ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ПЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ БОЙЫНША ҮШ ЖАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ

«Шымкент қаласының «Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен, Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша комиссияның көшпелі отырысы өткізілді.

Комиссия отырысында, 2021 жылдың 23 ақпан күнгі өткен комиссия отырысында қабылданған шешімдердің орындалуы, Шымкент қаласындағы кәсіпорындардың мониторингі бойынша анықталған еңбек дауы болуы мүмкін жағдайлар және жалақы қарыздар туралы, татуластыру орталығына келіп түскен еңбек даулары бойынша арыздардың қаралу нәтижелері, қала аумағындағы кейбір мекемелерден міндетті зейнетақы жарналарының азайып кету мәселелері қаралды.

Дата публикации
28 апреля 2021