Жиі қойылатын сұрақтар
2024 жылғы 14 маусымдағы «Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 5 тамыздағы №1464 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
№ 2817 қаулысына сәйкес Шымкент қаласы аумағында
43 стационарлық емес сауда объектілерін (сауда жасау орындары) орналастыру орындары бекітілген.
Стационарлық емес сауда объектілері ішкі сауда субъектілерінің өтінімдері бойынша конкурстық негізде екі кезеңде жүзеге асырылады. Конкурстық комиссия отырысы 2025 жылдың маусым айында өткізу жоспарлануда. Конкурстық комиссия отырысының өтетіндігі туралы хабарландыру Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланатын болады.
Бүгінгі күні жер учаскесін заңдастыру ҚР Жер кодексінің 44-2 талаптарына сәйкес заңдастырылады. Яғни жер учаскесіне тиісті құқық алу бойынша қала әкімінің атына аталған мемлекеттік қызмет көрсету түріне өтінім беру арқылы қызмет түрін алады.
Одан әрі, қолданыстағы Заңнама талаптарына сәйкес, өтініш қарастырылып, жер учаскесіне тиісті құқық беруге қаулы табысталады.
Өтінішке қала әкімінің құқық беруден бастарту қаулысы қабылданған жағдайда, ҚР Азаматтық Кодексінің 244 бабына сәйкес, сот тәртібі арқылы үйіңізге меншік құқығын тану туралы талап арыз беруге мүмкіндігіңіз бар.
Сотпен меншік құқығын тану бойынша тиісті шешім қабылданғаннан соң, қала әкімдігіне аталған қызмет түрі бойынша жүгінуге болады.
"Ата жолы" картасы – халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен бизнес-көшіп келушілерге не этникалық қазақтар қатарынан сұранысқа ие кәсіптері бар адамдарға он жылға дейінгі мерзімге, бірақ азаматтығы бар ел паспортының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге берілетін белгіленген нысандағы құжат."Ата жолы" картасы – халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен бизнес-көшіп келушілерге не этникалық қазақтар қатарынан сұранысқа ие кәсіптері бар адамдарға он жылға дейінгі мерзімге, бірақ азаматтығы бар ел паспортының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге берілетін белгіленген нысандағы құжат.
Көшуге субсидиялар және осыған байланысты өтеу шығындары отбасының әрбір мүшесіне 70 айлық есептік көрсеткіш яғни 2026 жылға 302750 теңге мөлшерінде бір рет беріледі.Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығындарды өтеуге субсидиялар растайтын құжаттар негізінде ай сайын он екі ай ішінде Бағдарламаға қатысушының карт-шотына ақша аудару арқылы мынадай мөлшерде беріледі
Мемлекеттік қолдау келесіні қамтиды:
- Көшуге субсидиялар және осыған байланысты өтеу шығындары отбасының әрбір мүшесіне 70 айлық есептік көрсеткіш яғни 2026 жылға 302750 теңге мөлшерінде бір рет беріледі.
- Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығындарды өтеуге субсидиялар растайтын құжаттар негізінде ай сайын он екі ай ішінде Бағдарламаға қатысушының карт-шотына ақша аудару арқылы мынадай мөлшерде беріледі:
Қалалық жерге қоныс аударғандар үшін:
- бір адамға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (86500 теңге).
- отбасы мүшелерінің саны екіден төртке дейін болса 25 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (108125 теңге);
- бес және одан көп отбасы мүшелерінің саны кезінде 30 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (129750 теңге);
Ауылдық жерлерге қоныс аударғандар үшін:
- бір адамға 15 айлық көрсеткіш мөлшерінде (64875теңге);
- отбасы мүшелерінің саны екіден төртке дейін болған кезде 18 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (77850 теңге);
- отбасы мүшелерінің саны бес және одан көп болған кезде 21 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (90825 теңге).
Бағдарламаға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын көрсету: жұмысқа орналастыру, оқыту және микрокредит беру.
Экономикалық ұтқырлық сертификаты қандастарға және қоныстанушыларға келу аймағындағы тұрақты тұратын елді мекеннен тұрғын үй сатып алу кезде жылжымайтын мүліктін құнын бағалай отырып, алдын ала сатып алу-сату шартын немесе сатып алу-сату шартын ұсынған кезде беріледі.Экономикалық ұтқырлық сертификаты отбасына тұрғын үй құнының 50% мөлшерінде, бірақ 1625 АЕК (7 028 125 теңге) аспайтын мөлшерде беріледі.
