШС-не жақын орналасқан ғимаратты жалға алып, медициналық қызметтер көрсету. |
Ш.Мұқан, Б.Парманов, Н.Асылбеков |
|
3.
|
Шынболатов Құттыбек
|
4. |
№54 мектепке баратын Сүйінбай көшесіндегі көпір жанына жарық шам орнатып беруіңізді сұраймын.
|
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында 2021-2023 жылдары жарықтандыру жоспарына сәйкес, нысанды 2023 жылдың жұмыс жоспарына енгізу |
М.Исахов, Б.Парманов, Б.Булатбеков |
|
5. |
Аудан әкімінің шағын ауданға келіп, халықпен кездесуін сұраймын. |
Аудан әкімінің шағын аудандар мен тұрғын алаптарды аралап, халықпен кездесу кестесін әзірлеу. Кесте бойынша тұрақты кездесулер ұйымдастыру |
Б.Парманов |
||
|
4.
|
Газиев Ергеш 8 701 565 68 72 |
6. |
«Қатынкөпір» ш.а. Сыпырған ата мен С.Рахимов, Юсупов пен Қазына көшелерінің қиылысына бағдаршам орнатып берулеріңізді сұраймын. |
Юсупов көшесіне күрделі жөндеу жұмыстарының (жобада бағдаршам орнату қарастырылған) жобалық сметалық құжатын әзірлеу, 2023 жылы құрылыс жұмыстарын жүргізу |
М.Исахов, Б.Парманов, Е.Жолдасов |
|
7. |
«Қатынкөпір» ш.а. Е.Тойғанбаев көшесіне және мектепке баратын көшелерді жарықтандырып беруіңізді сұраймын. |
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында 2021-2023 жылдары жарықтандыру жоспарына сәйкес, Тойғанбаев көшесі және мектепке баратын өзге де көшелерді 2023 жылы жарықтандыру |
М.Исахов, Б.Парманов, Б.Булатбеков |
||
|
5. |
Мырзақасым |
8. |
«Жаңаталап», «Көкбұлақ» тұрғын алабында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін «Бадам» өзенінен канал салып, су беруіңізді сұраймын. |
Каналдарды дамыту жоспарына сәйкес 1.09.2022ж. дейін ұсыныс енгізіп, орындау бойынша нақты шаралар қабылдау
|
Е.Білісбеков, Б.Парманов, М.Абдукадиров |
|
6. |
Исмаилов Бегайдар |
9. |
Алпамыс көшесінде 1,2 гектар бос жер бар. Осы орынға бастауыш мектеп салып беруіңізді сұраймын. |
Жер теліміне зерделеу жүргізіп, мектеп салу мәселесі бойынша ұсыныс енгізу |
Ш.Мұқан, Б.Парманов, Ж.Тажиева |
|
10. |
№87 мектеп жанында 1,2 гектар жер бар екен. Осы жерге ардагерлер демалатын орын жасап берсеңіздер? |
«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған «Аманат» партиясының сайлауалды бағдарламасының Шымкент қаласы бойынша бекітілген жол картасына сәйкес, 2023 жылы Абай ауданында «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығын» ашу. Орталықта ардагерлер мен зейнет жасындағы азаматтарға қызмет көрсету шараларын ұйымдастыру |
Е.Білісбеков, Б.Парманов, Б.Нарбекова |
||
|
7. |
Тасболатова Лаззат |
11. |
1 мамыр көшесіндегі №29 (барлығы: 8 пәтер) ескі екі қабатты тұрғын үйді ренавация бағдарламасы бойынша жаңартып берулеріңізді сұраймын. |
Тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Тұрғын үйді ренавация бағдарламасы аясында жаңарту бойынша 1.09.2022ж. ұсыныстар енгізіп, нақты шаралар қабылдау |
М.Исахов, Б.Парманов, Ж.Утебаева |
|
8. |
«Ынтымақ» №585 үйдің тұрғындары, Ізтілеуова Алия, Джусупова Гүлжахан |
12. |
«Ынтымақ» ш.а. 585 тұрғын үйлердің құжаттарын заңдастырып берулеріңізді сұраймын. |
Қолданыстағы заңнама шеңберінде тұрғын үйлердің құжаттарын заңдастыру бойынша шараларды ұйымдастыру |
М.Исахов, Б.Парманов, Е.Нұразханов |
|
9. |
Асылбеков Жандарбек «Самал-3» ш.а. тұрғыны |
13. |
«Самал-3» ш.а. аялдамалардың сапасы сын көтерімейді, алдыңғы кездесуде жаңасы орнатылатынын және автожолдарға орташа жөндеу жүргізілетінін айттыңыздар. Бір-ақ осы уақытқа дейін аялдама қою да, жол жөндеу жұмыстары да жүргізілмеді. Мәселе қашан шешіледі? |
Аялдамалар қажет ететін орындарды зерделеп, 2022 жылдың ққазанына дейін аялдамалар орнату. Орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша ағымдағы жылы жобалық сметалық құжаттар әзірлеу. Көшелерге 2023 жылы ағымдық жөндей жұмыстарын жүргізу |
М.Исахов, Б.Парманов, Е.Жолдасов |
|
10. |
Ізтілеуова Әлия Керімбекқызы, «Ынтымақ» ш.а. н/з үй. 8702-419-7168 |
14. |
«Ынтымақ» ш.а. көшеге ауыз су жүйелерінің құрылысын жүргізуде 8 үй қалып кетті. Жобаға енгізіп, ауыз су жүйелерін жүргізіп беруіңізді сұраймын. |
Жобадан қалып кеткен 8 үйге зерделеу жүргізіп, нәтижесі баяндалсын. 2022 жылдың қарашасына дейін ауыз су жүйелеріне қосу шаралары қабылдансын. |
М.Исахов, Б.Парманов, Б.Булатбеков |
|
11. |
Нұрымбет Бақытгүл |
15. |
Жеке қабылдауыңызды сұраймын. |
Жеке қабылдауға шақыру |
А.Сарсеева, Г.Жұматаева |
|
12. |
Борымбекова Раушан |
16. |
«Солтүстік батыс» ш.а. «Бестерек» және «Алтын арық» тупигіне шағал тас төсеп берсеңіздер |
2021-2023 жылдар аралығындағы іс-шара жоспарына сәйкес, 2023 жылы Бестерек, Алтын төбе көшелерін асфальттау |
М.Исахов, Б.Парманов, Б.Булатбеков |
|
13. |
Сарбайұлы Мейржан |
17. |
112 орамның бір бөлігіне (4 шағын аудан аумағы) кәріз жүйесі жүргізілмей, жобадан қалып кетті. Осы бөлікті кәріз жүйесіне қосу мүмкіндігін қарастыруыңызды сұраймын. |
Жобадан қалып кеткен 8 үйге зерделеу жүргізіп, нәтижесін баяндау. 2022 жылдың қарашасына дейін кәріз жүйелеріне қосу шаралары қабылдау |
М.Исахов, Б.Парманов, Б.Булатбеков |
|
14. |
Байысбаева Жазира |
18. |
Құрсай ш.а. Ақбата көшесіне асфальт төсеп берулеріңізді сұраймын. |
2021-2025 жылдар аралығындағы іс-шара жоспарына сәйкес, 2025 жылы Ақбата көшесін асфальттау жұмыстарын жүргізу |
М.Исахов, Б.Парманов, Е.Жолдасов |
|
15. |
Нуртаев Жанболат |
19. |
«Көмешбұлақ» базарындағы автотұрақтың жұмысы қадағаланбайды. Көліктер бей-берекет қозғалып, қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Тұрақ аумағындағы көпқабатты үйлердің аумағын қоршауды немесе автотұрақты қала сыртына көшіруді сұраймын. |
Көпқабатты тұрғын үйдің аумағын қоршау бойынша ұсыныстар енгізілсін. Автотұрақтың қызметіне зерделеу жүргізіп, қорытындысы бойынша нақты шаралар қабылдау |
М.Исахов, Б.Парманов, Е.Жолдасов |
|
20. |
«Көмешбұлақ» базары мен базар аумағындағы көпқабатты үйлер электр жарығын бір ғана трансформатордан алады. Сапасы өте төмен. Тұрғын үйлерге арнайы трансформатор орнатып беруіңізді сұраймын. |
«ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-мен бірлесіп, «Көмешбұлақ» базары аумағындағы көпқабатты үйлердің электр қуатының кернеуін көтеру шараларын қабылдау |
М.Исахов, Б.Парманов, Б.Булатбеков |
||
|
16. |
Әлманова Қарлығаш |
21. |
«Ақтас-2» ш.а. интернетпен қамтамасыз етулеріңізді сұраймын. |
Шағын ауданға базалық станция қою мәселелесін қарастырып, жылдың соңына дейін тұрғындарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету |
М.Исахов, Б.Парманов, Ә.Абдраханов |
|
22. |
«Ақтас-2» ш.а. бала-бақша ашып беруді сұраймын. |
«Ақтас-2» ш.а. жеке инвесторлар есебінен салынатын бала-бақшаның құрылысын мерзімінде аяқтап, пайдалануға табыстау |
Ш.Мұқан, Б.Парманов, Ж.Тажиева |
||
|
23. |
№147 бағыттағы жиі бұзылып, автобустың қозғалысының интервалы 1 сағаттан ұзап кетеді. Автобустардың кесте бойынша бекітілген графикпен жүруін қадағалауларыңызды сұраймын.
|
«Т-Бас» тасымалдаушы компаниясына тиісті №147 автобус маршруттың саны және аралық жиілігін тікелей бақылауға алу, тұрақты жүруін қамтамасыз ету |
М.Исахов, Б.Парманов, Е.Жолдасов |
||
|
17. |
Жанбуршин Жолдасбек, Жұматаева Гүлжанар
|
24. |
Өткен кездесуде «Нұршуақ» ш.а. мектеп салу мәселесін көтерген едік. Сол мектептің құрылыс қашан басталады екен?
|
Жеке инвесторлар есебінен салынатын мектеттің құрылысын мерзімінде аяқтап, пайдалануға табыстау |
Ш.Мұқан, Б.Парманов, Ж.Тажиева
|
|
18. |
Джумашев Сұлтанбек 560913300257 87018314291 |
25. |
«Достық» ш.а. 300 орындық жекеменшік «Жаннұр» мектебін салдым. Мектепті су, электр, газбен қамтамасыз етуді және мектепке жол салып беруіңізді сұраймын. Осы мәселе бойынша ЖТ-2022-02073935 хат жаздым. Жауап берілмеді. |
Жаңа оқу жылы басталғанға дейін мектепті су, электр, газбен қамтамасыз етуді және мектепке жол салу мәселелерін шешу |
М.Исахов, Б.Парманов, Б.Булатбеков, Ж.Тажиева |
|
19. |
Жазира |
26. |
Есенов көшесіне орнатылып жатқан аяқ жол бөлініп, жолдың қарсы бетіне орнатылуда. Тротуар бөлмей, бір бағытта үзіліссіз жүргізуді сұраймын. |
Мәселені зерделеп, тұрғынға нақты, дәйекті себептерін көрсете отырып түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
М.Исахов, Б.Парманов, Е.Жолдасов |
|
27. |
№138 қоғамдық көліктің жүру сызбасын бұрынғы қалпына келтіріп берулеріңізді сұраймын. |
Қоғамдық көліктің кешенді схемасын қайта қарап, тұрғындардың ұсынысын назарға алу. Жолаушылар ағынын ескере отырып автобус маршруттарын кеңейту бойынша ұсыныстар енгізу. |
М.Исахов, Б.Парманов, Е.Жолдасов |
||
|
20. |
Жұматаева Гүлжанар 87022534900 |
28. |
Балалардың мектепке қатынауы үшін №150 автобустың жүру қозғалысын «Нұршуақ» ш.а. дейін ұзартуды сұраймыз. |
№150 бағыттағы қоғамдық көлігінің бағытын «Нұршуақ» шағын ауданына дейін ұзарту мәселесін зерделеп, шаралар қабылдау. |
М.Исахов, Б.Парманов, Е.Жолдасов |
|
29. |
Бүгінде «Нұршуақ» ш.а. кіріп шығатын жол жоқ. «BI» компаниясы құрылыс жүргізіп жатқан аумақтан тікелей кіру-шығу орнын ашып беруіңізді сұраймын. Төлеметов көшесінің жалғасы «Нұршуақ» ш.а. арқылы өтеді деген еді. Осы жол қашан салынады? |
Мәселеге зерделеу жұмыстарын жүргізіп, қорытындысы бойынша ұсыныс енгізу. |
М.Исахов, Б.Парманов, Е.Жолдасов |
||
|
30. |
«Нұршуақ» шағын ауданында жүргізілген ауыз су жүйелерінің құрылысы сапасыз жүргізілді. Құдықтарға су жинақталуда, оған балалар шомылуда. Жұмыстарды бақылауға алуыңызды сұраймын. |
Мердігер «Бес Қара» ЖШС, су беруші мекеме «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК-ы бірлесіп ақауларды 2022 жылдың қазанына дейін ретке келтіру |
М.Исахов, Б.Парманов, Б.Булатбеков |
||
|
21. |
Дәулет |
31. |
Республикамызда аналогы жоқ «Іскер қала» пилоттық жобасы әзірленуде. Жобаны екінші дәрежелі банктер арқылы қаржыландыру бойынша көмек көрсетуге қолдау көрсетулеріңізді сұраймын. |
Инвестициялар тарту бойынша өңірлік ұйымдармен бірлесіп, ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсету, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді, сондай-ақ өзге де ұйымдар көрсететін басқа да қызметтерді көрсету арқылы сүйемелдеу шараларын қабылдау |
А.Сәттібаев, Б.Парманов, Б.Дүйсебеков |
|
22. |
Татьяна Викторовна, 8 701 390 14 30 |
32. |
Б.Момышұлы көшесіндегі №18 көпқабатты тұрғын үйге Сізді шақырамын. Келіп мәселелермен танысуыңызды сұраймын. Жеке қабылдауыңызды сұраймын. |
Б.Момышұлы көшесіндегі №18 көпқабатты тұрғын үйге аралау жүргізу, проблемалық мәселелерін шешу бойынша нақты шаралар қабылдау |
А.Сарсеева, А.Нұрмаханов, Г.Жұматаева |
|
23. |
Жұмабекова Ажар |
33. |
«Жаңа Тұрлан» шағын ауданындағы №636 көпқабатты тұрғын үйде лифт істемейді. Тұтынбаған қызмет үшін ай сайын төлемақы төлеудеміз. Лифт қызметін бақылауға алуыңызды сұраймын. |
Тұрғын үйдегі лифт, кәріз мәселелері бойынша зерделеу жүргізіп, ретке келтіру шараларын қабылдау |
М.Исахов, Б.Парманов, А.Бекбол |
|
34. |
№636 көпқабатты тұрғын үйдің кәріз жүйесі жарылды. Жертөлеге залалсыздандыру жұмыстарын жүргізулеріңізді сұраймын. |
Тұрғын үйдегі лифт, кәріз мәселелері бойынша зерделеу жүргізіп, ретке келтіру шараларын қабылдау |
М.Исахов, Б.Парманов, А.Бекбол |
||
|
35. |
Ұлым оқушы, №55 мектепке ауыстырып беруіңізді сұраймын. |
Мектеп ауыстыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
Ш.Мұқан, Б.Парманов, Ж.Тажиева
|
||
|
36. |
Ұлымды «Жаңа Тұрлан» шағын ауданындағы емхана есепке қабылдамауда. Бұрынғы емханам қызмет көрсетпейді. Ауыстырып беруіңізді сұраймын.
