Еңбекші ауданы аумағында 2027 жылға “Халық қатысатын бюджет” жобасы аясындағы жобалар
Еңбекші ауданында 2027 жылға «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жалпы саны 43 жоба жоспарланып отыр.
Атап айтқанда:
Ойын алаңшаларын орнату бойынша – 24 жоба;
Гүлзарлар орнату бойынша – 15 жоба;
Аяқжол төсеу бойынша – 1 жоба;
Спорт алаңшасын орнату бойынша – 2 жоба;
Орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату бойынша – 1 жоба.
Аталған жобаларды Оңтүстік шағынауданы, Еламан шағынауданы, Ұлағат шағынауданы, Базарқақпа тұрғын алабы, Жыланбұзған тұрғын алабы, Қарабастау тұрғын алабы және аудан орталығында іске асыру ұсынылған.
Ұсынылған жобалар «Халық қатысатын бюджет» жобасының талаптарына сәйкес келіп, жергілікті тұрғындар тарапынан қажетті электрондық дауыс санын жинады.
Қазіргі уақытта аталған жобалар бойынша сметалық құжаттамалар әзірленіп, оларды іске асыруға қажетті қаржы қаражатын бөлу мәселесі бойынша Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына аудан әкімі аппараты тарапынан тиісті ұсыныс енгізілді.
Аталған жобаларды іске асыру тиісті қаржы қаражатының бөлінуіне қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
15