«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес, «Деректемелер мен көрнекі ақпараттың мәтіндері орфография нормалары және мәтіннің теңтүпнұсқалы аудармасы сақтала отырып жазылады.Мемлекеттік емес ұйымдардың маңдайшалары мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тілдерде де орналастырылады. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, ас мәзірлері, нұсқағыштар және басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тiлдерде де орналастырылады.Деректемелер мен көрнекі ақпараттың барлық мәтiнi мынадай ретпен: мемлекеттiк тiлде - сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тiлiнде он жағына немесе төменгi жағына орналасады, бiрдей өлшемдегi әрiптермен жазылады. Қажеттiгiне қарай деректемелер мен көрнекі ақпараттың мәтiндерi қосымша басқа да тiлдерге аударылуы мүмкiн. Бұл жағдайда қарiп өлшемi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптардан аспауға тиiс. Ауызша ақпарат, хабарландыру, жарнама мемлекеттiк тiлде, орыс және қажет болған жағдайда, басқа да тiлдерде берiледi.
Қайтарымсыз грант алу үшін мансап орталығына қайырылып, өтінімді беруге болады. Гранттар жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз дара кәсіпкер ретінде болу керек. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі.
Мемлекет жаңа бизнес бастау үшін арнайы гранттар береді. Бұл қаржылай көмек айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 400 есесіне дейін берілуі мүмкін. Грант тек конкурс негізінде тағайындалады.
Оны келесі азаматтар ала алады:
- Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатындар;
- Көпбалалы отбасылар (4 және одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар, бірге тұратын және арнайы жәрдемақы алатындар);
- Сондай-ақ, осы отбасылардың балалары күндізгі оқу түрінде оқыса (мектеп, колледж, ЖОО) – оқуын аяқтағанға дейін (бірақ 23 жасқа дейін);
- Немесе олардың жұбайлары (зайыбы);
- Асыраушысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алатындар;
- Қоныс аударушылар;
- Қандастар;
- Еңбекке жарамды мүмкіндігі шектеулі азаматтар;
- Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар және олардың жұбайы (зайыбы).
Маңызды:
- Грант алу үшін өтінім бермей тұрып, сіз:
- Жұмыссыз ретінде тіркелуіңіз керек, немесе жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде тіркелуіңіз қажет.
Егер сіз жеке кәсіпкер болсаңыз, онда тіркелгеніңізге 3 жылдан аспауы керек.
Жануарлардың шоғырлану орындардың мониторингі және азаматтардың өтінімдері бойынша қала аумағындағы қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды аулауды, уақытша ұстауды және жансыздандыруды «Ветеринариялық қызмет» МКК (аулау қызметі) жүзеге асырады.Қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды (ит-мысық) аулау мәселесі бойынша 45-05-05, 45-05-22 телефонына қоңырау шалып немесе «109» (Ikomek) ахуалдық орталығына өтінім қалдыру мүмкіндігін назарыңызға жеткіземіз.
5 млн тг дейінгі кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік грант әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне және «Бір ауыл – бір өнім» бағдарлама финалистеріне беріледі. Құжат қабылдау ақпараттық жүйе арқылы электронды форматта өткізіледі.
Қазақстан Республикасының 1412-2017 стандартына сәйкес, жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршамдар бес шарттың кемінде біреуі орындалса орнатылады: қозғалыс қарқындылығы жоғары болса, жаяу жүргіншілер көп болса, екі шарт 80%-дан орындалса, жол-көлік оқиғалары көп болса немесе мектептер мен көп жүретін жерлерде үш және одан көп жолағы бар жолдарда.
1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды білім беру ұйымының, тиісті деңгейдегі білім беруді басқару органының интернет-ресурсында, әлеуметтік желілерінің ресми аккаунттарында, мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі арқылы жариялау;
2) конкурсты өткізу күнін айқындау және конкурстық комиссияны қалыптастыру;
3) конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттардан құжаттар қабылдау;
4) кандидаттар құжаттарының Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау;
5) конкурстық комиссияның қорытынды отырысы.