|
Емханаға тіркелу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
Ш.Мұқан, Б.Парманов, Н.Асылбеков
|
||
|
24. |
Серимбетов Мұхамедқали |
37. |
Жамалов Нұрлыбай көшесіне салынған асфальт жолдың сапасы нашар. Жол сапасын қадағалауыңызды сұраймын. Мазаратты жерін үлкейтсек |
ҚР ИИДМ «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» жүргізген сынамасына сәйкес, 4 см асфальтбетон қабатын қайта салу. Нысан бойынша орын алған кемшіліктерді ү.ж. қыркүйекке дейін толығымен қалпына келтіру |
М.Исахов, Б.Парманов, Е.Жолдасов |
|
25. |
Қорғанбаев Тоқтамұрат, «Қатынкөпір» ш.а., Әл-Фараби көшесі, №61 үй 8 701 408 72 37 |
38. |
«Қатынкөпір» ш.а. ардагерлерге арнап «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығын» ашып беруіңізді сұраймын. |
«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» 2021-2025 жылдарға арналған «Аманат» партиясының сайлауалды бағдарламасының Шымкент қаласы бойынша бекітілген жол картасына сәйкес, 2023 жылы Абай ауданында «Белсенді ұзақ өмір сүру орталық» ашу |
Е.Білісбеков, Б.Парманов, Б.Нарбекова |
|
26. |
Ербол 8 701 947 21 80, «Қазығұрт» ш.а. |
39. |
«Қазығұрт» ш.а. Түркістан көшесін (Оңдасынов-Бөгенбай батыр көшелерінің аралығы, ұзындығы 2 мың метр) жарықтандыруды сұраймын. |
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында 2024-2025 жылдары ішкі орам көшелерді жарықтандыру жобасына енгізу |
М.Исахов, Б.Парманов, Б.Булатбеков |
|
27. |
Жумакулова Жумакул, Гагарин көшесі 96-102 үйлердің төрайымы |
40. |
Гагарин көшесі №96 үйдің алдына жарық шамдар орнатылған. Бүгінде жарық шамдар жанбайды. Бақылауға алуыңызды сұраймын. |
Гагарин көшесі №96 үйдің алдындағы күйген жарық шамдарды ауыстырып, 1.09.2022ж. дейін жарықтандыру шараларын ұйымдастыру |
М.Исахов, Б.Парманов, Б.Булатбеков |
|
28. |
Таджибаева Орынша Кенжебековна 8 701 658 44 25 |
41. |
Жеке қабылдауыңызды сұраймын. |
Жеке қабылдауға шақыру |
А.Сарсеева, Г.Жұматаева |
|
29. |
Жалтенова Рабиға 8 778 334 19 55 |
42. |
Жеке қабылдауыңызды сұраймын. |
Жеке қабылдауға шақыру |
А.Сарсеева, Г.Жұматаева |
|
ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ |
|||||
|
1. |
МИРКАСИМОВ Кахраман Мирхаликович
«Ескі қала» аумағының орам басқарушысы
|
1. |
2021 жылы Хаят көшесіне бейнебақылау камерасы орнатылған еді. 3 ай бұрын аталған мекен-жайдағы бейне бақылау камерасын жөндеуге алып кетіп, бүгінгі күнге дейін қайта орнатылмады. Сізден бейне бақылау камерасын бұрынғы орнына қайта орнатуыңызды сұраймын. |
Хаят көшесіне бейнебақылау камерасын қазан айына дейін қайта қалпына келтіру |
М.Исахов, Р.Мыңбаев, Ә.Абдраханов |
|
2. |
Кенжехан Дүйсенбі
Оператор |
2. |
Володарский көшесі №1 және №10 көпқабатты тұрғын үйлердің аумағындағы қоқыс контейнері уақытылы тазаланбайды. Қадағалауыңызды сұраймын. |
«Шымкентспецкомплекс» ЖШС-нің қоқыс контейнерлерді тазалау жұмыстарын бақылауға алып, ретке келтіру |
Р.Мыңбаев
|
|
3. |
Володарский көшесі №10 және №1 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына балалар ойын алаңшасын орнатуға ықпал жасауыңызды сұраймын. |
Ұсынылған мекенжайдың егжей-тегжейлі жоспарда балалар ойын алаңшасына жер телімі қаралған. 1. Жер телімінің құқықтық құжаттарын әзірлеу – 01.10.2022ж. 2. Сметалық құжаттамасын әзірлеу – 01.11.2022 ж; 3. Құрылыс жүргізу – 31.05.2023; Пайдалануға беру – 01.09.2023ж. |
Р.Мыңбаев
|
||
|
3. |
СИБИРГАЕВА Канифа Гашиковна Қабанбай батыр көшесі №2а үй басқарушысы
|
4. |
Возле реки Кошкар ата стоят 2 бутики. Круглые сутки не дают спать. Прошу Вас убрать эти бутки |
Дүңгіршектің қызметінің заңдылығын анықтап, тиісті шараларды қабылдау |
Е.Білісбеков, Р.Мыңбаев, М.Абдукадиров |
|
4. |
РАХИЕВА Қарлығаш Кикимовна
Әлімбетов көшесі №45в үй басқарушысы |
5. |
«Отырар» телеарнасының жанынан белгісіз нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Жер астындағы кабельдерді шығарып, 15-20 метр биіктікке іліп қойған. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуіңізді және құрылыс нысанының қандай мақсатта жүргізіліп жатқандығын анықтап беруіңізді сұраймын. |
Ғимараттың заң талаптарына сәйкестігін, нысаналы мақсатын анықтап, тиісті шаралар қабылдау |
Е.Білісбеков, Р.Мыңбаев, Н.Құрбанбекұлы |
|
5. |
РАЕВ Журсин Раевич
«Сәуле» шағынауданының орам басқарушысы
|
6. |
Жесір әйел тұратын Көктөбе көшесіне 50 метр ирригациялық арық орнатуды сұраймын. |
Көктөбе көшесін су басу қаупін болдырмау мақсатында ирригацилық арық орнату 1. Жер телімінің құқықтық құжаттарын әзірлеу – 01.10.2022ж. 2. Сметалық құжаттамасын әзірлеу – 01.11.2022 ж; 3. Құрылыс жүргізу – 31.05.2023; Пайдалануға беру – 01.09.2023ж. |
Р.Мыңбаев
|
|
6. |
ТӨЛЕГЕНОВА Айнұр Сырлыбаевна
«Қарасу» шағынауданы №54 үй басқарушысы |
7. |
Қарасу шағын ауданы 54 үйдің 1-қабатында «Созақ» дәмханасы орналасқан. Коммерциялық нысанның жеке кәріз жүйесі болмағандықтан орталықтандырылған жүйеге қосылған. «Қарасу» ш.а. №54 үйдің жертөлесіндегі құбырлар жиі жарылып, жәндіктер басып қалды. Сізден аталған мәселені шешу үшін нақты шаралар қабылдауды сұраймын. |
Аудан аумағында учаскелік полиция инспекторы және аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерімен бірлесіп зерделеу жұмыстарын жүргізу, қорытындысы бойынша нақты шаралар қабылдау
|
А.Сәттібаев, Р.Мыңбаев, Б.Дүйсебеков, А.Жанбатыров |
|
ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ |
|||||
|
1. |
ТЕҢІЗБАЕВ Жансеит
«Елтай» тұрғын алабы 8-702-014-66-49 |
1. |
«Елтай» тұрғын алабындағы жеке меншік мектеп бізге алыс орналасқан, мектепке бару үшін оқушылар шамамен 4,5 км жол жүру керек. Осыған байланысты автобус қарастырып берсеңіздер. |
«Елтай» тұрғын алабындағы жекеменшік «Alash school» мектебіне ү.ж. 25 тамызға дейін мектеп автобусын жүргізу
|
Ш.Мұқан, Д.Есілбек, Ж.Тажиева
|
|
МАХАНОВ Оразалы
«Бадам-2» тұрғын алабы 8-701-567-63-93 |
2. |
«Жұлдыз» тұрғын алабы кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары қашан аяқталады. |
«Жұлдыз» тұрғын алабын кәріз жүйесімен қамтамасыз ету бойынша 2022-2023 жылдары мердігер «Спецкоммунстрой» ЖШС-і тарапынан құрылыс жұмыстарын жүргізіп, кәрізбен қамту. |
М.Исахов, Д.Есілбек, Б.Булатбеков |
|
|
3. |
«Бадам-1-2» тұрғын алаптары «Оңтүстік» ИА-на, «ПКОП» ЖШС «Шымкент мұнай өңдеу зауытына» жақын орналасқан. Өндіріс орындарынан шығатын жағымсыз иістерді үнемі жіберіп отырады. Осы мәселені шешіп берсеңіздер. Сонымен қатар «Жасыл белдеу» салуға жер учаскесін қарастырсаңыздар? |
Бадам-3, Шаңырақ және Оңтүстік индустриялдық аймақ егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес, Бадам-1,2 елді мекендері аумағындағы жасыл белдеуді дамыту бойынша шаралар қабылдау
|
М.Исахов, Д.Есілбек, Е.Нұразханов, М.Абдукадиров
|
||
|
4. |
«3-ЭНЕРГООРТАЛЫҚ» АҚ-ның тұсынан Ленгір тас жолы бойында автотұрақ салынуда. Сол жерде үнемі жол апаты орын алады. Автотұрақтың салынуы қаншалықты заңды. |
Аумаққа зерделеу жұмыстарын жүргізіп, заң бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылдау |
М.Исахов, Д.Есілбек, Е.Нұразханов
|
||
|
ТҮКТІБАЕВ Ермаханбет
«Тоғыс» тұрғын алабы 8-707-648-89-30 |
5. |
«Тоғыс» тұрғын алабында ауыз су қысымы төмен, тұрғындарға ауыз су жетпей калуда. Ауыз су қысымын жоғарылатып халыққа жеткілікті түрде берсеңіздер. |
«Тоғыс» тұрғын алабына ауыз суды беретін су ұңғымасындағы судың дебитін бақылауға алу. «Шымкент қаласы, Еңбекші ауданына қарасты елді мекендердің ауыз су желісінің құрылысы (Қаратөбе, Қарабастау, Абдулабад, Тоғыс, Жұлдыз, Бадам-1, Жыланбұзған, Айнатас, Базарқақпа тұрғын алаптары)» жобалау сметалық құжаттамасы әзірлеу. 1 кезекте қажетті Базарқақпа және Тоғыс т.а. қазан айының 15 жұлдызына дейін қосымша ұңғымалар қазу. |
М.Исахов, Д.Есілбек, Б.Булатбеков |
|
|
2. |
6. |
«Тоғыс» тұрғын алабындағы №7 емханаға қарасты «Қазығұрт» дәрігерлік амбулаторияның алдында бос жер учаскесі бар, сол жерге автотұрақ салып берулеріңізді сұраймыз. |
Дәрігерлік амбулатория алдындағы автотұрақты тұрғындарға ыңғайлылығын арттырып талапқа келтіру бойынша шаралар қабылдау. |
Ш.Мұқан, Д.Есілбек, Е.Нұразханов, Н.Асылбеков |
|
|
3. |
КАРАХОДЖАЕВ Гафуржан
«Қаратөбе» тұрғын алабы 8-701-218-63-31 |
7. |
«Қаратөбе» тұрғын алабының ішкі көшелерінен орталық Қапал батыр көшесіне көлікпен шыққан кезде текқана солға бұрыла аламыз, оңға бұрылуға мүкіндік жоқ. Көшедегі линияға үзік сызықша сызып берсе, сол кезде тек солға емес, оңғада бұрылуға мүмкіндік болар еді. Оңға бұрылу үшін жолдағы сызықшаны реттеп берсеңіздер. |
Көшедегі жол белгілеріне зерделеу жүргізіп, қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылдау. |
М.Исахов, Д.Есілбек Е.Жолдасов |
|
8. |
«Қаратөбе» тұрғын алабы Қапал батыр көшесінде «Шымкент BUS» автобус бекеті орналасқан, автобустарын жолдың бойына қойып қояды, тұрғындардың жүріп тұруына кедергісін тигізуде, осы мәселелерді шешіп берсеңіздер. |
Қоғамдық көліктердің жол ережесі мен қоғамдық тәртіпті сақтауын қадағалап, бақылауға алу. |
М.Исахов, Д.Есілбек Е.Жолдасов |
||
|
4. |
КОШАЕВ Ергешбай
«Шаңырақ» шағынауданы 8-705-368-07-82 |
9. |
«Шаңырақ» шағын ауданына электр желілері жүргізілген. Электр желілерін Сайрам елді мекеніндегі подстанцияға косқан болатын. Алайда, қатты жел тұрып, жауын-шашын болса электр жарығы өшіп қала береді. Осы мәселені шешіп берсеңіздер. |
«ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-мен бірлесіп, «Шаңырақ» шағын ауданын тұрақты электр қуатымен қатамасыз ету бойынша шараларды бақылауға алу |
М.Исахов, Д.Есілбек, Б.Булатбеков |
|
10. |
«Шаңырақ» шағын ауданы Айбота көшесіне жарықтандыру жүргізіп берсеңіздер. Кешкі уақытта көшеміз қараңғы болып, балалар жүруге қорқады. |
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында 2021-2023 жылдары жарықтандырылатын көшелердің тізіміне сәйкес, Айбота көшесін 2023 жылы жарықтандыру. |
М.Исахов, Д.Есілбек, Б.Булатбеков, М.Ибрагимов (Келісім бойынша) |
||
|
5. |
ИБИШЕВ Муслим «Қаратөбе» тұрғын алабының тұрғыны 8-702-756-83-82 |
11. |
«Қаратөбе» тұрғын алабындағы И.Қарабаев және Ақтөбе көшелеріне ағымдағы жылы орташа жөндеуден өтті. Қалған көшелерді жоспарға енгізіп, қашан асфальт төселетінін нақты айтсаңыздар? |
2021-2025 жылдар аралығындағы іс-шара жоспарына сәйкес, Панфилов, Амур аға, Құрбан ата, Рызақ, Палуан көшелерін 2023 жылы, Гүлабад көшесін 2024 жылы асфальттау. |
М.Исахов, Д.Есілбек, Е.Жолдасов |
|
6. |
ЖАНАРОВА Жупаргул «Базарқақпа» тұрғын алабының тұрғыны 8-707-652-62-72 |
12. |
«Базарқақпа» тұрғын алабы Ю.Сареми көшесіндегі көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларына бірнеше ойын алаңшаларын салып берсеңіздер. Өйткені балалар көп, бір ойын алаңша жетпейді.
