Жиі қойылатын сұрақтар
2025 жылы грант сомасы 1 572 800 тг, (400 АЕК).
Грантқа өтініш беру үшін business.enbek.kz порталында тіркелу қажет.
Пайдаланушыны тіркеу және сәйкестендіру рәсімін аяқтау үшін өзінің ЖСН көрсетуі қажет. Шараны алудың келесі кезеңдері электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып жүзеге асырылады. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификатты business.enbek.kz порталында оқып алады. Грант алуға өтініш бергенге дейін жеке кабинетте тиісті бөлімінде бизнес идеяны сипаттау үшін егжей-тегжейлі бизнес-жоспар жасау қажет. Ол үшін жеке кабинеттегі бизнес-жоспар үлгісін жүктеп, оны бизнес-жоба бойынша деректермен толтыру және одан әрі грантқа онлайн өтініш бергенде пайдаланады.
Грант алудың негізгі шарттары:
1.Тіркелген жұмыссыз немесе жеке кәсіпкер (3 жылға дейін) мәртебесінің болуы.
2.Әлеуметтік санаттың біріне жатуы:
а) көп балалы тұлғалар/көп балалы жәрдемақы алушылар (жұбайы, зайыбы);
б) атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
в) асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушылар;
г) еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;
д) мүгедек баланы тәрбиелеуші жәрдемақы алатын адамдар (жұбайы, зайыбы);
е) қандас қолданыстағы мәртебесі бар адамдар;
ж) қоныс аударушылар.
- «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификатының болуы.
- Мәртебесін тексеру сәтінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы болып табылмау.
Қабылданған құжаттар қалалық комиссия қарауына ұсынылатын болады.
Санаторлық-курорттық емдеу мекемесіне жолмалалар кезек ретімен беріледі. Кезегіңізді «Geo Shimkent» электронды портал арқылы білуге болады.
Call-орталыққа немесе учаскелік емханаға хабарласу арқылы үйге шақыруға болады.
Жүктілік расталғаннан кейін емханадағы акушер-гинеколог дәрігерге тіркелу қажет.
Әлеуметтік топтарға кіретін және диспансерлік есепте тұрған азаматтарға тегін дәрілер беріледі.
Медициналық қызмет көрсету сапасына шағымдану үшін алдымен мекеме әкімшілігіне жазбаша өтініш беру қажет. Егер мәселе шешілмесе, Денсаулық сақтау министрлігіне немесе прокуратураға шағымдануға болады.
Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңына сәйкес, сақтандырылған азаматтар алғашқы медициналық-санитарлық көмек, консультациялық-диагностикалық қызметтер, жоспарлы және шұғыл стационарлық көмек, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету сияқты қызметтерді тегін ала алады.
Қала аумағында ауыл шаруашылығы жануарларының энзоотиялық ауруларына қарсы (кенеге) залалсыздандыру жұмыстарын Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына қарасты «Ветеринариялық қызмет» МКК жүзеге асырады.
Қала аумағындағы 5 аудан аумағына қарасты елді-мекендер мен тұрғын алаптар (саябақтар, гүлзарлар, буферлік аумақтар, қора-жайлар және бүрку, тоғыту) бойынша көктемгі және күзгі «энзоотиялық» ауруларға қарсы ветеринариялық іс-шаралар кестесі бекітіліп, кестеге сәйкес тиісті жұмыстар жүргізіледі.
Қала аумағында ауыл шаруашылығы жануарларына энзоотиялық ауруларға қарсы залалсыздандыру жұмыстары тек малы бар және ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауға арналған қоралары бар үйлерге жүргізіледі.
Ауыл шаруашылығы жануарларына аса қауіпті 14 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы екпе егу жұмыстары мемлекет тарапынан тегін жүргізіледі. Аталған екпе егу жұмыстарын Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына қарасты «Ветеринариялық қызмет» МКК мамандардары жүргізеді.
Жануарлардың шоғырлану орындардың мониторингі және азаматтардың өтінімдері бойынша қала аумағындағы қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды аулауды, уақытша ұстауды және жансыздандыруды «Ветеринариялық қызмет» МКК (аулау қызметі) жүзеге асырады. Қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды (ит-мысық) аулау мәселесі бойынша 45-05-05, 45-05-22 телефонына қоңырау шалып немесе «109» (Ikomek) ахуалдық орталығына өтінім қалдыруға болады.