|
«Базарқақпа» тұрғын алабы Ю.Сареми көшесі №2,3,4,5,6,7,20 тұрғын үйлердің аулаларына ойын және спорт алаңшаларын салу бойынша құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау. |
Д.Есілбек
|
|
7. |
КЕНЖЕЕВ Онғар
«Шаңырақ» шағын ауданы
87056842626, 87072675656 |
13. |
«Шыңырақ» шағын ауданының көшелерінде қаңғыбас иттер көбейіп кетті. Ит аулаушыларды шақыра алмай жатырмыз, телефондарын көтермейді. Осы мәселені қолға алсаңыздар. |
«Ветеринариялық қызмет» МКК–ның ит аулау бригадаларымен мекен–жай бойынша қаңғыбас иттер аулау жұмыстарын тұрақты жүргізуін қадағалау |
А.Сәттібаев, Д.Есілбек А.Жанбатыров |
|
14. |
«Шыңырақ» шағын ауданынында 1,5 га бос жер учаскесі бар, осы жерге саябақ, сквер салып берулеріңізді сұраймыз. |
«Шаңырақ» шағын ауданынан саябақ немесе гүлзар салу үшін жер учаскелерін зерделеу жүргізіп, ұсыныс енгізу |
М.Исахов, Д.Есілбек, Е.Нұразханов, М.Абдукадиров |
||
|
8. |
АБДУРАХМАНОВ Абдусалам
«Қаратөбе» тұрғын алабы 8-702-592-43-40 |
15. |
«Қаратөбе» тұрғын алабының ішкі көшелерінен орталық (Панфилов) Қапал батыр көшесіне көлікпен шыққан кезде тек қана солға бұрыла аламыз, оңға қарай бұрылуға мүкіндігі жоқ. Балаларымызды балабақшаға немесе мектепке апару үшін 2 шқ. жүріп айналма жолдан айналып келеміз. Қапал батыр көшесінің арғы бетіндегі мектеп аялдамасына оқушыларға, балалар ары бері өту үшін жаяу жүргінші жолағын сызып берсе немесе бағдаршам орнатып берсеңіздер. |
Қазақстан Республикасының 3.03-10-2013 «Автомобиль жолдары» ережелер жинағының 5.4.10 тармағына сәйкес «Елді мекендердегі автомобиль жолдары арқылы өтетін жүргіншілер өткелдері 200-300 метрден кейін жайластырылады». Осыған орай, Бахриз рамиз көшесі мен Қарағаш (Панфилов) көшелерінің арақашықтығы 170 метрді құрауына байланысты, Қапал батыр көшесі мен Қараған (Панфилов) көшелерінің қиылысына жаяу жүргіншілер өткелін ұйымдастыру мүмкін емес екендігін хабарлаймыз. |
М.Исахов, Д.Есілбек, Е.Жолдасов |
|
9. |
ТАСТАНОВА Ирисай
«Тұрдыабад» тұрғын алабы
Н.Ризаев көшесі 8-701-417-07-65 |
16. |
«Тұрдыабад» тұрғын алабындағы «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінің меншігіндегі трансформатор, электр желілері, электр бағаналары ескі, жел тұрса, жауын-шашын жауса электр жарығы сөніп қалады. Осы мәселені шешіп берсеңіздер.
|
«Тұрдыабад» тұрғын алабындағы «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС мекемесінің меншігіндегі трансформатор, электр желілері, электр бағаналары аталған мекеменің инвестициялық бағдарламасы аясында 2023-2025 ж.ж ауыстыруға хат жолданды. |
М.Исахов, Д.Есілбек, Б.Булатбеков, М.Ибрагимов (Келісім бойынша) |
|
ҚАРАТАУ АУДАНЫ |
|||||
|
1. |
ТҰРСҰНЖАНОВА Ляззат
«Таскен» тұрғын алабы
8-702-252-59-79 |
1. |
Менің ұлым Оразбай Диас 3-топ мүгедек, өзім көп балалы анамын, ұлымды жоғарғы оқу орнына грантқа түсіруге көмек берулеріңізді сұраймын. |
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру және модорнезациялау мақсатында Мемлекет басшысы ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне бөлу жолымен қайта құру туралы қаулы шығарды, осыған байланысты біздің білім басқармасының құзыретіне кірмейді.
|
Ш.Мұхан, Р.Мулкеманов Ж.Тажиева |
|
2. |
Мен 2015 жылдан бері тұрғын үй кезегінде мемлекеттік қызметкерлер тізімінде тұрамын, осы тізімді көп балалы ана және мүгедек баланы асырушы санатына ауыстырып берсеңіздер?
|
Аталған азаматшамен сұхбаттасу барысында Аз.Тұрсынжанова Ляззат өзі кезекте тіркелмегендігі анықталды. Тұрғын үй кезегінде жолдасы аз. Қонақбай Бақытжан бюджеттік ұйым қызметкері ретінде тіркелгендігі анықталды. Бүгінгі таңдағы кезегі №3784. Санатын ауыстрыру бойынша Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңында санат ауыстыру қарастырылмағандығы және санаты ауысқан жағдайда кезек бүгінгі күнмен тіркелетіндігі түсіндірілді. Аз. Тұрсұнжанова Ляззатқа жолдасы аз. Қонақбай Бақытжан «Нұрлы жер» бағдарламасының «5-20-25 және 5-10-20» несиелік бағыттарының шарттары толық түсіндіріліп, бағдарлама талаптарына сәйкес келген жағдайда, өтінім беру жолдары туралы кеңес берілді. |
Е.Білісбеков, Р.Мулкеманов Ж.Өтебаева |
||
|
2. |
ИЛЬЯСОВ Жәнәділ
«Асар» шағын ауданы №4 учаске 8-702-623-05-54 |
3. |
«Асар» шағын ауданында балалар ойын алаңшасы бар, алайда №4 учаскеге де бір ойын алаңшасын салып берсеңіздер. |
«Асар» шағынауданы №4 учаскеге балалар ойын алаңшасын салу мақсатында алаңы 0,0346 га бос жер телімі анықталып, жерге орналастыру жобасы әзірленді. Жер комиссиясының оң қортындысы алынды. Қазіргі таңда, мемлекеттік акт алу жұмыстары жүргізілуде. Сметалық құжаттамалары әзірленіп 2023 жылдың бюджетіне ұсынылады. |
Р.Мулкеманов
|
|
3. |
АТАМБАЕВ Сабит
«Бозарық» саяжайы ақсақалдар кеңесінің төрағасы |
4. |
«Бозарық» саяжайы, Қазақ радиосы көшесі өте тар, екі жағында аяқ жолға дейін 1 метр жер бар, осыны кеңейтіп асфальт төсеп берсеңіздер. |
«Бозарық» саяжайы, Қазақ радиосы көшесінде үлкен жолдан кіре беріске кеңейту жүргізіледі. Көшенің техникалық санаты сақталған. Ал, әрі қарай кеңейтуге мүмкіншілік жоқ екенін хабарлаймыз. |
М.Исахов, Р.Мулкеманов Е.Жолдасов |
|
5. |
«Бозарық» саяжайына №171 автобус жүреді, интервалдар арасы өте ұзақ 1 сағатқа дейін, 6 автобус жүру керек еді, қәзір 4 автобус жүреді, осы мәселені шешіп берулеріңізді сұраймын. |
«Бозарық» саяжайына қатынайтын №171 маршруттағы қоғамдық көліктің қозғалыс тұрақтылығы қазіргі таңда басқарма тарапынан жіті назарға алынды. Аталмыш бағыт бойынша күн сайын 6 автобус тұрақты түрде қала тұрғындарын тасымалдап, қызмет көрсетуде. Айта кетейік, №171 бағыттағы қоғамдық көліктің шілде айындағы тұрақтылық көрсеткіші 92% пайызды құрады. |
М.Исахов, Р.Мулкеманов Е.Жолдасов |
||
|
4. |
ҚОЖАБЕРГЕНОВ Т.
«Таскен» елді мекенінің тұрғыны
|
6. |
«Достық» тұрғын алабынан 300-ге жуық оқушы №102 мектепке қатынап оқиды, осыған орай, автобус жүргізіп берулеріңізді сұраймыз. |
Тұрғындардың өтініштері негізінде, «Достық» тұрғын алабындағы Бекмаханов көшесі арқылы №102 мектепке дейін №139 маршруттың жұмысын бірінші қыркүйекке дейін ұйымдастыру жоспарлануда. |
М.Исахов, Р.Мулкеманов Е.Жолдасов |
|
7. |
«Достық» тұрғын алабы темір жолдың бойында орналасқан, автобусқа міну үшін темір жолды кесіп өтуге тура келеді, осы өткелді жарықтандырып берсеңіздер. Себебі қыс мезгілінде күн ерте батады, тас қараңғы уақытта жүріп тұру балаларға және ересек адамдарға ыңғайсыз. |
Теміржолдың жаяу жүргіншілеріге арналған өткеліне жарықшам орнату бойынша «ҚТЖ –жүк тасымалы» ЖШС-нің «Шымкент бөлімшесі жүк тасымалы филиалына» басқарма тарапынан хат жолданды. |
М.Исахов, Р.Мулкеманов Е.Жолдасов Б.Булатбеков |
||
|
5. |
ҚАЛХОДЖАЕВ Яхия «Тұран» шағынауданы 8-702-746-02-53 |
8. |
«Тұран» шағын ауданының электр жарығы, табиғи газ және кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары нақты қашан аяқталады. 2022 жылдың қараша айында аяқталады деп айтқан едіңіздер. |
«Тұран» шағын ауданын электр қуатымен қамту жұмыстары өндірістік жұмыс кестесіне сәйкес а.ж желтоқсан айында аяталады. Табиғи газ Шымкент қаласын Тұран ш.а (1-ші кезек) табиғи газ жүйелерінің магистралдық газ құбырының құрылыс жұмыстары 2020 жылы аяқталды. Тұран ш/а тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында, магистралдық және ішкі орамдық газ құбырларының құрылыс жұмыстары бойынша (2,3 кезең) жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, құрылыс жұмыстары атқарылуда. - 2 кезек бойынша мердігер мекеме «ГХ Шымкентгаз» ЖШС. Бұл жоба бойынша құрылыс жұмыстары 2022 жылдың қыркүйек айына дейін жүргізіліп, Тұран ш.а. №14-29 кварталда орналасқан көпқабатты және 504 жеке тұрғын үйлер табиғи газбен қамтылады - 3 кезең бойынша - мердігер мекеме «AkbarysStroy LTD» ЖШС. Құрылыс жұмыстары 2023 жылға өтпелі. Бұл кезеңде Тұран ш.а. 2554 тұрғын үйлерге газ құбырлары жүргізіліп, табиғи газға қосылады (№1-13 квартал). Аяқтау мерзімі 2023 жылы қыркүйек айы. Кәріз жүйесі: 2022 жылы «Таир» ЖШС тарапынан кәріз жүйесі құрылысы басталып 608,9 млн.теңге қаралған. Жоспарланған 54,1 шақырым кәріз жүйесінің 28,8 шақырымы жүргізілді. Бүгінгі таңда, құрылысын аяқтау үшін, кезекті күзде өтетін Республикалық бюджетті нақтылауға өтінім берілді, қаржы қаралған жағдайда ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтап, пайдалануға берілетін болады. Жоспар бойынша кәріз жүйесін аяқтау қаржысы 2023 жылы болғандықтан нысан өтпелі, қалған қаржы 369,9 млн.теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарының сапалы атқарылуын күнделікті техникалық қадағалаушы мекеменің инженер эксперттері және басқарманынң мамандары қадағалауда. |
М.Исахов, Р.Мулкеманов Б.Булатбеков |
|
9. |
«Тұран» шағын ауданы орталық көшелерінің тазалық жұмыстарын қолға алсаңыздар. |
«Тұран» шағынауданында орталық көшелердің тазалық жұмыстары Қаратау ауданы әкімі аппараты мамандары тарапынан күнделікті қадағалау жұмыстары жүргізіліп, мердігер мекеме «Жаңа арна 2002» ЖШС тазалық жұмыстарын атқаруда. |
Р.Мулкеманов
|
||
|
10. |
«Тұран» шағын ауданы №79 мектептің жертөлесі жауын-шашын кезінде суға толады аталған мәселе осы күнге дейін шешімін таппай келеді, бақылауға алып шешіп берулеріңізді сұраймыз. |
Аталған кемшіліктер мердігер мекеме «Арт-құрылыс» ЖШС тарапынан 2022 жылдың 7 шілдесі күні толық қалпына келтірілді. Сондай-ақ, Шымкент қаласының білім басқармасы «№79 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директоры Жайлаубаева Актолкын Акжоловнаға өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерін тиісінше атқармай, лауазымдық міндерін атқару барысында кемшіліктерге жол бергені үшін 25.03.2022 жылы №208 бұйырықпен «Сөгіс» түрінде тәртіптік шара берілді.
|
Ш.Мұхан, М.Исахов, Р.Мулкеманов Ж.Тажиева, А.Бекбол |
||
|
6. |
КЕМЕЛБЕКОВА Дина
«Достық» шағынауданы |
11. |
«Достық» шағынауданы жаңақұрылыс аумағындағы заңсыз салынған жеке тұрғын үйлер мен ғимараттарды бұзып, мемлекет мұқтаждығына алып, заңдастырып беруіңізді сұраймын. |
Қазіргі таңда қала прокуратурасының 2022 жылғы 21 шілдедегі мәжілістегі хаттамалық тапсырмасына орай, барлық құзырлы мекемелермен бірлесе қала аумағындағы барлық мемлекет иелігіндегі жерді өз бетінше иеленіп заңсыз тұрғын үй тұрғызған меншік иелеріне, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, өз есебінен құрылысты бұзу туралы хабарламалар таратылуда. Жұмыс одан әрі өз деңгейінде жандандырылатын болады. |
М.Исахов, Р.Мулкеманов Е.Нұразханов, Н.Құрбанбекұлы |
|
7. |
СҮЙІНДІКОВ Байсейіт
«Қайнарбұлақ» тұрғын алабы |
12. |
«Қайнарбұлақ» тұрғын алабына табиғи газ жүйесіннің құрылыс жұмыстары 2023 жылы аяқталып, пайдалануға беріледіма? Тұрғындарға нақты жауап берсеңіздер. |
Шымкент қаласы, «Қайнарбұлақ» т.а. (1-кезең жаңа құрылыс аумағы) табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында ЖСҚ әзірленіп, құрылыс жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу конкурстың қорытындысы бойынша мердігер мекеме «Отау строй» ЖШС болып анықталды. Қазіргі таңда, құрылысын бастауға ГАСК мекемесінен рұқсаттама алынуда. Құрылыс жұмыстары 2023 жылға өтпелі. Сондай-ақ, «Қайнарбұлақ» саяжайын (2-кезең) газдандыру үшін, жобалау жұмыстары жүргізіліп, сараптама қорытындысы алынды. Мердігер мекемені анықтау үшін, мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде. Конкурстың қорытындысы бойынша мердігер мекеме анықталған соң, құрылыс жұмыстары басталады. Құрылыс жұмыстары 2022-2023 жылдары жүргізіледі.
|
М.Исахов, Р.Мулкеманов Б.Булатбеков |
|
8. |
ҚҰРМАНАЛИЕВА Тамара
«Нұртас» шағын ауданы
8-771-960-76-37 |
13. |
«Нұртас» шағынауданындағы атауы жоқ бір көшеге, яғни 13 үйге кәріз жүйесі жүргізілмеген. Осы мәселені шешіп беруіңізді сұраймын. |
«Шымкент қаласы Нұртас шағын ауданындағы кәріз жүйелерінің құрылысы» жұмыс жобасы бойынша жобалау сметалық-құжаттамасы әзірленіп, сараптама қорытындысын алынды. Жобалаушы мекеме – «Береке» ЖШС. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін мердігер мекемені анықтауға мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2022-2023 жылдары жүргізіледі.
|
М.Исахов, Р.Мулкеманов Б.Булатбеков |
|
14. |
«Нұртас» шағынауданындағы атауы жоқ көшелерді зерделеп, көше атауын және тақтайша орнатып берсеңіздер. |
«Нұртас» шағынауданы бойынша 39 көшенің заңды шешімі бар. Аталған мәселе бойынша тұрғынмен кері байланыс орнатылды. Көше атауын беру бойынша хаттама түзілді. Сонымен қатар, көшелерге атау беру жұмыстары ҚР Үкіметінің жанындағы республикалық ономастикалық комиссиясының оң қорытындысын алғаннан кейін, тиісті жұмыстар атқарылатынын хабарлаймын. |
Ш.Мұқан, Р.Мулкеманов Д.Жүнісов |
||
|
9. |
ИМАНӘЛІ Бегалы
«Бозарық» шағын ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы
8-701-348-35-32 |
15. |
«Бозарық» шағынауданындағы 36 үйдің құжаттары заңдастырылмаған. Аталған мәселені шешіп берсеңіздер. |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 01.10.2020 жылғы №301 бұйрығымен бекітілген «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» мемлекеттік қызметі болып табылады. Жоғарыдағылардың негізінде, Сізге көрсетіліп отырған жер учаскесіне тиісті құқықтарды алу үшін, arm.elicense.kz веб-порталы арқылы «Жер учаскесіне құқықтар алу 1-кезең» өтінішпен жүгіну ұсынылады. Сондай-ақ, ҚР Азаматтық кодексінің 244-бабының 3-тармағына сәйкес өзіне тиесілі емес жер учаскесінде құрылысты жүзеге асырған тұлға үшін, егер осы учаске салынған құрылысты орналастыру үшін осы тұлғаға белгіленген тәртіппен берілген. |
М.Исахов, Р.Мулкеманов Е.Нұразханов |
|
16. |
«Бозарық» шағынауданы Жаңақұрылыс аумағындағы «Қызыл өрік» көшесіне ирригациялық жүйе жүргізіп берсеңіздер. |
«Бозарық» шағынауданы Жаңақұрылыс аумағындағы «Қызыл өрік» көшесіне ирригациялық жүйе жүргізу жұмыстары 2024 жылы асфальт төсеу жұмыстары атқарылуына орай жүргізіледі. Қазіргі таңда, Ұста Мұхаммед көшесіне ұзындығы 1000 метрді құрайтын ирригациялық арық жүргізу жұмыстары атқарылуда. |
Р.Мулкеманов
|
||
|
17. |
Жаңақұрылыс аумағындағы «Қызыл өрік» көшесіне асфальт төсеп беруіңізді сұраймын. |
Жаңақұрылыс аумағындағы «Қызыл өрік» көшесіне асфальт төсеу жұмыстары қала әкіміміен бекітілген 2021-2025 жылдар аралығында бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, 2024 жылға ұсыныс беріледі. |
М.Исахов, Р.Мулкеманов Е.Жолдасов |
||
|
18. |
Жаңақұрылыс аумағындағы «Қызыл өрік» көшесін жарықтандырып берсеңіздер. |
Қала көшелерін жарықтандыруда бірінші кезекте шағынаудандар мен тұрғын алабтардың әлеуметтік нысандар (мектеп, балабақша, емхана және т.б) орналасқан орталық маңызға ие (қоғамдық көлік қатынайтын) көшелерін қамту жоспарланған. Осыған орай, мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында 2021-2023 жылдары жарықтандырылатын көшелердің тізімі аудан әкімдіктерінің ұсынысымен бекітілген. Қызыл өрік көшесі жоғарыда аталған талаптарға сай болмауына байланысты тізімге енбегенін хабарлаймыз. Сәйкесінше, аталған көше 2024-2025 ж.ж ішкі орам көшелерді жарықтандыру жобасына енетіндігін мәлімдейміз. |
М.Исахов, Р.Мулкеманов Б.Булатбеков |
||
|
10. |
ШЫНАСИЛОВ Тұрдалы
«Асар-2» шағын ауданы
8-775-849-71-22 |
19. |
«Асар-2» шағынауданындағы орталық көшелерге бейнебақылау камерасын орнатып берсеңіздер. |
Ағымдағы жылы Асар-2 шағын аудан аумағының орталық 6 көшелеріне бейнебақылау камераларын орнату мүмкіндігі қарастырылады. |
М.Исахов, Р.Мулкеманов А.Абдраханов
|
|
20. |
«Асар-2» шағынауданындағы қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары жүргізілсе. |
Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына қарасты «Ветеринариялық қызмет» МКК – ның ит аулау бригадасы аталған мекен – жай бойынша 8 бас қаңғыбас иттер аулап, уақытша оқшаулау орталығына жеткізілді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесі тұрғынға хабарланды. |
А.Сәттібаев, Р.Мулкеманов А.Жанбатыров |
||
|
11. |
|
21. |
«Асар-2» шағынауданындағы Жаңа құрылыс аумағын инженерлік жүйелермен (газ,су,электр, жарықтандыру) қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз. |
Басқарма тапсырысымен, Асар-2 шағын ауданын инженерлік инфрақұрылым жүйелерімен (ауыз су, электр, табиғи газ, кәріз) қамтамасыз ету мақсатында, 2-кезеңіне жобалаушы мекеме «SK Best Spec Story KZ» ЖШС-гі жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама қорытындысы берілді. Табиғи газбен –ЖСҚ әзірленіп, құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2023 жылға өтпелі. Ауыз су – ЖСҚ әзірленді. Қазіргі таңда, мердігер мекеме «Сарыағаш Аман» ЖШС-мен 02.06.2022 жылы №82 келісім шарт түзіліп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2022 жылдың қараша айында аяқталып, сапалы ауыз сумен қамтылады. Электр – 2-бөлігіне ЖСҚ әзірленіп, құрылысын жүргізуге мердігер мекемені анықтау бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде. Жұмыстарын 2022 жылы бастап, 2023 жылы аяқтау жоспарда.
Жарықтандыру: «Асар-2» шағынауданында 2021 жылы Атакент және №8 көше жарықтандырылса, ағымдағы жылы орталық Нұрлыжол және №4 көше жарықтандырылатынын хабарлаймыз. |
М.Исахов, Р.Мулкеманов Б.Булатбеков |
|
12. |
ҚОНЫСОВ Айдар
«Бозарық» шағын ауданы
8-705-856-02-02 |
22. |
«Бозарық» шағынауданында көп қабатты үйлер салынуда. Аталған үйге қатынап жатқан ауыр жүк көліктеріне арналған арнайы жол белгілері орнатылған. Алайда жол белгілерін сақтамайды, осыған жол потрульдік полициясымен рейдтік іс-шара жүргізілсе. |
«Бозарық» шағынданында 2022 жылдың 14 шілдесі күні көп қабатты тұрғын үйлер аумағынан өтіп жатқан жүк көліктері заңдылығын анықтау мақсатында құзырлы мекемелердің қатысуымен іс- шара өткізілді. Нәтижесінде, аталған аумақта 5 жүк көлігі тоқтатылып, соның ішінде 1 жүк көлігі заңсыз топырақ тасып жүргені анықталып, жүк көлігі айып автотұрағына жеткізілді. Сондай ақ, аталған Қаратау ауданы ЖПҚ тарапынан сотқа дейін тегеп тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда. |
М.Исахов, Р.Мулкеманов Е.Жолдасов А.Тленшин (Келісім бойынша) |
|
13. |
ЕШИМОВА Маржан
«Қайнарбұлақ» тұрғын алабы
8-777-320-36-35 |
23. |
«Қайнарбұлақ» тұрғын алабына электр жарығын «Сайрам» РЭС-тен аламыз. Электр жарығы жиі сөнеді аталған мәселені бақылауға алсаңыз. |
«Қайнарбұлақ» шағын ауданында жаңа электр жүйелерінің құрылысы бүгінгі күнге дейін 18.03.2022 жылғы №5265-22-00-2/522 сот ұйғарымымен тоқтатылған болатын. Қазірга таңда, 2022 жылғы 5 мамырдағы №5265-22-00-2/522 сот шешіміне сәйкес конкурстық құжаттамаларының дұрыс болмауы себебінен мердігер мекемемен түзілген келісім-шарттар бұзылды. Жұмыстар жаңа мердігер анықталғанға дейін уақытша тоқтатылды. Қазіргі таңда, қалған жұмыстар бойынша жобаға түзетулер енгізіп, қайта сараптама қорытындысын алу жұмыстары басталды. Бұл жұмыстарды, 2022 жылдың маусым-шілде айында аяқтау жоспарда. Содан кейін, ағымдағы жылдың шілде-тамыз айларында жаңа мердігерді анықтау үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіледі. Конкурс өту мерзімі 75 күнтізбелік күнді құрайды. Нәтижесімен анықталған мердігер мекемемен құрылыс жұмыстары жалғасатын болады. Жалпы құрылыс жұмыстарын 2023 жылдың 2 тоқсанында аяқтау жоспарланған.
|
М.Исахов, Р.Мулкеманов Б.Булатбеков |
|
24. |
«Қайнарбұлақ» тұрғын алабына қатынайтын №149 қоғамдық көлік интервалының арасы 1 сағаттан асады. Ара қашықтығы жиілетілсе. Болмаса қосымша автобус қосып берсеңіздер. |
Қаламыздың қоғамдық көліктерін жүйелендіру мақсатында ұйымдастырылған кешенді схемасына сәйкес, «Қайнарбұлақ» тұрғын алабына қатынайтын №149 бағыттағы қоғамдық көлігі бойынша қалада 6 автобус тұрақты түрде қызмет көрсетуде. Аталған бағыттағы автобустың интервалы 25 минутты құрайды. Тұрғынның өтініші бойынша қосымша автобус қосу мәселесі қаралып, нәтижесінде қараша айында жаңа автобустар қосылатын болып шешілді. |
М.Исахов, Р.Мулкеманов Е.Жолдасов |
||
|
14. |
ОРАЗБАЕВ Қындыбай
«Достық» шағынауданы
8-701-269-89-29 |
25. |
«Достық» шағынауданында көшпелі саудамен (қауын, қарбыз) айналысатын азаматтарға сол елді мекеннен арнайы орын анықтап берсеңіздер. |
Шымкент қаласы әкімдігінің Бүгінгі таңда жоғарыда аталған қаулыда белгіленген орындар қайта қаралып, өзгерістер енгізілуде. Сіздің ұсыныста көрсетілген мекен-жай аталған қаулыда көрсетілген. Шымкент қаласы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар конкурс арқылы ұсыналатын болады. Алдағы уақытта бекітілген қаулы Қазақстан Республикасының «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде, жергілікті сайттарда жарияланады болады. Қала тұрғыны Қ.Оразбаевпен |
А.Сәттібаев, Р.Мулкеманов Б.Дүйсебеков |
|
26. |
«Достық» шағынауданы Ақбосаға көшесіне жол қауіпсіздік белгісін орнатып берсеңіздер. |
«Достық» шағынауданы Ақбосаға көшесіне жол қауіпсіздік белгісін орнату үшін, басқарма тарапынан тиісті мердігер мекемеге тапсырма берілді. Жаяу жүргіншілер өткелі мен 40 жол белгісі тамыз айының 15-не дейін орнатылады.
|
М.Исахов, Р.Мулкеманов Е.Жолдасов
|
||
|
15. |
ПАЗЫЛБЕКОВ Әзімбай
«Асар» шағын ауданы
8-701-361-83-63 |
27. |
«Асар» шағын ауданы үйлерінің құжаттарын рәсімдеуге ұзақ уақыт өтіп жатыр, құжаттарды рәсімдеу үшін көптеген есіктің табалдырығын тоздырудамыз, осы мәселеге көмек беруіңізді сұраймыз. |
Жері толық 5 жылға жалға алу бойынша заңдастырылған, мерзімі бітуіне 3 ай қалған кезде, мерзімін создыру қажет екендігі толық түсіндірілді. |
М.Исахов, Р.Мулкеманов Е.Нұразханов |
|
28. |
«Асар» шағын ауданының 64 көшесінде көше атауы бар, ал 4 көшеде көше атауы жоқ, көше атауын беруіңізді сұраймыз. |
«Асар» шағынауданындағы көшелерге атау беру бойынша хаттама түзіліп, Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданды. Аталған көшелер оң қорытынды алуына орай, аудан әкімі аппараты тарапынан тақтайша орнату жұмыстары жыл соңына дейін жүргізіледі. |
Ш.Мұқан, Р.Мулкеманов Д.Жүнісов |
||
|
29. |
«Асар» шағын ауданына қатынайтын қоғамдық көліктер бар, алайда, №9 қоғамдық көліктің жүру сызбасын бұрыңғы орнына қойсаңыздар. Үлкен кісілерге қолайлы болар еді. |
«Асар» шағын ауданына қатынайтын қоғамдық көліктер бар, алайда, №9 қоғамдық көліктің жүру сызбасын бұрыңғы орнына қою мәселесі басқарма мамандары тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. |
М.Исахов, Р.Мулкеманов Е.Жолдасов |
||
|
30. |
«Асар» шағын ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлер ауласында балалар ойын алаңшасы бар, алайда 350 тұрғын үйі бар жер үйлердің ауласында балалар ойын алаңшасы жоқ, осы мәселені қолға алсаңыздар. |
«Асар» шағынауданындағы жер үйлер аумағына балалар ойын алаңшасын салу мақсатында 2 бос жер телімі анықталып, жерге орналастыру жобасы әзірленіп, жер комиссиясының оң қортындысы алынды. Қазіргі таңда, мемлекеттік акт алу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2023 жылы атқарылатын болады. |
Р.Мулкеманов
|
||
|
31. |
Қала орталығында теледидар каналдары өте көп, ал «Асар» шағын ауданында теледидар каналдары өте аз, осы мәселені шешіп берсеңіздер. |
Бүгінгі күні еліміздің тұрғындары кабельдік, цифрлық, жерсеріктік және интернет-телевизияны белсенді пайдаланады. Шымкент қаласында аналогтық телехабар тарату 2018 жылы тоқтатылған және толығымен цифрлық телехабар таратуға көшкен. Яғни, Ұлттық жерсеріктік телерадио хабарларын таратумен қала аумағын 100% қамту қамтамасыз етілген. Бұл дегеніміз - қала тұрғындарының көпшілігі қазақстандық телеарналардың кең спектріне абоненттік төлемсіз және өте жақсы сапада толық қол жеткізе алады деген сөз. Осыған орай, Cіздің өтінішіңізде көрсетілген мәселе бойынша келесіні хабарлаймыз: Цифрлық хабар тарату Шымкент қаласының барлық аумағында толық және біркелкі түрде жүзеге асырылады және бұл қызмет қала аумағындағы тұрғындардың орналасқан жеріне (мекен-жайына) байланысты болып табылмайды. Бұл өз кезегінде, елімізде және оның барлық аумақтарында арнайы бекітілген міндетті және еркін қолжетімді теле-радиоарналар тізбесіне сәйкес болып табылады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 171 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы аумағында хабар тарататын міндетті теле-, радиоарналар тізбесі бекітілген (15 телеарна). Олар - «QAZAQSTAN», «Хабар», «Хабар 24», «Balapan», «Ел арна», «QAZSPORT», «МИР», «ABAI TV», «Астана», «Первый канал Евразия», «Жетінші арна», «КТК», «31 арна», «Независимый Телевизионный канал» (НТК), «СТВ». Жоғарыда көрсетілген тізбедегі телеарналар - Қазақстан Республикасының барлық аумағында міндетті түрде хабар таратады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 172 бұйрығына сәйкес, Ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесі бекітілген. Аталған тізбеге сәйкес, Қазақстан Респбуликасының әрбір аумағында хабар тарататын теле-, радиоарналар тізбесі бекітілген. Осыған сәйкес, Шымкент қаласы аумағында – «QAZAQSTAN», «Хабар HD», «Хабар 24», «BALAPAN», «ЕЛ АРНА», «Kazakh TV», «ABAI TV», «Первый канал Евразия», «QAZSPORT HD», «МИР», «Астана», «КТК», «НТК», «Седьмой канал», «31 канал», «СТВ», «Almaty», «TALIM TV», «ATAMEKEN BUSINESS», «Тұран ТВ», «Turkistan Media», «MUZLIFE», «OŃTÚSTIK», «Айгак ТВ», «Отырар ТВ» телеарналары хабар таратады (барлығы – 24 телеарна). Жоғарыда көрсетілген тізбедегі телеарналар Шымкент қаласының барлық аумағында бірдей міндетті түрде хабар таратады және еркін қол жетімді болып табылады. Бұл ретте, сапалы телевизияны көру үшін теледидарды ауыстырудың қажеті жоқ, әдетте олар цифрлық сигнал қабылдайтын DVB-T2 стандартын қолдайды. Телекөрермендерге тек қарапайым дециметрлік антенна қажет, ал егер теледидар DVB-T2 стандартын қолдамаса, сізге цифрлық қабылдағыш қажет болады. Сондай-ақ, бүгінгі таңда Ұлттық жерсеріктік телерадио хабарларын тарататын «OTAU TV» қызметі Қазақстан Республикасының барлық аумағы бойынша қол жетімді. Тұрғындар қандай да бір себептермен цифрлық эфирлік хабар тарату аймағынан тыс қалған жағдайда, олар Ұлттық жерсеріктік телерадио хабарларын тарататын «OTAU TV» жерсеріктік телевизиясына қосылу мүмкіндіктері бар. Одан бөлек, қала аумағында ақылы негізде қызмет көрсететін кабелдік телевизия қызметтеріне де қосылу мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар, тұрғындарға ешқандай абоненттік төлемдерсіз «GALAM TV» интернет телевизиясы да қол жетімді болып табылады. |
Ш.Мұқан, Р.Мулкеманов М.Шотанов |
||
|
16. |
МАДИБЕКОВ Талдыбек
«Тассай» тұрғын алабы
8-705-855-82-67 |
32. |
«Тассай» тұрғын алабында орналасқан жатақхана құжаттарын рәсімдеп, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жұмыстары қашан атқарылады. |
Шымкент қаласы, «Тассай» тұрғын алабы, Ш.Уалиханов көшесі, №2А мекенжайда орналасқан жатақханаға жергілікті бюджет есебінен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп мемлекеттік сараптамадан өткізілу жұмыстары жүргізілуде. Алайда, 80-орындық жатақхана 1972 салынған. «Тассай» тұрғын үй алабындағы жатақхана 2016 жылдан бері Тұрғын үй басқармасының теңгерімінде. Бүгінгі таңда, 80 отбасы аталған жатақханада ешбір негізсіз құжатсыз немесе белгілі бір әлеуметтік мәртебесі жоқ (тұрғын үй кезегінде тұрған, көпбалалы отбасы, мүгедек) тұрғындар бұрыннан қоныстанған және аталған тұрғындардың құжаттарын рәсімдеуге ешқандай заңды негіз жоқ. Аталған жатақхана тұрғындарымен кездесу барысында жатақханаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қарсылық білдіруде: Себебі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болса тұрғындар жатақхананы босатуға тура келеді. Ал тұрғындардың ешбір құжаттары болмауына байланысты қайта кіре алмай қаламыз деген уәждерін айтуда. |
Е.Білісбеков, Р.Мулкеманов Ж.Өтебаева |
|
17. |
КӨМЕКБАЕВА Лаура
«Тұран-2» шағынауданы
8-707-860-64-65 |
33. |
«Тұран-2» шағынауданындағы жаңадан пайдалануға берілген көп қабатты үйлдердің шатырынан су ағуда. Сонымен қатар, көп қабатты үйде көптеген кемшіліктер ретке келтірілмеген. Қашан ретке келтіріп бересіздер? |
Мердігер мекеме «ОтауСтрой» ЖШС-ы тарапынан аталған кемшіліктер 2022 жылдың 25 шілдесінде қалпына келтірілді. |
М.Исахов, Р.Мулкеманов А.Бекбол |
|
34. |
«Тұран-2» шағынауданының тұрғындарына қосымша мектеп және балабақша керек, осы мәселені шешіп берсеңіздер. |
«Тұран-2» шағын ауданынан 1200 орындық мектептің құрылысын 2023-2024 жылдары аралығында салу жоспарлануда. Қазіргі таңда, ЖСҚ әзірленуде. Сондай-ақ, балабақшаның құрылысын салу мемлекеттік тапсырыс аясында жеке инвесторлар есебінен жүзеге асырылады. |
Ш.Мұқан, Р.Мулкеманов Ж.Тажиева, А.Бекбол |
||
|
35. |
«Тұран-2» шағынауданында орналасқан «Отау мед» емханасына мамандар жетіспейді, 1 талонды алып дәрігерге кіру үшін уақыт керек. Бақылауға алсаңыздар. |
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы №405-V Заңына сәйкес, науқас тіркелген медициналық ұйым медициналық көрсетілім болған жайғдайда, науқасты 10 күн ішінде консультативтік-диагностикалық зерттеуден өтуін қамтамасыз етуі қажет. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi кодексінің 200 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес, медициналық-санитариялық алғашқы көмек дәрігерлерінің жолдамасы бойынша пациенттерді бейінді мамандардың қабылдауы мен консультациялары жүргізіледі. Осыған байланысты «Damumed» қосымшасы арқылы тікелей бейінді мамандардың қабылдауына жазыла алмайды. Қазіргі таңда, «Otau Med» ЖШС-де мамандар толықтай жеткілікті. «Тұран» шағын ауданында орналасқан «Otau Med» ЖШС-не рентген, невропатолог, хирург, офтальмолог, эндокринолог мамандарымен қамтамасыз ету үшін қазіргі таңда «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы№ 202-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, лицензиялық құжаттарды дайындалуда. |
Ш.Мұқан, Р.Мулкеманов Н.Асылбеков |
||
|
36. |
«Тұран-2» шағынауданына қосымша қоғамдық көлік керек, интервал уақыты 1 сағат, ұзақ уақыт күтуге тура келеді. Қосымша автобус немесе интервал уақыты 30-40 мин болса. |
«Тұран» шағын ауданынан №17 және №75 автобус маршруттары қызмет көрсетеді. №17 автобус маршруты «Тұран ш/а – Автонұр базары» бағытында жұмыс күндері 10 автобуспен, сенбі, жексенбі, мерекелік күндері 7 автобуспен қызмет көрсетеді. Ал №75 автобус маршруты «Тұран ш/а – Қырғы базары» аралығында бағытында жұмыс күндері 10 автобуспен, сенбі, жексенбі, мерекелік күндері 7 автобуспен қызмет көрсетеді. №17 маршруттың қозғалыс интервалы – 15 (20) минутты, №75 маршрутының қозғалыс интервалы – 17 (24) минутты құрайды. Маршруттардың жұмысы тұрақты бақылануда. |
М.Исахов, Р.Мулкеманов Е.Жолдасов |
||
|
37. |
«Тұран-2» шағынауданында қаңғыбас иттер көбейіп кетті, ауладағы ойнап жүрген балаларымыздан қорқамыз. Иттерді аулау жұмыстарын жүргізсеңіздер. |
Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына қарасты «Ветеринариялық қызмет» МКК – ның ит аулау бригадасы аталған мекен – жай бойынша 6 бас қаңғыбас иттер аулап, уақытша оқшаулау орталығына жеткізілді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесі тұрғынға хабарланды. |
А.Сәттібаев, Р.Мулкеманов А.Жанбатыров |
||
|
38. |
«Тұран-2» шағынауданына қосымша балалар ойын алаңшасын салып берсеңіздер. |
«Тұран-2» шағынауданын абаттандыру бойынша Шымкент қаласы құрылыс басқармасы тарапынан ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, 2023 жылы Тұран-2 шағынауданы 28 орамда орналасқан көп қабатты үй аулаларына Қаратау әкімі аппараты тарапынан халық қатысатын бюджет бағдарламасы аясында балалар ойын алаңшасын салу жоспарлануда. |
Р.Мулкеманов
|
||
|
18. |
АСЫЛБЕКОВ Асанбек «Асар» шағынауданы |
39. |
«Асар» шағынауданына жүргізілген электр желілері ретке келтірілсе. Істен шыққан жүйелерді қайта жүргізсеңіздер. |
«Асар» шағын ауданында істен шыққан жер асты кабельдеріне «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-і тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізіліп, рет-ретімен қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. |
М.Исахов, Р.Мулкеманов Б.Булатбеков |
|
19. |
ШЫМБЕРГЕНОВА Бағила «Тұран» шағынауданы 8-701-664-22-63 |
40. |
«Самұрық Қазына» тарапынан салынған «Әдия» тұрғын үй кешеніндегі №979/15, 11, 9 үйлердің қасбеті тозған, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етсеңіздер. |
Қаратау ауданы әкімінің аппараты тарапынан «Әдия» тұрғын үй кешеніндегі кемшіліктер бойынша «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорына 01.08.2022 жылғы №35-06-08/1688 хат жолданды. |
М.Исахов, Р.Мулкеманов А.Бекбол |
|
20. |
РАХМАТУЛЛАЕВ Арман «Достық» шағынауданы |
41. |
«Достық» шағынауданы жаңақұрылыс аумағына жүргізіліп жатқан электр жарығы қашан аяқталады. |
«Достық» шағын ауданында жаңа электр жүйелерінің құрылысы бүгінгі күнге дейін сот ұйғарымымен тоқтатылған болатын. Қазірга таңда, сот шешіміне сәйкес мердігер мекемемен келісім-шарт өз күшінде қалдырылды, жұмыстар "ABM Building 2007" ЖШС-мен қайта жалғасуда. Ағымдағы жылдың, қараша айына дейін жұмыстарды аяқтап, пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. |
М.Исахов, Р.Мулкеманов Б.Булатбеков |
|
42. |
«Достық» шағынауданы жаңақұрылыс аумағына мектеп құрылысы қашан және қай жерге жүргізіледі. |
«Достық» шағын ауданынан 1200 орындық мектептің құрылысын 2024-2025 жылдары аралығында салу жоспарлануда. Қазіргі таңда, жер учаскесін рәсімдеу жұмыстары жүруде. |
Ш.Мұқан, Р.Мулкеманов Ж.Тажиева, А.Бекбол |
||
|
21. |
АЙТМУРЗАЕВА Гулмира «Тұран-2» шағынауданы |
43. |
«Тұран-2» шағынауданының үлкен көшелеріне жол белгілерін, бағдаршам, жоляақ орнату жұмыстары жүргізілсе. |
«Тұран» шағын ауданының №2, №3 және №7 көшелер қиылыстарына бағдаршам 2022 жылдың қазан айына дейін орнатылады. |
М.Исахов, Р.Мулкеманов Б.Булатбеков, Е.Жолдасов |
|
44. |
«Тұран-2» шағынауданынан №79 мектепке баруға оқушыларға қосымша қоғамдық көлік қарастырып берсеңіздер. |
Қаламыздың қоғамдық көліктерін жүйелендіру мақсатында ұйымдастырылған кешенді схемасына сәйкес, “Тұран-2” шағын ауданынан №79 мектепке қарай №17, №75 автобус маршруттары қатынайды. №17 автобус маршруты «Тұран ш/а – Автонұр базары» бағытында жұмыс күндері 10 автобуспен, сенбі, жексенбі, мерекелік күндері 7 автобуспен қызмет көрсетеді. Ал №75 автобус маршруты «Тұран ш/а – Қырғы базары» аралығында бағытында жұмыс күндері 10 автобуспен, сенбі, жексенбі, мерекелік күндері 7 автобуспен қызмет көрсетеді. Аталмыш екі автобус маршрутыда қала тұрғындары қолайлығы үшін қала орталықтарымен ұйымдастырылды. |
Ш.Мұқан, Р.Мулкеманов Е.Жолдасов Ж.Тажиева
|
||
|
22. |
АБДІХАНОВА Хадиша
«Достық» шағынауданы |
45. |
«Достық» шағынауданы жаңақұрылыс аумағындағы 2 көшеге асфальттау жұмыстары қашан атқарылады және қоғамдық көлік қарастырып берсеңіздер. |
Тұрғынның мәселесі бойынша басқарма мамандары тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде «Достық» шағын ауданы аумағындағы 2 көшеге қолданысқа жарамды асфальт қалдықтарын (фреза) салу туралы шешім қабылданды. Аталмыш жұмыстар қыркүйек айының 15-не дейін атқарылады. Сонымен қатар, аталмыш көше бойынша қоғамдық көліктердің бағыты оңтайландырылатын болады. |
М.Исахов, Р.Мулкеманов Е.Жолдасов |
|
46. |
«Достық» шағынауданы жаңақұрылыс аумағының тұрғындарына табиғи газ қашан пайдалануға беріледі. |
«Шымкент қаласының Достық ықшам ауданында инженерлік газбен жабдықтау желілерін салу (2-кезек)» нысаны бойынша құрылыс жұмыстары мердігер мекеме «Газовое хозяйство «Шымкентгаз» ЖШС тарапынан 2021 жылы жүргізіліп аяқталды. Ағымдағы жылы тамыз айында табиғи газға қосу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. |
М.Исахов, Р.Мулкеманов Б.Булатбеков |
||
|
47. |
«Достық» шағынауданы жаңақұрылыс аумағына мектеп, балабақша керек, қашан салынады. |
«Достық» шағын ауданынан 1200 орындық мектептің құрылысын 2024-2025 жылдары аралығында салу жоспарлануда. Қазіргі таңда, жер учаскесін рәсімдеу жұмыстары жүруде. Сондай-ақ, балабақшаның құрылысын салу мемлекеттік тапсырыс аясында жеке инвесторлар есебінен жүзеге асырылады. |
Ш.Мұқан, Р.Мулкеманов Ж.Тажиева |
||
|
48. |
«Достық» шағынауданы жаңақұрылыс аумағына емхана керек, осы мәселені шешіп берсеңіздер. |
«Достық» шағын ауданында «Отау Мед» ЖШС медициналық қызмет көрсетеді, олар дәрігерлік амбулаторияны жалға алады. Тұрғын үй массивіндегі халық саны ұлғайған жағдайда заңды тұлғаға жеке инвестициялар аясында жаңа нысан салу түрінде көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жақсарту бойынша талап енгізіледі. Сондай-ақ, көрсетілетін медициналық қызметтер желінің «қадамдық» қолжетімділік стандарттарына сәйкес келеді. |
Ш.Мұқан, Р.Мулкеманов Н.Асылбеков |
||
|
23. |
ОРАКБАЕВА Жадыра
«Тұран» шағынауданы
8-705-356-52-96 |
49. |
«Әдия» тұрғын үй кешенінен 8 көшеге шығатын жолға аялдама орнатып берулеріңізді сұраймын. |
Тұрғынның өтініші бойынша, «Әдия» тұрғын үй кешенінен 8 көшеге шығатын жолға аялдама орнату үшін басқарма тарапынан мердігер мекемеге тапсырма берілді. Аялдама орнату жұмыстары қыркүйек айының соңына дейін атқарылады.
|
М.Исахов, Р.Мулкеманов Б.Булатбеков, Е.Жолдасов |
|
50. |
«Тұран» шағынауданы «Әдия» тұрғын үй кешенінің көшелерін жарықтандырып берсеңіздер. |
«Әдия» тұрғын үй кешені көшелерін жарықтандыру 2023 жылдың жұмыс жоспарына енгізілгенін хабарлаймыз. |
М.Исахов, Р.Мулкеманов Б.Булатбеков |
||
|
51. |
«Тұран» шағынауданы «Әдия» тұрғын үй кешені көшелеріне бейнебақылау камераларын орнатып берсеңіздер. |
«Тұран» шағынауданы «Әдия» тұрғын үй кешені көшелеріне бейнебақылау камералары жыл соңына дейін орнату мүмкіндігі қарастырылады. |
М.Исахов, Р.Мулкеманов А.Абдраханов |
||
|
РАИМОВА Алтын
«Достық» шағынауданы
8-707-565-84-50 |
52. |
«Достық» шағынауданы Жаңақұрылыс аумағындағы электр жарығының құрылыс жұмыстары қашан аяқталады. |
«Достық» шағын ауданында жаңа электр жүйелерінің құрылысы бүгінгі күнге дейін сот ұйғарымымен тоқтатылған болатын. Қазірга таңда, сот шешіміне сәйкес мердігер мекемемен келісім-шарт өз күшінде қалдырылды, жұмыстар «ABM Building 2007» ЖШС-мен қайта жалғасуда. Ағымдағы жылдың, қараша айына дейін жұмыстарды аяқтап, пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. |
М.Исахов, Р.Мулкеманов Б.Булатбеков |
|
|
53. |
«Достық» шағынауданы Жаңақұрылыс аумағына балалар ойын алаңшасын салып берулеріңізді сұраймын. |
«Достық» шағынауданы жаңақұрылыс аумағына балалар ойын алаңшасын салу мақсатында алаңы 0,0425 га бос жер телімі анықталып, жерге орналастыру жобасы әзірленді. Жер комиссиясының оң қортындысы алынды. Қазіргі таңда, мемлекеттік акт алу жұмыстары жүргізілуде. Сметалық құжаттамалары әзірленіп 2023 жылдың бюджетіне ұсынылады. |
Р.Мулкеманов
|
||
|
24. |
ӘБДӘЛІ Лейла
«Тұран-2» шағынауданы
8-702-321-87-37 |
54. |
«Тұран-2» шағынауданында мердігер мекеме «Ақ Орда» ЖШС тарапынан салынған «Бесдос» тұрғын үй кешеніндегі үйлер қыс мезгілінде суық, сапасы төмен, тексеру жүргізіп, шара қолдануларыңызды сұраймыз. |
«Shymkent» ӘКК» АҚ мен «Корпорация Ақ ордасы» ЖШС арасындағы бірлескен келісім негізінде «Бес дос» тұрғын үй кешенінің құрылысы жүргізіліп, 2021 жылы пайдалануға тапсырылған. Тұрғын үйлердің сыртқы қабырғалары газоблоктан қаланған. Сыртқы қасбетіне жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес пенополистерол материалы қаралып, құрылысы жүргізілген. Тұрғын үйдің кемшіліктері қыс мезгілінде анықталған жағдайда, мердігер мекемесінің кепілдік мерзіміне сәйкес тиісті жұмыстар атқарылатын болады. Сонымен қатар, көрсетілген мән жайлар бойынша аталған нысанның мердігері «Корпорация Ақ-Ордасы» ЖШС-не жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізіліп, анықталған бұзушылықтар үшін Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 312-бабы, 1-бөлігіне сәйкес шара көріліп, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген. Нұсқамада көрсетілген кемшіліктер орындалмаған жағдайда сотқа талап арыз берілетін болады. |
М.Исахов, Р.Мулкеманов А.Бекбол Р.Илимбаев Н.Құрбанбекұлы |
|
25. |
РАХЫМБАЕВА Айжан
«Қайнарбұлақ» тұрғын алабы
8-775-840-52-24 |
55. |
«Қайнарбұлақ» саяжайына электр жарығын барынша тездетіп қосып берсеңіздер. |
«Қайнарбұлақ» шағын ауданында жаңа электр жүйелерінің құрылысы бүгінгі күнге дейін 18.03.2022 жылғы №5265-22-00-2/522 сот ұйғарымымен тоқтатылған болатын. Қазірга таңда, 2022 жылғы 5 мамырдағы №5265-22-00-2/522 сот шешіміне сәйкес конкурстық құжаттамаларының дұрыс болмауы себебінен мердігер мекемемен түзілген келісім-шарттар бұзылды. Жұмыстар жаңа мердігер анықталғанға дейін уақытша тоқтатылды. Қазіргі таңда, қалған жұмыстар бойынша жобаға түзетулер енгізіп, қайта сараптама қорытындысын алу жұмыстары басталды. Бұл жұмыстарды, 2022 жылдың маусым-шілде айында аяқтау жоспарда. Содан кейін, ағымдағы жылдың шілде-тамыз айларында жаңа мердігерді анықтау үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіледі. Конкурс өту мерзімі 75 күнтізбелік күнді құрайды. Нәтижесімен анықталған мердігер мекемемен құрылыс жұмыстары жалғасатын болады. Жалпы құрылыс жұмыстарын 2023 жылдың 2 тоқсанында аяқтау жоспарланған. |
М.Исахов, Р.Мулкеманов Б.Булатбеков |
|
26. |
ХУСАНОВА Назира
«Достық» тұрғын алабы 8-701-657-12-91 |
56. |
«Достық» тұрғын алабы Саяжай көшесіне асфальттың 2-ші қабатын тездетіп салып берсеңіздер. |
«Достық» тұрғын алабы Саяжай көшесіне асфальт төсеу жұмыстары мердігер мекеме «Мад-Г» ЖШС-не тапсырма берілді. Аталған жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін атқарылатын болады. |
М.Исахов, Р.Мулкеманов Е.Жолдасов |
|
57. |
«Достық» тұрғын алабындағы №102 метепке Саяжай көшесінен баратын қоғамдық көлік мәселесін шешіп берсеңіздер. |
Тұрғындардың өтініштері негізінде, «Достық» тұрғын алабындағы Бекмаханов көшесі арқылы №102 мектепке дейін №139 маршруттың жұмысын бірінші қыркүйекке дейін ұйымдастыру жоспарлануда. |
М.Исахов, Р.Мулкеманов Е.Жолдасов |
||
|
58. |
«Достық» тұрғын алабындағы жағдайы төмен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетілсе. |
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппараты тарапынан халықтың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге бюджеттен арнайы қаржы қаралмаған. Дегенмен, Қаратау ауданы, Достық тұрғын алабы, Саяжай көшесінің орам басшысы Н.Хусанованың «Жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету» мәселесі бойынша мемлекет тарапынан берілетін «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» көрсету туралы заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Саяжай көшесіндегі әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасылар тізімі жасақталып, ауданның әлеуметтік аз қамтылған отбасылар тізіміне енгізілді. Сондай-ақ, аталған мәселені оңтайлы шешу мақсатында аудан демеушілерімен келіссөздер жүргізілуде. Алдағы уақытта, әлеуметтік көмек көрсетуге ниет білдіруші демеушілер болған жағдайда, тізімге енгізілген отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетілетін болады. |
Е.Білісбеков Р.Мүлкеманов Б.Нарбекова |
||
|
27. |
ЖАҚЫПБЕКОВА Орынкүл
«Достық» тұрғын алабы |
59. |
«Достық» тұрғын алабында №45 қоғамдық көлік жүрмей қалды, осы қоғамдық көлікті жиі жүргізуіңізді сұраймыз. |
Қаламыздың 2021-2025жж жоспарланған көлік қозғалысының инфрақұрылымын дамытуға арналған іс-шара жоспарына сәйкес, 5-20 маусым аралығында, Байдібек би және Арғынбеков көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысына байланысты, көлік тығыздығының алдын алу мақсатында, №45 автобус маршрутының автобус саны қысқартылған болатын. Қазіргі уақытта аталмыш автобус маршруты күнделікті бекітілген 8 автобуспен, ал сенбі, жексенбі 6 автобуспен қызмет көрсетуде. Автобус маршрутының саны және аралық жиілігі тікелей Басқармаға қарасты «Диспетчерлік қызмет орталығы» КММ тарапынан бақылауға алынғанын хабарлаймыз. |
М.Исахов, Р.Мулкеманов Е.Жолдасов |
|
60. |
№89 мектепке оқушыларды тасымалдайтын автобусқа қажеті керек жарақпен қамтамасыз етуді сұраймын. (бензин, құрал жабдықтар) |
«Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 2-тармағында және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 55-бабының 3-тармақшасында ауылдық жердегі оқушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастыру қарастырылмаған. Осыған байланысты, жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау ұйымдасытру және мектеп автобустарын құрал-жабдықтармен, жанар-жағармайлармен қамтамасыз ету мүмкін емес.
|
Ш.Мұқан Р.Мүлкеманов Ж.Тажиева |
||
|
28. |
ШОЙЫНБАЕВ Болат «Тассай» тұрғын алабы 8-775-794-85-85 |
61. |
«ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС тарапынан Г.Шойынбаева көшесіне жүргізіліп жатқан электр желісі қашан пайдалануға беріледі. |
Құрылыс жұмыстары аяқталған, қазір абоненттеу жұмыстары жүргізілуде. Жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. |
М.Исахов, Р.Мулкеманов Б.Булатбеков |
|
29. |
КҮЗЕРОВ Абдрахман
«Тұран» шағынауданы 8-701-741-44-89 |
62. |
«Тұран» шағынданындағы көшелерге көше атауын беру жұмыстары қашан аяқталады. |
«Тұран» шағынауданындағы атауы жоқ 8 көшеге атау беру бойынша ҚР Үкіметінің жанындағы республикалық ономастикалық комиссиясының оң қорытындысын алғаннан кейін, тиісті жұмыстар атқарылатынын хабарлаймын. Аталған көшелер заңдастырылуына орай, тақтайша орнату жұмыстары жүргізіледі. |
Ш.Мұқан Р.Мулкеманов Д.Жүнісов |
|
30. |
ОСПАНКУЛОВА Айжамал
«Тұран-2» шағынауданы
8-707-106-16-31 |
63. |
«Тұран-2» шағынауданына қосымша қоғамдық көлік қарастырсаңыздар. |
Қаламыздың қоғамдық көліктерін жүйелендіру мақсатында ұйымдастырылған кешенді схемасына сәйкес, «Тұран» шағын ауданынан №17 және №75 автобус маршруттары қызмет көрсетеді. №17 автобус маршруты «Тұран ш/а – Автонұр базары» бағытында жұмыс күндері 10 автобуспен, сенбі, жексенбі, мерекелік күндері 7 автобуспен қызмет көрсетеді. Ал №75 автобус маршруты «Тұран ш/а – Қырғы базары» аралығында бағытында жұмыс күндері 10 автобуспен, сенбі, жексенбі, мерекелік күндері 7 автобуспен қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта Бәйдібек би-Арғынбеков көшесіндегі жол айырғыны салу жұмыстарына байланысты, Бәйдібек би көшесі уақытша жабылып, қоғамдық көліктердің сызбаларына уақытша өзгерістер енгізілді. Сол салдарынан кептелістер орын алып, автобустар кейбір кезде бекітілген кестеден кешігуде. Сонымен қатар, кешенді схемаға сәйкес оңтайландырылған жаңа маршруттар желісі тұрғындарды халық көп шоғырланған аялдамаларға жеткізіп, ары қарай қаланың кез-келген нүктесіне жетуіне мүмкіндік береді, себебі үлкен қалаларда жолаушылардың қоғамдық көлікпен бір бағыттан екінші бағытқа ауысып жүрулері қаралады. Аталмыш екі автобус маршрутыда қала тұрғындары қолайлығы үшін қала орталықтарымен ұйымдастырылды. |
М.Исахов, Р.Мулкеманов Е.Жолдасов |
|
64. |
«Тұран» шағынауданы №2 және №5 көше қиылысына бағдаршам және жаяу жүргіншілер жолағы орнатылса. |
«Тұран» шағынауданы №2 және №5 көше қиылысына бағдаршам орнату жұмыстары жыл соңына дейін аяқталатын болады. |
М.Исахов, Р.Мулкеманов Б.Булатбеков |
||
|
31. |
СУГРАЛИЕВА Жанар
«Тұран-2» шағынауданы
8-777-602-83-37 |
65. |
Мердігер мекеме «Ақ Орда» тарапынан салынған «Бесдос» тұрғын үй кешеніндегі үйлер қыс мезгілінде суық болады. Жер төлеміз үнемі суға толып жатады және сауғарлар орнатылмаған. Аталған мәселені шешіп берсеңіздер. |
«Shymkent» ӘКК» АҚ мен «Корпорация Ақ ордасы» ЖШС арасындағы бірлескен келісім негізінде «Бес дос» тұрғын үй кешенінің құрылысы жүргізіліп, 2021 жылы пайдалануға тапсырылған. Тұрғын үйлердің сыртқы қабырғалары газоблоктан қаланған. Сыртқы қасбетіне жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес пенополистерол материалы қаралып, құрылысы жүргізілген. Тұрғын үйдің кемшіліктері қыс мезгілінде анықталған жағдайда, мердігер мекемесінің кепілдік мерзіміне сәйкес тиісті жұмыстар атқарылатын болады. Сонымен қатар, көрсетілген мән жайлар бойынша аталған нысанның мердігері «Корпорация Ақ-Ордасы» ЖШС-не жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізіліп, анықталған бұзушылықтар үшін Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 312-бабы, 1-бөлігіне сәйкес шара көріліп, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген. Нұсқамада көрсетілген кемшіліктер орындалмаған жағдайда сотқа талап арыз берілетін болады. |
М.Исахов, Р.Мулкеманов А.Бекбол Р.Илимбаев Н.Құрбанбекұлы |
|
32. |
ТУРГУНОВ Нұрмахан
«Асар» шағынауданы
8-707-748-96-16 |
66. |
«Асар» шағынауданы Нұрлы көш көшесі арқылы №8,9 қоғамдық көліктер қатынайды. Осыған орай, №126 және №52 қоғамдық көлікті ішкі көшелермен жүргізулеріңізді сұраймыз. |
«Асар» шағын ауданы арқылы №150, №108, №9 бағыттағы қоғамдық көліктері қатынап, жолаушыларды қала бойынша тасымалдауда. Одан бөлек, Алматы айналма жолы арқылы, яғни «Асар» шағын ауданы қасынан №52, №126 бағыттағы қоғамдық көлік қызмет көрсетеді. Басқарма мамандарының жүргізген зерделеу жұмыстары нәтижесінде, №150, №108, №9 бағыттағы қоғамдық көліктері «Асар» шағын ауданын толық қамтып отырғаны анықталды. |
М.Исахов, Р.Мулкеманов Е.Жолдасов |
|
33. |
БЕКБОТАЕВ Данияр «Ақжайық» шағынауданы 8-775-314-44-44 |
67. |
«Ақжайық» шағынауданы көп қабатты үйлердің ауласына салынып жатқан балалар ойын алаңшасы қашан аяқталады. |
«Ақжайық» шағынауданы көпқабатты үй ауласына «Strong Servise» ЖШС тарапынан балалар ойын алаңшасы мен тренажер элементтері 20 тамызға дейін орнатылады. |
Р.Мулкеманов
|
|
34. |
ҚАЛХОДЖАЕВ Яхия «Тұран» шағынауданы |
68. |
«Тұран» шағынауданы Бәйдібек би даңғылына аяқжол салу жұмыстары атқарылса. Балалардың жүруіне қиындықтар туындауда. |
«Тұран» шағынауданы Бәйдібек би даңғылына аяқжол салу жұмыстарын жүргізу үшін 2023 жылға сметалық құжаттар әзірленеді. |
М.Исахов, Р.Мулкеманов Е.Жолдасов |
|
35. |
ҚОЖАБЕРГЕН Тұрмаханбет
«Таскен» тұрғын алабы
8-778-916-33-48 |
69. |
«Таскен» тұрғын алабындағы көшелерді жарықтандырып берсеңіздер.
|
Қала көшелерін жарықтандыруда бірінші кезекте шағынаудандар мен тұрғын алабтардың әлеуметтік нысандар (мектеп, балабақша, емхана және т.б) орналасқан орталық маңызға ие (қоғамдық көлік қатынайтын) көшелерін қамту жоспарланған. Осыған орай, мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында 2021-2023 жылдары жарықтандырылатын көшелердің тізімі аудан әкімдіктерінің ұсынысымен бекітілген. Тізімге сәйкес, Таскен тұрғын алабының жоғарыда аталған талаптарға сай келетін көшелері (Бабашұлы, Балқыбеков, Өтебаев, Мергентөбе, Ақселеу) 2021 жылы толық жарықтандырылғанын хабарлаймыз. Сонымен қатар, өзге көшелері 2024-2025 ж.ж ішкі орам көшелерді жарықтандыру жобасына енетіндігін мәлімдейміз. |
М.Исахов, Р.Мулкеманов Б.Булатбеков |
|
70. |
«Таскен» тұрғын алабындағы орталық көшелерге аялдамалармен жаяу жүргіншілер жолағын орнатып берсеңіздер. |
«Таскен» тұрғын алабындағы орталық көшелерге 400-800 метр қолданыстағы аялдамалар орнатылады. Аялдама орнату жұмыстары тамыз айының соңына дейін атқарылады. |
М.Исахов, Р.Мулкеманов Е.Жолдасов |
||
|
71. |
Жеке кәсіпкерлікпен айналысу бойынша басқарма тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілсе. |
Қазіргі таңда 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес, өтеусіз негізде 5 млн. теңгеге дейін мемлекеттік гранттар конкурстық негізде беріледі. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар экономиканың басым секторларында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде беріледі. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға үміткер кәсіпкерлер өтінімге төменде аталған құжаттарды қоса береді: 1) жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама (бар болса); 2) кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын, ескіру мерзімі 2 (екі) жылдан аспайтын құжат (бар болса); 3) берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған қаражатпен қатысу (халықтың әлеуметтік осал топтарын, оның ішінде 4) халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызу мәртебесін растайтын құжат; 5) кәсіпкердің экономиканың басым секторларында қызметті жүзеге асыруы туралы хабарламаның көшірмесі. Ұлттық жобаны іске асыру мақсатында 20 %-дан аспайтын бөлінетін қаражат халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беруге бағытталған. 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидаларының 1) Бизнес-жобаның жаңашылдығын бағалау; 2) Бизнес-жобаның тиімділігін бағалау; 3) Бизнес-жобаның әзірлік деңгейін бағалау; 4) Жобаның экономикалық орындылығын бағалау өлшемшарттарымен анықталады. Ұлттық жобаны іске асыру мақсатында Қала тұрғыны Т.Қожабергенмен
|
А.Сәттібаев Р.Мулкеманов Б.Дүйсебеков |
||
|
36. |
ТӨРТБАЕВА Анипа
«Орманшы» тұрғын алабы
8-775-672-63-93 |
72. |
«Орманшы» тұрғын алабы Алатау көшесіндегі ауыз су жүйесі жарылып көшені бұзуда. Қайта реттеу жұмыстары атқарылса. |
Қызмет көрсетуші «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК-ны мамандары тарапынан қайта реттеу жұмыстары жүргізілді. Ақау орын алған жағдайда, ГКП УВиК Орталық Диспетчерлік қызмет бөлімі номерлері:87252-56-10-10, 87252-47-61-82, 8707-819-86-81 хабарласыңыз. |
М.Исахов, Р.Мулкеманов Б.Булатбеков |
|
73. |
«Орманшы» тұрғын алабы Алатау көшесінен ауыр жүк көліктері жүріп, жолды бұзуда.Осыған орай көшенің кіре берісіне ауыр жүк көліктеріне арналған, жол белгісін орнатуыңызды сұраймыз. |
«Орманшы» тұрғын алабы Алатау көшесінен ауыр жүк көліктеріне тыйым салатын жол белігісі орнатылды. |
М.Исахов, Р.Мулкеманов Е.Жолдасов |
||
|
74. |
«Алатау» саябағына ирригациялық арық қашан жүргізіледі. |
«Орманшы» тұрғын алабы Алатау саябағынан Алатау көшесіне ұзындығы 610 метр ирригациялық арық салу мақсатында бюджеттен тиісті қаржы қаралды. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу басқармасы тарапынан ашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Құрылыс жұмыстары мердігер мекеме анықталуына орай жүргізіледі. |
Е.Білісбеков Р.Мулкеманов М.Абдукадиров |
||
|
37. |
ЖАМАНБЕКОВА Орынкүл
«Достық» шағынауданы
8-771-964-50-00 |
75. |
Қызым 6 жыл болды оқуды бітіргеніне информатика пәні мұғалімі ретінде жұмысқа орналастыра алмай жүрмін, көмектесулеріңізді сұраймыз. |
ҚР Білім және ғылым минстрлігінің 21.02.2012 жылғы №57 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары туралы» бұйрығының 3-тарауы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату тәртібі» негізінде HR-Process.kz электронды бағдарламасында мамандығыңыз бойынша бос жұмыс орыны болған жағдайда, конкурсқа қатысуға мүмкіншілігіңіз бар екендігін назарыңызға жеткізіледі. |
Ш.Мұқан, Р.Мулкеманов Ж.Тажиева |
|
38. |
ОРЫНБЕКОВА Гаухар «Тассай» тұрғын алабы 8-775-711-63-28 |
76. |
«Тассай» тұрғын алабы Уалиханов көшесінде орналасқан «Қазпошта» жанынан (каспи, халық банк) терминалын орнатып берсеңіздер. |
«Тассай» тұрғын алабы Уалиханов көшесінде орналасқан «Қазпошта» жанынан және аталған елді мекенде қолайлы орындарға банк терминалдарын орнату бойынша ұсыныс жолданды. |
Р.Мулкеманов
|
|
39. |
ДЖЕМБАЕВА Арайлым
«Қайнарбұлақ» тұрғын алабы 8-778-580-16-23 |
77. |
«Қайнарбұлақ» тұрғын алабында үйім бар алайда құжаттарын рәсімдей алмай жатырмын. Аталған мәселені шешіп берсеңіз. |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 01.10.2020 жылғы №301 бұйрығымен бекітілген «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» мемлекеттік қызметі болып табылады. Жоғарыдағылардың негізінде, Сізге көрсетіліп отырған жер учаскесіне тиісті құқықтарды алу үшін, arm.elicense.kz веб-порталы арқылы «Жер учаскесіне құқықтар алу 1-кезең» өтінішпен жүгіну ұсынылады. |
М.Исахов Р.Мулкеманов Е.Нұразханов |
|
40. |
ИМАНАЛИЕВА Нурипа
«Қайнарбұлақ» тұрғын алабы 8-778-115-13-63 |
78. |
«Қайнарбұлақ» тұрғын алабында үйім бар алайда құжаттарын рәсімдей алмай жатырмын. Аталған мәселені шешіп берсеңіз. |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 01.10.2020 жылғы №301 бұйрығымен бекітілген «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу»мемлекеттік қызметі болып табылады. Жоғарыдағылардың негізінде, Сізге көрсетіліп отырған жер учаскесіне тиісті құқықтарды алу үшін, arm.elicense.kz веб-порталы арқылы «Жер учаскесіне құқықтар алу 1-кезең» өтінішпен жүгіну ұсынылады. |
М.Исахов Р.Мулкеманов Е.Нұразханов |
|
41. |
ҚОЖАБЕРГЕНОВ Тұрмаханбет
«Таскен» тұрғын алабы 8-778-916-33-48 |
79. |
«Таскен» тұрғын алабы К.Өтебаев көшесіне жол белгілерін, жолаяқ немесе бейнебақылау камерасын орнатып берсеңіздер.
|
«Таскен» тұрғын алабы К.Өтебаев көшесіне жол белгілерін, жолаяқ орнату бойынша басқарма мамандары тарапынан 5 тамыз күні зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде қыркүйек айына дейін жол белгісі мен аялдаманың жол белгісі орнатылады. Сонымен қатар, бейнебақылау камерасы жыл соңына дейін орнату мүмкіндігі қарастырылады. |
М.Исахов, Р.Мулкеманов Е.Жолдасов А.Абдраханов |
|
80. |
Ардагерлер емделу үшін, санаторияға, емделу орталығына 6 айда, 12 айда бір рет бару керек, осы мәселені шешіп берсеңіздер. |
2019 жылғы 29 наурыздағы №47/369-6с шешімімен бекітілген «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасының» 15-тармағының 2) тармақшасына сәйкес зейнет жасындағы азаматтарға шипажайлық-курорттық емделуге жылына бір рет кезек келуіне орай баруға мүмкіндігі бар. Шымкент қаласында 84 мыңнан астам зейнеткерлер бар, оның ішінде жылына 15 мыңға жуығы шипажайлық-курорттық емделуге өтініш білдіруде. Аталған өтініштерді толыққанды жергілікті бюджет есебінен қанағатандыру мүмкін болмай отыр. Бүгінгі таңда, Шымкент қаласының әкімдігі бюджет есебінен жолдаманың 50 пайызы төленіп берілуде. Ал еліміздің басқа өңірлерінде, атап айтсақ, Алматы қаласында 35 пайызын, Нұр-Сұлтан қаласында 25 пайызын төлеумен шектелуде. Қазақстанның кей өңірлерінде зейнет жасындағы зейнеткерлерге санаторлық курорттық емделуге жолдама бөлу қарастырылмаған. |
Е.Білісбеков Р.Мулкеманов Б.Нарбекова |
||
|
81. |
Менің денсаулығым жақсы елге қызмет ету үшін, маған қоғамдық жұмыс берсеңіздер. |
Азамат Тұрмаханбет Қожабергеновтің ұялы телефонына бірнеше рет қоңырау шалғанда телефонын көтермеуіне байланысты және ақпараттық жүйеде басқада деректер анықталмағандықтан Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталықтың мамандары тарапынан азамат Т.Қожабергеновпен тілдесу мүмкіндік болмады. Алайда, Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады. Қоғамдық жұмыстар жұмыскердің алдын-ала кәсіптік даярлығын талап етпейді және әлеуметтік пайдалы бағыттылығы бар. Қоғамдық жұмыстарға келесі санаттағы азаматтар қатыса алады: 1) Жұмыссыздар; 2) Жазғы демалыс кезеңінде студенттердің және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларының; 3) Тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдардың құқығы бар. Қоғамдық жұмыстарға қатысуға: 1) Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алмайтын жұмыссыздар; 2) Халықты жұмыспен қамту орталығында 6 айдан астам есепте тұрған жұмыссыздар басым құқыққа ие. Сонымен қатар, ақылы қоғамдық жұмыстың ұзақтығы 12 айдан аспайды. Осыған сәйкес, 2022 жылы Шымкенттегі ақы төленетін қоғамдық жұмыстардың айлық жалақысының ең төменгі жалақысы 79 009 теңгені құрайды. Осы ретте қосымша сұрақтар болса «Халықты жұмыспен қамту орталығына» (Нұрсәт ш/а,С.Бәйтереков көшесі №89 ғимарат) жүгінуге болады. |
Е.Білісбеков Р.Мулкеманов Б.Нарбекова |
||
|
42. |
НУРСАДЫКОВА Б.А.
«Нұрсат-3» №42 үйдің тұрғыны |
82. |
«Нұрсат-3» №42 үйдің әр қабатында кафель жоқ, сыртқы қасбеті жырылып сынып жатыр, бұл үй арендалық үй болғандықтан, күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. |
Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсәт т.а. №42 көпқабатты тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, аталған тұрғын үйге жобалық сметалық құжаттама әзірленді. Жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, қазіргі таңда мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. |
Е.Білісбеков Р.Мулкеманов Ж.Өтебаева |
|
43. |
ДЖУМАШЕВ Сұлтанбек
«Достық» тұрғын алабы 8-701-831-42-91 |
83. |
Мен өз күшіммен «Достық» тұрғын алабы «АвтоЦон» маңынан 300 орындықтық мектеп салып жатырмын, алайда мектептің инфрақұрылым жүйесі электр,газ, жол мәселесі осы күнге дейін шешілмеуде. Көмектесуіңізді сұраймын. |
Сумен қамтылған. Жоба бойынша газ құбыры және орнатылған ШРП тек қана тұрғын үйлерге қарастырылған. Сол себептен, аталған мектеп заңда тұлға ретінде өз есебінен мемлекет газ құбырына қосылу үшін, алдын-ала «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ШӨФ-нан техникалық шарт алу қажет. Жақын маңдағы электр трансформаторынан электр қуатына қосылу сол трансформатордың номерін көрсете отырып, техникалық шарт алуға «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-не жазбаша өтініш қалдыру қажет. Ал, жол мәселесі бойынша шағал тас жолға қыркүйек айының соңына дейін фреза төселеді. |
М.Исахов, Р.Мулкеманов Б.Булатбеков Е.Жолдасов |
|
44. |
ТУРСУНЖАНОВА Ляззат
«Таскен» тұрғын алабы 8-702-252-59-79
|
84. |
Ұлым Оразбай Диас 3-топ мүгедегі диагноз (сахарный диабет) оқуға грантқа түсуге көмек беруіңізді сұраймын. Өзім 5 баланың анасымын. |
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру және модорнезациялау мақсатында Мемлекет басшысы ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне бөлу жолымен қайта құру туралы қаулы шығарды, осыған байланысты біздің білім басқармасының құзыретіне кірмейді. |
Ш.Мұқан Р.Мулкеманов Ж.Тажиева
|
|
45. |
ҚҰРМАНАЛИЕВА Б.Қ.
«Нұртас» тұрғын алабы тұрғындарынан 8-771-960-76-37 |
85. |
«Нұртас» тұрғын алабының көшелеріне зерделеу жүргізіп, асфальт салып беруіңізді сұраймын. |
«Нұртас» тұрғын алабының көшелеріне кәріз және табиғи газ жүргізілгеннен кейін, орташа жөндеу жұмыстары қарастырылатын болады. |
М.Исахов, Р.Мулкеманов Е.Жолдасов |
|
86. |
«Нұртас» тұрғын алабының көшелеріне зерделеу жүргізіп, көше атауын, тақтайша орнатып берсеңіздер. |
«Нұртас» шағынауданы бойынша 39 көшенің заңды шешімі бар. Аудан әкімі аппараты тарапынан тақтайша орнатылмаған 155 көшеге Qr code үлгідегі тақтайша орнату жұмыстары атқарылуда. «Нұртас» шағынауданындағы 4 көшеде жұмыстар жүргізіледі. |
Ш.Мұқан Р.Мулкеманов Д.Жүнісов |
||
|
87. |
«Нұртас» тұрғын алабына кәріз жүйесі қашан жүргізіліп пайдалануға беріледі. |
«Нұртас» шағын ауданындағы кәріз жүйелерінің құрылысы» жұмыс жобасы бойынша жобалау сметалық-құжаттамасы әзірленіп, сараптама қорытындысын алынды. Жобалаушы мекеме – «Береке» ЖШС. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін мердігер мекемені анықтауға мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2022-2023 жылдары жүргізіледі. |
М.Исахов, Р.Мулкеманов Б.Булатбеков |
||
|
46. |
ҚУАТОВ Батыр
қала тұрғыны 8-701-424-19-17 |
88. |
Маған «Бөдене» фермасын ашуға 50 соттық жер учаскесін алуға көмек беруіңізді сұраймын. Бөдене жұмыртқасы 26 ауруға ем. |
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің «Мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) алу туралы» 48-бабының 1-тармағының талаптарына сай, «тізбесін жергілікті атқарушы орган айқындаған және жергілікті өкілді орган тиісті шешімімен бекіткен, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелері немесе жер учаскесін жалдау құқығы кемінде жылына бір рет өткізілетін сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сату объектісі болып табылады»-делінген. Жоғарыда аталған Заң талаптарына сай және өтініміңізді қанағаттандыру мақсатында Сіз алдағы уақытта өткізілетін сауда-саттыққа қойылатын жер телімдеріне (конкурсқа, аукционға) қатысуға болатындығын назарыңызға саламыз. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабын басшылыққа ала отырып мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне өткізілетін сауда-саттықтың (конкурстың, аукционның) өтетін орны мен уақыты туралы бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланады.
|
А.Сәттібаев Р.Мулкеманов Б.Дүйсебеков Е.Нұразханов |
|
47. |
ҚОЖАБЕРГЕНОВ Т.Т.
«Таскен» тұрғын алабы 8-778-916-33-48 |
89. |
Менің екі балам бар Қожабергенов Даулет, Қожабергенов Расул, екеуінің 7 баласы бар. Осыған байланысты Қожабергенов Даулетке жер учаскесін немесе тұрғын үй беруіңізді сұраймын. |
ҚР Жер кодексінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін табыстау бойынша арнайы жеке бағдарламалар қарастырылмағандықтан, азаматтардың өтініштері кезектілік ретімен, жеке тұрғын үй құрылысы үшін аймақтардың нақты жоспарлау жобалары дайындалып, бөлінетін жерлердің инженерлік инфрақұрылым жүйелері жүргізіліп, арнайы алаңшалардың дайындалуына қарай қанағаттандыруға жататындығын хабарлаймын. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2022 жылғы 4 наурыздағы №19-3-12/748-И хатына сәйкес ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап электрондық үкімет порталында egov.kz (https://egov.kz/services/P4.14) жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекке қою (10 сотық жер) қызметі, сондай-ақ деректерді өзектендіру қызметі тоқтатылды. Осыған байланысты, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекке тұру үшін, өтінімдерді egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы электрондық форматта тапсыруды ұсынамыз. Тұрғын үй бойынша: Аталған азаматпен телефон арқылы сұхбаттасу жүргізілді. Аз. Т.Қожабергенов ұлдары аз.Қожабергенов Даулеттің және Қожабергенов Расулдың қалада 3 жыл тұрақты мекен-жайы бар екендігін және атында 5 жыл көлемінде үй жоқ екендігін мәлімдеді. Сондай-ақ ұлы Аз.Қожабергенов Даулет № 103 қалалық мектепте мұғалім болып жұмыс жасайтындығы және ұлы аз.Қожабергенов Расул көпбалалы отбасы болғандықтан кезекке тұру мүмкіндігі түсіндірілді. |
М.Исахов Р.Мулкеманов Е.Нұразханов Ж.Өтебаева |
|
48. |
АШЕТОВА Күміскүл
«Қайнарбұлақ» тұрғын алабы Жаңақұрылыс №173 уч. 8-707-415-16-87 |
90. |
Мен көпбалалы анамын, күміс алқа иегері 2016 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрамын, осы уақытқа дейін тұрғын үй берілген жоқ. Осы мәселені шешіп берсеңіздер. |
Аз.Амантаева Кумискул қалалық тұрғын үй кезегінде 25.01.2016ж бюджеттік ұйым қызметкері ретінде тіркелгендігін мәлімдеді. Бүгінгі таңдағы кезек №4822 Аз.Амантаева Кумискулге «Нұрлы жер» бағдарламасының «5-20-25 және «5-10-20» несиелік бағыттарының шарттары толық түсіндіріліп, бағдарлама талаптарына сәйкес келген жағдайда, өтінім беру жолдары туралы кеңес берілді. |
Е.Білісбеков Р.Мулкеманов Ж.Өтебаева |
|
91. |
Ұлым жұмыссыз, жұмысқа тұрғызуға көмек берсеңіздер. |
«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жұмыспен қамту, қайта біліктілігін арттыру және гранттар туралы түсіндірме жүргізіп, әлеуметтік қамсыздандыру шараларын ұйымдастыру
|
Е.Білісбеков Р.Мулкеманов Б.Нарбекова |
||
05 тамыз 2022
Кездесу